Об утверждении Правил оказания социальной помощи: на оздоровление детей в профилакториях и летних лагерях отдыха и семьям, имеющим детей школьного возраста к началу учебного года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Профилакторияларда және жазғы демалыс лагерьлерінде балаларды сауықтыру үшін, оқу жылының басында мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 27.06.2006 № 532 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабы 14-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Рудный қалалық Әкімиятының 25.04.2003 № 244 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Жергiлiктi (қалалық) бюджеттiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетудiң мына ережелерi бекiтiлсiн: Профилакторияларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн (1 қосымша); Оқу жылының басында мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға (2 қосымша).
Тармақ 2
2. Қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.
Басқа 3. Профилакторийларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 20 қаулысына 1-қосымша Профилакторийларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Профилакторийларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн әлеуметтiк көмектi қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы көрсетедi.
Тармақ 2
2. Профилакторияларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн әлеуметтiк көмек көрсету туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi Комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi, оның құрамы қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көбiсi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мәжiлiсiне оның құрамынан 2/3 кем емес қатысса, ол құқылы болып саналады.
Тармақ 3
3. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы есептеудi жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, қалалық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн ай сайын өтiнiш бередi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiштi ата-ананың кез келген бiреуi немесе қамқоршы бередi. Өтiнiшке тұрғын үй тұрмыстық жағдайды тексеру туралы актi қосылады.
Тармақ 5
5. Өтiнiш берушi өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң толық және шүбәсiз екендiгi үшiн заңдарға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Көрсетiлетiн құжаттардың тiзбесi
3. Көрсетiлетiн құжаттардың тiзбесi
Тармақ 6
6. Профилакторийларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн келесi құжаттар берiледi: жеке куәлiк, салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi, отбасы құрамы жөнiнде мәлiметтер, еңбек кiтапшасы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
4. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектiң көлемiн Комиссия белгiлейдi.
Тарау 5. 5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
5. Әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 8
8. Профилакторияларда және жазғы демалыс лагерьлерiнде балаларды сауықтыру үшiн әлеуметтiк көмектi төлеу заң белгiлеген тәртiпте конкурсты жеңген операцияның тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 17. Оқу жылының басында мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Рудный қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 20 қаулысына 2-қосымша Оқу жылының басында мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мектеп жасындағы балалары бар аз қамтылған отбасыларына әлеуметтiк көмектi қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы көрсетедi.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек көрсету туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi Комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi, оның құрамы қала әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көбiсi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Комиссия мәжiлiсiне оның құрамынан 2/3 кем емес қатысса, ол құқылы болып саналады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек жалпы бiлiм беру мектептерiнде және қаладағы кәсiптiк-техникалық мектептерде оқитын мектеп жасындағы балалары бар мейлiнше көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасыларға берiледi.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi комиссия шешiмi материалдық тұрмыстық жағдайды тексеру актiсiнiң негiзiнде шығарылады.
Тармақ 5
5. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы есептеудi жүргiзедi, әлеуметтiк көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн қалыптастырады, қалалық қаржы басқармасына қаржыландыру үшiн өтiнiш бередi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
2. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiштi оны алуға құқылы тұлға тиiстi құжаттарды қоса отырып бередi.
Тармақ 7
7. Өтiнiш берушi өтiнiш пен құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң толық және шүбәсiз екендiгi үшiн заңдарға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
3. Әлеуметтiк көмектiң көлемi
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк көмектiң көлемiн комиссия белгiлейдi.
Тарау 4. 4. Аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерге тамақтануға әлеуметтiк көмектi төлеу
4. Аз қамтылған азаматтар мен мүгедектерге тамақтануға әлеуметтiк көмектi төлеу
Тармақ 9
9. Мектеп жасындағы балалары бар аз қамтылған отбасыларына әлеуметтiк көмектi төлеу заң белгiлеген тәртiпте конкурсты жеңген операцияның тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жергiлiктi (қалалық) бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.