Об утверждении правил военно-медицинского (медицинского) обеспечения в Вооруженных Силах Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 978 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19675 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және әскери прокуратура органында әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әскери медицина – әскери-медициналық қызметтің ғылыми білімі (ғылыми-практикалық пәндер кешені) мен практикалық қызметінің жүйесін білдіретін, бейбіт уақытта және соғыс уақытында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының әскерлерін, бөлімшелері мен ведомстволарын жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат ететін медицина мен денсаулық сақтау саласы;
Тармақша 2
2) әскери-дәрігерлік сараптама – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында медициналық қамтамасыз етуді оңтайлы жасақтау мен жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін білдіретін медициналық қызмет түрі;
Тармақша 3
3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер – орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелер;
Тармақша 4
4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету – әскери-медициналық (медициналық) көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді, медициналық қарап-тексерулер жүргізуді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтауды, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеті мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлердегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері мен ведомстволарындағы әскери медицина бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелер мен оқытуды қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 5
5) әскери-медициналық қызметі – әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жиынтығы, оларда Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың әскери-медициналық (медициналық) қызметіне арналған әскери қызмет немесе мемлекеттік қызметтің ерекше түрі көзделген;
Тармақша 6
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры–аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 7
7) емдеуге жатқызу бюросының порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамасын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.
Тармақ 2-1
2-1. Әскери прокуратура органының әскери қызметшілерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2-2
2-2. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери қызметшілерді әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді, медициналық қарап-тексеруді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуді, оның ішінде өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуді өзге де денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алмай жүзеге асырады. Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алу үшін тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде әскери қызметші тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы
2-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің құрылымы әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерден, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелерден (ұйымдардан), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Тармақ 4
4. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – басқарманың медициналық бөлімшелері): Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы (бұдан әрі – БӘМБ); әскер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың медициналық басқармасы (бөлімдері, қызметтері); әскери бөлімдер мен мекемелердің медицина қызметтері, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерді басқару органдары және өзге де бөлімшелер.
Тармақ 5
5. Әскери-медициналық (медициналық) мекемелер, әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелер: әскери госпиталь, әскери лазарет, әскери емхана; санитариялық-эпидемиологиялық мекеме (санитариялық-эпидемиологиялық орталық және олардың филиалдары); медициналық жабдықтау мекемесі (медициналық қойма, медициналық мүлік пен техника сақталатын база (оқшауланған бөлім); арнайы әскери-медициналық мекеме (штаттық әскери-дәрігерлік комиссия, әскери медицина орталығы) мен дәрігерлік-ұшу сараптамасы бөлімшесі (бөлімі) (авиациялық медицина зертханасы); әскери бөлім (бөлімше) мен мекеменің медициналық ротасы (взводы, бөлімшесі) және медициналық пункті.
Тармақ 6
6. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру мен үйлестіруді басқарманың медициналық бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Басқарманың медициналық бөлімшелері өз қызметін «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (бұдан әрі – жалпыәскери жарғы) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Басқарма медициналық бөлімшелерінің міндеттері әскерлердің оқу-жаттығу жауынгерлік даярлығы және тұрмыс жағдайыларымен, денсаулық жағдайымен, дене бітімінің дамуымен, әскери қызметшілердің ауру деңгейімен және сипатымен, әскерлер орналасқан аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйімен және климаттық-географиялық жағдайларымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Басқарманың медициналық бөлімшелерінің негізгі міндеттеріне: әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің күштері мен құралдарын тұрақты және тиімді басқару; әскерлердің оқу-жаттығу жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; әскери-медициналық қызметінің күштері мен құралдарының жоғары жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету; әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медициналық және фармацевтикалық мамандарын жауынгерлік және дипломнан кейінгі даярлауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – ҚР ҚК) дені сау контингентпен жасақтауды қамтамасыз ету; әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; әскерлердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету; әскерлерді дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету; әскери-медициналық даярлауды, гигиеналық біліктілікті, салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру; әскери медицина саласындағы ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді ұйымдастыру жатады.
Тармақ 10
10. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің күштері мен құралдарын тұрақты және тиімді басқару: дұрыс, толық және уақтылы ақпаратты үздіксіз жинауды, оны өңдеуді және талдауды; медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді дайындауды және қабылдауды; қабылданған шешімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды; шешімдерді (оның ішінде оны іске асыру жоспарын) бағыныстыларға жеткізуді; қабылданған шешімді іске асыруды (жоспарда көзделген жұмыстың орындалуын ұйымдастыруды); шешімнің (жоспардың) іске асырылуын бақылауды; медициналық қамтамасыз ету жай-күйін бағалауды қамтиды.
Тармақ 11
11. Бір гарнизон аумағында орналасқан әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер гарнизонның әскери-медициналық қызметін құрайды. Олардың әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалатын бір әскери-медициналық бөлім бастығы (командирі) жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмысын жоспарлау орындалатын міндеттер ерекшеліктерін ескере отырып, оның негізгі қызмет бағыттары бойынша белгілі бір күнтізбелік кезеңге (жыл, оқу кезеңі және ай) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер мынадай жоспарларды әзірлейді: 3-5 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын (тек әскер түрлері және әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар және одан жоғары үшін); жылдық жұмыс жоспарын; айлық жұмыс жоспарын; жеке жұмыс жоспарын: пайда болған инфекциялық аурулардың өршуін жою, жеке іс-шараларды (оқу-жаттығулар, спорттық жарыстар) медициналық қамтамасыз ету бойынша; өте қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын.
Тармақ 14
14. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспары жоғары тұрған басқару органдарының перспективалық жоспарлары негізінде белгіленетін ұзақ мерзімді кезеңге әзірленеді. Перспективалық жоспардың мазмұны жоғары жоғары тұрған басқару органдары жоспарларының мазмұнымен және құрылымымен және олардан туындайтын нақты міндеттермен айқындалады.
Тармақ 15
15. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің жылдық жұмыс жоспары оқу кезеңдері бойынша нақтылана отырып, күнтізбелік жылға әзірленеді, ол мынадай бөлімдерді қамтиды: әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің негізгі міндеттері; әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі іс-шаралар; медициналық құрамды жауынгерлік және арнайы даярлау, әскери қызметшілерді әскери-медициналық даярлау; емдеу-профилактикалық іс-шаралар; санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар; дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; материалдық базаны жетілдіру жөніндегі іс-шаралар; ғылыми-әдістемелік әзірлеме.
Тармақ 16
16. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің айлық жұмыс жоспарлары перспективалық, жылдық және жеке жоспарларда көзделген іс-шараларды нақтылау, уақтылы және сапалы орындау мақсатында әзірленеді. Бұл ретте командирлердің (бастықтардың) талаптары мен алдағы айға міндеттер ескеріледі.
Тармақ 17
17. Басқарманың медициналық бөлімшелері бір жылда бір реттен сиретпей бағынысты әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің (мекемелердің) медицина қызметіне тексеруді жүзеге асырады және бағынысты әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер қызметін жиындар, конференциялар бейнеконференциялар) өткізу арқылы қорытындылайды.
Тармақ 18
18. Әскерлерді оқу-жаттығу жауынгерлік даярлауды медициналық қамтамасыз етуді әскери бөлімдер мен мекемелердің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің күштері мен құралдары, ал олар болмаған кезде – гарнизонның әскери-медициналық қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Әскерді оқу-жауынгерлік даярлау процесінде медициналық қамтамасыз етілуге: жауынгерлік даярлық бойынша сабақ, оқу-жаттығу мен оқ ату; дене шынықтыру дайындығы және спорттық іс-шара; танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізу; қарауыл, кезекші күш (ауысым) құрамында әскери қызмет өткеру; әскери жеткізу; парашютпен секіру; сүңгуірлік жұмыс пен су астына түсу жатады.
