Об утверждении правил изъятия и консервации органов зрения от трупов с целью трансплантации в организациях, осуществляющих деятельность патологической анатомии и судебно - медицинской экспертизы Қолданыста
Басқа 0
Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 212-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс - шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Басқа 1. Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-307/2020
бұйрыққа қосымша
Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;
Тармақша 2
2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – «Бекітілген халықтың тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде модуль ретінде құрылған трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде бас тартуға немесе келісім беруге өзінің құқығын іске асыруға өз еркін білдірген кәмелетке толған және әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;
Тармақша 2-1
2-1) өңірлік трансплантаттау үйлестірушісі – трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттық қызметкері болып табылатын облыстық орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер»;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) ықтимал қайтыс болғаннан кейінгі доноры (бұдан әрі – ықтимал донор) – биологиялық өлімі 48 сағаттан кешіктірілмей анықталған, жасы он сегіз және одан жоғары жастағы адам мәйіті.
Тармақша 5
5) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау – одан әрі консервациялау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) мобилизациялау бойынша операциялық іс -шара;
Тармақша 6
6) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) алу – трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу;
Тармақша 7
7) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) консервациялау - көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тіршілік етуін сақтау мақсатында сыртқы және ішкі ықпалдан көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) жасушаларын қорғауды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы;
Тармақша 7-1
7-1) консервацияланған мөлдір қабық – бұл консервацияға ұшыраған көз алмасының тіні;
Тармақша 8
8) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) сақтау – трансплантаттау сәтіне дейін ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тін бөлігін) жасушаларының тіршілікке икемділігін толық сақтауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 9
9) көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) тасымалдау – сақтау және трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) жеткізу бойынша іс - шаралар кешені;
Тармақша 10
10) трансплантаттау орталығы – республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ғылыми - зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының базасында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органға бағынысты денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 11
11) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;
Тармақша 12
12) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Үйлестіру орталығы) – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 13
13) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы.
Тармақ 3
3. Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын алу және консервациялау Кодекстің 212-бабының 4-тармағына сәйкес патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарда жүргізіледі.
Тармақ 3-1
3-1. Трансплантаттау (кератопластика) мақсатында мәйіттерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуды патологиялық анатомия және сот-медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардағы офтальмолог дәрігері патологоанатоммен бірлесіп жүргізеді.
Тармақ 4
4. Офтальмологиядағы трансплантаттау мақсаттары үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу биологиялық өлімнің болуы және медициналық қарсы көрсеткіштердің болмауы туралы қорытынды болған кезде және осы Қағидалардың 11 - тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Патологиялық - анатомиялық зерттеп - қарауға (диагностика) немесе сот-медицина сараптамасына жататын мәйіттер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу үшін объект болып табылады.
Тармақ 6
6. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу үшін мыналар медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады:
Тармақша 1
1) инфекциялық аурулар;
Тармақша 2
2) қан гемолизін тудыратын улармен улану (жүрек қызметінің тоқтап қалуын тудыратын, өмірлік маңызы бар орталыққа тез әсер ететін, улы заттармен улануды қоспағанда);
Тармақша 3
3) суға кету;
Тармақша 4
4) көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) зақымдануы.
Тарау 2. 2 - тарау. Офтальмологияда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден
көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу және консервациялау тәртібі
2 - тарау. Офтальмологияда трансплантаттау мақсатында мәйіттерден
көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу және консервациялау тәртібі
Тармақ 7
7. Патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың басшылары күн сайын (оның ішінде демалыс және мереке күндері) Үйлестіруші орталыққа көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал донорларының болуы, патологиялық-анатомиялық диагностикаға немесе сот - медицина сараптамасына кедергі келтірмейтіндерден көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 8
8. Үйлестіру орталығы ықтимал донор туралы хабар алған сәттен бастап 2 сағат ішінде трансплантаттау мақсатында қайтыс болған кейін Тіркелімдегі ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорлығы мәселелесі бойынша азаматтың тірі кезінде ерік білдіруі бойынша ақпаратқа тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері туралы трансплантаттау орталығына және патологиялық анатомия және сот - медицина сараптамасы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымға тексеруден кейін 2 сағаттың ішінде хабарлайды.
Тармақ 9
9. Тірі кезінде келісім берген жағдайда, медициналық ұйымның өңірлік үйлестірушісі Үйлестіруші орталықтан ақпарат алғаннан кейін жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарының біріне (заңды өкілдеріне) қайтыс болған адамның көру ағзасының (ағза бөлігінің) және (немесе) тінінің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы мәселесі бойынша ерік білдіргені туралы алты сағат ішінде хабарлайды.
Тармақ 10
10. Трансплантаттау үшін мәйіттен ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу:
Тармақша 1
1) егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде өзінің ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға, оның ішінде Тіркелімге келісім бермегенін тіркеу арқылы келіспейтіні туралы мәлімдеген болса;
Тармақша 2
2) егер медициналық ұйым алу сәтінде қайтыс болған адамның өлімінен кейін жұбайы (зайыбы), ол болмаған кезде адамның жақын туыстарының бірі ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға (оның ішінде қайтыс болған адамның тірі кезіндегі келісім бергені болса) өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеген болса;
Тармақша 3
3) қайтыс болған адамның тірі кезінде ерік білдіргені белгісіз болған жағдайда:
жұбайының (зайыбының), ол болмаған жағдайда оның жақын туыстарының бірінің ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға жазбаша келісім бермеген болса (оның ішінде қайтыс болған адамның басқа жақын туыстарының келісім бергені болса);
жұбайының (зайыбының), ол болмаған жағдайда хабардар етілген сәттен бастап 24 сағат ішінде өтініш берген жақын туыстарының бірінің оның ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға еркін білдіргені болмаса;
Тармақша 4
4) егер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу сот - медицина сараптамасына немесе патологиялық - анатомиялық диагностикаға кедергі келтіретін жағдайда жүзеге асырылмайды.
Тармақ 11
11. Қайтыс болған адамнан трансплантаттау үшін көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу:
Тармақша 1
1) осы адамның трансплантаттау мақсатында оның ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға тірі кезіндегі келісім беруі болған жағдайда жұбайының (зайыбының) өтініш берілген жазбаша келісім бермеуі, ол болмаған жағдайда қайтыс болған адамның жақын туыстарының бірінің келісім беруі бір уақытта болмаған кезде;
Тармақша 2
2) адамның тірі кезіндегі еркін білдіруі белгісіз болған жағдайда:
жұбайының (зайыбының) жазбаша келісімі болған кезде;
жұбайы (зайыбы) болмаған кезде, ықтимал донордың қайтыс болуы туралы хабардар етілген сәттен бастап 24 сағат ішінде өтініш берген жақын туыстарының бірінің жазбаша келісім беруі болған кезде;
Тармақша 3
3) егер көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу сот-медицина сараптамасына немесе патологиялық-анатомиялық диагностикаға кедергі келтірмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Осы Қағидаларда некеде (ерлі - зайыпты) болмаған кезде қайтыс болған сәттегі адамның азаматтық жағдайы жұбайының (зайыбының) болмауы деп түсіндіріледі.
Тармақ 13
13. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу биологиялық өлім расталғаннан кейін 24 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал температурасы төмен жағдайда мәйітті тауып алған кезде 48 сағаттың ішінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Трансплантаттау мақсатында көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алу қайтыс болған адамның денесіне құрметпен және ізгі ықтияттылықпен қарай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алғаннан кейін орбита облысының түрі және формасы протездерді қолдану, сондай-ақ қабақтарды тігу және бекіту арқылы косметикалық қалпына келтіруге жатады.
Тармақ 16
16. Алынған көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) стерильді құтыларға салынады, 2,0 миллилитр физиологиялық ерітіндіні құяды. Құтылар қақпақпен жабылады және алынған көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) атауы, консервациялау күні мен донорға берілген нөмір көрсетіліп таңбаланады.
Трансплантаттау мақсатында мәйіттерден көру ағзалары болмаған кезде патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда (алынған көру тіндері (тіннің бөліктері)) консервацияланған мөлдір қабықты пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 17
17. Таңбаланған көз қарашығы бар құты мұздатқыш камерасына салынады және Цельсий бойынша + 2 градустан Цельсий бойынша + 4 градусқа дейінгі температурада сақталады.
Тармақ 18
18. Көру ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) дайындау, алу және консервациялау аяқталғаннан кейін алуды жүргізген мамандар Кодекстің 7 - бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша акт толтырады.
Тармақ 19
19. Алу туралы актінің бір данасы донорға ресімделген Кодекстің 7 - бабының 31) тармақшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген стационарлық науқастың медициналық картасына жапсырылады және бір-бір данада әрбір көру ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) бірлігіне қоса беріледі.
Тармақ 20
20. Көру ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері (тіннің бөлігі) дайындау, алу, консервациялау, сақтау және тасымалдаудан кейін трансплантаттау үшін жарамсыз болып танылса, патологиялық - анатомиялық зерттеп - қараудан (диагностикадан) кейін санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы белгіленген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қайта өңделеді.