Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из областного бюджета Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.