Об утверждении Инструкции по выявлению соглашений (согласованных действий) субъектов рынка, ограничивающих конкуренцию Күшін жойған
Басқа 0
Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнің келісiмдерін (келiсiлген iс-қимылдарын) анықтау жөнiндегі нұсқаулықты бекiту
Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің 2007.05.15. N 164 -НҚ бұйрығымен.
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ережесiнiң 11-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілiп отырған Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келiсiмдерiн (келiсілген, iс-қимылдар) анықтау жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Бәсекелестiктi дамыту департаментi (Н.Х.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде белгіленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Бұйрық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келiсiмдерiн (келiсiлген iс-қимыл) анықтау туралы Нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi агенттiк төрағасының
2003 жылғы 6 ақпандағы
N 34-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келiсiмдерiн (келiсiлген iс-қимыл) анықтау туралы Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келiсiмдерiн (келiсiлген iс-қимыл) анықтау туралы нұсқаулық (одан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының " Бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы ", " Tepic пиғылдағы бәсекелестiк туралы " Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң ережесi(одан әрi - Ереже) туралы N 1713 және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы "Басты азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру туралы N 1623 қаулыларына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Бұл нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
Рынок субъектiлерi - тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өндiретiн, өткiзетiн, сатып алатын қызметтi атқаратын жеке, заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
Келiсiм - кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз бәсекелестiктi, басымдылық алуды шектейтiн бағыттағы жақтардың (вертикалды горизонталды немесе конгломератты) кез келген шартты қатынастары;
Үйiрлесу - тауар рыногында керi зардаптарға алып келетiн және (немесе) соған алып келген, тауарларға (жұмыстар, қызметтер) бiркелкi баға белгiлеу немесе тауар рыногын бөлуге бағытталған рынок субъектiлерiнiң өзара келiсiлген iс-қимылы;
Келiсiлген iс-қимыл - өзара байланысқан жақтардың еркiн iс-қимылдарын шектеу.
Тармақ 3
3. Бұл Нұсқаулықтың мақсаты рынок субъектiлерiнiң және/немесе мемлекеттiк органдар арасындағы келiсiмдердiң механизмдерiн, соның iшiнде үйiрлесу (одан әрi - Келiсiмдер) жолымен жасалған келiсiмдердi анықтау.
Тармақ 4
4. Заңда бекiтiлген тәртiп бойынша тыйым салынады, бүтiндей не iшiнара күшi жоқ деп танылады:
Тармақша 1
1) бәсекелес рынок субъектiлерiнiң (әлеуеттi бәсекелестер) белгiлi тауар рыногында жиынтық үлесi 35 пайыздан артық кез келген келiсiмдер, егер олардың нәтижесi бәсекелестiктi шектейтiн болса, соның iшiндегi мынаған бағытталған келiсiмдер:
өндiрiстi шектеу, қолдан тапшылық орнату, бағасын көтеру және оны ұстап тұру үшiн тауар айналымынан тауарларды шығару, соның iшiнде үйiрлесу жолы арқылы;
өндiрiс көлемiн негiзсiз қысқарту немесе оларға тұтынушылардан сұраныс не тапсырыс бола тұра өндiрiстi тоқтату оларды өндiруге немесе жеткiзуге мүмкiншiлiк болған жағдайда;
тауар рыногын аумақтық принцип бойынша сату не сатып алу көлемi, сатылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемi бойынша немесе сатушылар мен сатып алушылардың (тапсырыс берушiлер) айналасы бойынша бөлу;
тауар рыногына жеткiзудi шектеу (рыноктан шығу) немесе одан басқа субъектiлердi белгiлi бiр тауарды (жұмыстар, қызметтер) сатушы не сатып (тапсырыс берушi) алушы ретiнен шығару;
белгiлi бiр сатушы не сатып алушымен шарт жасаудан бас тарту;
тауар рыногында бiрдей баға (тарифтер), шегерiм, үстеме бекiту (қолдау), соның iшiнде үйлесiм арқылы;
аукциондар мен саудада бағаны көтеру, төмендету және ұстап тұру;
Тармақша 2
2) бәсекелес емес рынок субъектiлерiнiң кез келген келiсiмi, егер де оның бipeуi белгiлi бiр тауар рыногында үстемдiк (монополиялық) жағдайға ие болса, екiншiсi оның жеткiзушiсi не сатып алушысы, егер де осындай келiсiм бәсекелестiктi шектесе және/немесе жеке немесе жеке және заңды тұлғаның мүддесiне нұқсан келтiрсе;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органның басқа мемлекеттiк органмен не рынок субъектiсiмен келiсiмi, егер оның нәтижесiнде бәсекелестiк шектелсе не шектелетiн болса, бағытталатын болса:
бағаны (тарифтi) көтеру, түсiру және қалыпты ұстап тұру;
тауар рыногын аумақтық принцип бойынша сату және сатып алу көлемi, сатылатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) ассортиментi, сатушы немесе сатып алушылардың айналасы бойынша;
белгiлi рынок субъектiсiне айрықша құқық беру;
тауар рыногына шектеу қою немесе олардан рынок субъектiсiн шығару;
Тармақша 4
4) бәсекелестiктi шектеуге бағытталған басқа да келiсiмдер.