Тармақ 20
20. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, оқу-жаттығуларды, оқ атуларды және марш-бросоктарды (бұдан әрі – сабақтар) медициналық қамтамасыз ету: болатын сабақтар бойынша ақпарат жинауды; даярлық, сабақтар өткізу және тұрақты орналасу орындарына қайтып оралу кезеңінде әскерлерді медициналық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды; жауынгерлік және көлік техникасын медициналық дәріқобдишалармен жарақтандыруды және оларды уақтылы толтыруды; жеке құрамға шағымдарды және өтініштерді сұрап тексеруді және динамикалық байқвудағы әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді (тексеруді) жүргізуді және оларды болатын сабақтарға қатысуға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды; сабақтарда өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін әскери-медициналық қызметінің күштері мен құралдарын даярлауды, бөлу мен таратуды; сабақтар өтететін аудандарға, жылжу бағыттарына, бөлімдер мен бөлімшелерді орналастыру үшін белгіленген елді мекендердің жай-күйіне, әскери-медициналық бөлімшелерді өрістету аудандарына, науқастарды (жараланғандарды) эвакуациялау жолдарына медициналық барлау жүргізуді; сабақтарда әскери қызметшілердің киім-кешегін, тамақтануын, сумен жабдықтауды, орналастырылуын, демалуын, монша-кір жуу қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ оқу-жаттығу аудандарының және осы аудандарға жылжу маршруттарының санитариялық-эпидемиялық жай-күйін санитариялық қадағалауды (бақылауды) жүргізуді; сабақтар өткізу уақытында әскери бөлімшенің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау жөніндегі медициналық іс-шараларды жүргізуді; сабақтар өткізу кезеңінде әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылауды; әскери қызметшілердің еңбекке және жауынгерлік қабілетінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды; мұқтаж адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде науқастарды және жараланғандарды емдеу мекемелеріне эвакуациялауды қамтиды.
Тармақ 21
21. Дене шынықтыру дайындығы сабақтарын және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету: дене шынықтыру дайындығын және спорттық іс-шараларды жоспарлауға қатысуды; дене шынықтыру дайындығын және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдар бөлуді; спорттық ғимараттардың және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар және спорттық іс-шаралар өткізілетін орындардың санитариялық-гигиеналық жай-күйін медициналық бақылауды; дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарда және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жарақаттанудан сақтандыру жөніндегі шаралардың сақталуын медициналық бақылауды: тәртіп, сақтандырудың бар болуы және сапасы, спорттық құралардың ақаусыздығы; сабақтар және дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсыру үшін дене шынықтыру дайындығы топтары бойынша әскери қызметшілерді бөлуді бақылауды; сабақ жетекшісінің дене дайындығы бойынша сабақтарға рұқсат етуді айқындауға әскери қызметшілерді денсаулық жағдайына шағымдарын сұрауды жүргізуді; денсаулық жағдайы бойынша спорттық іс-шараларға рұқсатты айқындай отырып, әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді жүргізуді; дене шынықтыру дайындығы және спорттық іс-шаралар процесінде жарақат алған немесе ауырған әскери қызметшілерге оларды емдеу мекемесіне эвакуациялаумен медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Тармақ 22
22. Танкілерді және басқа да машиналарды суасты жүргізуді медициналық қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама қағидалары) сәйкес танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге жарамдылығын айқындауүшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және жүргізуді; әскери қызметшілерді құрлықта және су астында оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын пайдалануға оқтып-үйрету бойынша сабақтарды өткізуді бақылауды; танк экипаждарының әскери қызметшілерімен құрлықта және су астында оқшаулағыш тыныс алу аппараттарында тыныс алудың физикалық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізуді; танкілер мен басқа да машиналарды су астында жүргізуді медициналық қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды даярлауды, бөлуді және таратуды; денсаулық жағдайы бойынша танкілер мен басқа да машиналарды суасты жүргізуге рұқсат етуді айқындауменәскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді жүргізуді; әскери қызметшілерді емдеу мекемесіне эвакуациялаумен қайғылы оқиғалар кезінде оларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Танкілерді және басқа да машиналарды суасты жүргізуді медициналық қамтамасыз ету үшін құрамында медициналық көмек көрсетуге арналған мүлік жиынтығымен санитариялық автомобильде дәрігер, фельдшер (мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді.
Тармақ 23
23. Қарауыл құрамын, кезекші күштерді (ауысымдарды) медициналық қамтамасыз ету: жұмысқа рұқсат етуді айқындаумен қарауыл құрамына, кезекші күштерге (ауысымдарға) медициналық қарап-тексеру жүргізуді; қарауылдық үй-жайларды жабдықтауға және күтіп ұстауға, қарауыл құрамын тамақтандыруды, сумен жабдықтауды ұйымдастыруға және орналастыруға санитариялық қадағалауды; қарауылдық үй-жайларды медициналық дәріқобдишалармен жарақтандыруды және қарауылға түсетін адамдарды алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытып-үйретуді; қарауыл құрамына медициналық көмек көрсетуді; қарауыл құрамының қарауылдық және пункттік киіммен қамтамасыз етілуін және пайдалануын медициналық бақылауды; қарауылдық үй-жайларда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді қамтиды.
Тармақ 24
24. Әскери тасымалдарды медициналық қамтамасыз ету: әскери тасымалдарды жоспарлауға қатысуды, болатын тасымалдар және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты жинауды; командирдің өкімімен жіберілетін алдын ала барлау топтарының құрамында медициналық барлау жүргізуді; әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілерін болатын әскери тасымалдарға даярлау жөніндегі медициналық іс-шараларды жүзеге асыруды; медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша әскери бөлімнің басқа да қызметтерімен, санитариялық-карантиндік пункттермен және жергілікті денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; әскери тасымалдар уақытында жеке құрамды жеткізу үшін бөлінген көлік құралдарына, әскери қызметшілердің киім-кешегіне, тамақтануын, сумен жабдықтауды, орналастыруды, демалуын ұйымдастыруға, сондай-ақ әскери қызметшілерді күту, отырғызу және түсіру аудандарына санитариялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыруды; жеткізілетін әскери бөлімнің (бөлімшенің) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі медициналық іс-шараларды жүргізуді; вагондарды, автомобильдерді медициналық дәріқобдишалармен қамтамасыз етуді және оларды уақтылы толтыруды; әскери-медициналық бөлімшенің күштері мен құралдарын әскери эшелондар (командалар, автомобиль лектері) бойынша бөлуді; тиеу кезінде, жол жүруде және түсіру ауданында медициналық көмек көрсету және қажет болған кезде ауырғандарды (зардап шеккендерді) эвакуациялауды қамтиды.
Тармақ 25
25. Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету: Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес парашютпен секіруге жарамдылықты айқындау үшін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және жүргізуді; әскери қызметшілердің жерүсті даярлығы бойынша сабақ өткізуді бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: снарядтың, тренажердың ақаусыздығын, ұшақ макеттерінің, аспалы жүйе үшін стапельдің, парашют трамплинінің жай-күйін, сабақ жетекшілерінің болуын, күрделі жаттығуларды орындағанда сақтандырудың дұрыс болуын; жерге қону алаңын бақылауды жүзеге асыруға қатысуды: терең ордың, шұңқырдың, ағаш түбірінің, қойтастың болмауын, құрылыстан, темір жолдан, электр тарату желісінен, ірі су тоғанынан және басқа да жерге қону үшін қауіпті кедергіден бос қауіпсіздік аймағының болуын; парашютпен секіру кезінде медициналық қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды дайындауды, бөлуді; денсаулық жағдайы бойынша парашютпен секіруге рұқсатнаманы айқындап, әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеруді, секіру басталғанға дейін ішек пен қуықты босату қажет екенін түсіндіруді; жазатайым оқиға кезінде әскери қызметшілерді емдеу мекемесіне эвакуациялаумен оларға медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз ету үшін санитариялық автомобильде медициналық көмек көрсету үшін мүлік жиынтығымен құрамында дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді. Әрбір секіруден кейін жарақатты анықтау мақсатында сұрау мен сырттан қарап-тексеру жүргізіледі. Парашютпен секіруді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде кезекші дәрігер, фельдшер (медициналық мейіргер) мынадай шарттардың сақталуын: тамақтанғаннан кейін 1 сағат өткен соң секіруді; секіру аяқталғаннан кейін демалыс беруді; киім-кешек пен аяқ киімнің климаттық және ауа райы жағдайына сәйкестігін тексереді.
