Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке
қабылдауының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Ә.Батаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Ә.Батаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының
регламенті
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
«___» ________ №___
қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының
регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне сәйкес әзірленген және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау) Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмесі) мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыс әкімі және оның орынбасарлары;
Тармақша 2
2) облыс әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары;
Тармақша 3
3) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
Тармақша 4
4) облыс әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің қабылдауына келіскен жағдайда оларды көрсетілген лауазымды адамдар олар өтініш жасаған күні қабылдауды жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
2-тарау. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
Тармақ 4
4. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен, "электрондық үкімет" веб-порталындағы электрондық құжаттар, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлменің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің Call-орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.
Тармақ 5
5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.
Тармақ 6
6. Облыс әкімі мен оның орынбасарларының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау әкім бекіткен кестеге сәйкес айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
Сондай-ақ қабылдау жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшы құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялы қауыммен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткізілетін халыққа есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмесінің үй-жайында көзге оңай түсетін жерде, сондай-ақ облыс әкімінің ресми сайтында ілінеді.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің орынбасарлары қабылдауды әкімнің қабылдау өткізілетін күні көрсетілген тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс жүзеге асыра алады.
Тармақ 9
9. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі - арыз беруші) өзінің жеке басын куәлендіретін құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
Тармақ 10
10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 11
11. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Тармақ 12
12. Арыз берушілердің келісімімен облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Коронавирус пандемиясына немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 14
14. Қабылдауға:
жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;
бұрын қабылданған немесе сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы берілген тұлғаларды жазу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 15
15. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе қабылдау өткізу күні хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Қабылдау күнінде қоғамдық қабылдау бөлмесінде қосымша өтініштер мен басқа да ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеуге көмектесетін (қажет болған жағдайда) заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).
Тармақ 17
17. Қабылдауды облыс әкімі өткізген кезде облыс әкімі аппаратының өтініштер бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Егер көтерілетін мәселе орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің құзыреті шегінен шыққан жағдайда, онда тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының атына бейнеконференцбайланыс арқылы орталық аппарат өкілдерінің қатысуына сауал жіберіледі.
Тармақ 19
19. Орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қабылдауға қатысуы бойынша сауал жіберілгеннен кейін арыз беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сауал туралы және қабылдауға жазу туралы өтінішті қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
Тармақ 20
20. Облыс әкімінің бірлескен қабылдауына мемлекеттік органдардың қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 21
21. Қабылдау арыз берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Қабылдау барысында қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері арыз берушілерге облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады немесе тиісті лауазымды тұлғалармен қабылдау уақыты мен орнын келіседі.
Тармақ 23
23. Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіле отырып хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар өтінішке қоса бекітіледі.
Тармақ 24
24. Азаматтардың қабылдаулары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі
3-тарау. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі
Тармақ 25
25. Қабылдауға жазу және қабылдау барысында арыз иелері берген өтініштер e-Otinish жүйесінде сол күні тіркеледі және арыз иесіне талон беріледі.
Тармақ 26
26. Бөлім облыс әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін, облыс әкім аппараты басшысының атына қабылдау күнін тағайындау немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.
Тармақ 27
27. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бөлім облыс әкімі және оның орынбасарлары қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады және оны қабылдау кестесіне енгізу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесіне жібереді.
Тармақ 28
28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.
Тармақ 29
29. Өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері арыз берушіге қабылдауға жазылу уақыты мен күні туралы жауап немесе қабылдаудан дәлелді бас тартуды жолдайды.
Тармақ 30
30. ӘРПК-нің 76-бабы 3-тармағына сәйкес, көп пысықтауды талап ететін мәселенің күрделі сипаты болған жағдайда, әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімі негізінде өтінішті қарау мерзімі ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтініш тіркелген сәттен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол туралы өтініш берушіге тиісті хат жіберіледі.
Тармақ 31
31. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің уәкілетті қызметкерлерінің облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауын ұйымдастыру, қабылдауды өткізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 32
32. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды Бөлім тікелей жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін арыз берушіге түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.
Тармақ 34
Тармақ 35
35. Қабылдаудан келіп түсетін өтінішті қарауды оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
Тармақ 36
36. Қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде арыз берушілердің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізуі тиіс, консультация алған және жеке қабылдауға жазудан бас тартқан өтініш иелеріне іріктеліп телефон байланысы арқылы сауал жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Бөлім облыс әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
Тармақша 2
2) азаматтарды қабылдауға тартылған жауапты лауазымды тұлғалардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың, прокуратура және сот билігі органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);
Тармақша 3
3) арыз берушімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 4
4) қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде, оның ішінде: төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін; эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге; халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік апаттар мен өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 38
38. Қоғамдық қабылдау жұмысының нәтижелері туралы облыс әкімін, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен кем емес) хабардар ету қажет.