Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий местного значения по Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 591-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Маңғыстау облысы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 39/465 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облысы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану түрлері
Өлшем бірлігі
Айлық есептік көрсеткішіндегі төлем мөлшерлемелері
1
2
3
4
1
Ғылыми мақсаттарда
адам-күн
0,1
2
Экологиялық ағарту мақсаттарда
адам-күн
0,1
3
Мәдени ағарту мақсаттарда
адам-күн
0,01
4
Оқыту мақсаттарда
адам-күн
0,01
5
Туристік мақсаттарда
адам-күн
0,1
6
Рекреациялық мақсаттарда
адам-күн
0,1
7
Шектеулі шаруашылық мақсаттарда
адам-күн
0,1