Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Ай села Ай Мынбулакского сельского округа Аягозского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2020 жылғы 02 желтоқсандағы № 349 ұсынысы негізінде, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ай ауылы Ай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.