Тарау 2. 2. Келiсiмнiң түрлерi
2. Келiсiмнiң түрлерi
Тармақ 5
5. Деңгейлi келiсiм - бәсекелестiктi шектеуге бағытталған бiр рынокта бәсекелес субъектiлердiң өзара келiсiмi.
Тармақ 6
6. Тiк келiсiм - тиiстi тауар рыногында бәсекелес емес субъектiлердiң арасындағы келiсiм, нәтижесiнде бәсекелестiктi болдырмау, шектеу және жою болып табылады немесе соған алып келуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Конгломератты келiсiмдер аралас қатынастар секiлдi сипатталады, бұл жерде деңгейлi және тiк қатынастар орын алады.
Тарау 3. 3. Келiсiмдегi бәсекелестiктi шектеудiң нышанын анықтауға талдау жасаудың тәртiбi
3. Келiсiмдегi бәсекелестiктi шектеудiң нышанын анықтауға талдау жасаудың тәртiбi
Тармақ 8
8. Келiсiмдегi бәсекелестiктi шектеу белгiсiн анықтауды талдау жасау кезең-кезеңiмен жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Бiрiншi кезеңде:
Тармақша 1
1) тиiстi тауар рыногы анықталады, келiсiмге қатынасушы рынок субъектiлерiнiң жан-жағы анықталады;
Тармақша 2
2) Келiсiмнiң түрi анықталады, ақпараттар жиналады;
Тармақша 3
3) тауар рыногының географиялық шекарасы анықталады - келiсiмге қатынасып рынок субъектiлерiнiң қызметiн жүргiзетiн аумағы;
Тармақша 4
4) рынок субъектiлерiне тиiстi рыноктың үлесi анықталады - тиiстi географиялық рынокта қызмет ететiн келiсiмге қатынасушылар және олардың жалпы рыноктағы үлесi.
Тармақ 10
10. Келiсiмге қатынасушыларды талдау өткiзудiң тәртiбi және рынок субъектiлерiнiң рыноктық үлесiн есептеу, тауар рыногындағы бәсекелестiк ортаның қалыптасқан жағдайына сәйкес әдiстемелiктiң ұсынысына байланысты заңда белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
Тармақ 11
11. Екiншi кезеңде тиісті тауар рыногын реттеу айқындалады, жолымен:
Тармақша 1
1) белгiленген бағаны (тарифтердi) белгiлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк тапсырыс бойынша мiндеттi жеткiзудi белгiлеу;
Тармақша 3
3) рынок субъектiсiне дотация ұсыну, жеңiлдетiлген жағдайда несие бөлу және басқа шарттар.
Жоғарыда аталған мемлекеттiк реттеулердiң монополияға қарсы заңдарға қайшы келмеуiн анықтау.
Тармақ 12
12. Үшiншi кезеңде келiсiм жасасқан рынок субъектiлерiнiң құқықтық ережелерi анықталады.
