Об утверждении правил планирования объемов медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования Қолданыста
Басқа 0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-290/2020
бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидалары
Бөлім 1
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) –аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 2
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна (бұдан әрі – нысаналы жарна) – республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау статистикасы – статистиканың халық денсаулығы, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметі және денсаулық сақтау ресурстарын пайдалану туралы статистикалық деректерді қамтитын саласы;
Тармақша 5
5) дербес медициналық деректер агрегаторы – «Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22550 болып тіркелген) сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын дербес деректер операторы;
Тармақша 6
6) жедел медициналық көмек – жіті аурулар мен өмірге қатер төндіретін жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға болған жерде және (немесе) медициналық ұйымға бара жатқан жолда денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысанда медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
Тармақша 7
7) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) – бейінді мамандар тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген диагностика мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және медицина ғылымының және ғылым мен техниканың сабақтас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар кезінде көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің бір бөлігі;
Тармақша 8
8) клиникалық-шығынды топтар – оларды емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртекті топтары (бұдан әрі – КШТ);
Тармақша 9
9) қордың активтері – аударымдар мен жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткені үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс, сондай-ақ қорға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер;
Тармақша 10
10) қордың филиалы – қордың тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi;
Тармақша 11
11) медициналық-әлеуметтік көмек – әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
Тармақша 12
12) медициналық оңалту – пациент организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Тармақша 13
13) медициналық-санитариялық алғашқы көмек – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді, оның ішінде:
анағұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын, оларды емдеуді және басқаруды;
халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық қарап-тексеруді;
аурулар тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын ерте анықтау мен олардың мониторингін және анықталған тәуекел факторларын төмендету дағдыларына оқытуды;
иммундауды;
саламатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауды;
ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды;
жүкті әйелдерді және босанған әйелдерді босанғаннан кейінгі кезеңде байқауды;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
Тармақша 14
14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 15
15) паллиативтік медициналық көмек – радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде емделмейтін науқас пациенттің ауыруын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
Тармақша 16
16) психикалық денсаулық орталығының бір науқасына арналған кешенді тариф – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Психикалық науқастар тіркелімі» және «Наркологиялық науқастар тіркелімі» кіші жүйелерінде бекітілген бір науқасқа есептегенде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде психикалық денсаулық орталықтарының науқастарына медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
Тармақша 17
17) скринингтік зерттеулер – клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты ерте кезеңде түрлі аурулардың өршуін, сондай-ақ олардың пайда болу тәуекелі факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында медициналық зерттеп-қарау кешені;
Тармақша 18
18) статистикалық ақпарат – алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;
Тармақша 19
19) стационар жағдайындағы мамандандырылған медициналық көмек – бейінді мамандар көрсететін және тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтім жасауды, сондай-ақ тамақтандырумен, оның ішінде «бір күн» терапиясы мен хирургиясы жағдайларында медициналық көмек көрсетудің қайталама және үшінші деңгейлерінде емдеу басталғаннан кейінгі бірінші тәулік ішінде тәулік бойы бақылауды көздейтін төсек-орын беруді көздейтін медициналық көмек;
Тармақша 20
20) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек – тәулік бойы медициналық бақылауды және емдеуді талап етпейтін және төсек-орын ұсына отырып, медициналық бақылауды және күндізгі уақытта емдеуді көздейтін жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, дәрігерге дейінгі, мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну нысаны;
Тармақша 21
21) стоматологиялық көмек – диагностиканы, емдеуді, профилактиканы және медициналық оңалтуды қамтитын стоматологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;
Тармақша 22
22) тариф – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде түзету коэффициенттерін ескере отырып есептелген медициналық қызмет бірлігінің немесе медициналық қызметтер кешенінің құны;
Тармақша 23
23) тарификатор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде мамандандырылған медициналық көмектің медициналық қызметтеріне тарифтер тізбесі;
Тармақша 24
24) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Бөлім 2
2-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Жоспарлау процесінің қатысушылары:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу жоспарын (бұдан әрі – сатып алу жоспары) қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы болып табылатын қор;
Тармақша 3
3) қордың филиалдары;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары;
Тармақша 5
5) дербес медициналық деректер агрегаторы.
Тармақ 4
4. Медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей:
Тармақша 1
1) халықтың, инфрақұрылымның және кадрлық қамтамасыз етудің қажеттілігін ескере отырып, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемін жоспарланатын үш жылдық кезеңге қалыптастырады;
Тармақша 2
2) қордың филиалына ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің болжамды қажеттілігін енгізеді.
Қордың филиалдары жоспарланатын үшжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде жоспарланған үшжылдық кезеңге арналған медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттарын, медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемін қарауды және келісуді;
Тармақша 2
2) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша ТМККК шеңберіндегі қаражат көлемінің тиісті болжамымен және алдағы үшжылдық кезеңге арналған МӘМС жүйесіндегі шығындардың болжамды көлемімен медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің болжамды қажеттілігіне өтінімді қалыптастыруды және қорға ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қор тиісті жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) қор филиалдарынан алынған медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің болжамды қажеттілігіне өтінімдерді негізділік, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды және талдауды;
Тармақша 2
2) нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін алдағы үшжылдық кезеңге арналған қаржылық қажеттілікті есептеуді уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 7 маусымына дейінгі мерзімде нысаналы жарна беруге бағытталған қаражаттың лимиттерін және нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін алдағы үшжылдық кезеңге арналған қаржылық қажеттілікті есептеуге Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын жеткізеді.
Қор лимиттерді жеткізген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) ТМККК шеңберінде медициналық көмек түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің болжамды қажеттілігін пысықтауды;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға жеткізілген қаражат лимиті шегінде нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін алдағы үшжылдық кезеңге арналған қаржылық қажеттілік есебін енгізуді;
Тармақша 3
3) ұсынылған қаржылық қажеттілік уәкілетті орган жеткізген нысаналы жарна беруге бағытталған қаражат лимиттеріне, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкес келмеген жағдайда, олар уәкілетті органға жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде пысықтауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 5 қыркүйегіне дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын қоса бере отырып медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен медициналық қызмет түрлері бойынша шығыстардың бағыттары бөлінісінде үшжылдық кезеңге нысаналы жарна беруге бағытталған қаражаттың лимиттерін қорға жібереді.
Қор алдағы кезеңге арналған сатып алу жоспарының жобасын қалыптастыру мақсатында ағымдағы қаржы жылының 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қаражат лимиттерін қор филиалдарына жеткізеді.
Қор филиалдары ағымдағы қаржы жылының 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімде:
алдағы кезеңге арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қаражат көлемінің тиісті болжамымен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде халықтың медициналық көмекке пысықталған және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісілген болжамды қажеттілігін;
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігіне сәйкес алдағы кезеңге арналған өңір бойынша қор филиалдарымен келісім бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бекіткен төсек қуатын қорға жібереді.
Қор тиісті жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған сатып алу жоспарының жобасын қалыптастырады және енгізеді.
Тармақ 5
5. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау үшін ақпарат ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтер тізбесі, статистикалық ақпарат және денсаулық сақтау статистикасы, ақпараттық жүйелер, денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық есептері деректері, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 74-бабының негізінде қалыптастырылған клиникалық ақпарат және мәліметтер, деректер болып табылады.
Тармақ 6
6. Медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлауды процеске қатысушылар медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша жүзеге асырады.
Тарау 2
2-тарау. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау тәртібі
Тармақ 1
1-параграф. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігін бағалау
Тармақ 7
7. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігін бағалау кезінде мыналарды ескереді:
Тармақша 1
1) халықтың саны, тығыздығы, сырқаттанушылығы, жыныстық жас құрамы, оның ішінде МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы жалпы мемлекеттік статистикалық байқау және ведомстволық статистикалық байқау деректері;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері және денсаулық сақтауды дамытудың басымдықтары;
Тармақша 4
4) халықаралық тәжірибе;
Тармақша 5
5) цифрлық денсаулық субъектісінің деректері негізінде эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ бар болған жағдайда эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау субъектілерінің ұсыныстары, сондай-ақ желіні қайта ұйымдастыруды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын қоса алғанда, төсек қорын ашу, қысқарту, қайта бейіндеу;
Тармақша 7
7) алдыңғы жылдардағы медициналық қызметтерді нақты тұтыну;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектілерін қоса алғанда, желіні қайта ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) туберкулезбен ауыратын, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға дәрілік препараттарды болжамды тұтыну;
Тармақша 10
10) фенилкетонуриямен ауыратын науқастарға емдік ақуызы төмен және фенилаланині төмен өнімдерді болжамды тұтыну;
Тармақша 11
11) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) субъектілерін ірілендіру;
Тармақша 12
12) халықтың медициналық ұйымына бекітілген санынан мектеп жасындағы балалардың саны (мектеп медицинасы).
Медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқау мен ведомстволық статистикалық байқаудың деректері, қолжетімді ақпараттық жүйелерде деректер болмаған кезде қор тиісті органдарға, ұйымдарға, денсаулық сақтау субъектілеріне сұрау салулар жібереді және (немесе) алдыңғы кезеңдегі деректерді пайдаланады.
