Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих аппаратов акимов и исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов по Атырауской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә. Исақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Атырау облысы әкімідігінің 2020 жылғы 10 желтоқсаны № 241 қаулысына қосымша Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) грамотамен марапаттау;
Тармақша 4
4) көтермелеудің өзге де нысандары.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын ескере отырып, тікелей басшының ұсынысы бойынша Атырау облысының, Атырау қаласының және аудандардың әкімдерімен құрылатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң шешімі негізінде жүргізіледі. Комиссия ұсыным енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Комиссия құрамы Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының актілерімен (өкімімен, бұйрығымен) бекітіледі.
Тармақ 6
6. Біржолғы ақшалай сыйақы төлеу қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік органды ұстауға көзделген жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының актілері (өкімі, бұйрығы) негізінде Комиссия оң шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметшілер Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімінің, мемлекеттік орган басшысының грамотасымен лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерінің, әкімдіктерінің, мемлекеттік органдардың алдына қойылған аса маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметшілерге әкімдердің және мемлекеттік органдар басшыларының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімінің, мемлекеттік орган басшысының алғысы жарияланады.
Тармақ 9
9. Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімінің, мемлекеттік орган басшысының грамотасымен және алғысымен көтермелеу туралы шешім Комиссия оң шешімі қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) Атырау облысы әкімінің грамотасымен және алғысымен көтермелеу үшін - Атырау облысы әкімінің орынбасарлары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, Атырау облысының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшылары;
Тармақша 2
2) Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің грамотасымен және алғысымен көтермелеу үшін - олардың орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар басшыларының грамотасымен және алғысымен көтермелеу үшін олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшыларының ұсынымдары бойынша қабылданады. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін грамотамен және алғыспен көтермелеулерді есепке алуды персоналды басқару қызметі (кадр бөлімі) көтермелеу бойынша мәліметтерді мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына енгізумен жүргізеді.
Тармақ 10
10. Грамота және алғыс мемлекеттік не орыс тілдерінде әзірленеді және Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының қолы қойылады.
Тармақ 11
11. Көтермелеу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге нысандары қолданылады.
Тармақ 12
12. Мына мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жазасы барлар;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімінен өту кезеңіндегілер;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органда бір айдан аз уақыт жұмыс істегендер.