Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообществана территории сел, сельских округов Каракиянского района

Ереже · № 45/452 · қабылданған 27.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149537/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообществана территории сел, сельских округов Каракиянского района Күшін жойған Ереже ·№ 45/452 ·27.11.2020
06.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообществана территории сел, сельских округов Каракиянского района

Күшін жойған Ереже ·№ 45/452 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообществана территории сел, сельских округов Каракиянского района
Атауы (қаз.)
Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
45/452
Қабылданған күні
27.11.2020
Көрсетілген редакция
06.10.2023 149537_659815.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20MD004363
ЭКБ идентификаторы
149537
Редакция идентификаторы
149537_659815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:31

0 Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 05-10-1580 ақпараттық хатының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі бекітілсін.

2. Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 18/196 «Қарақия ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2437 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымдағы «Қарақия» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.

4. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Қарақия аудандық мәлихатының
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 45/452 шешімімен бекітілген
Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында
жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Қарақия ауданының ауыл, ауылдық округтерінің аумағында ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындары (одан әрі – бөлек жиын), жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы