Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Ишим, Петропавловского и Сергеевского водохранилищ и малых рек, впадающих в них Күшін жойған
Басқа 0
Есіл өзені, Петропавл мен Сергеевка су бөгендері мен оларға құятын шағын өзендерге су қорғау аймақтары мен су қорғау белдемдерін белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.05.28 № 123 Шешімімен
Қазақстан Республикасының Су кодексiнiң 21-бабы және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Су қорғау аймақтары мен белдемдерi туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 102 қаулысына сәйкес, Есiл өзенi, Петропавл және Сергеев су бөгендерi мен оларға құятын шағын өзендердi ластанудан, былғанудан, сарқылудан сақтандыруды күшейту, гидрологиялық режимдi қолдау мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Сужинағыш алаңда орташа-көпжылдық судың төменгi деңгейлi бөлiгiнен Есiл өзенi, Сергеев пен Петропавл су бөгендерiнiң су қорғау аймақтарының енi - 500 м, жағалаулық су қорғау белдемдерi - 100 м болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен жағалаулық су қорғау белдемдерi белгiленген шаруашылық қызметке тартылған шағын өзендердiң тiзiмi
1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Есiл өзенi, Сергеев пен Петропавл су бөгендерi мен оларға құятын шағын өзендердiң белгiленген су қорғау аймақтары мен су қорғау белдемдерiнде жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу тiзбесi 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Петропавл қаласының әкiмi, аудандар мен селолық округ әкiмдерi, "Северводхоз" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 2003-2004 жылдар аралығында көктемгi тасқын өткеннен кейiн, халықтың демалыс орындарында, көпiрлер мен өткелдерде су қорғау белгiлерiн орнатсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В. Развинге жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 7
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 5 наурыздағы
N 43 қаулысына
1-қосымша
Су қорғау аймақтары мен жағалаулық су қорғау белдемдерді белгiлеумен бiрге шаруашылық қызметке қатысты шағын өзендер
ТIЗIМI
N
Ағын сулардың атауы
Қайда құяды
Ағын судың ұзын
дығы (км)
Су қорғау аймақтарының енi (м)
Жағалаулық су қорғау белдемдерiнiң енi (м)
Қызметi ағын суға әсер ететiн аудандардың, село округтерiнiң атауы
1
2
3
4
5
6
7
1
Иман-
Бұрлық өзенi
Сергеевка су қоймасы
177
500
100
Айыртау ауданының Антоновка с/о,
Казанка с/о, Украинский с/о; Шал ақын ауданының Кривощековка с/о
2
Сарыөзек өзенi
Иман-
Бұрлық өзенi
66
500
50
Шал ақын ауданының Сухарабовка с/о
3
Бағанаты өзенi
Сергеевка су қоймасы
15
500
20
Шал ақын ауданының Городецкий с/о
4
Чудасай өзенi
Сергеевка су қоймасы
14,6
500
20
Шал ақын ауданының Юбилейный с/о
5
Жаманлоқ бұлағы
Иман-
Бұрлық өзенi
7,9
500
10
Шал ақын ауданының Сухарабовка с/о
6
Қамысақты өзенi
Үлкен Тораңғұл көлi
106
500
20
Есiл ауданының Ясновский с/о
7
Ақан-Бұрлық өзенi
Есiл өзенi
207
500
100
Ғ.Мүсiрепов ауданының Возвышенка с/о, Гаршинский с/о, Салқынкөл с/о,
Чистопол с/о, Дружбинка с/о, Айыртау ауданының Нижнебурлук с/о
8
Бабық-Бұрлық өзенi
Ақан-
Бұрлық өзенi
84
500
20
Ғ.Мүсiрепов ауданының Тахтаброд с/о
9
Шарық өзенi
Ақан-
Бұрлық өзенi
68
500
20
Ғ.Мүсiрепов ауданының Рузаев с/о
10
Чаглинка өзенi
Шағалы
теңiз көлi
234
500
20
Тайынша ауданының Большеизюмовка с/о
Басқа 8
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 5 наурыздағы
N 43 қаулысына
2-қосымша
Есiл өзенi, Петропавл мен Сергеевка су бөгендерi мен оларға құятын шағын өзендерге су қорғау аймақтары мен су қорғау белдемдерi белгiленген жердi пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу ТIЗIМI
Су қорғау аймақтары шегiнде сулардың ластану, былғану, сарқылуын болдырмау, инфекциялық аурулардың туындауы мен таралуын ескерту үшiн тыйым салынады:
тыңайтқыштар, улы химикаттарды сақтау қоймалары, автожанар май құю станциялары, тұрақты автомобиль тұрақтары, техникалық қызмет пункттерi мен автомашиналары және ауылшаруашылық техниканы жуу, қоқыс орындары, мал қорымы, улы химикаттарды толтыру алаңы, пестицидтермен ластанған ыдыстарды жуу, арнайы киiм, машина мен жабдықтар, сонымен қатар ластанған жабдықтарға су жинау, ұшу-қону белдемдері, авиациялық-химиялық жұмыстарды өткiзу үшiн және өзен суларының сапасына зиянды әсер ететiн басқа объектiлердiң құрылысы мен орнатылуы;
құрылыс, су түбiн тереңдеткiш, жару жұмыстары пайдалы қазбаларды алу, коммуникацияны салу және жобалық құжаттарсыз басқа құрылыс жұмыстары, су ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсiлген жобалық құжаттарсыз басқа құрылыс жұмыстары;
малды тоқыту және малды санитарлық өңдеу;
рұқсат етiлген шегiнде концентрациялар белгiленбеген пестицидтердi қолдану, қарлы жамылғылар бойынша тыңайтқыштарды енгiзу, зиянсыздандырылмаған ағын суларды тыңайтқыштар ретiнде қолдану;
малды нормаламай бағу.
Сонымен қатар, жағалаулық су қорғау белдемдері шегiнде тыйым салынады:
су жинағыш, су реттегiш және гидротехникалық құрылғылардан, қайық айлақшаларынан басқа жерлердi жырту, жазғы лагерьлерде мал шаруашылығын орналастыру, ағаш-бұталы өсiмдiктердi шабу, малды бағу, шатырлы қалалар мен автомобиль тұрақтарын ұйымдастыру, ғимараттар мен құрылғылардың құрылысы;
тазартылмаған және зиянсыз етiлмеген (өндiрiстiк, коммуналдық, ауылшаруашылық) пайдаланылған суларды осы су қоймаларының жағалаулары мен мұздарға, сонымен қатар өндiрiстiк, тұрмыстық және қалдықтар мен тастамаларды су объектiлерiне шығарып тастау.