Тармақ 2
2-параграф. ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қор активтері шеңберінде қаражат көлемін айқындау
Тармақ 8
8. ТМККК шеңберіндегі қаражат көлемін және МӘМС жүйесінде қор активтерін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 7-бабының 65) тармақшасына сәйкес бекітілетін медициналық көмектің түрлеріне, нысандарына, оны көрсету шарттарына, медициналық қызмет түрлеріне байланысты тарифтер (бұдан әрі – тариф);
Тармақша 2
2) жаңа денсаулық сақтау объектілерін іске қосуды қоса алғанда, бағдарламалық және стратегиялық құжаттарда көзделген қосымша шығыстар;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның даму жоспарында көзделген көлемде жаңа және инновациялық технологияларды енгізуге және дамытуға арналған шығыстар ескеріледі.
Тармақ 9
9. Барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тұрғындарына нысаналы түрде медициналық көмек көрсететін жаңа денсаулық сақтау субъектілері құрылған жағдайда, көлемдерді осы субъектіге және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында қайта бөлу осы субъектіге емдеуге жатқызу өлшемшарты не осы денсаулық сақтау субъектісінің өткізу қабілеті, субъектінің төсек қуаты, облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан осы субъектіге қайта бөлуге (жіберуге) жататын жағдайлардың нақты көлемі негізінде жүзеге асырылады.
Эпидемиологиялық талдау деректері болмаған жағдайда қажетті көлем осы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халқының санына не осы субъектінің медициналық көмегінің нақты көлеміне пропорционалды қалыптастырылады (қайта бөлінеді).
Тармақ 10
10. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қаражат көлемін айқындау:
нысаналы жарна қаражатының жеткізілген лимиті;
МӘМС жүйесіндегі денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге арналған қор активтері түсімдерінің күтілетін және (немесе) болжамды сомалары шегінде, қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін күтпеген шығыстарды және белгіленген нормалар мен лимиттерді жабуға арналған қор резервін шегергенде, МӘМС жүйесінің қаржылық орнықтылығын ескере отырып, актуарлық есептеулер негізінде МӘМС активтерінің болжамды көлемі негізінде жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына жоспарланған қаражат шеңберінде қор сатып алу жоспарының жобасын қалыптастырады.
Сатып алу жоспары ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемі мен оларды көрсетуге арналған қаражат көлемі туралы мәліметтерді қамтитын құрылымдық құжат болып табылады.
Тармақ 11
11. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемі тиісті қаржы жылына арналған қаражаттың жоспарланатын көлемінен асып кеткен жағдайда медициналық көмек түрлері, медициналық қызмет түрлері бойынша шығындарды айқындауды қор:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарын;
Тармақша 2
2) халықтың медициналық көмекке қажеттілігін бағалауды;
Тармақша 3
3) қордың нысаналы көрсеткіштерін, уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштерін;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырады.
Тармақ 3
3-параграф. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарларын қалыптастыру
Тармақ 12
12. Медициналық қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыруды қор уәкілетті органмен келісу бойынша ТМККК шеңберінде медициналық көмекке ақы төлеу үшін бюджет қаражаты шығыстарының көлемі және МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жұмсалатын шығындардың болжамды көлемі шегінде медициналық көмектің жоспарланған көлемі негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Сатып алу жоспары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде мынадай жиынтық мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің тізбелерінде көзделген медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері;
Тармақша 2
2) қызметтердің жоспарланған саны;
Тармақша 3
3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек пен медициналық қызметке ақы төлеуге арналған қаражаттың жоспарланатын көлемі;
Тармақша 4
4) бөлінбеген қаражат көлемі.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган сатып алу жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және оны қарау қорытындылары туралы қорды хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Ескертулер болған кезде қор бес жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарының жобасын пысықтайды және оны уәкілетті органға келісуге қайта жібереді.
Тармақ 16
16. Алдағы қаржы жылына арналған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қор уәкілетті органмен келісілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жыл сайын бекітеді.
Тармақ 17
17. Қаржы жылы ішінде медициналық көмекті тұтынуға әсер ететін факторларды ескере отырып, сатып алу жоспарына түзету жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Қор сапа, көлем және негізділік бойынша шарттық міндеттемелердің орындалу мониторингінің нәтижелерін ескере отырып сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді:
Тармақша 1
1) қор резервін күтпеген шығыстарға бөлу;
Тармақша 2
2) инвестициялық табысты қоса алғанда, МӘМС уақытша бос активтерін бөлу;
Тармақша 3
3) босатылған қаражатты бөлу, медициналық қызметтер мен қаржылық міндеттемелер көлемдерінің орындалуын салыстыру нәтижелері бойынша медициналық көмек көлемдерінің өзгеруі, сондай-ақ сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) тарифтердің, халық санының, науқастар санының және қызметтерді орналастыру үшін негіз болып табылатын басқа да деректердің өзгеруіне байланысты қаражат көлемінің өзгеруі;
Тармақша 5
5) уәкілетті органның медициналық көмекті қаржыландыру жоспарында бұрын көзделмеген қаражаттың қосымша көлемін бөлуі;
Тармақша 6
6) 9 айдың қорытындысы бойынша және жылдың қорытындысы бойынша және/немесе бөлінбеген қаражат бойынша қызметтер көлемін бөлу (қайта бөлу);
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесінің өзгеруі, оның ішінде атауына өзгерістер енгізу, медициналық көмектің түрлері мен кіші түрлерін алып тастау немесе енгізу кезінде;
Тармақша 8
8) жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерінің құрылуы;
Тармақша 9
9) жоспарлы мәндердің көлемдерінің азаюымен және қаржыландыру жоспарынан қаржы қаражатының босатылуымен өзгерістер енгізуі;
Тармақша 10
10) келесі қаржы жылында пайдалану (толық пайдалану) үшін республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер сомасының қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) болуы.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 4), 5), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу уәкілетті органның келісуі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Қор осы Қағидалардың 18-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, сатып алу жоспарына өзгерістер жобасы уәкілетті органға келісуге жіберілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң және белгіленген мерзімде келіп түскен ескертулер болмаған кезде сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді.
Қор сатып алу жоспарына ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің бір түрі, медициналық қызмет түрі шеңберінде медициналық көмекке ақы төлеу үшін қаражат көлемін бөлу (қайта бөлу) кезінде уәкілетті органға хабарламай дербес өзгерістер енгізеді.
Тарау 3
3-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызметтің түрлері бойынша жоспарлау
Тармақ 1
1-параграф. Жедел медициналық көмек қызметтерін жоспарлау
Тармақ 21
21. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) және білікті мамандарды және (немесе) науқасты санитариялық автокөлікпен тасымалдауға байланысты медициналық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңде республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде халықтың орташа жылдық саны;
Тармақша 2
2) облыс орталықтары және (немесе) қалған елдімекендер бөлінісінде жыныстық жас топтары бойынша халық саны;
Тармақша 3
3) Кодекстің 7-бабының 64) тармақшасына сәйкес айқындалған жан басына шаққандағы нормативке (бұдан әрі – ЖН);
Тармақша 4
4) жедел медициналық жәрдем станциялары жүргізушілерінің штат саны.
Тармақ 22
22. Жедел медициналық көмектің жоспарланатын көлемі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде жыныстық жас топтары мен халықтың күтілетін өсімі ескеріле отырып, халық санының негізінде айқындалады.
Тармақ 23
23. ЖН үшін ақы төлеу кезінде жедел медициналық көмек қаражатының көлемін жоспарлау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде түзету коэффициенттері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жедел медициналық жәрдем құралдарының көлемін жоспарлау кезінде ЖН-ға бекітілген халықтың санын, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін жедел медициналық жәрдем станцияларының жүргізушілеріне қосымша ақы төлеуге арналған шығыстарды базалық лауазымдық жалақының 200% мөлшерінде есептеу жүргізіледі.
Тармақ 2
2-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерін жоспарлау
Тармақ 25
25. МСАК қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде халықтың орташа жылдық саны;
Тармақша 2
2) облыс орталықтары және (немесе) қалған елдімекендер бөлінісінде жыныстық жас топтары бойынша халықтың саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде фенилкетонуриямен ауыратын пациенттердің саны;
Тармақша 4
4) кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – КЖН);
Тармақша 5
5) ынталандырушы компонент (бұдан әрі – ЫК);
Тармақша 6
6) бекітілген халыққа шақырулар жеделдігінің төртінші санатындағы жедел медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативі (бұдан әрі – ЖН4);
Тармақша 7
7) емдік ақуызы төмен және құрамында фенилаланині төмен өнімдерді тұтыну көлемі;
Тармақша 8
8) халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК субъектілерін ірілендіру;
Тармақша 9
9) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелері (мобильді бригадалар) жүргізушілерінің штат саны;
Тармақша 10
10) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жаңадан енгізілген объектілердің саны.
Тармақ 26
26. КЖН қаражатының жоспарланатын көлемі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде бекітілген халықтың және жыныстық жас топтарының орташа тізімдік санына сәйкес айқындалады.
Тармақ 26-1
26-1. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.10.2025 № 127 бұйрығымен.