Тармақ 25-1
25-1. Сүңгуірлік жұмыс пен су астына түсуді медициналық қамтамасыз ету: Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес сүңгуірлік жұмысқа және су астына түсуге жарамдылығын айқындау үшін әскери қызметшіні медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен жүргізуді; сүңгуір станциясында сүңгуірлерді медициналық қамтамасыз ету журналының және сүңгуірлер декомпрессиясы режимін тіркеу журналының болуын бақылауды; сүңгуір қобдишасының, сүңгуірлердің сүңгуі мен суасты жұмысын медициналық қамтамасыз ету кезіндегі шұғыл көмекке арналған жинақтың жиынтықталуын бақылауды; талдау нәтижесін журналда тіркеп, су астына түсетін сүңгуірдің тыныс алуына немесе барокамераға берілетін ауа сапасын бақылауды; сүңгуірге денсаулық жағдайы бойынша су астына түсуге рұқсат етуді айқындап, медициналық қарап-тексеруді; жазатайым оқиға болғанда әскери қызметшіні емдеу мекемесіне эвакуациялап, оған медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Сүңгуірлік жұмыспен су астына түсуді медициналық қамтамасыз ету үшін медициналық көмек көрсететін мүлік жиынтығы мен санитариялық автомобильде құрамында дәрігер, фельдшер (мейіргер) бар медициналық бригада бөлінеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету тәртібі
Тармақ 26
26. Әскери қызметшілерге мемлекет есебінен әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету әскери госпитальдарда, әскери лазареттерде, әскери емханаларда (бұдан әрі – әскери-медициналық мекемелер), әскери бөлімдер (бөлімшелер) мен мекемелердің медициналық роталарында (взводтарында, бөлімшелерінде) және медициналық пункттерінде (бұдан әрі – медициналық бөлімшелер) жүзеге асырылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін әскери қызметтен шығарылған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан да көп жыл болған адамдарға мемлекет есебінен әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде медициналық көмек көрсету қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел мемлекеттерінің әскери қызметшілеріне (оқу-жаттығуларға, жарыстарға қатысушылар, білім алушылар, іссапарға келгендер) әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету тараптар арасында қол қойылған келісімдер (шарттар, келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсеткен кезде осы Қағидаларды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін медициналық көмек көрсету қағидаларын, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады және «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) есепке алу құжаттамасының нысандарын толтыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету:
Тармақша 1
1) бастапқы деңгейде амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары;
Тармақша 2
2) екінші деңгейде амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бейінді мамандар;
Тармақша 3
3) үшінші деңгейде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолданумен амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бастапқы және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бейінді мамандар жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери-медициналық (медициналық) көмекті шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы медициналық көмек нысандарында көрсетеді.
Тармақ 31
31. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери-медициналық (медициналық) көмекті:
Тармақша 1
1) тәулік бойы медициналық байқауды және емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде әскери госпитальдар мен лазареттердің қабылдау бөлімшелерінде;
Тармақша 2
2) тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанумен төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқауды көздейтін «бір күндік» терапия және хирургия жағдайларында;
Тармақша 3
3) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу талап етілмейтін және төсек-орын берумен күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда;
Тармақша 4
4) медицина қызметкерін, мобильді бригаданы шақыру, үйде (үйдегі стационарда) емдеуді ұйымдастыру кезінде;
Тармақша 5
5) әскери-медициналық мекемеден (медициналық бөлімшеден) тыс жеткізу кезінде санитариялық автокөлікте және әскери-көлік авиациясында, сондай-ақ далалық медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда және қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде көрсетеді.
Тармақ 32
32. Әскери қызметшілерге бейінді бөлігінде бастапқы, қайталама және үшінші деңгейлерде медициналық көмек көрсету маршрутын әскери медициналық мекемелердің (медициналық бөлімшелердің) жабдықталуына байланысты басқарманың медициналық бөлімшелері айқындайды.
Тармақ 33
33. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) әскери-медициналық көмек (медициналық) пациенттерді медициналық немесе санитариялық сұрыптау негізінде көрсетіледі, оның бірінші кезектегісі олардың жағдайының ауырлық дәрежесіне және санитариялық-эпидемиологиялық қатерге байланысты болады. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) медициналық ұйым ішінде инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуынан сақтандыруға бағытталған инфекциялық бақылау қағидаттары сақталады.
Тармақ 34
34. Амбулаториялық жағдайлардағы әскери-медициналық (медициналық) көмек:
Тармақша 1
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттану, улану немесе кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі және мамандандырылған медициналық көмекті ұсынуды;
Тармақша 2
2) кезек күттірмейтін, оның ішінде үйде медициналық көмекті көрсетуді;
Тармақша 3
3) пациенттерді медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберуді;
Тармақша 4
4) функциялары бұзылған, еңбек ету қабілеті шектелген науқастарды медициналық оңалтуды;
Тармақша 5
5) жеке құрамды медициналық қарап-тексеру «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – Медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидалары);
Тармақша 6
6) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді;
Тармақша 7
7) бекітіліп берілген контингентті дәрімен қамтамасыз етуді;
Тармақша 8
8) кәсіби жарамдылық сараптамасын;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау саласында қабылданған профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды іске асыруға қатысуды;
Тармақша 10
10) бекітіліп берілген контингентке психологиялық көмек көрсетуді;
Тармақша 11
11) онкологиялық сақтану, туберкулезді, жыныстық жолмен таралатын ауруларды анықтау жөніндегі емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуді, анықталған науқастар туралы ақпаратты тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына уақтылы беруді;
Тармақша 12
12) әскери қызметшілерді медициналық оңалтуға және санаториялық-курорттық емделуге іріктеуді;
Тармақша 13
13) бекітіліп берілген контингенттің денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтерді қамтиды.
Тармақ 35
35. Стационарлық жағдайда әскери-медициналық (медициналық) көмек «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия болған кезде пациенттерді емдеу үшін штаттық кереуеттері бар медициналық бөлімшеде, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде көрсетіледі. Әскери қызметшілерді стационарлық емделуге жатқызу үшін медициналық көрсеткіштер әскери қызмет ерекшелігі, орналасу және тұрмыс жағдайы ескеріліп, сондай-ақ тиісті клиникалық хаттамалармен айқындалады. Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс аурулары бар әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерге (медициналық бөлімшелерге) жатқызу осы мекеме (бөлімше) бастығының (бастығы орынбасарының) шешімі бойынша жүргізіледі. Бейінді бөлімшелер жоқ өңірлік әскери-медициналық мекемелерде бейіні бойынша сәйкес келмейтін нозологиялық ауру түрлері бар, жарақаттанған, уланған және басқа да сыртқы фактор әсерінен болған аурулары бар әскери қызметшілер тиісті бейінді мамандардың консультациясынан кейін хирургия немесе терапия бөлімшелеріне стационарлық емделуге жатқызылады. Пациенттерді медициналық бөлімшеге жатқызу олар жүгінген кезде дәрігер (фельдшер) қарап-тексергеннен және Медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің медициналық кітапшасына (бұдан әрі – әскери қызметшінің медициналық кітапшасы) жазумен жібергеннен кейін жүргізіледі. Амбулаторлық жағдайда емделуге тиіс ауруымен, жарақатпен, уланумен және басқа да сыртқы фактордың әсерімен медициналық бөлімшеге жатқызылған әскери қызметші арнайы бөлінген орынға орналасады, медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша медициналық көмек алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес «Жалпыәскери азық үлесі» деген 1-норма бойынша тамақтанады. Медицина қызметкерінің тағайындауын күнделікті орындауды есепке алу № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес № 001/у нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына салынған 4-параққа сәйкес дәрігерлік тағайындау парағында жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Әскери қызметшілер әскери госпитальдарға және лазареттерге:
Тармақша 1
1) жоспарлы тәртіппен – медициналық көрсеткіштер болған кезде дәрігердің (фельдшердің, мейіргердің) ұсынымы (қорытындысы) бойынша берілген әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жолдамасы бойынша;
Тармақша 2
2) шұғыл көрсеткіштер бойынша – жолдаманың болуына қарамастан жатқызылады.
