Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями Күшін жойған
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орын
белгілеу және сайлаушылармен
кездесу үшін кандидаттарға
үй-жайлар беру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.
Тармақ 3
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №2/8 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3635 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 жылғы 3 ақпанда «Темиртауский рабочий» газетінде №5 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Арғынұлы Жетпісбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Теміртау қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 27
қарашасы
№ 60/1
Қаулысына 1-қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ п/п
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны
1.
Теміртау қаласы
Чернышевский көшесі, «Aстория» кафесінің жанындағы «Үгітплакат» стенді
2.
Теміртау қаласы
Республика даңғылы бойындағы, «Старт» аялдамасы жанындағы, «Қазақстаның халык банкі» акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар
3.
Теміртау қаласы
Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд
4.
Ақтау кенті
Карл Маркс көшесі, «Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд
Басқа 1. Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар
Теміртау қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 27
қарашасы
№ 60/1
Қаулысына 2-қосымша
Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар
№ п/п
Елді мекеннің атауы
Кездесу орны
1.
Теміртау қаласы
«Теміртау мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Республика даңғылы, 38)
2.
Ақтау кенті
«Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Карл Маркс көшесі, 5)