Тармақ 27
27. Дайындық кезеңінде ақпараттық жүйелерден, жалпымемлекеттік статистикалық байқау және ведомстволық статистикалық байқау деректерінен кіріспе деректерді жинау және қалыптастыру жүзеге асырылады, олардың негізінде МСАК қызметтерін көрсетудің соңғы үш жылындағы нақты жағдайға талдау жүргізіледі:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңде қала және ауыл деңгейінде жіті аурулармен (жай-күймен) немесе созылмалы аурулардың асқынуымен АХЖ-10 бойынша аурулардың кодтары бойынша МСАК мамандарына бару саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылғы кезеңде қала және ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып түрлері бойынша профилактикалық екпелер алған адамдардың саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы жылғы кезеңде қала және ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып, олардың түрлері бойынша профилактикалық тексерулерден және скринингтерден өткен адамдардың саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы жылғы кезеңде жасын ескере отырып, қала және ауыл деңгейінде антенаталдық байқау жүргізілген адамдардың саны;
Тармақша 5
5) алдыңғы жылғы кезеңде қала және ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып постнататалдық байқау жүргізілген адамдардың саны;
Тармақша 6
6) алдыңғы жылғы кезеңде қала мен ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсетілген адамдардың саны;
Тармақша 7
7) алдыңғы жылғы кезеңде қала және ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып, созылмалы инфекциялық емес аурулармен (оның ішінде АББ) динамикалық байқаудағы адамдардың саны;
Тармақша 8
8) алдыңғы жылғы кезеңде қала мен ауыл деңгейінде жасын және жынысын ескере отырып, әлеуметтік мәні бар аурулармен динамикалық байқаудағы адамдардың саны.
МСАК қызметтерінің жоспарланған көлемі сырқаттанушылық деңгейіне, халық санының өзгеруіне, жыныстық жас топтары бөлінісінде қаралады.
КЖН-ға МСАК мамандары (учаскелік дәрігер, мейіргер, психолог, әлеуметтік қызметкер) көрсететін қолжетімді медициналық көрсетілетін қызметтер кешені кіреді және мынадай қызметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) МСАК мамандарының халықтың нысаналы топтарын профилактикалық қарап-тексеруі;
Тармақша 2
2) иммундау;
Тармақша 3
3) МСАК мамандарының қабылдаулары;
Тармақша 4
4) тізбе бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулер;
Тармақша 5
5) босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті және босанған әйелдерді МСАК мамандарының байқауы;
Тармақша 6
6) бір жасқа дейінгі балалардың патронажы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
Тармақ 28
28. КЖН, ЖН4 үшін ақы төлеу кезінде МСАК-қа қаражат көлемін жоспарлау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде түзету коэффициенттері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. ЫК-дағы қаражат көлемін жоспарлау облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде бөлінген қаражат шегінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада бекітілген халықтың санын ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Емдік ақуызы төмен өнімдермен және құрамында фенилаланині төмен өнімдермен қамтамасыз етуге арналған қаражат көлемін жоспарлау фенилкетонуриямен ауыратын науқастардың жынысы мен жасы бойынша қажеттілікті есептеу негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. МСАК-қа қаражат көлемін жоспарлау кезінде бекітілген халық санын КЖН, ЖН4 және ЫК-ға шығару, сондай-ақ құрамында фенилаланині төмен өнімдермен және емдік ақуызы төмен өнімдермен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жиынтықтау, тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК субъектілерін ірілендіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің (мобильді бригадалардың) жүргізушілеріне базалық лауазымдық жалақының 200% мөлшерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу және жаңадан енгізілген объектілердің шығындарын өтеу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 3
3-параграф. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмектің және скринингтік зерттеулердің көлемін жоспарлау
Тармақ 32
32. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) МСАК ұйымдарында динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі бойынша динамикалық байқау (бұдан әрі – МСАК деңгейінде динамикалық байқау);
Тармақша 2
2) бейінді мамандардың консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) түрінде динамикалық байқауына жататын әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі бойынша динамикалық байқау (бұдан әрі – әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау);
Тармақша 3
3) бейінді мамандардың байқауына жататын созылмалы аурулардың тізбесі бойынша динамикалық байқау (бұдан әрі – бейінді мамандардың динамикалық байқауы);
Тармақша 4
4) пациентті жіті немесе созылмалы аурудың асқынуына байланысты қабылдау шеңберінде;
Тармақша 5
5) травматологиялық пункттерде;
Тармақша 6
6) жылжымалы медициналық кешендер (бұдан әрі – ЖМК) және медициналық пойыздар (бұдан әрі – МП);
Тармақша 7
7) балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонтиялық көмекті қоспағанда) және жекелеген санаттарға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету;
Тармақша 8
8) аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ортодонтиялық көмек көрсету қызметтері;
Тармақша 9
9) пренаталдық және медициналық-генетикалық скрининг қызметтерін ескере отырып, жүкті әйелдерді байқау (антенаталдық байқау);
Тармақша 10
10) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек;
Тармақша 11
11) дерматовенерологиялық көмек бойынша;
Тармақша 12
12) жастар денсаулық орталықтарының қызметтері бойынша;
Тармақша 13
13) республикалық ұйымдар үшін;
Тармақша 14
14) зейнеткерлерге және әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне көрсетілетін қызметтер бойынша;
Тармақша 15
15) онкологиялық ауруларға күдікті пациенттер үшін диагностикалық зерттеулердің жекелеген түрлері бойынша (компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография);
Тармақша 16
16) балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулері;
Тармақша 17
17) балалар мен ересектердің нысаналы топтарын скринингтік зерттеу;
Тармақша 18
18) прегравидалдық дайындық кезіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтер.
Тармақ 33
33. МСАК деңгейінде динамикалық байқау қызметтерін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) үш жылғы кезеңде жасын және жынысын ескере отырып, амбулаториялық деңгейде динамикалық байқаудағы адамдардың саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жылғы кезеңде республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауда тұрған адамдар санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны;
Тармақша 4
4) Кодекстің 88-бабының 2) тармағына сәйкес айқындалған амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі;
Тармақша 5
5) диагностикалық зерттеулердің белгіленген міндетті минимумы;
Тармақша 6
6) диагностикалық зерттеулер жүргізу кезеңділігі;
Тармақша 7
7) осы нозология тізбесі бойынша жас санаттары бөлінісінде есепті кезеңде амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауда тұрған тіркелген науқастардың саны;
Тармақша 8
8) стандарт бойынша көрсетілетін қызметтерді қосу жолымен нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтер саны;
Тармақша 9
9) осы ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауда тұрған науқастар санына бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтер санын көбейту жолымен нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша жалпы саны;
Тармақша 10
10) осы облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауда тұрған науқастардың саны бойынша әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемі;
Тармақша 11
11) республика бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемі әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың көрсетілетін қызметтерінің көлемін қосу жолымен айқындалады.
МСАК деңгейінде динамикалық байқауға арналған қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) осы нозология бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде және осы жыныстық жас тобында;
Тармақша 2
2) осы нозология бойынша және барлық жыныстық жас топтары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 3
3) барлық нозологиялар бойынша және барлық жыныстық жас топтары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 4
4) барлық нозологиялар бойынша және барлық жыныстық жас топтары бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
МСАК деңгейінде динамикалық байқау қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) зерттеп-қарау стандартына кіретін қызметтердің құнын қосу жолымен жылына осы ауру бойынша МСАК деңгейінде динамикалық байқауда тұрған бір науқасқа арналған шығыстар сомасына;
Тармақша 2
2) осы ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша амбулаториялық деңгейде динамикалық байқауда тұрған науқастар санына МСАК деңгейінде динамикалық байқауда тұрған бір науқасқа арналған шығыстар сомасын көбейту арқылы нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша шығыстардың жалпы сомасына есептеу жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау бойынша КДК көлемін жоспарлау деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылдың кезеңіндегі жасын және жынысын ескере отырып, әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде динамикалық байқаудағы адамдардың саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде динамикалық байқауда тұрған адамдар санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны;
Тармақша 4
4) динамикалық байқауға жататын әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі;
Тармақша 5
5) диагностикалық зерттеулердің белгіленген міндетті минимумы;
Тармақша 6
6) осы зерттеулерді жүргізу кезеңділігі;
Тармақша 7
7) осы нозология тізбесі бойынша жас санаттары бөлінісінде есепті кезеңде әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде динамикалық байқауда тұрған тіркелген науқастардың саны;
Тармақша 8
8) стандарт бойынша көрсетілетін қызметтерді қосу жолымен бір науқасқа жылына нақты қызмет бойынша жылына бір науқасқа нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша көрсетілетін қызметтер саны;
Тармақша 9
9) осы әлеуметтік мәні бар ауру бойынша динамикалық байқауда тұрған науқастар санына бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтер санын көбейту жолымен нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;
Тармақша 10
10) осы облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде динамикалық байқауда тұрған науқастар саны бойынша әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемі;
Тармақша 11
11) республика бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемі әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың көлемдерін қосу жолымен айқындалады.
Әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау қызметтерінің көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде осы нозология бойынша және барлық жыныстық жас құрылымдары бойынша;
Тармақша 2
2) облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде барлық нозологиялар және барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 3
3) барлық нозологиялар және барлық жыныстық жас топтары бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) зерттеп-қарау стандартына кіретін қызметтердің құнын қосу жолымен жылына осы әлеуметтік мәні бар ауру бойынша динамикалық байқауда тұрған бір науқасқа арналған шығыстар сомасына;
Тармақша 2
2) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде динамикалық байқауда тұрған бір науқасқа осы әлеуметтік мәні бар ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша осы нозология бойынша облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде және осы жыныстық жас тобында динамикалық байқауда тұрған науқастар санына нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша шығыстардың жалпы сомасын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау бойынша қызметтерді жоспарлау соңғы үш жылдағы нақты ахуалға жүргізілетін талдау негізінде нозология және жыныстық жас топтары бөлінісінде жыныстық жас топтарының таралуы мен санының өзгеруіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Бейінді мамандардың динамикалық байқау КДК қызметтерінің көлемін жоспарлауы мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) үш жыл кезеңіндегі жасын және жынысын ескере отырып, бейінді мамандардың динамикалық байқауындағы адамдардың саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған адамдар санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдағы үш жыл кезеңіне республика және (немесе) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша халықтың демографиялық болжамы;
Тармақша 4
4) өткен үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны;
Тармақша 5
5) бейінді мамандардың динамикалық байқауына жататын аурулардың тізбесі;
Тармақша 6
6) диагностикалық зерттеулердің белгіленген міндетті минимумы;
Тармақша 7
7) осы зерттеулерді жүргізу кезеңділігі;
Тармақша 8
8) нозологиялардың осы тізбесі бойынша жас санаттары бөлінісінде есепті кезеңде бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған тіркелген науқастардың саны.
