Об уполномоченном органе по проведению открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Күшін жойған
Басқа 0
Маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендер өткізу жөніндегі уәкілетті орган туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 25.04.2007 № 178 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік тұралы» Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс ішіндегі және қалааралық жалпы пайдаланудағы маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастырушы болып, Қостанай облысының жол шаруашылығы және көлік департаменті, төмендегідей функциялар беріле отырып, белгіленсін:
облыс ішіндегі және қалааралық маршруттар бойынша жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалы көліктерінің маршруттық схемаларын бекіту;
маршруттық пакеттерін қалыптастыру және тендерлік негізде оларды тасымалдаушылар арасында ұйымдастыру-қуқықтық нысандарына қарамастан орналасуын ұйымдастыру.
Тармақ 2
2. Жол шаруашылығы және көлік департаменті (Б.А. Наканов) жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендерлік комиссия құрсын және ашық тендерлер өткізсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 19 желтоқсандағы № 235 «Маршруттарда жолаушылар көлігімен қызметтер көрсетуге ашық тендер өткізу жөніндегі уәкілетті орган туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.