Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «____»________________2020 жыл
Басқа 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына 1-қосымша Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
Тармақша 2
2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
Тармақша 3
3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
Тармақша 4
4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 7
7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;
Тармақша 8
8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;
Тармақша 9
9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;
Тармақша 10
10) сертификаттау курсы - мамандық бейіні шеңберінде арнайы мамандандыру бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
Тармақша 11
11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған формальды емес білім беру нысаны;
Тармақша 12
12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;
Тармақша 13
13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
Тармақ 3
3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген медициналық ұйымдар базасында Кодекстің 221-бабының 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырады. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар мамандарға, оның ішінде ғылыми-педагогилік кадрларға қосымша білім беруді жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ ұлттық, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары ұсынады. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарға, оның ішінде педагогикалық кадрларға қосымша білім беруді биологиялық қауіпсіздік және ерекше қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы мәселелері бойынша бағдарламаларды қоспағанда жоғары медициналық колледждер жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен оның ішінде шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларда немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.
Тармақ 5
5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі. Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.
Тарау 2. 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібі
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібі
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;
Тармақша 2
2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;
Тармақша 3
3) бағдарламаны сараптау;
Тармақша 4
4) Каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру
Тармақ 7
7. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
Тармақша 1
1) салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;
Тармақша 2
2) мамандық бейіні бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы болып бөлінеді.
Тармақ 8
8. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.
Тармақ 9
9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 академиялық сағат) 9 кредитке (270 академиялық сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 кредиттен (300 академиялық сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең. Формальды емес білім берудің (тағылымдама, семинар, тренинг, мастер-класс, вебинар, онлайн курс) ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымы дербес айқындайды.
Тармақ 10
10. Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымы қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары):
Тармақша 1
1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
Тармақша 2
2) сертификаттау курстары – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі. Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамсыз болады;
Тармақша 3
3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі. Формальды емес білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім алу туралы сертификат беріледі.
Тармақ 12
12. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады. Шет тілінде берілген құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қосымша ұсынылады.
Тармақ 13
13. Біліктілікті арттырудан өту туралы өтініштерді қабылауды қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб - портал) арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық сұрау салуы негізінде веб-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіден қосымша немесе формальды емес білім алуын тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді және қосымша білім алу аяқталмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету немесе анықтама беру туралы шешім қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға жүзеге асырады. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салу келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде жүзеге асырады. Өңдеу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3 немесе 4-і қосымшаларға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы құжатты не қосымша білім алуды аяқтамағаны туралы анықтаманы береді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына құжаттарды берген сәттен бастап, сондай-ақ веб - портал арқылы жүгінген кезде-тізбеге сәйкес 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы Қағидаларды бекіткен, толықтырулар енгізген және (немесе) өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарына, веб-порталының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағының 6-қосымшасында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және бірыңғай байланыс орталығын sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрату жіберу арқылы хабардар етеді қатенің нақты уақытын көрсете отырып.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Веб - портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны жібереді және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібі
3-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібі
Тармақ 18
18. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.
Тармақ 19
19. Шетелдік қосымша және формальды емес білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады: қосымша білім беру үшін:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;
Тармақша 2
2) қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығының осы Қағидалардың 9 – тармағына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы. Формальды емес білім беру үшін – формальды емес білім туралы құжат немесе тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының пікірі.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін растайды.
Басқа 1.1
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 1-қосымша Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының каталогы №/п Бі­лім бе­ру ұй­ым­ның ата­уы Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның / сер­ти­фи­кат­тау бағ­дар­ла­ма­сы­ның ата­уы Бағ­дар­ла­ма­ның мақ­са­ты Бағ­дар­ла­ма­ның ұз­ақ­тығы са­ғат­пен /кре­дит­пен Ны­са­на­лы топ Бағ­дар­ла­ма сәй­кес ке­ле­тін са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рін­де­гі бі­лік­ті­лік дең­гейі Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның дең­гейі (ба­за­лық, ор­та, жо­ға­ры).
