Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории сельского округа имени Мамаита Омарова города Аксу Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы «Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы» № 253/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4000 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Ақсу қалалық мәслихатының
2020 жылғы 4 желтоқсаны
№ 473/70 шешімімен
бекітілген
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі шақырады.
Ақсу қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімімен ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.