Об утверждении проверочного листа в отношении местных органов по инспекции труда Күшін жойған
Басқа 0
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға
қатысты тексеру парағын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Басқа 0. Тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика
министрінің
2020 жылғы 9 желтоқсаны
№ 90 мен
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 9 желтоқсаны
№ 489 бұйрығына қосымша
Тексеру парағы
______________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_____________________________________________________________________ саласында/аясында
138 және 139-баптарына сәйкес
______________________________________________________________________________ қатысты
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды
және қадағалауды белгілеу туралы акт ____________________________________________________
№, күні
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________
______________________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жекесәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру
нөмірі _________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
№
Талаптардың тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмей ді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1.
Зардап шеккендердің өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, еңбек қызметімен байланысты ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаларға, сондай-ақ екі және одан да көп жұмыскермен бір мезгілде болған топтық жазатайым оқиғаларға арнайы тергеп-тексеру жүргізу
2.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс беруші, жұмыскер және төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы арасында туындаған келіспеушіліктер туралы қорытынды шығаруы
3.
Жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарды мониторингтеу
4.
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мерзімді есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың ақпараттық жүйесінің базасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың күйін мониторингтеу нәтижелерін уақтылы ұсынуы
5.
Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу журналын жүргізу
Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________________ _______________
лауазымы қолы
______________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ______________________________ ______________
лауазымы қолы
______________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)