Басқа 1.2. Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 2-қосымша Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі, жыл­дар­мен 0-1 1-2 2-3 3-5 5-7 7-10 10-13 13-15 15-16 16-20 20-25 25-тен жо­ға­ры, әрі қа­рай әр 5 жыл сай­ын Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дың бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның дең­гей­ле­рі (ба­за­лық, ор­та, жо­ға­ры, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған) Ба­за­лық дең­гей: кә­сіп­тік қыз­мет­тің жал­пы мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру цик­л­де­рі Ор­та­ша дең­гей: кә­сіп­тік қыз­мет­тің те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру Жо­ға­ры дең­гейі: кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру Жо­ға­ры дең­гейі: кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дең­гей: ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқы­ту кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дең­гей: ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқы­ту кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне
Басқа 1.3
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымша Біліктілікті арттыру туралы сертификат № ______ Осымен ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20 ___ жылғы «____» _______________ бастап «____» _____________ дейін Бағдарлама бойынша ________________________________________________________ _________________________ сағат / кредит көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады _____________________________________________________________________ (оқытқан білім ұйымның атауы) ___________________________________________________________________________ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі __________________________________________________________________________ Мөр орны Берілген күні 20___ жылғы «____» ________________________________________
Басқа 1.4. Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 4-қосымша Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______ Осымен ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20 ___ жылғы «____» ________________ бастап «____» ___________________________дейін мамандандыру ________________________________________________________ бойынша ______________________ сағат / кредит көлемінде ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (оқытқан білім ұйымның атауы) сертификаттау курсынан өткенін куәландырады ____________________________________________________________________ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Сертификаттау курсының бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі _____________________________________________________ Мөр орны Берілген күні 20___ жылғы «____» _____________________________________ Сертификаттау курсы туралы куәлікке қосымша Оқытқан ұйымының атауы ____________ _________________________ Транскрипт Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________ ___________________________________ Оқу күні ___________________________________ Цикл атауы ___________________________________ Мамандығы ___________________________________ Мамандандыру ___________________________________ Кредиттер саны (сағат)_____________________________ № Пән тақырыбының немесе бөлімінің атауы Кредиттер / сағат саны Қорытынды баға Тіркеуші____________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________ (қолы) Тіркеу нөмірі № _____________ Берілген күні ________________
Басқа 1.5. Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 5-қосымша нысан Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______ Осымен ___________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20 ___ жылғы «____» ___________________ бастап «____» ___________________ дейін ________________________________________________________________ мамандығы бойынша ______________________________________________________________________ циклі бойынша ___________________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады __________________________________________________________ қосымша білім беру бағдарламасы ___________________________________________________________________________ ______ (біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету) ___________________________________________________________________________ ______ (оқытқан ұйымның атауы) ___________________________________________________________________________ ______ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі ________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _______ (біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы – астын сызу) Мөр орны Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________
Басқа 1.6
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 6-қосымша «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де); 2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің мер­зі­мі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні­нен ас­па­уы ти­іс; құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - отыз ми­нут; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты -1 (бір) жұ­мыс кү­ні­нен ас­па­уы ти­іс. пор­тал ар­қы­лы - құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні­нен ас­па­уы ти­іс. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ны­са­ны элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де ҚР ре­зи­дент­ті емес тұ­лға­лар­ға. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі 1) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өт­ке­ні ту­ра­лы: «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын, сон­дай-ақ қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру ар­қы­лы ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар ал­ған оқу­дың нәти­же­ле­рін та­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-303/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21847 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген (бұ­дан әрі-Қа­ғи­да­лар) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лік; 2) сер­ти­фи­кат­тық кур­стан өт­ке­ні ту­ра­лы: ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тық курс ту­ра­лы ку­ә­лік. 3) қо­сым­ша бі­лім бе­ру­ді аяқ­та­мау ту­ра­лы: Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес қо­сым­ша бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі те­гін 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма са­ғат 13.00 -ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Бұл рет­те әр­бір қыз­мет бе­ру­ші жұ­мыс бе­ру­ші Ең­бек ко­дек­сі­нің 63-ба­бы­на сәй­кес ең­бек тәр­ті­бі қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес жұ­мыс ре­жи­мін бе­кі­те­ді; 2) пор­тал­да-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) пор­тал­ға: элек­трон­дық түр­де­гі сұ­ра­ту. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал­да тір­кел­ген субъ­ек­ті­нің ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы пор­тал бір рет­тік па­роль бе­ру жо­лы­мен неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін пай­да­ла­ну­шы­лар­дың мо­биль­дік қо­сым­ша­да ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­то­ри­за­ци­ядан өту қа­жет, бұ­дан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды. Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, за­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің ме­кен­жай­ла­ры мен бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Басқа 2. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына 2-қосымша. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды. Уәкілетті орган медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының Тізбеге енгізеді.