Бейінді мамандардың динамикалық байқау қызметтерінің көлемін жоспарлауы кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) осы нозология бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде және осы жыныстық жас тобында;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде осы нозология бойынша және барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 3
3) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде барлық нозологиялар бойынша және барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 4
4) барлық нозологиялар және барлық жыныстық жас топтары бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Бейінді мамандардың динамикалық байқау қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 88-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын қызметтерді қосу жолымен нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтер санына;
Тармақша 2
2) осы ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған науқастар санына бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтер санын көбейту жолымен нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы санына;
Тармақша 3
3) осы облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған науқастардың саны бойынша әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісінде көрсетілетін қызметтердің жалпы көлеміне;
Тармақша 4
4) әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың көрсетілетін қызметтерінің көлемін қоса отырып республика бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы көлеміне;
Тармақша 5
5) Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесіне кіретін көрсетілетін қызметтердің құнын қосу жолымен жылына осы ауру бойынша бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған бір науқасқа арналған шығыстар сомасына;
Тармақша 6
6) бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған бір науқасқа осы ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша бейінді мамандардың динамикалық байқауында тұрған науқастар санына нақты ауру және (немесе) аурулар тобы бойынша шығыстардың жалпы сомасын көбейту жолымен шығыстар сомасына есептеу жүргізіледі.
Бейінді мамандардың динамикалық байқауы бойынша амбулаториялық деңгейде КДК қызметтерінің көлемін жоспарлау соңғы үш жылдағы нақты ахуалға жүргізілетін талдау негізінде нозология және жыныстық жас топтары бөлінісінде жыныстық жас топтарының таралуы мен санының өзгеруіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Созылмалы аурудың жіті немесе асқынуына байланысты көрсетілетін қызмет көлемін жоспарлау мынадай мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша есепті жылы тіркелген аурулардың саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша жіті немесе созылмалы аурудың асқынуына байланысты жүгінгендер санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша халықтың орташа жылдық саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Созылмалы аурудың жіті немесе асқынуына байланысты көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) осы нозология бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде және осы жыныстық жас тобында;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде осы нозология бойынша, барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 3
3) барлық нозологиялар бойынша, барлық жыныстық жас топтары бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Созылмалы аурудың жіті немесе асқынуына байланысты көрсетілетін қызметтерге арналған қаражат көлемін жоспарлау кезінде көрсетілетін қызметтердің есептік орташа құнына (өткен жылғы көрсетілетін қызметтердің саны және тарифтер бойынша) жоспарланған өтініштер санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Жіті немесе созылмалы аурудың асқынуына байланысты пациентті қабылдау шеңберінде КДК қызметтерінің көлемін жоспарлау сырқаттанушылық пен соңғы үш жылдағы нақты жағдайға жүргізілетін талдау негізінде жыныстық жас топтары санының өзгеруіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 37
37. Травматологиялық пункттердегі көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша травматологиялық пункттерге жүгінудің тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша травматологиялық пункттерге жүгінгендер санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша халықтың орташа саны.
Травматологиялық пункттерде көрсетілетін қызметтерге қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) осы көрсетілетін қызмет түрі және осы жас тобы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрі бойынша, барлық жас топтары бойынша;
Тармақша 3
3) барлық қызмет түрлері бойынша, барлық жас топтары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 4
4) республика деңгейінде, барлық қызмет түрлері бойынша, барлық жас топтары бойынша жүзеге асырылады.
Травматологиялық пункттердегі көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау кезінде қызметтердің есептік орташа құнына (өткен жылғы қызметтер саны және тарифтер бойынша) көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 38
38. ЖМК, МП қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өткен үш жыл кезеңіндегі республика бойынша ЖМК, МП көрсетілген қызметтердің орташа саны;
Тармақша 2
2) ауыл деңгейінде өткен үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны;
Тармақша 3
3) қолданыстағы ЖМК, МП саны;
Тармақша 4
4) ауыл халқын және (немесе) станцияларда тұратын халықты болжамды қамту;
Тармақша 5
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы автокөлік базасында ЖМК жұмыс кезеңі;
Тармақша 6
6) медициналық пойыздар қозғалысының бекітілген кестесін ескере отырып, МП жұмыс кезеңі.
ЖМК, МП қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, астана деңгейінде МП және (немесе) станцияларда тұратын халықтың ЖМК қызметтеріне болжамды қамтылуын айқындау;
Тармақша 2
2) медициналық пойыздардың республика деңгейіндегі жұмыс кезеңі мен қозғалыс графигін ескере отырып, ЖМК және МП қызметтеріне қаражатқа қажеттілікті есептеумен жүзеге асырылады.
ЖМК және МП қызметтерінің көлемін жоспарлау әрбір ЖМК, МП бөлінісінде бір айға тұтынуды ескере отырып, жыл ішіндегі жұмыс графигімен жүзеге асырылады.
ЖМК, МП қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде тарифке көрсетілетін қызметтердің жоспарланған санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялық көмекті қоспағанда) жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша мамандандырылған стоматологиялық клиникаларға түрлері бойынша жүгінудің тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзге асырылады.
Жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтерін жоспарлау Кодекстің 200-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген тізбе бойынша жүзеге асырылады.
Жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау емделуге жататын адамдардың жоспарланған санын қызметтердің есептік орташа құнына (өткен жылғы қызметтер саны және тарифтер бойынша) көбейту жолымен жүзеге асырылады.
Халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін шұғыл стоматологиялық көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау (жіті ауырсыну) соңғы үш жылдағы нақты ахуалға жүргізілетін талдау негізінде статистикалық деректердің ақпараттық жүйелерінің кіріспе деректерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Шұғыл стоматологиялық көмек қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзге асырылады .
Шұғыл стоматологиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде емделуге жататын адамдардың жоспарланған санын қызметтердің есептік орташа құнына (өткен жылғы қызметтер саны және тарифтер бойынша) көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Ортодонтиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша мамандандырылған стоматологиялық клиникаларға түрлері бойынша жүгінудің тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Ортодонтиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикалық деректеріне сәйкес аурушаңдықтың, тиісті патологиялардың өзгеруіне, атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар санына сәйкес айқындалады.
Ортодонтиялық көмек қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Ортодонтиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде емделуге жататын адамдардың жоспарланған санын қызметтердің есептік орташа құнына (өткен жылғы қызметтер саны және тарифтер бойынша) көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Пренатальды және медициналық-генетикалық скрининг қызметтерін ескере отырып, жүкті әйелдерді байқау бойынша қызметтер көлемін жоспарлау (антенатальды байқау) жүкті әйелдер санының өзгеруіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жүкті әйелдерді антенатальды байқау бойынша қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жыл кезеңіндегі жасын ескере отырып, антенатальды байқау бойынша көрсетілетін қызметтер алған жүкті әйелдердің саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша жүкті әйелдер контингенті;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Жүкті әйелдерді антенатальды байқау бойынша қызметтерге қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Жүкті әйелдерді антенатальды байқау бойынша көрсетілетін қаражат көлемін жоспарлау кезінде көрсетілетін қызметтердің есептік орташа құнына байқауға жататын адамдардың жоспарланатын санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек көлемін жоспарлау жергілікті мемлекеттік басқару органдарының деректері бойынша оқушылар санының өзгеруіне сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1)алдыңғы жылғы кезеңде жасын және жынысын ескере отырып, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек шеңберінде көрсетілген қызметтер саны;
Тармақша 2
2)алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың орташа саны.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмекті жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін қаражат көлемін жоспарлау кезінде білім алушылардың жоспарланған санын тарифке шығару жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Амбулаториялық деңгейде дерматовенерологиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау бастапқы сырқаттанушылыққа және аурулардың таралуына сәйкес айқындалады.
Дерматовенерологиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша тіркелген аурулар жағдайларының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша есепте тұрған пациенттер санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғаш рет анықталған пациенттердің орташа саны;
Тармақша 4
4) қала мен ауыл деңгейінде алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Амбулаториялық деңгейде дерматовенерологиялық көмек қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Дерматовенерологиялық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде бір жағдайға қызметтердің есептік орташа құнына жоспарланған өтініштер санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 43
43. Амбулаториялық деңгейде жастар денсаулық орталықтарының көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау республика бойынша алдыңғы үш жыл кезеңіндегі қала және ауыл деңгейіндегі халықтың орташа санының негізінде айқындалады.
Жастар денсаулық орталықтарына қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Жастар денсаулық орталықтарының көрсетілетін қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде тиісті санаттағы халықтың жоспарланған санын бір өтініш берушіге шаққандағы тиісті көрсетілетін қызметтердің нақты орташа құнына көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Республикалық ұйымдар үшін амбулаториялық деңгейде КДК қызметтерінің көлемін жоспарлау халықтың санаттары мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша мынадай деректердің негізінде бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылдың кезеңінде халықтың санаттары мен көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша республикалық ұйымдарға АХЖ-10 бойынша аурулардың кодтары бойынша бару саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша тіркелген аурулардың орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 45
45. Зейнеткерлерге және әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне қызмет көрсетуді жоспарлау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі сияқты ведомстволық ұйымдардың өтінімдері негізінде есептеледі.
