Об утверждении Правил назначения и выплаты адресной материальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi Ережесiн бекiту туралы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 20-бабы негiзiнде және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестендiруге байланысты әкiмияттың 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 27 «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек тағайындау және төлеу ережесiн бекiту туралы» қаулысының күшi жойылсын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б. Жаманшаловқа жүктелсiн.
Басқа 4. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 41 қаулысына қосымша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi ереже Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 1995 жылдың 28 сәуiрiндегi № 2247-ші «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 20-бабы негiзiнде әзiрлендi.
Тарау 5. Жалпы қағидалар
Жалпы қағидалар Аталған тәртiп Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету ережелерiн жүйелейдi.
Тарау 6. Атаулы материалдық көмектi тағайындау тәртiбi
Атаулы материалдық көмектi тағайындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Атаулы материалдық көмек өтiнiш нысанында берiледi.
Тармақ 2
2. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына атаулы материалдық көмектi тағайындау жөнiндегi өтiнiш, оны алуға құқылы тұлға тарапынан берiледi.
Тармақ 3
3. Атаулы материалдық көмек тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұлға, белгiленген нысандағы қосымшаға сәйкес атаулы материалдық көмек тағайындау жөнiндегi өтiнiш ұсынады.
Тармақ 4
4. Атаулы материалдық көмек тағайындау жөнiндегi өтiнiштi арнайы комиссия он күндiк мерзiмде қарайды.
Тармақ 5
5. Атаулы материалдық көмектi тағайындаудан негiзделген түрде бас тартқан жағдайда, ол жөнiнде өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 6
6. Атаулы материалдық көмектi есептеп тағайындау өтiнiш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Өтiнiш берушi жөнiндегi мағлұматтардың дұрыстығына (шынайылығына) өтiнiштi қабылдап алған тұлғалар толығынан жауап бередi. Төлемдер жүзеге асырылғаннан кейiн мағлұматтар жөнiнде белгiлi бiр күмәндiлiктер туған жағдайда, заңсыз төленген қаражаттар белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен кiнәлi тұлғалардан өндiрiлiп алынады.
Тарау 14. Атаулы материалдық көмектiң төленуi
Атаулы материалдық көмектiң төленуi
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге атаулы материалдық көмектi төлеу аудандық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Атаулы материалдық көмектi тағайындау жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы есептеу жүргiзедi, атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмдерiн жасайды және ай сайын аудандық қаржы басқармасына қаржыландыру жөнiнде тапсырып ұсынады.
Тармақ 10
10. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ұсынған тiзiмге сәйкес атаулы материалдық көмектi төлеу «Қазақстан халық банкi» ашық акционерлiк қоғамының бөлiмшелерi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. Атаулы материалдық көмектi төлеу алушы тұлға қайтыс болған жағдайда сол күннен бастап тоқтатылады.
Тарау 19. Атаулы материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау
Атаулы материалдық көмектiң төленуiне бақылау жасау
Тармақ 12
12. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын азаматтық хал актiлерiн жазу бөлiмiнен атаулы материалдық көмек тағайындаған тұлғалар iшiнен қайтыс болғандардың тiркелуi жөнiндегi мәлiметтерге сұрау салып, ақпараттар алып отырады.
Тармақ 13
13. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аудандық бөлiмшесiнен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерi жөнiндегi мәлiметтерге сұрау салып, ақпарат алып отырады.
Тармақ 14
14. Атаулы материалдық көмектi тағайындау жөнiндегi құжаттардың дұрыс толтырылмауынан заңсыз жасалынған төлемдерге заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша оған кiнәлi лауазым иелерi жауап бередi.
Тармақ 15
15. Атаулы материалдық көмектiң белгiленген мөлшерде ай сайын дұрыс төленуiне бақылау жасау «Қазақстан халық банкi» ашық акционерлiк қоғамы мен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тарапынан өзара жасаған салыстырма-тексеру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы басқармасы атаулы материалдық көмекке босатылған бюджеттiк қаржылардың дұрыс жұмсалуына өз тарапынан тексерулер жүргiзiп отырады.
Басқа 25. ӨТIНIШ
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi Ережеге қосымша ӨТIНIШ (Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оның мүгедектерiне атаулы материалдық көмек тағайындау туралы) Тегi ____________________________________________________________________________________ Аты _____________________________________________________________________________________ Әкесiнiң аты ____________________________________________________________________________ Мекен-жайы ______________________________________________________________________________ Тiлдесерi (телефон) _____________________________________________________________________ Төлқұжат немесе жеке куәлiгiнiң номерi __________________________________________________ Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегiнiң куәлiк нөмерi _____________________________ РНН (салық төлеушiнiң тiркеу номерi) ____________________________________________________ «Қазақстан халық банкi» ашық акционерлiк қоғамы бөлiмшесiнiң номерi _____________________ _________________________________________________________________________________________ Зейнеткерлiк есеп шотының номерi ________________________________________________________ Маған ай сайын 230 теңге мөлшерiндегi атаулы көмек тағайындауларыңызды өтiнемiн. Өтiнiш берген күнi Өтiнiш берушiнiң қолы ________________________________ ________________________________________ Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың дұрыстығын растаймын: _________________________________________________________________________________________ Өтiнiштi қабылдап алушы лауазым иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (Ф.И.О.) ________________________________________________________________________________ (қолы) Өтiнiштi қабылдап алған күн _____________________________________________________________