Тармақ 37
37. Әскери бөлімнің және мекеменің шегінен тыс жоспарлы тәртіппен стационарлық емделуге жіберілетін әскери қызметшілерге:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге жолдама;
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің медициналық кітапшасы беріледі. Әскери қызметшілерде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, офицердің жеке куәлігі немесе әскери билеті болады. Әскери қызметшілерді, оның ішінде басқа өңірлерден (гарнизондардан) жоспарлы стационарлық емделуге госпитальға жатқызу күні бейінді бөлімше бастығымен және (немесе) әскери госпитальдың, лазареттің медициналық бөлім бастығымен алдын ала келісу бойынша айқындалады.
Тармақ 38
38. Шұғыл жағдайларда әскери қызметшілер әскери госпитальдарға (лазареттерге) медицина қызметкердің бірге жүруімен әскери бөлімнің және мекеменің санитариялық көлігімен (жедел медициналық жәрдем станциясы (бөлімшелер) бригадаларының) жеткізіледі немесе дербес жүгінеді. Әскери госпиталь (лазарет) әскери бөлімнің және мекеменің командирін (бастығын) олардың бағынысындағы әскери қызметшілер шұғыл көрсеткіштер бойынша емделуге жатқызылғаны туралы хабардар етеді. Шұғыл көрсеткіштер бойынша емделуге жатқызылған әскери қызметшілер үшін әскери бөлім және мекеме осы Қағидалардың 37-тармағында мазмұндалған құжаттарды үш жұмыс күнінен кешіктірмей әскери госпитальдарға (лазареттерге) береді.
Тармақ 38-1
38-1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша,әскери қызмет міндеттерін атқарумен байланысты ауыруы бойынша әскери қызметтен шығарылған, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылы бар адамдарды (бұдан әрі – әскери қызметтен шығарылған адамдар) әскери госпитальға (лазаретке) емделуге жатқызу:
Тармақша 1
1) госпиталь (лазарет) емханалық бөлімшесінің не алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының және (немесе) емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша – тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебіненшарт шеңберінде жоспарлы түрде стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) госпиталь (лазарет) емханалық бөлімшесінің жолдамасы бойынша не тікелей жүгіну кезінде – әскери-медициналық мекемеге бөлінген қаражат есебінен қосымша көлемдегі медициналық көмеккөрсету үшін жүзеге асырылады. Әскери-медициналық мекеме басшылығы медициналық көрсеткіші болғанда емделуге жоспарлы жатқызу көлемінен 20 % шегінде көрсетілген санаттағы азаматтарды жоспарлы емделуге жатқызу туралы шешімді мынадай санаттағы адамдар үшін дербес қабылдайды:
Тармақша 1
1) әскери қызметтен шығарылған: мүгедектікке әкелген ауруына байланысты; басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылғақатысқан; бітімгершілік операцияларға қатысқан; Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) наградталған; күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылы бар;
Тармақша 2
2) келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері: көп балалы ана болып табылатын зайыбы; мүгедектігі бар адам болып табылатын жұбайы (зайыбы); мүгедектігі бар балаға (балаларға) тікелей күтім жасайтын жұбайы (зайыбы). Стационарлық жағдайда медициналық көмек «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Инфекциялық аурулар, тағамнан, жіті кәсіптік улану, екпеге ерекше реакциясы бар пациенттер келіп түскен (жүгінген) кезде әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) үш сағат ішінде байланыс құралдар арқылы ауруды тіркеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерінің аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды және он екі сағат ішінде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 034/у нысан бойынша хабарлама жолдайды. Аса қауіпті инфекциясы бар пациенттер келіп түскен (жүгінген) кезде қосымша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері хабардар етіледі. Инфекциялық аурулар бар және тамақтан уланған пациенттер, сондай-ақ жарақаттары, улану және сыртқы себептердің басқа да әсері етуі бар адамдар топпен және жаппай келіп түскен (жүгінген) кезде әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) үш сағат ішінде БӘМБ-ны, әскери полиция органдарын, сондай-ақ пациент әскери бөлімді және мекемені хабардар етпей келіп түскен әскери бөлімнің және мекеменің командирін (бастығын) хабардар етеді. Стационарға жарақаттанумен, уланумен және сыртқы себептердің басқа да әсер етуімен келіп түскен әскери қызметшілерге бес жұмыс күні ішінде әскери бөлім және мекеме Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларында айқындалатын нысан бойынша мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) туралы анықтама береді.
Тармақ 40
40. Психикалық ауытқуы бар пациенттер медициналық ұйымдарға әскери бөлім және мекеме өкілінің және (немесе) медицина қызметкерінің бірге жүруімен жіберіледі. Пациенттің денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар конвертке салынып бірге жүретін адам арқылы беріледі.
Тармақ 41
41. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) әскери қызметшілердің шығарылғаны туралы осы әскери қызметшілер келген әскери бөлімді және мекемені сол күні хабардар етеді. Шығарылғаннан кейін мерзімді қызмет әскери қызметшілері олардың өкілінің бірге жүруімен әскери бөлімге жіберіледі. Әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелердің (медициналық бөлімшелердің) күн тәртібінде белгіленген күндері және сағатта шығарылады. Әскери-медициналық мекемеден (медициналық бөлімшеден) шығарылған әскери қызметшінің медициналық құжаттары олардың қолына (бірге жүрушіге) беріледі.
Тармақ 42
42. Әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) көрсететін стоматологиялық көмек: профилактикалық қарап-тексеруді, терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттық стоматологиялық көмекті қамтиды. Жылжымалы стоматологиялық кабинеттің (бұдан әрі – ЖСК) жұмысын ол құрамында болатын әскери-медициналық мекеме бастығы ұйымдастырады. Әскери-медициналық мекеменің бастығы жыл сайын стоматологиялық көмекке бекітілген әскери бөлімдерге (мекемелерге) ЖСК-ның бару кестесін бекітеді. Әскери бөлімге және мекемеге болжамды бару уақыты туралы ЖСК бастығы әскери бөлімнің және мекеменің командиріне (бастығына) барғанға дейін кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын хабарлайды. Әскери бөлімнің және мекеменің командирі (бастығы) ЖСК жұмысы үшін жағдай жасайды, бағынысты әскери қызметшілердің стоматологиялық көмек алуы үшін келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 42-1
42-1. Әскери қызметшіге стоматологиялық көмек көрсету үшін жағдай болмағанда әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес стоматологиялық көмек көрсету қызметін денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алады.
Тармақ 42-2
42-2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға стоматологиялық көмек әскери-медициналық мекемеге бөлінген қаражат есебінен қосымша көлемдегі медициналық көмек шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 42-3
42-3. Стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болатын мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, курсанттарға, кадеттерге жоспарлы түрде ауыз қуысының санациясы өткізіледі.
Тармақ 43
43. Стационарды алмастыратын көмекті тиісті медициналық қызмет түрлеріне лицензиясы бар әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) көрсетеді, ол:
Тармақша 1
1) дәрігердің қарап-тексеруін, медициналық көрсеткіштер бойынша бейінді мамандардың консультацияларын;
Тармақша 2
2) диагностикалық, оның ішінде диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес зертханалық және патологиялық-анатомиялық (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер) көрсетілетін қызметтерді;
Тармақша 3
3) медициналық манипуляцияларды және хирургиялық операцияларды жүргізу арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдаланумен стационарды алмастыратын терапияға себеп болған негізгі ауруды емдеуді;
Тармақша 4
4) медициналық оңалтуды;
Тармақша 5
5) пациенттің емханаға дербес келуіне мүмкіндік бермейтін жіті және созылмалы жағдайлар кезінде стационарды үйде ұйымдастыруды;
Тармақша 6
6) еңбекке уақытша жарамсыздыққа және кәсіби жарамдылыққа сараптама жүргізуді қамтиды.
Тармақ 44
44. Әскери-медициналық мекемеден (медициналық бөлімшеден) тыс медициналық көмек жеткізу кезінде санитариялық автокөлікте және әуе кемелерінде, сондай-ақ далалық медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда және қашықтықтан медициналық қызмет көрсету кезінде көрсетіледі. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін бөлінген санитариялық автокөлік және әуе кемелері қажетті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және арнайы жабдықпен жарақтандырылады. Далалық медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда көрсетілетін медициналық көмек нысандары мен түрлері олардың жарақтандырылуын және бейінді маманның болуын ескере отырып айқындалады.
