О создании Комиссии по координации процессов информатизации государственных учреждений Актюбинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігі Тұжырымдамасын, «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығын, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Заңын орындау, Ақтөбе облысының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын жасау, мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру жүйелерін жасау процесін үйлестіру, мемлекет қаржысын тиімді жұмсау, жаңа ақпараттық технологиялар мен мәліметтермен алмасудың халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін. З. Тұжырымдамаға сәйкес Ақтөбе облысының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Бағдарлама әзірленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау, облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «26» наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Химчук Олег Геннадьевич - облыс Әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Сарқұлова Хабиба Диярқызы - облыс Әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Шаңғытбаев Жәнібек Қуандықұлы - облыс Әкімі аппаратының ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі Комиссия мүшелері: Әлмырзаев Бауыржан Бақытқалиұлы - «Қазақтелеком» ААҚ облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша) Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы Бисенбин Ғабидолла Темірбекұлы - байланыс және ақпараттандыру жөніндегі облыстық басқарманың бастығы (келісім бойынша) Жекеев Мәлік Наурызбайұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің бастығы (келісім бойынша) Қаратаев Аманжол Қамзаұлы - облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы Мұқаев Амандық Дүйсенғалиұлы - облыстық статистика басқармасының бастығы (келісім бойынша) Елеусізов Қайырқожа Жұмағалиұлы - Ақтөбе қаласының әкімі Есенбаев Есімхан Балмағамбетұлы - Әйтеке би ауданының әкімі Мүқанов Кенжетай Бияшұлы - Алға ауданының әкімі Кемешов Бердіхан Түйешіұлы - Байғанин ауданының әкімі Толықбаев Кенжеғали - Ырғыз ауданының әкімі Оралмағамбетов Жеткерген Тілеулесұлы - Қарғалы ауданының әкімі Ботағарин Серік Көшерұлы - Мәртөк ауданының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы - Мүғалжар ауданының әкімі Мырзалин Ахат Ахметұлы - Темір ауданының әкімі Займолдин Ғазиз Займолдаұлы - Ойыл ауданының әкімі Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы - Қобда ауданының әкімі Өмірзақов Ізбақ Қуанышұлы - Хромтау ауданының әкімі Сыдықов Рахат Мәжитұлы - Шалқар ауданының әкімі
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «26» наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану, ақпараттық технологияларды және мәліметтермен алмасудың халықаралық стандарттарын енгізу, Ақтөбе облысының біртұтас ақпараттық кеңістігі жөніндегі жұмысты және мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану процесін үйлестіру мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Негізгі міндеттер
2. Негізгі міндеттер
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласында облыстық саясаттың негізгі қағидаларын жасау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қаржылар есебінен жүзеге асырылатын (соның ішінде қарызға) мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келісу;
Тармақша 3
3) мәліметтер берудің электронды стандарттарында жұмыс жүргізуге мүмкіндік тудыратын нормативтік құқықтық базаны қарау және келісу;
Тармақша 4
4) мәліметтерді беру және онымен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасы азаматтары өтініштерінің электрондық стандарттарын қарау және келісу;
Тармақша 5
5) біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және Ақтөбе облысы мемлекеттік органдарын ақпарттандырудың процестерін үйлестіру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тілдегі ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу процесін үйлестіру.
Тармақ 4
4. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссия:
Тармақша 1
1) Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі ұсыныстарды Ақтөбе облысының әкімінің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) мүдделі мемлекеттік органдармен біртұтас ақпараттык кеңістікті қалыптастыру және Ақтөбе облысы мемлекеттік органдарын ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды анықтайды және келіседі;
Тармақша 3
3) біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және Ақтөбе облысы мемлекеттік органдарын ақпараттандыру жүйелерін құру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарындағы телекоммуникациялық жүйелерін құру, енгізу, ілесіп отыру және пайдалану процесін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
Тармақша 5
5) Ақтөбе облысының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру және ақпараттандыру мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін Ақтөбе облысының Әкіміне ұсыныстар әзірлейді;
Бөлім 3. З. Комиссия құқы
З. Комиссия құқы
Тармақ 5
5. Жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссия:
Тармақша 1
1) оған жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты Ақтөбе облысының мемлекеттік мекемелерінен сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару, оларға өзгеріс енгізү және күшін жою жөнінде облыс Әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) орталық атқару органдарының аумақтық басқармаларынан, ведомстволардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу ұйымдардан тиісті сала мамандарын сараптама жүргізу және консультация алу үшін келісім бойынша тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жөніндегі жұмысты жүргізу үшін бюджеттік қаржыларды, директивалық кредиттерді және қаржыландырудың өзге мемлекеттік көздерін (соның ішінде қарыздық) пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бюджет (соның ішінде қарыздық) қаржылар облыстық, қалалық және аудандық құрылымдармен бірлесіп жоспарланады және жұмсалады және мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйені құру жөніндегі жобалар Комиссиямен келісіліп бекітіледі.
Бөлім 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия құрамына сондай-ақ төраға орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы оның жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның күнделікті отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейінгі 10 күн ішінде комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстарын бекітілген кестеге сәйкес өткізеді.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімдері оның мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауысының шешуші маңызда болады.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстарының шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекемелерін ақпараттандыру процесін үйлестіру жөніндегі комиссия жұмыс органының функциясы облыс Әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөліміне жүктелсін.