Об определении мест для осуществления выездной торговли в Бескарагайском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 1 - тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 - бабының 3) тармақшасына, 27- бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген, ішкі сауда қағидаларының 102- тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары А.М. Алимбаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 25 қарашасы № 367 қаулысына қосымша Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі № р/с Әкімшіліктік аумақтық бірліктер атауы Орналасқан жерлері 1 Бесқарағай ауылдық округі Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі («Мир» кафесіне қарама - карсы) 2 Басколь ауылдық округі Қарағайлы ауылы, Тәуелсіздік көшесі («Әділ» дүкенінің маңы) Башкөл ауылы, Абай көшесі («Ержан» дүкенінің маңы) Бұқабай ауылы, Солнечный көшесі (спорт алаңының маңы) 3 Беген ауылдық округі Беген ауылы, М.Әуезов көшесі (Казпошта ғимаратымен орта мектептің арасында) 4 Глуховка ауылдық округі Глуховка ауылы, Совет көшесі (Казпошта ғимаратының маңы) 5 Долон ауылдық округі Долон ауылы, Амангелді көшесі (№19 тұрғын үйге қарама - қарсы) Бөдене ауылы, Молдажанов көшесі (№13 тұрғын үйіне қарама - қарсы) 6 Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылы, Ленин көшесі (ветеринарлық пункті ғимаратымен «Аққу» дүкенінің арасында) 7 Жетіжар ауылдық округі Жетіжар ауылы, Горький көшесі (№15 тұрғын үйдің маңы) 8 Канонерка ауылдық округі Канонерка ауылы, Ленин көшесі («Омск - Майқапшағай» республикалық автожолдың бойында) Қара - Мырза ауылы, Тәуелсіздік көшесі («Арлан Ерке» дүкенінің маңы) 9 Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылы, Чехов көшесі (Қарабас ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына қарама – қарсы) Өндіріс ауылы, Ленин көшесі (Қазпоштамен мешіт ғимаратының арасында) 10 М-Владимировка ауылдық округі М-Владимировка ауылы, Горький көшесі (Қазпошта ғимаратымен «Центральный» дүкені арасында)