Тармақ 46
46. Диагностикалық зерттеулердің жекелеген түрлері бойынша қызметтерді жоспарлау (компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография) онкологиялық ауруларға күдікті пациенттер үшін маманның жолдамасы бойынша мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) компьютерлік томография (бұдан әрі – КТ), магниттік-резонанстық томография (бұдан әрі – МРТ) аппараттарының саны;
Тармақша 2
2) зерттеудің орташа ұзақтығы;
Тармақша 3
3) күніне зерттеулер саны;
Тармақша 4
4) амбулаториялық жағдайлардағы зерттеулер саны.
Маманның жолдамасы бойынша (КТ, МРТ) онкологиялық ауруларға күдікті пациенттер үшін диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлері бойынша бюджетті жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Онкологиялық ауруларға күдікті пациенттер үшін диагностикалық зерттеулердің жекелеген түрлері бойынша бюджетті жоспарлау кезінде маманның жолдамасы бойынша (КТ, МРТ) КТ, МРТ бойынша тарифтердің есептік орташа құнына ең жоғары жүктеме кезінде жылына көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 47
47. Балалардың профилактикалық медициналық тексерулері және балалар мен ересектердің нысаналы топтарының скринингтік зерттеулері бойынша қызметтерді жоспарлау амбулаториялық жағдайда көрсетілетін қызметтер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48.Балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулері және балалар мен ересектердің нысаналы топтарының скринингтік зерттеулері бойынша қызметтер көлемін жоспарлау деректері негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі жасын және жынысын ескере отырып, профилактикалық медициналық қарап-тексеруге/скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың саны;
Тармақша 2
2) Кодекстің 86-бабының 11-тармағына және 87-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген мерзімдерде және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеруге/скринингтік зерттеуге жататын халықтың нысаналы топтарының саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша қала және ауыл деңгейіндегі халықтың орташа саны.
Тармақ 49
49.Балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулері және балалар мен ересектердің нысаналы топтарының скринингтік зерттеулері бойынша көрсетілетін қызметтер қаражатының көлемін жоспарлау кезең- кезеңімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің/скринингтік зерттеулердің және нысаналы топтың әрбір түрі бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің/скринингтік зерттеулердің барлық түрлері бойынша және барлық нысаналы топтар бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 3
3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің/скринингтік зерттеулердің барлық түрлері бойынша және барлық нысаналы топтар бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулері және балалар мен ересектердің нысаналы топтарының скринингтік зерттеулері бойынша көрсетілетін қызметтер қаражатының көлемін жоспарлау кезінде тарифтерге көрсетілетін қызметтер санын жүргізу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 50-1
50-1. МӘМС жүйесінде жүктілік алдындағы дайындық кезінде консультациялық-диагностикалық көмек бойынша қызметтер қаражатының көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1)облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде.
Тармақ 50-2
50-2. МӘМС жүйесінде жүктілік алдындағы дайындық кезінде консультациялық-диагностикалық көмек бойынша қызметтер қаражатының көлемін мынадай деректер негізінде жоспарлау:
Тармақша 1
1) алдыңғы фертильді жылдың кезеңінде жүктілік алдындағы дайындыққа жататын жастағы әйелдердің саны;
Тармақша 2
2) амбулаториялық жағдайлардағы зерттеулер саны;
МӘМС жүйесінде жүктілік алдындағы дайындық кезінде консультациялық-диагностикалық көмек бойынша қаражат көлемін жоспарлау кезінде фертильді жастағы әйелдердің жоспарланған санын тарифке шығару жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 4
4-параграф. Бағдарламалық гемодиализ қызметтерін жоспарлау
Тармақ 51
51. Бағдарламалық диализ қызметтерін жоспарлау кезінде Кодекстің 7-бабының 32) тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан халқына нефрологиялық көмек көрсету стандартының талаптары ескеріледі.
Тармақ 52
52. Бағдарламалық гемодиализ қызметтеріне толық қажеттілік көлемі халықаралық көрсеткіштер бойынша болжамды қаржы қаражатының көлеміне сәйкес келмеген кезде науқастардың жыл сайынғы өсімін ескере отырып, бағдарламалық гемодиализ қызметтерін жоспарлау әдісі пайдаланылады.
Тармақ 53
53. Бағдарламалық диализ қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша бағдарламалық диализ сессиялары санының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша бағдарламалық диализге жататын аурулардың тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде бағдарламалық диализ алатын науқастар санының өсуі;
Тармақша 4
4) республика бойынша алдыңғы үш жыл кезеңіндегі халық саны.
Тармақ 54
54. Бағдарламалық диализ қызметтерінің көлемін жоспарлау науқастардың жыл сайынғы өсімін ескере отырып, стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлаудан бөлек жүзеге асырылады.
Тармақ 55
55. Бағдарламалық диализ қызметтеріне қажеттілікті толық айқындау үшін жоспарлау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бірінші кезеңде жоспарлау бағдарламалық диализ қызметтерін алатын пациенттердің санын ескере отырып жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) екінші кезеңде жоспарлау бағдарламалық диализ қызметтерінің санын ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Халықтың бағдарламалық диализ қызметтеріне қажеттілігі толық қамтылған жағдайда жоспарлау алдыңғы үш жыл кезеңіндегі пациенттер саны бойынша халықтың жалпы санының өзгерістеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Халықтың бағдарламалық диализ қызметтеріне қажеттілігі толық қамтылған жағдайда және бағдарламалық диализ алатын пациенттер санының өсуі шегінде қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Бағдарламалық диализ құралдарының көлемін жоспарлау кезінде сеанстардың болжамды санына тарифициаторға сәйкес гемодиализ қызметінің құнын жүргізу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 5
5-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 59
59. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмектің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде республикалық, қалалық және ауылдық деңгейлерде бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі сырқаттанушылық көрсеткіштері;
Тармақша 4
4) жоспарланған кезеңге болжамды сырқаттанушылық;
Тармақша 5
5) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі демографиялық көрсеткіштер, жоспарланған кезеңге халықтың болжамды саны.
Тармақ 60
60. Қалалық және ауылдық деңгейлерде стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын көлемі емдеуге жатқызу деңгейіне, болжамды сырқаттанушылыққа, халық санының өзгеруіне байланысты жыныстық жас топтары бөлінісінде айқындалады.
Тармақ 61
61. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) осы жыныстық жас тобы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде АХЖ-10 сыныбы бойынша, барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 3
3) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде АХЖ-10 барлық сыныптары бойынша, барлық жыныстық жас топтары бойынша;
Тармақша 4
4) республика деңгейінде, АХЖ-10 барлық сыныптары бойынша, барлық жыныстық жас топтары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарлы саны республика, қала мен ауыл деңгейінде жоспарланатын қаражат көлемінің лимитіне байланысты түзетілуі мүмкін. Түзету кезінде денсаулық сақтаудың басым бағыттарын ескере отырып, АХЖ-10 және АХЖ-9 кодтары бойынша топтарды іріктеуді басшылыққа алады.
Тармақ 63
63. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекке қаражат көлемін жоспарлау кезінде емдеуге жатқызу жағдайларының болжамды көлемін және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде базалық мөлшерлеменің және бір емделген жағдай үшін ақы төлеу әдістерінің өзгерістерін ескере отырып, АХЖ-10 сыныбы және жыныс-жас тобы бойынша алдыңғы жылғы кезеңдегі бір емделген жағдайдың орташа құнын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 6
6-параграф. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 64
64. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) көрсету кезінде көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде республикалық, қалалық және ауылдық деңгейлерде бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі сырқаттанушылық көрсеткіштері;
Тармақша 4
4) жоспарланған кезеңге болжамды сырқаттанушылық;
Тармақша 5
5) жоспарланған кезеңге халықтың болжамды саны.
Тармақ 65
65. Республикалық, қалалық және ауылдық деңгейлердегі стационарлық жағдайларда ММК-ның жоспарланатын көлемі емдеуге жатқызу деңгейіне, АХЖ-10 сыныптары және халық саны бөлінісінде халықтың сырқаттану көрсеткіштеріне байланысты айқындалады.
Тармақ 66
66. Стационарлық жағдайларда ММК-ға қаражат көлемін жоспарлау кезінде стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде базалық мөлшерлеменің және бір емделген жағдай үшін төлем әдістерінің өзгерістерін ескере отырып, емдеуге жатқызу жағдайларының болжамды көлемін және алдыңғы жылғы кезеңдегі бір емделген жағдайдың орташа құнын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 67
67. Емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарлы саны республика, қала мен ауыл деңгейінде жоспарланған қаражат көлемінің лимитін ескере отырып түзетілуі мүмкін. Түзету кезінде басым мәндерді ескере отырып, АХЖ-10 ауру кодтары және АХЖ-9 операция кодтары бойынша топтарды іріктеуді басшылыққа алады.
Тармақ 68
68. АХЖ-10 ауру кодтары және АХЖ-9 операция кодтары бойынша ММК егжей-тегжейлі стационарлық қызметтердің жоспарланған көлемдерінің тапшылығы немесе артық болу қаупін болдырмау үшін облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында біртіндеп теңестіру тәсілі қолданылады.
