Об утверждении Правил снижения тарифов (цен, ставок сборов) за предоставляемые услуги (товары, работы) для всех потребителей субъектов естественной монополии, в период действия тарифов (цен, ставок сборов) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесiн бекiту туралы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1) тармақшасын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтep (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстaн Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесi
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 20 ақпандағы № 46-НҚ бұйрығына қосымша Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету жөнiндегi осы ереже "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрлендi және Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң (бұдан әрi - субъектiлер) барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) (бұдан әрi - қызметтер) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 2. 2. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету тәртiбi
2. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету тәртiбi
Тармақ 2
2. Барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтерге төмендетiлген тариф қызметтер көрсетуге қажеттi шығыстар құнынан төмен болмауы тиiс және субъектiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы алу мүмкiндiгiн ескеруi қажет. Сонымен бiрге тарифтердi төмендету мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) көрсетiлетiн немесе өндiрiлетiн қызметтердiң көлемдерiн ұлғайту;
Тармақша 2
2) субъектiнiң нақты шығындарын, негiзгi құралдардың құнын өсiруге алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жұмсалған шығындарды, заңда белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға шығындарды қоспағанда, қысқарту;
Тармақша 3
3) субъeкт "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асырушы субъектiлер үшiн белгiленетiн көтерме тұтынушыларға арналған босату тарифтерi құрылымына сату мақсатында сатып алған тауарға (өнiмге) бағаны кемiту жағына өзгерту;
Тармақша 4
4) субъектiлердiң табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес субъектiлер жүзеге асыратын қызметтердiң өзге де түрлерiнен едәуiр табыстар алу.
Тармақ 3
3. Тарифтердi төмендету:
Тармақша 1
1) тарифтердi жоғарылату үшiн кейiннен тарифтердi қарауға өтiнiмдер берген кезде негiз болмауы;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобаның орындалмауына негiз болмауы;
Тармақша 3
3) сапаны төмендету, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң мөлшерiн шектеуге;
Тармақша 4
4) тұтынушыларды теңсiздiк жағдайына қоюға немесе өзге түрде олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға негiз болмауы тиiстi.
Тармақ 4
4. Субъектiнiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету туралы шешiмi тарифтердi қолдану кезiнде субъектiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн белгiлi бiр мерзiмге төмендету туралы шешiмдi бекiткен кезде мерзiмдi Субъектiнiң бұйрығында көрсету қажет.
Тармақ 6
6. Субъект барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендетудi енгiзгенге дейiн 25 күн бұрын тарифтi төмендету туралы қабылданған шешiмнiң түпнұсқасын, сондай-ақ тарифтi төмендету мүмкiндiгiн растайтын есептер мен негiздеушi құжаттарды уәкiлеттi органға жiберу жолымен қабылданған шешiм туралы Уәкiлеттi органды хабардар етедi.
Тарау 3. 3. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендетудi енгiзу тәртiбi
3. Тарифтердiң қолданыстағы кезеңiнде субъектiлердiң барлық тұтынушыларына көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендетудi енгiзу тәртiбi
Тармақ 7
7. Барлық тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiн төмендету айдың 1-күнiнен бастап жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Субъект тарифтердi төмендету туралы ақпаратты оны енгiзгенге дейiн 10 күн бұрын тұтынушылардың мәлiметiне жеткiзуге мiндеттi.
Тармақ 9
9. Егер субъект тарифтердi төмендету туралы тұтынушыларға осы Ережеде көрсетiлген мерзiмде хабарламаса, онда көрсетiлген тарифтердi төмендету Субъектiнiң бұйрығында көрсетiлген мерзiмнен бастап енгiзiлмейдi. Тарифтердi төмендетудi енгiзу бiр айдан кейiн жүргiзiледi.
Тарау 4. 4. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
4. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 10
10. Осы Ереженi бұзған Субъектiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетiлген жауапкершілiкке тартылуы мүмкiн.