Тармақ 45
45. ҚР ҚК әскери-медициналық мекемелерінде (медициналық бөлімшелерінде) көрсетілетін әскери-медициналық (медициналық) көмек түрлері:
Тармақша 1
1) жедел медициналық көмек;
Тармақша 2
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
Тармақша 3
3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
Тармақша 4
4) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
Тармақша 5
5) медициналық оңалту.
Тармақ 46
46. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) көрсетілетін жедел медициналық көмек жіті аурулар және өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезінде, сондай-ақ оқиға болған жерде және (немесе) медициналық ұйымға барар жолда денсаулыққа елеулі залал келтіруді болдырмау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті, сондай-ақ оқиға болған жерде зардап шегушінің өзі немесе медицина қызметкерлері келгенге дейін жақын жердегі басқа адам (өзара көмек) жасайтын алғашқы көмекті қамтиды. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) кезек күттірмейтін және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) 5-қосымшаға сәйкес жедел жәрдем станциясының дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең аз тізбесіне сәйкес қажетті дәрілік заттар, медициналық бұйымдар салынған жиынтықтар (салымдар, шкафтар) жиынтықталады. Кезек күттірмейтін және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әуе кемелерін тарту Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының шешімімен жүзеге асырылады. Алғашқы көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Алғашқы көмек көрсету стандарттарына сәйкес медициналық білімі жоқ, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті даярлықтан өткен әскери қызметшілер жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Дәрігерге дейінгі медициналық көмекті орта медицина қызметкерлері әскери-медициналық мекемелер (медициналық бөлімшелер) жағдайларында, сондай-ақ сабақтар, оқу-жаттығулар өткізу, жауынгерлік техникаға қызмет көрсету орындарында, сондай-ақ далалық жағдайларда дербес көрсетеді. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек денсаулықты насихаттауды, пациенттің жағдайын бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен рәсімдерді орындауды және науқастарды күтуді қамтиды. Орта медицина қызметкерлері медициналық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 48
48. ҚР ҚК-да алғашқы медициналық-санитариялық көмек әскери қызметші, әскери ұжым деңгейінде көрсетілетін аурулар және жағдай профилактикасын, диагностикалауды, емдеуді қамтитын әскерлердің мұқтажына бейімделген медициналық көмекке алғашқы қолжетімділік орындарында көрсетіледі. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
Тармақша 1
1) анағұрлым таралған ауруларды диагностикалауды, емдеуді және басқаруды;
Тармақша 2
2) жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді;
Тармақша 3
3) ауруларды ерте анықтауды және өршу қатері факторларын мониторингтеуді және анықталған қатер факторларын төмендету дағдыларына оқытып-үйретуді;
Тармақша 4
4) иммунизациялауды;
Тармақша 5
5) салауатты өмір салтын қалыптастыруды және насихаттауды;
Тармақша 6
6) репродуктивті денсаулықты сақтау жөніндегі іс-шараларды;
Тармақша 7
7) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды;
Тармақша 8
8) диспансерлеуді және динамикалық байқауды қамтиды.
Тармақ 49
49. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер мен мейіргерлер, денсаулық сақтау саласындағы психологтар көрсетеді. Штатта медицина қызметкерлері көзделмеген әскери бөлімдер мен мекемелердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін гарнизон бастығының, оларға теңестірілген және одан жоғары әскер тектері және өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бұйрығымен келісу бойынша аумақтық қағидат бойынша әскери-медициналық мекемелерге (медициналық бөлімшелерге) бекітіліп беріледі. 49-1.Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға амбулатория жағдайында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ – 194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес олар әскери-медициналық мекемеде тіркелген жағдайда жүзеге асырылады. Әскери қызметшінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. «Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 238/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 тіркелген)мамандандырылған медициналық көмекті арнайы диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту әдістері, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызмет құралдарын пайдалану талап етілетін ауру кезінде әскери-медициналық мекеменің (медициналық бөлімшенің) бейінді мамандары көрсетеді.
Тармақ 50-1
50-1. Әскери-медициналық мекеме келісімшарт бойынша әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметтен шығарылған адамдарға амбулатория жағдайында консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудішарт шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 51
51. Жіті жағдайлар, хирургиялық араласу және жарақаттану салдарынан медициналық оңалту амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде), сондай-ақ үйде «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 52
52. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық оңалту мақсатында әскери қызметшіге санаториялық-курорттық емдеу ұсынылады.
Тармақ 53
53. Әскери қызметшілерге санаториялық-курорттық емдеуді ұсыну үшін медициналық көрсеткіштер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. Жыл сайын әскер түрлерінде, әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен мекемелерде профилактикалық медициналық қарап-тексеру, жүргізілген стационарлық немесе амбулаториялық емдеу, медициналық куәландыру нәтижелерін, сондай-ақ динамикалық байқау деректерін ескере отырып, санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери қызметшілердің тізімі жасалады. Алдағы жылға санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери қызметшілердің тізімі 25 желтоқсаннан кешіктірілмей БӘМБ-ға ұсынылады.
Тармақ 54
54. ҚР ҚК үшін БӘМБ санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери қызметшілердің жиынтық тізімін жасайды. Алынған санаториялық-курорттық көрсетілетін қызметтерді әскери бөлімдер мен мекемелер (бөлімшелер) бойынша бөлу тізімдерде көрсетілген санаториялық-курорттық емделуге мұқтаждар санына байланысты үлестік арақатынаста жүзеге асырылады. Бөлінген санаториялық-курорттық көрсетілетін қызметтер саны және санаториялық-курорттық ұйымдарға бару кестесі әскери бөлімдер мен мекемелер (бөлімшелер) бойынша таратылады.
Тармақ 55
55. Әскери бөлімдер мен мекемелерде санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін әскери қызметшілерді іріктеуді арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады. Әскери қызметшілерді санаториялық-курорттық ұйымдарға жіберуді бұйрық шығарумен әскери бөлімнің (мекеменің, бөлімшенің) командирі (бастығы) жүргізеді. Бұл ретте әскери қызметшіге:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаториялық-курорттық емделуге жолдама;
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 069/у нысан бойынша санаториялық-курорттық карта;
Тармақша 3
3) әскери қызметшінің медициналық кітапшасы беріледі.
Тармақ 56
56. Әскери қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға (бұдан әрі – әскери зейнеткерлер) мемлекет есебінен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін аурулар тізбесі бойынша көрсеткіш болғанда санаториялық-курорттық емдеу ұсынылады. Жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері департаментінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеу нәтижесін, динамикалық байқау деректерін ескеріп, санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлердің тізімі жасалады. Алдағы жылға санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлер тізімі 25 желтоқсаннан кешіктірілмей БӘМБ-ғаберіледі.
Тармақ 57
57. Санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж әскери зейнеткерлердің жиынтық тізімін жасау, алынған санаториялық-курорттық көрсетілетін қызметті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша бөлу, бөлінген санаториялық-курорттық көрсетілетін қызмет санын және санаториялық-курорттық ұйымға бару кестесін жеткізу осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін әскери зейнеткерлерді іріктеуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері департаментінде құрылған комиссия жүзеге асырады. Санаториялық-курорттық емделуге жіберілетін әскери зейнеткерлерге:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаториялық-курорттық емделуге жолдама;
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 069/у нысаны бойынша санаториялық-курорттық карта беріледі.
Тармақ 59
59. Санаториялық-курорттық емделуге жіберілетін әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлердің тізімін әскер түрі, әскер тегі, өңірлік қолбасшылық, әскери бөлім мен мекеме бақылауды жүзеге асыру үшін санаторийге барған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей БӘМБ-ғабереді. Санаториялық-курорттық емделуге мұқтаж (жіберілетін) адамдардың тізімін жасау кезінде әскери қызметшінің (әскери зейнеткердің) әскери атағы, тегі, инициалдары, ЖСН, еңбек сіңірген жылдары, санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін медициналық көрсеткіш, бұрын алынған санаториялық-курорттық емдеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 60
60. Санаториялық-курорттық емделуге жіберу үшін жалпы қарсы көрсеткіштер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 61
61. Әскери-медициналық мекемеде (медициналық бөлімшеде) зертханалық диагностикалау «Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 257/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін қажетті зертханалық зерттеу тізбесі болмағанда әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше) зертханалық диагностикалау қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен азаматтық-құқықтық шарт жасайды.