Тармақ 69
69. Мамандандырылған медициналық көмектің қабылдау бөлімшелерінің стационарлық жағдайларда көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде қала және ауыл деңгейінде бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі қабылдау бөлімшелеріндегі жағдайлар санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі қабылдау бөлімшелеріндегі жағдайлар санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі нақты сырқаттанушылық көрсеткіштері, жоспарланған кезеңге болжамды сырқаттанушылық;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі демографиялық көрсеткіштер, жоспарланған кезеңге халықтың болжамды саны.
Тармақ 70
70. Қалалық және ауылдық деңгейлерде стационарлық жағдайларда ЖМК қабылдау бөлімшелерінің жоспарланатын көлемі АХЖ-10 сыныптары және жыныстық жас топтары бөлінісінде қабылдау бөлімшелері деңгейінде көрсетілген медициналық қызметтерге, болжамды сырқаттанушылыққа халық санының өзгеруіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 71
71. Стационарлық жағдайларда ММК қабылдау бөлімшелеріне қаражат көлемін жоспарлау базалық мөлшерлеме мен төлем әдістерінің өзгерістерін ескере отырып, алдыңғы жылғы кезеңдегі АХЖ-10 сыныбы және жыныстық жас тобы бойынша жағдайлардың болжамды көлемін және бір жағдайдың орташа құнын көбейту жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 72
72. Емдеуге жатқызу стационарларының қабылдау бөлмелеріне жүгіну жағдайларының жоспарлы саны қала мен ауыл деңгейінде жоспарланатын қаражат көлемінің лимитіне байланысты түзетілуі мүмкін.
Тармақ 7
7-параграф. Жоғары технологиялық медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 73
73. Жоғары технологиялық медициналық көмектің (бұдан әрі – ЖТМК) көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде барлық деңгейлерде көрсетілетін технологиялар түрлері бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңде республика бойынша ЖТМК қызметтерін алғандар санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылғы кезеңде республика бойынша халықтың орташа саны;
Тармақша 3
3) АХЖ-9 бойынша операциялар коды бойынша ЖТМК көрсетілген қызмет түрлерінің саны;
Тармақша 4
4) ЖТМК алған адамдардың саны, оның ішінде шұғыл көрсетілімдер бойынша;
Тармақша 5
5) ЖТМК қызметтерін көрсетудің халықаралық тәжірибесін талдау деректері;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының денсаулық сақтау субъектілері және технологиялар бөлінісінде жоспарланатын кезеңге ЖТМК қызметтерін көрсетудің болжамды көлемдері туралы ұсыныстары;
Тармақша 7
7) ЖТМК қызметтеріне тарифтер.
Тармақ 74
74. ЖТМК қызметтерінің көлемін айқындау бойынша есептеулер технологиялар бөлінісінде республика бойынша ЖТМК қызметтерінің сырқаттанушылық, өлім көрсеткіштеріне және өмір сапасына әсерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. Қазақстан Республикасындағы ЖТМК деңгейін салыстырмалы талдау озық халықаралық тәжірибемен салыстырғанда бір миллион халыққа жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Ұсынылатын халықаралық деңгей шегінде және қызметтер берушілердің ЖТМК қызметтеріне өткізу қабілеті шегінде қаражат көлемін жоспарлау республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Тармақ 77
77. ЖТМК қызметтеріне халықтың қажеттілігін толық қамту мүмкіндігі болған кезде жоспарлау ЖТМК белгілі бір қызметі үшін республика деңгейінде халықтың жалпы санының өзгерістеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 78
78. ЖТМК қаражат көлемін жоспарлау кезінде алдыңғы жылғы қызметтердің орташа құнына және (немесе) тарифке қызметтердің болжамды санын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 8
8-параграф. Паллиативтік көмек қызметін жоспарлау
Тармақ 79
79. Паллиативтік медициналық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және мобильді бригадаларда медициналық көмек үшін бөлек жүзеге асырылады.
Тармақ 80
80. Паллиативтік медициналық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі паллиативтік медициналық көмекке жататын АХЖ-10 бойынша ауру кодтары бойынша емдеуге жатқызудың орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша паллиативтік медициналық көмек қызметтерін алған пациенттерді емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 81
81. Паллиативтік медициналық көмекті жоспарлау алдыңғы үш жыл кезеңіндегі паллиативтік медициналық көмекке жататын пациенттер саны бойынша жалпы халық санының өзгеруіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 82
82. Стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда паллиативтік медициналық көмек қызметтерінің жоспарланатын көлемі халық санының өзгеруіне сәйкес АХЖ-10 бойынша ауру кодтары бөлінісінде айқындалады.
Тармақ 83
83. Мобильді бригадалар нысанында паллиативтік медициналық көмек қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде паллиативтік медициналық көмекке тариф, өңір, шығу саны, паллиативтік медициналық көмекке мұқтаждардың болжамды саны ескеріледі.
Тармақ 84
84. Төсек-күн үшін ақы төлеу кезінде, сондай-ақ мобильді бригадалар нысанында паллиативтік медициналық көмек қызметтеріне қаражат көлемін жоспарлау:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде жоспарланатын төсек-күндер санын, мобильді бригадалардың шығуын тиісті тарифке көбейту жолымен;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде паллиативтік медициналық көмектің өңірлік бюджеттерін қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9-параграф. Патологиялық-анатомиялық диагностика қызметтерін жоспарлау
Тармақ 85
85. Патологиялық-анатомиялық диагностика қызметтерінің көлемін жоспарлау жүргізілетін диагностиканың түрлері мен күрделілік санаттарын ескере отырып және мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі стационарлардағы өлім жағдайларының нақты саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі стационарлардағы өлім жағдайлары санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы жылғы кезеңдегі патологиялық-анатомиялық ашып-қараудың нақты саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі патологиялық-анатомиялық ашып-қарау санының орташа саны;
Тармақша 5
5) алдыңғы жылғы кезеңдегі биопсиялық және операциялық материалды цитологиялық зерттеудің нақты саны;
Тармақша 6
6) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі биопсиялық және операциялық материалды цитологиялық зерттеу санының орташа саны;
Тармақша 7
7) алдыңғы жыл кезеңіндегі биопсиялық және операциялық материалды тірі кезіндегі патологиялық-анатомиялық зерттеулердің нақты саны;
Тармақша 8
8) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі биопсиялық және операциялық материалды тірі кезіндегі патологиялық-анатомиялық зерттеулердің орташа саны.
Тармақ 86
86. Тірі кезіндегі патологиялық-анатомиялық зерттеулер мен биопсиялық және операциялық материалдың цитологиялық зерттеулері қызметтерінің толық қажеттілігін жоспарлау тәулік бойғы және (немесе) күндізгі стационардың хирургиялық жағдайларының жиынтық көлемінің; тәулік бойы және (немесе) күндізгі стационарда биологиялық материалды алу бойынша манипуляциялардың; тиісті патологиялық-анатомиялық қызметтерге қолданыстағы тарифтер бөлінісінде амбулаториялық емшаралар мен манипуляциялардың өзгеруіне сәйкес бөлек жүзеге асырылады.
Тармақ 87
87. Патологиялық-анатомиялық ашып-қарауды (аутопсия) жоспарлау кезінде міндетті ашып-қарауды (ана, бала өлімі, өлі туған) және заңды өкілдердің жазбаша өтініші бойынша жіктеу ескеріледі.
Тармақ 88
88. Патологиялық-анатомиялық диагностиканың қаражат көлемін жоспарлау кезінде өңірлік патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің және (немесе) бюроның өтінімдері негізінде жасалған патологиялық-анатомиялық ашып-қараудың (аутопсия) және тірі кезіндегі патологиялық-анатомиялық зерттеулер мен цитологиялық зерттеулердің болжамды санын тарифтерге көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 10
10-параграф. Қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтерді жоспарлау
Тармақ 89
89. Тәулік бойы және күндізгі стационарларға емдеуге жатқызылған науқастарды қамтамасыз ету үшін қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтерді алған пациенттерді емдеуге жатқызудың орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша тіркелген аурулар жағдайларының орташа саны;
Тармақша 5
5) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша халық қозғалысының демографиялық көрсеткіштері;
Тармақша 6
6) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 90
90. Қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтерге қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде осы бейін бойынша (ЖМК үшін) немесе АХЖ-9 бойынша операциялардың кодтары (ЖТМК үшін), белгілі бір тариф бойынша;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде барлық бейіндер бойынша (ЖМК үшін) немесе АХЖ-9 бойынша операциялардың кодтары (ЖТМК үшін), белгілі бір тариф бойынша;
Тармақша 3
3) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде барлық бейіндер бойынша (ЖМК үшін) немесе АХЖ-9 бойынша операциялардың кодтары (ЖТМК үшін), барлық тарифтер бойынша;
Тармақша 4
4) республика деңгейінде барлық бейіндер бойынша (ЖМК үшін) немесе АХЖ-9 бойынша операциялардың кодтары (ЖТМК үшін) бойынша, барлық тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 91
91. Қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу қан препараттарын өндіру жөніндегі жоспарланған қызмет көлемі, ұқсас донорлардан ағзаларды трансплантаттауды сүйемелдеу, қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан ағзаларды транспланттаттауды сүйемелдеу, гемопоэздік дің жасушаларын транспланттаттауды сүйемелдеу, күту парағын қалыптастыру, гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімін қалыптастыру, тромбоциттерге жеке іріктеу жүргізу, кіндік қанын типтеу қызметтерінің топтары бөлігінде құрамында эритроциттер бар орталарды жеке іріктеуді жүргізу осы топтың және орталықтардың қызметтері бөлінісінде жүзеге асырылады. Бұл ретте көлемдер трансплантаттаудың болжамды көлемдері мен ресурстар негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 92
92. Қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру бойынша қаражат көлемін жоспарлау кезінде қан препараттары мен қызметтерінің болжамды санына тарификаторға сәйкес препараттар мен қызметтердің құнын көбейту жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 93
93. Жоғарыда көрсетілген деректер болмаған жағдайда қан мен оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу, қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер көлемін жоспарлау қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымымен келісілген облыстық және қалалық қан орталықтарының өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11-параграф. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті жоспарлау
Тармақ 94
94. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету көлемін жоспарлау динамикалық байқауда тұрған адамдар, достық кабинеттерге жүгінген адамдар және АИТВ инфекциясына зерттеп-қаралған адамдар үшін мынадай деректер негізінде бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы үш жыл кезеңінде тіркелген АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларының орташа саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша есепте тұрған пациенттер санының жыл сайынғы өсімі;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша алғаш анықталған пациенттердің орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша ауруға зерттеп-қаралуға жататын пациенттердің орташа саны;
Тармақша 5
5) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша қала мен ауыл деңгейінде халықтың орташа саны.