Егер талдау кезiнде айқындалғандай, келiсiмге қатынасушылардың рынокта үлестерiнiң едәуiр шоғырланғанына қарамастан олар бәсекеге шешушi әсер ете алмаса, рынокқа басқа субъектiлердiң енуiне қиындық туғыза алмаса, немесе басқа жолмен олардың экономикалық қызметiндегi бостандықты шектемесе, ондай талдау жасау тоқтатылады.
Тармақ 13
13. Төртiншi кезеңде келiсiмдi қызметтi нақты дәлелдеу үшiн, нәтижесiнде бәселестiктi шектеуге алып келетiн немесе тұтынушылардың мүддесiне зиян келтiретiн мыналарға аса көңiл бөлу керек:
Тармақша 1
1) үйлесуге алып келуi мүмкiн шарт жасасу тәсiлiнен бас тарту;
Тармақша 2
2) бәсекелестiктi шектеуге бағытталған шарт жасау;
Тармақша 3
3) бiр немесе бiрнеше субъектiлер тарапынан үйлесiмге қатыспайтын рынок субъектiлерiн бағалай кемсiту;
Тармақша 4
4) мәжбүрлi ассортимент талабы немесе жеткiзудiң басқа шарттары;
Тармақша 5
5) актыны басып шығару.
Тармақ 14
14. Нақты келiсiмдi қараған кезде оның iшiнде бәсекелестiкке қарсы элементтердiң бар жоқтығын анықтау керек.
Тармақ 15
15. Бесiншi кезеңде келiсiмнiң бәсекелестiктi шектейтiнi, не шектемейтiнi жөнiнде анықталады, оның ішінде:
Тармақша 1
1) Келiсiмге қатынасушы рынок субъектiлерiнiң тәуелсiз экономикалық шешiм қабылдауын шектейтiн;
Тармақша 2
2) тиiстi тауар рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететiн.
Егер осы жағдайлардың бiрi белгiлi болғанда, ол келiсiмдi бәсекелестiктi шектейтiн ретiнде қарау керек.
Тармақ 16
16. Осы жолсыздықтар орын алғандығы белгiлi болған кезде қолданыстағы заңдарда көрсетiлген шаралар қолданылады. Талдау өткiзу процесi кезiнде келiсiмге қатынасушылар бәсекелестiктi шектемейтiнi белгiлi болса, келiсiмдi талдау жасауды тоқтату керек болады.
Тарау 4. 4. Келiсiмнiң бар екендiгi туралы дәлелдеме
4. Келiсiмнiң бар екендiгi туралы дәлелдеме
Тармақ 17
17. Анықталған келiсiмдi дәлелдеген кезде оларды құжат бойынша дәлелдеу керек. Келiсiм нақтылығын дәлелдеу, бұл дәлелдеулердi өз ара шарттардың жағдайын талдағанда, шоттарды, жөнелтпе құжаттарды, прейскуранттарды, төлем тапсырмаларды, съезде, конгресте қабылданған құжаттарды және басқа рынок субъектiлерi өкiлдерiнiң жиындарында, басқа да құжаттардың негiзiнде алуға болады.
Дәлелдеу ретiнде рынок субъектiлерi өкiлдерiнiң жеке кездесулерiнде өзара ақпарат алмасулары, телефон арқылы хабарласу, телекстармен және факсималдық байланыстар, бағанның тұтынушыларға жариялы (жаңа прейскуранттың таратылуы, баға жарнамасы) хабарландырылуы, агенттер мен делдалдарға, соның iшiнде рынок субъектiлерi кiретiн түрлi бiрлестiктер (ассоциациалар) болулары мүмкiн. Келiсiмдi анықтау және дәлелдеу үшiн монополияға қарсы орган өзiнiң құзыретi шеңберiнде басқа да қызметтер жүргiзуге, өз бетiмен және басқа да мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес құрылымдармен iс-шаралар өткiзуiне болады.
Тармақ 18
18. Келiсiмдi дәлелдеген кезде ескерiлетiнi, барлық келiсiлген iс-қимыл бәсекелестiктi шектейтiн бiлiктiлiк ретiнде қарала алмайды.