Тармақ 62
62. Әскери-медициналық мекемеде патологиялық-анатомиялық диагностикалау «Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 болып тіркелген) сәйкес хирургиялық операция және (немесе) биопсия (операциялық-биопсиялық материал) арқылы алынған пациенттің ағзасындағы (ағза фрагментіндегі), тіні мен жасушасындағы, сондай-ақ мәйіт тініндегі, ағзасы мен жасушасындағы өзгерістер жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі. Патологиялық-анатомиялық диагностикалау мүмкін болмағанда әскери-медициналық мекеме патологиялық-анатомиялық диагностикалау қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымымен азаматтық-құқықтық шарт жасайды.
Тарау 4. 4-тарау. Әскердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету тәртібі
4-тарау. Әскердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
1-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 63
63. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бұзуды алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.
Тармақ 64
64. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҚР ҚК санитариялық-эпидемиологиялық мекемелері мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне кіреді.
Тармақ 65
65. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің санитариялық жай-күйін бағалау мақсатында оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің ауруымен және денсаулық жағдайының көрсеткіштерімен себеп-салдарлық байланысын анықтау, профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау процесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
2-параграф. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 66
66. ҚР ҚК-нің санитариялық-эпидемиологиялық мекемелері ҚР ҚК-да санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және білікті жүргізуге арналған әскери-медициналық қызметінің құрамалары болып табылады.
Тармақ 67
67. ҚР ҚК-да бұл мекемелер Санитариялық-эпидемиологиялық орталықты (бұдан әрі – СЭО) және оның филиалдарын білдіреді.
Тармақ 68
68. Әрбір санитариялық-эпидемиологиялық мекеме (филиал) үшін қолбасшылықтың шешімімен қызмет көрсету ауданы (аймағы) белгіленеді.
Тармақ 69
69. Санитариялық-эпидемиологиялық мекеме (филиал) өзіне бекітілген аудандағы жұмыстан басқа жауапкершілік аймағында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 70
70. СЭО-ның жоспарлы тексерулерін тиісті командир (бастық) бекітіледі.
Тармақ 71
71. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс:
Тармақша 1
1) эпидемиологиялық диагностикалауды;
Тармақша 2
2) инфекциялық ауруды эпидемиологиялық талдауды және болжауды;
Тармақша 3
3) эпидемиологиялық диагностикалау нәтижелері негізінде қадағаланатын бөлімдер мен мекемелерде эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеуді;
Тармақша 4
4) эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруда және жүргізуде қолбасшылыққа және әскери-медициналық қызметіне әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді;
Тармақша 5
5) бөлімдерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.
Тармақ 72
72. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер лауазымды адамдарының әскерлерде санитариялық бақылауды және қадағалауды, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруы:
Тармақша 1
1) санитариялық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша құжаттарды (іс-шаралар жоспарларын, бұйрықтар жобаларын, директивалар мен қолбасшылық нұсқауларын) әзірлеуді;
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруда және жүргізуде қолбасшылықпен және басқа да қызметтермен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетілетін әскерлер орналасқан аумақта эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мүдделерінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау мекемелерімен тұрақты байланыс жасауды;
Тармақша 4
4) қолбасшылыққа және жоғары тұрған әскери-медициналық қызметінің органдарына ұсыну үшін жұмыс бейіні бойынша анықтама-баяндамаларды, есептерді, мәліметтерді және басқа құжаттарды жасауды көздейді.
Тармақ 73
73. Бөлімдер мен мекемелерде санитариялық қадағалау және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық:
Тармақша 1
1) бөлімдер мен мекемелердің медициналық құрамымен нұсқау беру-әдістемелік сабақтар өткізуді;
Тармақша 2
2) қолбасшылыққа және әскери-медициналық қызметіне бөлімдер мен мекемелерде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
Тармақ 74
74. Қызмет көрсетілетін өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелерінде СЭО әскери қызметшілерді гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау профилактикалық іс-шараларының орындалуын бақылайды және оларды жүргізуде практикалық көмек көрсетеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Әскери қызметшілердің орналасуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
3-параграф. Әскери қызметшілердің орналасуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 75
75. Әскери қызметшілердің орналастырылуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау ғимараттардың, құрылыстардың және аумақтың орналасу жағдайларын және санитариялық жай-күйін гигиеналық бағалауды қамтиды.
Тармақ 76
76. Орналасу жағдайларын гигиеналық бағалау санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің лауазымды адамдары жүргізетін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, оның процесінде әскери қалашық пен жеке құрылыстар сипаттамасын қамтитын пәтер-пайдалану қызметінің материалдары зерделенеді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы (бұдан әрі – ІҚЖ) талаптарының іс жүзінде орындалуы тексеріледі.
Тармақ 77
77. Бөлім әскери-медициналық қызметінің тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың, құрылыстардың және әскери қалашық аумағының санитариялық жай-күйін ағымдағы бақылауы үй-жайларда және аумақта тазалық пен тәртіпті ұстауды, сумен жабдықтаудың, жылытудың, желдетудің, кәріздердің тиімді жұмысын және қатты тұрмыстық қалдықтарды жоюды жүйелі түрде тексеруден тұрады.
Тармақ 78
78. Әскери-медициналық қызметі әскери бөлімді оқу-жаттығу орталығына (лагерьге) баруға және оқу-жаттығуға дайындау кезінде:
Тармақша 1
1) аумақтың, сумен жабдықтау көздерінің, елді мекендердің санитариялық жай-күйін, халық арасындағы инфекциялық аурулардың, эпизоотия деңгейі мен құрылымын, сондай-ақ эпидемиялық процестің дамуына әсер беретін жергілікті факторларды сипаттайтын материалдарды жинау және талдау негізінде орналасу ауданын гигиеналық бағалау;
Тармақша 2
2) аумақтың санитариялық жай-күйін бағалау және лагерьді бөлу кезінде оны аймақтарға орынды бөлу мақсатында оқу-жаттығу орталығын (лагерьді) немесе оқу-жаттығу болатын ауданды, сондай-ақ су сапасына зертханалық зерттеу жүргізе отырып, сумен жабдықтау көздерін тексеру;
Тармақша 3
3) далалық тұрғын үйлердің, асханалардың, дәретханалардың, сондай-ақ медициналық пункттерді орналастыруға арналған үй-жайлардың гигиеналық нормалар мен санитариялық қағидаларды орындалу дәрежесін ескере отырып, жеке құрамды далалық жағдайда орналастыруға дайын болуын тексеру;
Тармақша 4
4) бөлімшелер орындайтын міндеттер мен әскери қызметшілердің далалық тұрмыс жағдайларын ескере отырып, гигиеналық білімді насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Әскери бөлімдерді сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
4-параграф. Әскери бөлімдерді сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 79
79. Әскери бөлімдер мен мекемелерді сумен жабдықтауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау су құбырының санитариялық-техникалық жай-күйін, берілетін су сапасының ауыз су және шаруашылық мақсаттар үшін суға қойылатын талаптарға сәйкестігін бақылау болып табылады. Су тұтынудың белгіленген нормаларын сақтауға, персоналдың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды ескере отырып, сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөніндегі жұмысқа жіберуге бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 80
80. Орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің су құбырлары, әскери қалашықтың аумағында орналасқан және әскери бөлімді, құрамаларды сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын басқа да министрліктер мен ведомстволардың су құбырлары құрылыстары мен желілері жатады.
Тармақ 81
81. Стационарлық және далалық жағдайларда орталықтандырылмай сумен жабдықтау және жерүсті немесе жерасты суымен жабдықтау көздерін пайдалану кезінде әскери-медициналық қызметі оларды таңдауға қатысады және су жинау құрылғыларының дұрыс орнатылуын бақылайды, ол су көзі мен санитариялық қорғау аймағы аумағының ластануын болдырмайды. Суды тазалауға және зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықтау кезінде олардың жұмысының тиімділігіне зертханалық бақылау орнатылады. Суды жеткізу, сақтау шарттары және оның тұтынушылар арасында бөлу бақылануға тиіс.
Тармақ 82
82. Әскери бөлімдер мен мекемелерді сумен жабдықтауға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) оның тиесілігі, салынған және қайта жаңартылған күні, жеке құрам мен әскери қалашық тұрғындарының суға қажеттілігін қамтамасыз ету дәрежесі туралы мәліметтерді белгілеуді (сумен жабдықтаудағы іркілістер, олардың жиілігі мен ұзақтығы; суды тұтынудың мөлшерлік нормаларын сақтау, санитариялық қорғау аймағының көлемі мен жай-күйі);
Тармақша 2
2) су құбырының техникалық құжаттамасын зерделеуді және су жинау құрылғылары мен суды өңдеу жөніндегі жабдықтың құрамы мен түрін белгілеуді (сорғылар түрі және олардың суды өңдеу технологиясында көзделген өнімділігі, қондырғылар, материалдар мен реагенттер);
Тармақша 3
3) негізгі су жинау құрылымының жай-күйін, суды өңдеу тиімділігін, персоналдың медициналық тексеруден өту тәртібі мен толықтығын бағалауды;
Тармақша 4
4) жергілікті жердегі су құбыры желілерін тексеруді (су тарту санитариялық-қорғау жолағының ені мен жай-күйі, қарау құдықтарының, су бөлу және кәрізбен қиылысу орындарының жай-күйі, жарылыстар мен авариялардың болуы);
Тармақша 5
5) су жинау құрылымының аумағын және санитариялық қорғау аймағын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру, ластанудың ықтимал көздерін (сыртқы дәретханалар, реагенттер, техникалық құралдар, уытты заттар қоймалары) белгілеуді. Санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуінің аумағы таза, көгалдандырылған және қоршалған болады;
Тармақша 6
6) суды өңдеу құрылымын санитариялық-эпидемиологиялық тексеру кезінде олардың санитариялық жағдайы, әрекеттесу камералары мен тұндырғыштарды тазалау кезеңділігінің пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкестігін, әрбір сүзгіден су сынамаларын алу мүмкіндігін және оны тарату желісіне берер алдында бағалауды;
Тармақша 7
7) судың зарарсыздандырылуын тексеру зарарсыздандыруға арналған үй-жайдың санитариялық жай-күйін бағалаудан бастауды. Суды хлорлау кезінде құрамында хлор бар препараттар мен реагенттер сапасы, олардың жеткілікті қоры айқындалады. Тарату желісіне су беру алдында қалдық хлор құрамы мыналарды құрайды: қалдық бос хлор бойынша 0,3-0,5 мг/л, қалдық байланысты хлор бойынша 0,8-1,2 мг/л. суда бос және байланысты хлор бір мезгілде болған кезде олардың жалпы концентрациясы 1,2 мг/л аспайды;
Тармақша 8
8) жерасты су көздерінің су жинау құрылымын тексеру кезінде атмосфералық жауын-шашын мен жерасты суының түсуінен қорғануына, ұңғыма бастиегін (сағасын) жабдықтауға ерекше назар аударылады. Су көтеру құбырында су сынамасын алу шүмегінің болуы. Ұңғыма бастиегін шахтаға шығарылған кезде онда оның түбінде су жинауға арналған жанас шұңқыр жасалады. Шахтаның үстіндегі қақпақ шахта ішіне атмосфералық жауын-шашынның түсуін болдырмайды;
Тармақша 9
9) резервуарлардың жай-күйін тексеру кезінде олардың атмосфералық және жерасты суларынан қорғалу дәрежесін, жуу және дезинфекциялау тәртібі мен тәсілдерін белгілейді, олар бір жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі;
Тармақша 10
10) екінші көтеру сорғы станциясында оның санитариялық жағдайы, қысымды құбырларда су сынамаларын алу үшін шүмектердің болуы, сорғыларға уақтылы техникалық қызмет көрсету, резервтік сорғылардың болуы және ақаусыздығы тексеріледі;
Тармақша 11
11) су құбыры желілерін тексеру кезінде қарау құдықтары қақпақтарының бар-жоғы және жанасу тығыздығы, олардың қабырғаларының, бекіту арматурасының жай-күйі, судың, топырақ үйінділерінің немесе қоқыстың болуы (болмауы), суағарларды санитариялық қорғау режимінің басқа да бұзылуы (топырақты қазу, қалдықтар үйіндісі, сарқынды сулардың шығуы) тексеріледі;
Тармақша 12
12) әскери қалашықты орталықтандырылмаған көздерден (шахталық құдықтар, бұлақ каптаждары) сумен жабдықтау кезінде олардың құрылысына, санитариялық-техникалық жай-күйіне және пайдалану тәртібіне назар аударылады;
Тармақша 13
13) әскери қалашықты сумен жабдықтау жүйесін санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері құжатпен (акт, анықтама-баяндама) рәсімделеді, онда барлық су құбыры құрылыстарының санитариялық-техникалық сипаттамасы, суды өңдеу әдістері, су көзін ластанудан қорғау, судың мөлшері мен сапасының қолданыстағы нормативтерге сәйкестігін жалпы бағалайды.
Тармақ 83
83. Сумен жабдықтау жүйесінің әрбір көзіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды рәсімделеді.
Тармақ 84
84. Сумен жабдықтау жүйелерінің санитариялық сенімділігінің негізгі критерийі ауыз су сапасы болып табылады, ол шарттық негізде өндірістік бақылау және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тәртібінде зертханалық жолмен айқындалады. Ауыз су сапасын өндірістік бақылауды қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес гарнизондардың аудандық пайдалану бөлімдері ұйымдастырады және жүргізеді. Ауыз су сапасын бақылауды ҚР ҚК санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерінің мамандары жүргізеді. Су сынамаларын алу кезеңділігі, олардың мөлшері және су құбыры құрылымындағы су алу орындары (су жинау орындарында, тарату желісіне түсер алдында), бақыланатын көрсеткіштер тізбесі (қысқартылған немесе толық) жергілікті табиғи жағдайларға, су құбырының санитариялық сенімділігіне, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
Тармақ 85
85. Далалық жағдайларда бөлімдер мен бөлімшелерді сумен жабдықтауды бақылау:
Тармақша 1
1) әскери-медициналық қызметінің сумен жабдықтау көздерін таңдауға, санитариялық қорғау аймақтарын айқындауға қатысуын және оларда белгіленген режимнің сақталуын бақылауды;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймағын көркейту және оларды дезинфекциялау бойынша санитариялық-техникалық жұмыстың жүргізілуін бақылауды;
Тармақша 3
3) су сапасын жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға қатысуды және сумен жабдықтауды дайындау кезінде санитариялық қағидалардың сақталуын бақылауды;
Тармақша 4
4) су сапасын, су тұтыну нормаларының сақталуын және сумен жабдықтау көздері мен пункттерінің, суды өндіру және дайындау құралдарының, сорғы станцияларының, суағарлардың, суды сақтау және тасымалдау құралдарының санитариялық жай-күйін бақылауды;
Тармақша 5
5) әскери қызметшілердің белгіленген ауыз су режимін сақтауын бақылауды;
Тармақша 6
6) әскери қызметшілерде ауыз судың жеке қорларын зарарсыздандыруға арналған құралдардың болуын және оларды дұрыс пайдалануды тексеруді қамтиды.
Тармақ 86
86. Ауыз су сапасын зертханалық бақылауға бөлімнің әскери-медициналық қызметі сынамаларды алуды және оларды санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерге немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне зерттеуге жіберуді жүргізумен қатысады.
