Об утверждении Правил о порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспанасын ұстау (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемін өтеу мақсатта көмек көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 07.03.2007 № 14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-П Заңының 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасын басшылыққа алып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 91-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» № 477 Заңын орындауда Денисов аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспанасын ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемдерді өтеу мақсатында көмек көрсету тәртібінің ережесі бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік саланы дамыту, құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Көрсетілген шешім 2003 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 4. Табысы аз отбасыларға (азаматтарға)
баспанасын ұстау (жекеменшік үйді ұстаудан басқа)
және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін
төлемін өтеу мақсатта көмек көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Қостанай облысы Денисов
аудандық мәслихатының
2003 жылғы 28 ақпандағы
№ 15 шешіміне
қосымша
Табысы аз отбасыларға (азаматтарға)
баспанасын ұстау (жекеменшік үйді ұстаудан басқа)
және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін
төлемін өтеу мақсатта көмек көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ережелер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспана ұстау және коммуналдық қызметтері үшін материалдық көмек тұрғын үй жәрдемақысы ретінде әлеуметтік қамту органдары арқылы беріледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 1
1. Тұрғын ұй жәрдемақысы табысы аз санатына кіретін, Денисов ауданы аумағында тұрақты тұратын, отбасының (азаматтық) жиынтық табысы 30 пайызы нормативтер шегінде коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау төлемі аспайтын отбасыларға беріледі.
Тармақ 2
2. Иелігінде баспанасы бір бірлігінен көп отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) берушілер тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Егер де отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде емес және әлеуметтік қорғау органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар бол құқығы жоқ.
Айрықшалық ретінде:
Тармақша 1
1) мүгедектерге қарап жүрген тұлғалар (негізі медициналық қорытынды), асыраушысы жоқ болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар, 3 топтағы мүгедектер;
Тармақша 2
2) бір жасына дейін балалары бар аналар және жаңа туған нәрестені асырап алған әйелдер (еркектер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңына сәйкес үш жасқа дейін балаға қарау үшін жұмыс орындарында еңбекақы төленбейтін демалысқа шыққан, немесе олардың орындарын басқандар.
Бұл жеңілдік бір жарым жасқа дейін балалары бар, бірақ жұмыс істемейтін, әлеуметтік қамту органдарда есепте тұрмаған әйелдерге беріледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мерзімде Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы «Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтердің шығындау нормаларын бекіту туралы» № 31 шешімінде көрсетілген нормалар есепке алынады. Баспана ұстау мен коммуналдық қызметтері үшін төлемақы осы ережеде көрсетілген нормадан жоғары болса, төлеу жалпы негіздер бойынша жүргізіледі. Электроэнергия шығындарының нормасы отбасындағы 1 мүшесі үшін айына 45 киловатт.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.08.2004 № 47 шешімімен.
Тармақ 5
5. Баспана ұстау және коммуналдық қызметтері үшін шығын көлемі отбасындағы жиынтық табыстық 30 пайызы мөлшері, нормативтер шегінде бекітіледі.
Тарау 4. 4. Отбасының (азаматтық)
жиынтық табысын анықтау тәртібі
4. Отбасының (азаматтық)
жиынтық табысын анықтау тәртібі
Тармақ 6
6. Отбасының (азаматтық) жиынтық табысына белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасында тапқан табыстық барлық түрлері кіреді: ақшалай немесе басқа түрдегі табыс:
Тармақша 1
1) еңбекақы ретінде тапқан табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысудан тапқан табыс;
Тармақша 3
3) мүліктік табыс;
Тармақша 4
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемақы және әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері;
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы адамдарға алынатын алименттер;
Тармақша 6
6) денсаулыққа зиян келтіргені үшін өтемақы ретінде алынған біржолғы сомалар;
Тармақша 7
7) ақшалай-заттай ұтыстар;
Тармақша 8
8) жеке қосалқы шаруашылықтан тапқан табыс (оның ішінде үйдегі мал, бау-бақша).