Экономикадағы орын алып отырған құрылымдық ерекшелiктерге байланысты рынокта субъектiлердiң аз мөлшерде болуы, тауарлардың iс жүзiнде тапшылығы, олардың келiсiлген iс-қимыл жасап, құжат рәсiмдемей баға белгiлеуi бәсекелестiктi шектеуге алып келедi.
Тармақ 19
19. Келiсiмнiң негiзiндегi пайда болған бәсекелестiк үшiн жағымсыз зардаптар, былайша көрiнедi:
қаралып отырған рынокқа қанағаттанғысыз сұраныс пен жеткiлiктi биiк деңгейдегi табыстылық болған кездегi басқа рынок субъектiлерiнiң енуiн шектеу;
басқа осы рынокқа шыққысы келетiн өндiрушiлердi шикiзат пен материалдарға қол жеткiзуiне шектеу;
тауар өткiзетiн жүйеге қол жеткiзудi шектеу;
және де басқалары.
Тармақ 20
20. Келiсiмнiң дәлелдемесiн субъектiнiң қаржылай сараптамасының құжаттарының негiзiнде алуға болады.
Тармақ 21
21. Бәсекелестер арасында кез келген баға туралы келiсiмнiң түзiлуi мен оның орындалуының үйлесiмiнiң дәлелi болып:
бiр мезгiлде немесе 3 күн аралығында бағаның көтерiлуi (төмендеуi);
тауарды сату мен сатып алу кезiнде шығындардың әр түрлi болғанымен бiрдей бағаның белгiленуi;
рынокта бiрдей баға орнату үшiн бағытталған тауардың қалған бөлiгiне қосымша баға тағайындау;
тауардың жеткiзу көлемi мен бағасының өзгеруiн келiсу;
бағаны қолдан көбейту мен арзандату туралы келiсу;
бағадан бiр мезгiлде шегерiм жасау немесе бағадан шегерiм жасау;
рынокта тауар тапшылығы мен оларға баға жоғары болған кезде, қоймада екi және одан да артық субъектiлерде үлкен көлемде тауар қорының нақты қолда болуы;
рынок субъектiлерiнде шот фактураның, калькуляцияның, экономикалық негiздегi есептердiң болмауы, бағаның көтерiлуiнiң, бiр баға ұстанылуының түсiндiрiлуiнiң болмауы.
Тармақ 22
22. Рынок субъектiлерiнiң арасындағы келiсiмнiң бар екендiгiнiң дәлелi ретiнде:
бағаны бекiтетiн бiркелкi баға прейскурантының немесе бұйрықты (хаттама, өкiм) пайдалану;
түрлi жеткiзушiлер (көрсететiн) жеткiзетiн қызметтерге, тауарларға қолдан жасау арқылы жоғары бағаны ұстап түру;
өндiрiс көлемi немесе тауарлар (жұмыс, қызмет) сатуға шектеудi (квот) белгiлеу;
басқа сатушылар мен сатып алушылармен жасасқан келiсiмдi белгілi бiр сатушылар мен сатып алушылармен сол жағдайда шарт түзуден бас тарту;
белгiлi бiр аймақта тауарлар (жұмыс, қызмет) сату;
белгiлi бiр аймақты жабдықтауды қамтамасыз етудi тоқтату.
Тармақ 23
23. Бәсекелес рынок субъектiлерiнiң арасында өзара келiсiм болған кезде, монополияға қарсы орган келiсiмiнiң нақтылығын анықтау мақсатында талдау жүргiзедi. Талдау оны өткiзудiң алдындағы соңғы алты айға жүргiзiледi.
Тармақ 24
24. Талдауды өткiзудiң ұзақтығы 2 айдан артпауы керек. Сондай-ақ, Заңның 10-бабының 1-және 3-тармақтарына, Ереженiң 11-тармағының 7)-тармақшасына сәйкес, үйiрлесуге қатынасушы рынок субъектiсiнiң керектi қосымша құжаттары сұратылып алынады.
Тармақ 25
25. Монополияға қарсы заңдарды бұзғаны үшiн айыпты адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады.