Об оказании социальной помощи Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 25.02.2004 № 59 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 14-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы негізінде, халықтық әлеуметтік әлсіз тобын әлеуметтік қорғау мақсатында Арқалық қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласында жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің 2003 жылға арналған ережесі» бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық бюджет есебінен төленетін әлеуметтік көмектің көлемі ақшалай алғанда мынадай мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының түрмыстық мүқтаждарына әлеуметтік көмек — 1 адамға ай сайын 230 теңге;
Тармақша 2
2) ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің газеттерге жеңілдікпен жазылуы — 1 адамға 1 басылым, бірақ 1000 теңгеден артық емес;
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтардың жеке куәлігін рәсімдеуге материалдық көмек — 400 теңгеден артық емес;
Тармақша 4
4) халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні, Мүгедектер күні, Қарттар күнін мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санатына — 1 адамға 1000 теңгеден артық емес;
Тармақша 5
5) бала кезден мүгедектерге және тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету — 1 адамға 3000 теңгеден артық емес;
Тармақша 6
6) сырқаттарды Қостанай қаласына апаруға жүмсалатын шығынның өтемі;
Тармақша 7
7) Көктау, Ангарский, Родина ауылдарының аз қамтылған отбасылары үшін әлеуметтік көмек — бау-бақша учаскелерін қүру үшін — бір отбасына 5000 теңге;
Тармақша 8
8) Қайынды ауылында қосалқы шаруашылықты дамыту үшін бір бас ірі қара малды сатып алуға әлеуметтік көмек, бір отбасына 37000 теңгеден көп емес;
Тармақша 9
9) 70 жастан асқан зейнеткерлерді сауықтыруға әлеуметтік көмек, бір адамға 2500 теңгеден көп емес.
Тармақ 3
3. Өкілді органдар әлеуметтік көмек көрсетуді және төлеуді қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (М. Сүлейменова) анықтап берсін.
Тармақ 4
4. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (М. Сүлейменова), қалалық қаржы басқармасы (Р.Жақүпова) әлеуметтік - көмекті уақытылы тағайындаумен төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қаулы 2003 жылғы 1 қантардан күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімиятының 2002 жылғы 28 мамырдағы № 153 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысы күшін жойған деп есептелсін. Облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 25 маусымда тіркелді № 1609, «Торғай» Арқалық қалалық газетінде жарияланды.
Басқа 16. Арқалық қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің 2003 жылға арналған ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қала әкімінің 2003 жылғы 26 ақпан № 44 «Әлеуметтік көмек көрсету турады» қаулысына № 1 қосымша Арқалық қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетудің 2003 жылға арналған ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ереже азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің 2003 жылға арналған тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің бірнеше түріне байланысты шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы көрсетеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында түрақты түратын азаматтыгы жоқ түлғалар, егер жан басына жиынтық айлық орта табысы кедейшілік шегінен аспаса әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Мынадай әлеуметтік көмек түрлері комиссиямен қаралады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының емдеу-сақтандыру және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріне емделуте жіберілген сырқаттардың жол жүрумен байланысты шығындарын өтеу жөніндегі материалдық көмек;
Тармақша 2
2) сырқатты алып жүретін бір адамға, егер дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасында алып жүрушінің қажеттігі туралы қорытынды берілсе, мүндай жағдайда сырқатты алып жүрушіге әлеуметтік көмек беріледі. Аталған жағдайдың 18 жасқа дейінгі жастағы кәмелетке толмаган түлғаларға қатысы жоқ, өйткені сырқат балага да, әрі оны алып жүретін ата-анасының біреуіне, бала асырап алушыға, қамқоршыға және басқа да заңды өкілдерге әлеуметтік көмек беріледі. Табысы аз азаматтардың жеке куәлігін рәсімдеуте материалдық көмек;
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтардың жеке куәлігін рәсімдеуге материалдық көмек;
Тармақша 4
4) Арқалық қаласының табысы аз азаматтарына қымбат бағалы медициналық препараттарды сатып алуға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек.
Тармақ 4
4. Отбасы табысына тәуелсіз және комиссияның шешімінсіз азаматтардың адай санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмектер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) «Қарттар күні» және «Мүгедектер күні», «8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні», «Жеңіс күні» - атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) I, II топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, ҰОС қатысушыларға, қаза тапқандардың жесірлеріне, концлагерлерде түтқында болған балаларға, ерікті жалдамалыларға, Ленинград қоршауы түрғындарына, жауынгер-интернационалистерге, ауғандықтарға, тыл ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) Чернобыль АЭС-нан зардап шеккендерге және СПИД-пен ауыратындарға;
Тармақша 4
4) онкологиялық, гематологиялық сырқаты барларга;
Тармақша 5
5) диабеті (қант, қантсыі) барларга;
Тармақша 6
6) операциядан кейін және жүрек қақпақшалары протезделген жагдайда;
Тармақша 7
7) оралмандарга бір жолғы әлеуметтік көмек.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш-тілек білдіру
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш-тілек білдіру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға уміткерлер (бүдан әрі өтініш білдіруші) жазбаша өтініш береді және әлеуметтік көмек алуға құқығын растайтын құжаттарын ұсынады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия осы Ережінің 2 тармағында көрсетілген түлғаның келісімімен отбасының әлеуметтік — тұрмыстық жағдайын тексеру рәсімін жүргізеді. Бас тартылған жағдайда өтініш беруші әлеуметтік көмек алу қүқығынан айырылады.
Тарау 3. 3. Қажетті қүжаттардың тізбесі
3. Қажетті қүжаттардың тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін мына қүжаттарды тапсыру міндетті болып табылады: ҰОС мүгедектері мен қатынасушылар үшін — аталған санатты растайтын куәлік; I, II топтағы мүгедектер үшін — әлеуметтік — медициналық сараптау комиссиясының мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі көшермесі; азаматтар Ауған соғысына қатынасушылар, тыл ардагерлері, концлагер түтқындары — азаматтардың аталған әлеуметтік статусын растайтын куәліктің көшермесі; жол жүру шығынын өтеу үшін:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің тіркеу номері көрсетілген арызы және Арқалық қаласы банк бөлімшесіндегі жеке есебі;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) Арқалық қаласы емдеу мекемесінің арнайы үлгідегі емделуге жіберген қүжаты;
Тармақша 4
4) түратын жері туралы анықтама (ГКП «Іскер»);
Тармақша 5
5) осы ереженің 4, 2 тармағында көрсетілген категорияға қатысты жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 6
6) емделуге барғанын анықтайтын жол жүру қүжаттарының болуы.
Тармақ 7
7. Сырқаттың және оны алып барушының жол жүру қүжаттары бір ай мерзімнің ішінде тапсырылуы қажет.
Тармақ 8
8. Сырқат пен оны алып барушының жол жүру құжаттары жоғалған жағдайда, оның қүнын анықтайтын анықтама болуы керек.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 9
9. Өтініш беруші барлық құжаттарын ұсынғаннан кейін әлеуметтік көмекті беру немесе бас тартылғаны жайлы комиссия шешімі 10 күннің ішінде беріледі, бүл туралы өтініш берушіге хабарланады.
Тармақ 10
10. Қандай да бір құжаттың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға себепші болады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті -төлеу қала бюджеті қаржысы есебінен жузеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қалалық еңбек, жумыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады, осы шығындарды қаржыландыруға қаржы басқармасына ай сайын тапсырыс береді.