Бір тоқсандағы жеке қосалқы шаруашылықтығ кірісі деп отбасындағы жиынтық табысында есептелетін сома, бір отбасы үшін екі айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде алынады.
Он сегіз жастан зейнеткерлік жасына дейінгі табысы жоқ азаматтар үшін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін есептеу үшін екі айлық есептік көрсеткіші есепке алынсын.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.08.2004 № 47 шешімімен.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін
азаматтардың әлеуметтік қамту органдарына
келу мен деректер банк құру тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін
азаматтардың әлеуметтік қамту органдарына
келу мен деректер банк құру тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақыны алуға үміткер әлеуметтік қамту органдарға мыналарды тапсыру тиіс:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі өтініш (осы ережеге қосымша беріледі);
Тармақша 2
2) жұмыс істейтін азаматтардың өткен тоқсанындағы еңбекақысы жөнінде анықтама;
Тармақша 3
3) жұмыссыз азаматтардың еңбекпен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек орталығының атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген сомалары туралы деректер;
Тармақша 5
5) селолық әкімшілігінің отбасының құрамы туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) жер үлесі жөнінде мәліметтер;
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік қызметпен айналысу жөнінде Денисов ауданы бойынша салық комитетінің деректері, балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;
Тармақша 8
8) ауданның коммуналдық қызметтерінің есептеген коммуналдық төлемдері туралы;
Тармақша 9
9) өткен тоқсанда пайдаланғанф коммуналдық қызметтері үшін төлемдерді төлегені туралы квитанциялар, кітапшалар.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.08.2004 № 47 шешімімен.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау жөнінде арызды азаматтар әлеуметтік қамту органдарға тоқсан сайын береді.
Үстіміздегі айына құжаттар қабылдау жиырма төртінші жұлдызында аяқталады.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 20.08.2004 № 47 шешімімен
Тарау 6. 6. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
6. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау аудандық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомасы шегінде уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Қаржының жетіспеушілігіне орай тұрғын үй жәрдемақысы арыздарды тіркеудің хронологиялық тәртібі бойынша беріледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысын есептегенде өткен тоқсандағы табыстар есепке алынады.
Тармақ 12
12. Жәрдемақы арыз берген айынан бастап, тоқсанға беріледі.
Тармақ 13
13. Баспанасын сатқан жағдайда, сауда мәмілесі жазылғаннан айдан бастап тұрғын үй жәрдемақысы төленбейді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері баспана ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтынғаны үшін төлемдер мен осы ережелердің 3 бабы 5 тармағында көрсетілген нормалары айырмашылығы бойынша есептеледі.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақы тиынсыз теңгемен беріледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауын үміттенген азаматтар жалған ақпаратты берген болса, күнтізбелік жыл бойы осы көмек түрін алуға құқығын жоғалтады.
Тармақ 17
17. Заңсыз алынған тұрғын үй жәрдемақысының сомасы заңда белгіленген тәртіппен қайтып алынады.
Тарау 7. 7. Тұрғын үй жәрдемақысының төлеу механизмі
7. Тұрғын үй жәрдемақысының төлеу механизмі
Тармақ 18
18. Халықты әлеуметтік қорғау органы есептелген тұрғын үй жәрдемақысы туралы жиынтық ведомость жасайды және оны аудандық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 19
19. Аудандық қаржы басқармасы жиынтық ведомоста көрсетілген тұрғын үй жәрдемақысы сомасы шегінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырылады.
Тармақ 20
20. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй жәрдемақысының сомасын коммуналдық және эксплуатациялық қызметтерінің есеп шоттарына аударады.
Тармақ 21
21. Коммуналдық және эксплуатациялық қызметтер түскен соманы жәрдемақы алушылардық жеке шоттарына аударады.
Тарау 8. 8. Ерекше шарттар
8. Ерекше шарттар
Тармақ 22
22. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде өзгеше жағдай орын алса, бұл мәселе аудан әкімімен құрылған жанжал жағдайларды шешу жөніндегі комиссиясының қарауына шығарылады.