Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының жолаушыларын
әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 1/79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1613 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.