Тармақ 2
2. Осы Біліктілік талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – Қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
Тармақша 3
3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);
Тармақша 4
4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
Тарау 2. 2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 3
3. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Тармақша 1
1) білім беру қызметіне лицензиялар және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21894 болып тіркелген) сәйкес ғылыми ұйым мәртебесі;
Тармақша 2
2) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
Тармақша 3
3) қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту, олардың тиімділігін мониторингілеу, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейтін, қосымша білім беру ұйымының басшысы бекіткен құжаттардың болуы; біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
Тармақша 4
4) бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық деректер базаларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
Тармақша 5
5) оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
Тармақша 6
6) оқытушылар құрамы туралы ақпарат: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ұлттық және ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО)ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар туралы; педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавриаты бар адамдар туралы. жоғары медициналық колледждерде. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын штаттық профессор-оқытушылар құрамының саны оқытушылардың жалпы штатынан кемінде 40 % - составляет құрайды. Практикалық сабақтарды өткізуді ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ профессор-оқытушылар құрамының жалпы санының 40% - дан аспайтын практикалық денсаулық сақтау мамандары қатарындағы оқытушылар жүзеге асырады; мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми - педагогикалық өтілі бар ЖОО, ҒЗИ, қосымша білім беру ҰО оқытушылары, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыру; мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми – педагогикалық өтілі бар жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыру;
Тармақша 7
7) материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер: тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық - техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық Қордың, сыныптардың, зертханалардың меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау (жалдау) туралы шарттар бойынша болуы; меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару туралы шарттар бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне сәйкес келетін қосымша білім беру бағдарламалары, Интернет желісіне, кітапхана қорына, симуляциялық жабдыққа (манекендерге, манекендерге) қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың санитариялық-техникалық нормалары мен қағидалары бойынша жалға алудың (жалдаудың) болуы муляждар, тренажерлер); мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылу туралы шарттың көшірмесі;
Тармақша 8
8) клиникалық базалардың болуын растайтын құжаттар және (немесе) аккредиттелген медициналық ұйымдармен шарт.
Тармақша 9
9) медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған уәкілетті орган бекіткен қосымша білім беру ұйымдарының тізбесіне ұйымды енгізу.
Тармақ 4
«4. Денсаулық сақтау саласында формальды емес білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға денсаулық сақтау мамандары үшін фомальды емес білім беруді жүргізуге құқық белгілейтін құжаттардың, «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы, формальды емес білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес танылған аккредиттеу органдарының, штаттық және штаттан тыс оқытушылардың тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің, оның ішінде ғылым докторы, кандидаты және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар адамдардың болуы талап етіледі (немесе) философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі, мамандық бейіні бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі соңғы 10 жылда кемінде 5 жыл, педагогикалық құзыреттіліктер және мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат), бекітілген формальды емес білім беру бағдарламалары, білім беру контентін, деректер базасының ақпараттық жүйесін (архивті) жазып және сақтай отырып Қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық платформалар) верификациялау үшін онлайн қолжетімділігі бар формальды емес білім туралы берілген құжаттар.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына 3 қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндет атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 2).
Тармақ 2
2. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11448 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
Тармақ 3
3. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14954 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 4
4. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17436 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 5
5. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-57/2020 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20733 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).