О дополнительных требованиях к договору на проведение обязательного ежегодного аудита субъектов естественной монополии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи монополия субъектілерінің жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге арналған шартына қосымша талаптар туралы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектілері аудиторлық ұйымдармен (аудитормен) жасалған жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге арналған шартта қосымшаға сәйкес талаптарды көздесін.
Тармақ 2
2. Табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне аудиторлық тексеру аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудиторлық есеп ұсынсын.
Тармақ 3
3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Табиғи монополия субъектілерінің жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуіне арналған шартқа қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 44-НҚ бұйрығына қосымша Табиғи монополия субъектілерінің жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуіне арналған шартқа қосымша талаптар Табиғи монополия субъектілері міндетті жылсайынғы аудитті жүргізуге арналған шартты жасасқан кезде аудиторлық ұйымның (аудитордың) табиғи монополия субъектілерінің қызметін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне сәйкес тексеру жүргізудегі міндеттері мынадай талаптар бойынша көзделсін: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкестігі (есептік саясаттың сәйкестігі, шығарылатын немесе көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрі бойынша бөлінген есеп); табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатты сақтауы: өкілетті органмен бекітілген тарифтерді (баға, алым ставкасы), (соның ішінде жеңілдіктер, уақытша төмендетілетін коэффиценттер және басқа), есеп жүйесін пайдалану; шығын баптары бойынша ауытқу себептері көрсетілген тарифтік сметаның орындалуын талдауы; өндіріске арналған шығыстарды есептеу және қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) өзіндік құнын калькуляциялау анализі; негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алу (қайта бағалау, өтелімді есептеу); инвестицияны салу анализі, инвестицияны мақсатты пайдалану және тиімділігін талдау; дебиторлық және кредиторлық берешек анализі (соның ішінде дебиторлар және кредиторлармен есептесуді түгендеу, шот бойынша операциялардың дұрыстығы); табыстың қаржылық жағдайын талдау және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігі. Агенттік бұйрығымен бекітілген (көлік және байланыс саласында) шығындарды бөлу және қызметтердің өзіндік құнын анықтау Әдістемесін дұрыс қолдану.