Об утверждении Правил таможенного контроля за товарами, содержащими объекты интеллектуальной собственности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес және санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың технологияларын одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Т.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кеден басқармаларының бастықтары осы бұйрықты барлық құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізсін және оның лайықты орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесі
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 34 бұйрығымен бекітілген Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылаудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Кеден ісі туралы Заң), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 30.03.2001 ж. N 1448 болып тіркелген "Кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 50 бұйрығымен бекітілген Өтініш беру, қарау және санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды тізілімге қосу ережесіне сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылауды жүргізу кезінде лауазымды адамдардың іс-әрекеттерінің сабақтастығын белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереже мақсаттары үшін мынадай түсініктер пайдаланылады: контрафактілі тауарлар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын құқық иесінің құқықтарын бұзумен кеден шекарасы арқылы жасалған және/немесе өткізілетін санаткерлік меншік объектілері бар тауарлар (авторлық құқық және аралас құқықтардың объектілері, тауарлық белгілер, географиялық көрсеткіштер); шығаруды тоқтата тұру - кеден органдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олар контрафактілі деп болжанатындарға қатысты таңдап алынған кедендік режимге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім қабылдаудың мерзімін ұзартуы; cанаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын санаткерлік меншік объектілері бар тауарлар тізілімі. Тізілімді құқық иесі өтінішінің негізінде кедендік бақылау мақсатында орталық кеден органы жасайды және онда кеден органдарына кедендік шекара арқылы өткізілетін контрафактілі тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттар болады.
Тармақ 3
3. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу Кеден ісі туралы заңға және Қазақстан Республикасының санаткерлік меншік саласындағы нормативті құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылау Кеден ісі туралы Заңның 218-3 және 218-4 -баптарында, сондай-ақ осы Ережеде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру
2. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру
Тармақ 5
5. Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың контрафактілі екендігін анықтаса, онда мұндай тауарлардың шығарылуы тоқтатыла тұрады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының кеден органдары санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын он жұмыс күндік мерзімге дейін тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 7
7. Шығаруды он жұмыс күндік мерзімге дейін тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органының бастығы не оны ауыстыратын тұлға қабылдайды. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім осы Ереже қосымшасында келтірілген нысанда қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеден органы санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде құқық иесі мен декларантты тоқтата тұру және оның себептері туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа құқық иесінің атауы мен мекен-жайын, ал құқық иесіне декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды. Мұндай хабарлама кеден органының ресми бланкісінде ресімделеді.
Тармақ 9
9. Кеден органы құқық иесі мен декларантқа шығарылуы тоқтатыла тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты оларда анықталған контрафактілік белгілері туралы ақпараттарды береді.
Тармақ 10
10. Кеден органының рұқсатымен құқық иесі мен декларанттың не олардың өкілдерінің контрафактілік белгілер бойынша шығарылуы тоқтатыла тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты оларды кедендік бақылаумен қарауға, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуға және оларға зерттеу жүргізуге құқығы бар.
Тарау 3. 3. Шығаруды тоқтата тұруға байланысты шығындарды қамтамасыз ету
3. Шығаруды тоқтата тұруға байланысты шығындарды қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру кезінде кеден органының лауазымды адамы тауарлардың шығарылуын тоқтата тұруға байланысты декларанттың шығындарын өтеу үшін жеткілікті шамадағы соманы төлеуді қамтамасыз етудің енгізілгендігін растайтын құжаттарды арнайы журналда (еркін нысандағы) тіркейді. Мұндай қамтамасыз етуді осы Ереженің 8-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы кеден органының хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде құқық иесі енгізеді. Көрсетілген соманың мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте анықталады.
Тарау 4. 4. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюы
4. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюы
Тармақ 12
12. Егер шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күші бар мерзім ішінде кеден органына құқық иесінен шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш түссе; санаткерлік меншік объектісі тізілімнен алынып тасталса; егер өтініш беруші санаткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзім ішінде ұсталынған тауарларды әкелу немесе әкету фактісімен байланысты санаткерлік меншік құқығының бұзылуы туралы сот ісін жүргізуді қозғау туралы дәлелдер ұсынылмаса шығаруды тоқтата тұру туралы шешім күшін жоюға жатады.
Тармақ 13
13. Сот ісін жүргізу қозғалған жағдайда санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару тоқтатыла тұру мерзімі ішінде сот арыз талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәселені шешкенге дейін тауарларды шығаруды жүзеге асыруға кеден органының құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда тауарлар дереу Қазақстан Республикасы кеден заңында белгіленген тәртіпте кедендік ресімдеуге және шығарылуға жатады.
Тармақ 15
15. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюды мұндай шешім қабылдаған кеден органының бастығы не оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Тауарларды шығару құқық иесінің Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына оның санаткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші үшін кедергі бола алмайды.
Тарау 5. 5. Оларға қатысты санаткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кеден органдары шаралар қолданбайтын санаткерлік меншік объектілері
5. Оларға қатысты санаткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кеден органдары шаралар қолданбайтын санаткерлік меншік объектілері
Тармақ 17
17. Санаткерлік меншік объектілері бар және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы: егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, егер мұндай тауарлар коммерциялық мақсаттарға арналмаған және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына кедендік баждар мен салықтарды төлеуден толық босатылумен әкелінетін немесе бұл аумақтан әкетілетін жеке тұлғалар өткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жіберілетін; транзиттің кедендік режиміне сәйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының кедендік аумағына заңды негіздерде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты, кеден органдары санаткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша шараларды қолданбайды.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Осы Ережемен белгіленген талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық көзделген.
Басқа 32. N _____ ШЕШІМ
Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік бақылау ережесіне қосымша _____________________________________________________________ Кеден органының атауы N _____ ШЕШІМ "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 218-3 -бабына сәйкес, N№_________________ ЖКД бойынша ______________ 200 ж. мерзімге дейін санаткерлік меншік объектісі бар тауарлардың шығарылуы тоқтатыла тұрады. Келесі жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде құқық иесі мен декларантты тоқтата тұру және оның себептері туралы хабардар етілсін, сондай-ақ декларантқа құқық иесінің атауы мен мекен-жайы, ал құқық иесіне декларанттың атауы мен мекен-жайы хабарлансын. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте шығарылу тоқтатыла тұрған күннен үшкүндік мерзім ішінде құқық иесі осындай тоқтата тұруға байланысты декларанттың шығындарын толтыру үшін жеткілікті мөлшердегі соманы төлеуді қамтамасыз етуді жүргізсін. Күні "___" ____________ 200  ж. Кеден органының басшысы                              _______________ Қолы М.О.