Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Актогайского района Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 – бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Құсаинов 2020 жылғы « 27 » қараша
Басқа 4. Ақтоғай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашасы № 254 қаулысымен бекітілген Ақтоғай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Орналасқан жері Аймаққа бөлу коэффициенттері Ақтоғай ауылдық округі 1 Ақтоғай ауылы 1,95 2 Жоламан ауылы 1,65 3 Қарабзау ауылы 1,15 4 Приреченск ауылы 1,95 5 Харьковка ауылы 1,65 Ақжол ауылдық округі 6 Ақжол ауылы 1,90 7 Барлыбай ауылы 1,80 8 Басқамыс ауылы 1,40 9 Қарақоға ауылы 0,95 10 Разумовка ауылы 1,35 Жалаулы ауылдық округі 11 Жалаулы ауылы 1,40 12 Балтасап ауылы 1,10 13 Қарасу ауылы 1,10 14 Шолақсор ауылы 1,40 Жолболды ауылдық округі 15 Жолболды ауылы 1,85 16 Шілікті ауылы 1,50 17 Шұға ауылы 1,50 Қараоба ауылдық округі 18 Қараоба ауылы 1,95 19 Әуелбек ауылы 1,95 20 Жаңаауыл ауылы 1,55 21 Исантерек ауылы 1,30 22 Өтес ауылы 1,75 Қожамжар ауылдық округі 23 Қожамжар ауылы 1,95 24 Жамбыл ауылы 1,75 25 Қайран ауылы 1,50 26 Қараой ауылы 1,65 Мүткенов ауылдық округі 27 Мүткенов ауылы 1,85 28 Әбжан ауылы 1,85 29 Естай ауылы 1,25 30 Жаңабет ауылы 1,85 31 Жаңатап ауылы 1,60