Тармақ 95
95. Динамикалық байқауда тұрған адамдардың болжамды санын айқындау және қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде соңғы үш жылдағы науқастардың орташа өсу қарқыны;
Тармақша 2
2) динамикалық байқауда тұрған адамдардың болжамды санына кешенді тарифті көбейту жолымен шығыстар сомасы;
Тармақша 3
3) әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың көрсетілетін қызметтер көлемін қоса отырып, республика бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне есептеу жүргізіледі.
Тармақ 96
96. Достық кабинеттерге жүгінген адамдардың болжамды санын айқындау және қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде соңғы үш жылдағы өсімнің орташа қарқыны;
Тармақша 2
2) достық кабинеттерге жүгінген адамдардың болжамды санына тарифті көбейту жолымен шығыстар сомасы;
Тармақша 3
3) әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың көрсетілетін қызметтер көлемін қоса отырып, республика бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне есептеу жүргізіледі.
Тармақ 97
97. АИТВ инфекциясының бар-жоғын зерттеп-қарауға және қаражат көлемін жоспарлауға көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде соңғы үш жылдағы қызметтер санының орташа өсу қарқыны (үшінші деңгейдегі ұйымдардың деректері);
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясының бар-жоғын зерттеп-қарауға көрсетілетін қызметтердің болжамды санына тарифті көбейту жолымен шығыстар сомасы (үшінші деңгейдегі ұйымдардың деректері);
Тармақша 3
3) әрбір облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың көрсетілетін қызметтер көлемін қоса отырып, республика бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне есептеулер жүргізіледі.
Тармақ 98
98. Республикалық ұйымның қызмет көлемін және қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) динамикалық байқауда тұрған адамдардың болжамды саны;
Тармақша 2
2) динамикалық байқауда тұрған бір пациентке көрсетілетін қызметтердің болжамды санына;
Тармақша 3
3) шығыстар сомасы медициналық көрсетілетін қызметтер анықтамалығы бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын және көрсетілетін қызметтердің болжамды санын көбейту жолымен есептеулер жүргізіледі.
Тармақ 99
99. Антиретровирустық препараттар дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етудің қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) республикалық медициналық ұйымдар ұсынған деректердің негізінде жоспарланатын кезеңге дейінгі жылдың соңындағы антиретровирустық препараттардың болжамды қалдықтарын шегергенде, Кодекстің 7-бабының 96) тармақшасына сәйкес айқындалған дәрілік препараттардың құны бар антиретровирустық препараттармен (шығару нысанын ескере отырып) дәрілік қамтамасыз етудің болжамды көлемдерін жүргізу жолымен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде жүргізіледі.
Тармақша 2
2) республика деңгейінде антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етудің өңірлік бюджеттерін қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 12
12-параграф. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті жоспарлау
Тармақ 100
100. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика бойынша туберкулез бойынша динамикалық байқауда есепте тұрған науқастардың орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша есепте тұрған пациенттер санының жыл сайынғы өсімі;
Тармақша 5
5) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғаш анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың орташа саны;
Тармақша 6
6) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша ауруға күдікпен зерттеп-қаралған пациенттердің орташа саны.
Тармақ 101
101. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көлемін жоспарлау туберкулезбен ауыратын бір науқасқа кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады, мыналарды қоспағанда:
Тармақша 1
1) туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) бір төсек-күн үшін тариф бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын республикалық ұйымдар (бұдан әрі – туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі).
Тармақ 102
102. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде алдыңғы үш жылдағы кезеңнің басында және соңында тіркелген науқастардың орташа арифметикалық санын айқындау жолымен туберкулезбен ауыратын адамдар санының өзгеруінің орташа қарқынына;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде науқастар санының өзгеруінің орташа қарқынымен есепте тұрған пациенттер санын көбейту жолымен туберкулезбен ауыратын адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік санына есептеу жүргізіледі.
Тармақ 103
103. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмектің қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың деңгейінде туберкулезбен ауыратын адамдардың жылдық орташа тізімдік санына кешенді тарифті көбейту жолымен;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өңірлік бюджеттерді қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 104
104. Туберкулезге қарсы препараттар дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңде туберкулезге қарсы препараттарды тұтынудың жалпы нақты көлемін препараттар шығару нысанын ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік санына есептеу жүргізіледі;
Тармақша 3
3) жоспарланатын кезеңге дейінгі жылдың соңындағы туберкулезге қарсы препараттардың болжамды қалдықтарын республикалық медициналық ұйымдар ұсынған деректерінің негізінде.
Тармақ 105
105. Туберкулезге қарсы препараттармен дәрілік қамтамасыз етудің қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) Кодекстің 7-бабының 95) тармақшасына сәйкес айқындалған дәрілік препараттардың құны бар туберкулезге қарсы препараттармен (шығару нысанын ескере отырып) дәрілік қамтамасыз етудің болжамды көлемін жүргізу жолымен, республикалық медициналық ұйымдар ұсынған деректердің негізінде жоспарланатын кезеңге дейінгі жылдың соңындағы туберкулезге қарсы препараттардың болжамды қалдықтарын шегергенде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етудің өңірлік бюджеттерін қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 13
13-параграф. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 106
106. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек МСАК деңгейінде, амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда (ерікті және мәжбүрлі) көрсетіледі.
Тармақ 107
107. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау бойынша есепте тұрған науқастардың орташа саны;
Тармақша 4
4) өткен үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша есепте тұрған пациенттер санының жыл сайынғы өсімі;
Тармақша 5
5) алдыңғы үш жыл кезеңінде республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғаш рет анықталған пациенттердің орташа саны;
Тармақша 6
6) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша ауруға күдікті зерттеп-қаралған пациенттердің орташа саны.
Тармақ 108
108. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қаражат көлемін жоспарлау стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, психикалық денсаулық орталығының бір науқасына арналған кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады, оның төлемі есептік орташа құны бойынша емделген жағдай үшін және бір төсек-күн үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 109
109. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсету қызметтерінің көлемін айқындау үшін:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде өткен үш жылдағы кезеңнің басында және соңында тіркелген науқастардың орташа арифметикалық санын айқындау жолымен психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдар санының өзгеруінің орташа қарқынына;
Тармақша 2
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде психикалық денсаулық орталықтарындағы науқастар санының өзгеруінің орташа қарқынымен есепте тұрған пациенттер санын көбейту жолымен психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік санына есептеу жүргізіледі.
Тармақ 110
110. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қаражат көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастардың болжамды жылдық орташа тізімдік санына кешенді тарифті көбейту жолымен;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекке арналған өңірлік бюджеттерді қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 14
14-параграф. Инфекциялық және паразиттік аурулары бар адамдарға стационарлық жағдайда медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 111
111. Инфекциялық және паразиттік аурулары бар адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша емдеуге жатқызудың орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша инфекциялық аурулардың тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 112
112. Инфекциялық және паразиттік аурулары бар адамдарға стационарлық жағдайларда көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын көлемі инфекциялық нозологиялар бөлінісінде болжамды сырқаттанушылыққа сәйкес айқындалады.
Тармақ 113
113. Инфекциялық және паразиттік аурулары бар адамдарға стационарлық жағдайларда қызмет көрсетуге қаражат көлемін жоспарлау кезең кезеңімен:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде АХЖ-10 бойынша ауру кодтары бойынша;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде АХЖ-10 кодтары бойынша барлық нозологиялар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 114
114. Инфекциялық ауруларды жоспарлаудың дәлдігін арттыру мақсатында эпидемиологиялық жағдай алдағы уақытта өзгерген жағдайларда инфекциялық аурулардың АХЖ-10 кодтарының тізбесі бойынша (осы аумақта әдетте тіркелетін сырқаттанушылық деңгейінен асатын және төтенше жағдайдың көзі болуға қабілетті инфекция) эпидемиялық шекті ұлғайту жағына қарай осы инфекция бойынша өткен эпидемиологиялық маусымның қорытындыларына талдау жүргізіледі.
Тармақ 115
115. Сырқаттанушылық бойынша мәліметтерді және (немесе) сырқаттанушылықтың болжамды өсу қарқынын (жиынтық халық және әрбір жас тобы бойынша) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуін көрсете отырып, АХЖ-10 кодтарының тізбесі бойынша ұсынады.
Тармақ 116
116. Эпидемияның басталуын көрсететін факторлар болған кезде, осы инфекция жағдайларының жоспарланған саны осы инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне ұлғаяды.
