Об утверждении Положения о Совете взаимодействия государственных, правоохранительных и иных органов по правовому информированию, формированию правовой культуры, правовому обучению и воспитанию населения Қолданыста
Басқа 0
Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша мемелекеттік құқық қорғау және басқа да органдардың өзара әрекет ету Кеңестің Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару тұралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 желтоқсаңдағы № 10 шешімімен бекітілген
2003-2005 жылдарға арналған тұрғындарды құқықтық ақпараптандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыгу және тәрбиелеу бойынша Аймақгық бағдарламаны іске асыру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімияты жанынан құқықтық ақпараттандыру, құкықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік құқық қорғау және басқа да оргаңдардың өзара әрекет ету Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Кеңестің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Зандармен бепгіленген тәртіпте Кеңестің жеке құрамы облыстық мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудан және Ақтөбе қаласы Әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Бұл қаулының орыңдалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 6
Облыстық әкімият қаулысымен
12.03.2003 жылы № 51
БЕКІТІЛДІ
Тұрғындарды құқықтық ақпарттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да органдардың өз-ара әрекет ету Кеңесі тұралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік, құқық
қорғау және басқа да органдардың өзара әрекет ету Кеңесі (мәтіні бойынша
алдағы Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21 маусымындағы № 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықты
оқытуды ұйымдастыру бойынша ісшаралар туралы" Қаулысын орындау үшін және облыс мәслихатының 20.12.2002 ж. № 10 шешімімен бекітілген 2003-2005 жылдарға арнапған тұрғындарды құқықтық ақпарттандырк, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша Аймақтық бағдарламаны іске асыру мақсатында құрылады, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекелелердің құқықты насихаттау және жалпыға бірдей құқықты оқыту бойынша жумысын үйлестіруші, ведомство аралық сипаттағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңын және осы ережені басшыпыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес облыс әкімияты жанында құрылады.
Тармақ 4
4. Кеңесті облыс Әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
Бөлім 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен қызметінің міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен қызметінің міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі мақсаты мен қызметінің міндеттері болып табыпатындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңын түсіндіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу, тұрғындарды құқықтық оқыту және ағарту нысандары мен әдістерін жетілдіру;
Тармақша 2
2) жаңа ағымдағы мемлекеттік кызметкерлердің құқықтық дайындығы,
кәсіби біліктілігі деңгейін көтеру;
Тармақша 3
3) облыс, әсіресе ауыл тұрғындарының құқықтық оқытылуы мен тәрбиеленуін жетілдіру;
Тармақша 4
4) занға құрмет, құқыққа қайшы әрекеттерге, ішімдік пен есірткі заттарын шыдамсыздық рухында оқушы жастардың жоғары құқықтық саналарын жетілдіру;
Тармақша 5
5) мемдекеттік аппарат, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің құқықтық мәдениеттерін, құқықтық білімдерін көтеру;
Тармақша 6
6) кұқықты түсіндіру жұмысында бүкіл әлемдік «ИНТЕРНЕТ» желісін қоса отырып, БАҚ жаңа ақпаратгық технологиялар мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықты түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 8
8) құқықты түсіндіру жұмыстарып жетілдіру мен әрі қарай дамытудың
негізі бағыттарын анықтау;
Тармақша 9
9) мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіктерде құқықтық тәрбиелеу мен құқықты насихаттау жұмыстарының жағдайын зерделеу және олардың нәтижелері бойынша нұсқаулар дайындау;
Тармақша 10
10) құқықтық тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар әзірлеу, жағымды тәжірибелерді тарату;
Бөлім 3. 3. Кеңес құқығы
3. Кеңес құқығы
Тармақ 6
6. Кеңес құқығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорыңдар, ұйымдар, мекемелердің тұрғыңдарды құқықтық ақпаратандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиепеу аумағындағы әрекеттерін үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) Кеңес құзырына жатқызылған сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауға қатысуға;
Тармақша 3
3) Кеңес құзырына жатқызылған сұрақтар бойынша ұйымдар, басқармалар, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 4
4) облыс мәслихатының 20.12.2002 ж. № 10 шешімімен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықты оқыту және тәрбиелеу бойынша Аймақтық бағдарпаманың мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен іске асырылу жолын тұрақты талдауға.
Бөлім 4. 4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңес құрамы (15-25 адам) облыс мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Кеңес құрамы кажеттілігіне қарай токсанына кем дегенде бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Егер оның мәжілісінде кем дегенде 2/3 мүшелері қатынасатын болса одна Кеңес құқықты болып саналады.
Тармақ 10
10. Отырыс нәтижелері бойынша қатысушылардың саны, күн тәртібі отырыс барысы мен қабылданған шешімдері көрсетіліп, қысқаша хаттама жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелерінің отырысындағы қатысушылардың жай ғана көпшілік дауысымен шешімдер қабылданады.
Тармақ 12
12. Кеңес өз жұмысына мемлекетгік, құкықтық органдардың, салық органдары мен мекемелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ облыстың барлық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің заңгерлерін тартуға және жоспарлық іс-шаралар, шешімдер бойынша тапсырмалар беруге құқылы.
Тармақ 13
13. Кеңеспен қаралатын және шешетін ең маңызды сұрақтар бойынша
Кеңес облыс Әкімиятын жүйелі түрде ақпараттандырып тұрады.