Тармақ 15
15-параграф. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмекті жоспарлау
Тармақ 117
117. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсету қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) лимфоидты және қан түзетін тіндердің қатерлі ісіктері бар науқастарды және 14 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, республика бойынша алдыңғы үш жыл кезеңінде тіркелген науқастардың саны.
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша онкологиялық аурулардың тіркелген жағдайларының орташа саны;
Тармақша 4
4) лимфоидты және қан түзетін тіндердің қатерлі ісіктері бар науқастарды және 14 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, республика, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша онкологиялық науқастарды динамикалық байқау бойынша есепте тұрған пациенттер санының жыл сайынғы өсуі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023 - 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 874 қаулысында көзделген іс-шараларды іске асыру шеңберінде сәулелік жабдықты қайта қуаттауға және иондаушы сәулеленуге сервистік қызмет көрсетуге арналған шығындарды ескере отырып жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 874 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген іс-шаралар негізінде қалыптастырылатын онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін позитронды-эмиссиялық томография және бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография, протон терапиясын жүргізуге арналған шығыстар.
Тармақ 118
118. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсету қызметтерінің көлемін айқындау кезінде есеп жүргізіледі:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде алдыңғы үш жылдағы кезеңнің басына және соңына тіркелген науқастардың орташа шамасын айқындау жолымен онкологиялық науқастар санының өзгеруінің орташа қарқыны;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылдың кезеңінде онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген онкологиялық науқастардың санын облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде онкологиялық науқастар санының орташа өзгеру қарқынына көбейту жолымен онкологиялық науқастардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны.
Тармақша 3
3) аурулардың арақатынасын және алдыңғы жылғы кезеңдегі әрбір нозология үшін емдеуге жатқызудың нақты санын және нозологиялар бойынша емдеуге жатқызу коэффициентін талдау жолымен;
Тармақша 4
4) онкологиялық науқастардың емдеуге жатқызудың болжамды саны жылдық орташа тізімдік санын алдыңғы жыл кезеңіндегі емдеуге жатқызу коэффициентіне көбейту жолымен;
Тармақша 5
5) АХЖ-10 бойынша бір науқасқа жылына көрсетілетін қызметтердің болжамды саны Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсету стандартына сәйкес зерттеп-қарау кезеңділігіне көрсетілетін қызметтердің ең аз көлемін көбейту жолымен айқындалады.
Тармақ 119
119. Қазақстан Республикасының тұрғындарына онкологиялық көмек қаражатының көлемін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде:
ІІ клиникалық топтағы пациенттер үшін амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша тарифтерге қызметтердің болжамды санын көбейту жолымен;
стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша АХЖ-10 сыныбы бойынша бір емделген жағдайдың орташа құнын АХЖ-10 сыныптары бөлінісінде емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарлы санына көбейту жолымен;
Тармақша 2
2) республика деңгейінде облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін қосу жолымен есептеу жүргізіледі.
Тармақ 120
120. Республикалық ұйымдар үшін онкологиялық көмек көлемін есептеу амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде қолданылатын есептерге ұқсас есептеумен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16-параграф. Онкогематологиялық науқастарға медициналық көмекті жоспарлау
Тармақ 121
121. Онкогематологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша емдеуге жатқызудың орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша тіркелген онкогематологиялық науқастардың орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 122
122. Онкогематологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсетудің жоспарланған көлемі АХЖ-10 кодтары бөлінісінде болжамды сырқаттанушылыққа сәйкес айқындалады.
Тармақ 123
123. Онкогематологиялық науқастарға стационарлық көмекке қаражат көлемін жоспарлау кезең-кезеңімен:
Тармақша 1
1) АХЖ-10 бойынша онкогематологиялық аурулардың барлық кодтары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде;
Тармақша 2
2) АХЖ-10 бойынша онкогематологиялық аурулардың барлық кодтары бойынша республика деңгейінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17-параграф. Медициналық оңалту қызметтерін жоспарлау
Тармақ 124
124. Медициналық оңалту қызметтерінің көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде нозологияға байланысты медициналық оңалтудың екінші және үшінші кезеңдерін алатын адамдар үшін бөлек жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңдегі республика бойынша екінші және үшінші кезеңдегі медициналық оңалтуға қажеттілікті қалыптастыратын АХЖ-10 бойынша аурулар кодтары бойынша емдеуге жатқызу санының нақты көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылғы кезеңде республика бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық оңалту қызметтерін алған пациенттерді емдеуге жатқызудың орташа саны;
Тармақша 3
3) алдыңғы үш жыл кезеңде республика бойынша амбулаториялық жағдайларда медициналық оңалту қызметтерін алған пациенттерді емдеуге жатқызу санының орташа саны;
Тармақша 4
4) алдыңғы жылғы кезеңдегі медициналық оңалтуға жататын АХЖ-10 бойынша аурулардың кодтары бойынша созылмалы аурулары бар балалар халқының нақты саны;
Тармақша 5
5) алдыңғы үш жыл кезеңіндегі республика бойынша халықтың орташа саны.
Тармақ 125
125. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда екінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде халық санының өзгеруін ескере отырып, екінші кезеңдегі медициналық оңалту үшін көзделген АХЖ-10 бойынша аурулардың кодтары бойынша емдеуге жатқызу саны;
Тармақша 2
2) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде екінші кезеңдегі медициналық оңалту үшін көзделген АХЖ-10 бойынша аурулардың кодтары бойынша пациенттердің үлесін айқындау жолымен екінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемі;
Тармақша 3
3) екінші кезеңдегі медициналық оңалтудың болжамды көлеміне КШТ коды бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын көбейту жолымен екінші кезеңдегі медициналық оңалтуға арналған шығыстардың сомалары;
Тармақша 4
4) республика бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың көрсетілетін қызметтер көлеміне қоса отырып есептеу жүргізіледі.
Тармақ 126
126. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемін жоспарлау кезінде:
Тармақша 1
1) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде халық санының өзгеруін ескере отырып, үшінші кезеңдегі медициналық оңалту үшін көзделген АХЖ-10 бойынша аурулар кодтары бойынша емдеуге жатқызу санына;
Тармақша 2
2) жоспарланатын кезеңге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде халық санының өзгеруін ескере отырып, медициналық оңалту үшін көзделген АХЖ-10 бойынша аурулар коды бойынша созылмалы аурулары бар балалар халқының санына;
Тармақша 3
3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерін тұтыну еселігін есептеу жолымен үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемін, емдеуге жатқызылған пациенттердің болжамды санын және үшінші кезеңдегі медициналық оңалту үшін көзделген АХЖ-10 бойынша аурулар коды бойынша созылмалы аурулары бар балалар санына;
Тармақша 4
4) бір төсек-күн ішінде көрсетілетін қызметтердің құнын және үшінші кезеңдегі медициналық оңалтудың төсек-күндерінің болжамды көлемін көбейту жолымен үшінші кезеңдегі медициналық оңалтуға арналған шығыстар сомасына;
Тармақша 5
5) республика бойынша көрсетілетін қызметтер көлемін әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың көрсетілетін қызметтер көлеміне қоса отырып есептеу жүргізіледі.
Тармақ 127
127. Халықаралық біріккен комиссияның (Joint Commission International (JCI), Америка Құрама Штаттары) стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы куәлігі бар медициналық ұйымдар үшін тарифтерді қолдануды қоспағанда, республикалық ұйымдар үшін үшінші кезеңдегі оңалту қызметтерінің стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайлардағы көлемдерінің есептеулеріне ұқсас жүзеге асырылады.
Тармақ 128
128. Амбулаториялық жағдайларда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемін есептеу тарификатор бойынша көрсетілетін қызметтердің тарифін және амбулаториялық жағдайларда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің болжамды санын көбейту жолымен айқындалатын шығыстар сомасын айқындауды қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту қызметтерінің көлемін есептеуге ұқсас жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту кезінде қызметтер көлемін жоспарлау
Тармақ 129
129. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емдеуге жіберуге және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жүргізу үшін шетелдік мамандарды (бұдан әрі – шеберлік сағат) тарта отырып, көрсетілетін қызметтер көлемін жоспарлау мынадай деректер негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылдың кезеңінде шетелде және шеберлік сағаттары шеңберінде ем алған адамдардың нақты саны;
Тармақша 2
2) алдыңғы үш жыл кезеңінде шетелде және шеберлік сағаттары шеңберінде ем алған адамдардың нақты саны;
Тармақша 3
3) жоспарланған кезеңге болжамды сырқаттанушылық.
Тармақ 130
130. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге және (немесе) шеберлік сағаттары шеңберінде емделуге жіберуге арналған көлемін жоспарлау алдыңғы жылғы кезеңдегі бір жағдайдың орташа құнына АХЖ-10 сыныптары мен технологиялары бойынша жағдайлардың болжамды санын көбейту жолымен, сондай-ақ өткен жылдары емделуге бағытталған ауыспалы пациенттер бойынша шығыстарды ескере отырып, мынадай мәліметтер негізінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) алдыңғы жылғы кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу кезінде және шеберлік сағаттары шеңберінде шығыстардың нақты сомасы;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылдардағы шетелге емделуге және (немесе) шеберлік сағаттары шеңберінде емделуге бағытталған ауыспалы пациенттер бойынша шығыстардың нақты сомасы.
Тармақ 131
131. Валюта бағамының ауытқуы жағдайында шығыстар сомасына түзету жүргізіледі.
Тармақ 132
132. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрілік заттардың көлемін жоспарлау Кодекстің 7-бабының 49) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.