Тармақ 5. 5-параграф. Монша-кір жуу қызметін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
5-параграф. Монша-кір жуу қызметін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 87
87. Стационарлық және далалық жағдайларда монша-кір жуу қызметін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) әскери қызметшілерді ұдайы жуындыруды және барлығын толық қамтуды, іш киім мен төсек-орын жабдығын ауыстыруды, сондай-ақ монша сүлгілерімен, сабынмен және жөкемен қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) әскери моншалардың, кір жуу орындарының, сондай-ақ бөлім мұқтажы үшін пайдаланылған жағдайда жергілікті коммуналдық және ведомстволық моншалардың және кір жуу орындарының санитариялық жай-күйін;
Тармақша 3
3) іш киімді, төсек-орынды, киім-кешекті, арнайы киімді жуу, сондай-ақ оларды химиялық тазалау технологиясының орындалуын;
Тармақша 4
4) монша-кір жуу комбинатының персоналын уақтылы және толық медициналық тексеруді және қарап-тексеруді;
Тармақша 5
5) киім-кешекті, іш киімді және төсек-орын жабдығын дезинфекциялауды және дезинсекциялауды, іш киімді паразиттерге қарсы өңдеуді гигиеналық бағалауды және бақылауды қамтиды.
Тармақ 88
88. Бөлімнің әскери-медициналық қызметі монша-кір жуу қызметін көрсетуді санитариялық қағидалар мен нормалардың, жеке қолданылатын құжаттардың талаптары ауқымында тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 6. 6-параграф. Әскери қызметшілердің тамақтануын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
6-параграф. Әскери қызметшілердің тамақтануын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 89
89. Әскери қызметшілердің тамақтануын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) тамақтанудың сандық және сапалық құнарлығын гигиеналық бағалауды;
Тармақша 2
2) азық-түлік пен дайын тағамды қабылдау, жеткізу, сақтау, дайындау және тарату кезінде санитариялық қағидалар мен нормалардың орындалуын бақылауды;
Тармақша 3
3) азық-түлік қызметі объектісінде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайын бақылауды қамтиды. Сонымен қатар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің аумағында орналасқан кез келген меншік нысанындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жатады.
Тармақ 90
90. Әскери қызметшілерді тамақтандырудың нақты жай-күйін бақылау кезінде азық-түлік үлесінің, құрғақ және борттық үлестің, әскери еңбектің қолайсыз факторларының әсер етуі жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды тамақтандырудың, өз әскери бөлімінен бөлек орналасқан бөлімшелердің жеке құрамын, сондай-ақ гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерді тамақтандырудың негізгі және қосымша нормалар бойынша тамақтандыру ескертіледі.
Тармақ 91
91. Әскери қызметшілерді тамақтандырудың нақты жай-күйін гигиеналық бағалау олардың оқу-жаттығу жауынгерлік іс-қимыл жағдайлары ескеріле отырып:
Тармақша 1
1) энергетикалық құндылыққа, тәулік бойы тамақ ішу мөлшері мен тәртібіне сәйкес тамақтану режимін және тәуліктік азық-түлік жиынтығын бақылау арқылы;
Тармақша 2
2) азық үлесін әскери қызметшілерге жеткізуді дайын тағамның шығуын өлшеу әдісімен бақылау, рационның қою бөлігінің массасын және тағам қалдығын айқындау арқылы;
Тармақша 3
3) нақты тамақтану құрылымы мен режимінің әсерінен қалыптасқан әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуын медициналық бақылау нәтижелерін зерделеумен жүргізіледі және жүзеге асырылады.
Тармақ 92
92. Әскери қызметшілерді тамақтандырудың сапалы құнарлығын гигиеналық бағалау қосымша санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерде қоректік заттар (ақуыз, майлар, көмірсу, дәрумен, минералды тұз) жинағы бойынша тағам химиялық құрамының физиологиялық қажеттілігіне сәйкестігін есептеу және зертханалық айқындау негізінде жүргізіледі.
Тармақ 93
93. Азық-түлік қызметінің объектілерінде гигиеналық талаптардың орындалуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау кезінде:
Тармақша 1
1) азық-түлікті қабылдау, сақтау және тарату;
Тармақша 2
2) тағамды, әсіресе тез бұзылатын өнімді аспаздық өңдеу, тағам дайындау, сақтау және тарату;
Тармақша 3
3) азық-түлік қоймаларын, асүйлерді, асханаларды, сондай-ақ технологиялық жабдықты, асханалық және асүйлік ыдыстарды күтіп ұстау;
Тармақша 4
4) өндірістік бақылау бағдарламасын, тағамды дайындаудың (аспаздық өнімді) технологиялық карталарын әзірлеу және енгізу бақыланады. Азық-түлік қызметінің объектісінде санитариялық режимнің сақталуын бақылау кезінде сонымен қатар асхана бойынша персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы және олардың белгіленген кезеңділігі және медициналық тексеру және қарап-тексеру ауқымын орындауы тексеріледі.
Тармақ 94
94. Азық-түлік қоймаларын, асүйлерді, асханаларды күтіп ұстауды санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау белгіленген температуралық-ылғалдық режимді және азық-түліктің әр түрін сақтау мерзімдерін қамтамасыз етуді, азық-түлікті кеміргіштер мен қамба зиянкестерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне, үй-жайларды күнделікті және күрделі жинап тазалау, дезинфекциялау (дезинсекциялау, дератизациялау) сапасына, асхана және асүй ыдыстары мен құралдар тазалығына, оны жуу және зарарсыздандыру қағидаларының сақталуына, технологиялық жабдық пен тоңазытқыш, азық-түлік қызметі объектілерінің айналасындағы аумақты көркейту және тазалау, сондай-ақ тамақ қалдықтарын жинау және жою жөніндегі талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 95
95. Далалық жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау:
Тармақша 1
1) әскери бөлімдер, мекемелер медициналық және азық-түлік қызметтерінің лауазымды адамдарының және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер лауазымды адамдарының тамақтану режимін әзірлеуге және физиологиялық-гигиеналық талаптарды ескере отырып және оқу-жаттығу жауынгерлік қызмет сипатына қатысты азық-түлікті бөлуге қатысумен;
Тармақша 2
2) жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыратын шаруашылық жүргізуші субъектінің (бөлімшелердің, азық-түлік қызметінің) азық-түлік және ауыз су жылжымалы қорларын жеткізуге және сақтауға, тағам дайындауға және оны таратуға әзірлігін тексерумен;
Тармақша 3
3) тамақтандыру объектілерінде тұрақты жұмыс атқарумен байланысты адамдардың медициналық тексерудің белгіленген көлемінен өтуін, азық-түлік пункт аспаздық құрамының гигиеналық нормалар мен санитариялық қағидаларды білуін және жұмыс уақытында олардың орындалуын тексерумен;
Тармақша 4
4) әскери бөлім, мекеме жеке құрамының жеке қазандықпен, кружкамен, қасықпен және құтымен қамтамасыз етілуін бақылау, сондай-ақ олардың жеке және қоғамдық гигиена қағидаларын білуін және орындауын тексеру арқылы;
Тармақша 5
5) азық-түлік пункттерін жергілікті жерде орналастыру, оларды сумен жабдықтауды ұйымдастыру, аумақты тазалау және қалдықтарды жою кезінде гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау арқылы;
Тармақша 6
6) азық-түлік пункттерінде азық-түліктің жылжымалы қорын, әсіресе тез бұзылатын азық-түлікті, сондай-ақ ауыз суын сақтау жағдайларын тексерумен;
Тармақша 7
7) азық-түлікті бастапқы жылумен өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптардың орындалуын, әсіресе мерзімдері мен температуралық режим бойынша бақылау арқылы;
Тармақша 8
8) азық-түлік пункттерінде ас қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуді тексерумен және оның бөлімшелерге жеткізілуін және таратылуын бақылау арқылы;
Тармақша 9
9) азық-түлік пункттерінде жеке қазандықты, кружка мен қасықты, ыдыстарды, құралдар мен термостарды жуу және зарарсыздандыру сапасын тексерумен;
Тармақша 10
10) өз бөлімшелерінен қолүздіріп құрғақ азық-түлік пен арнайы тамақ рациондарын пайдалана отырып, әскери қызметшілердің марш жасаудағы тамақтануын ұйымдастыруды бақылау арқылы жүзеге асырылады. Бөлімнің әскери-медициналық қызметі далалық жағдайларда тамақтандыруға қойылатын гигиеналық талаптарды жеке құрамға жеткізу, өсімдік және жануар тектес кездейсоқ және тексерілмеген өнімді тағамда пайдалануға жол бермеу мақсатында нақты жағдайды ескере отырып, санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Бөлімнің әскери-медициналық қызметі жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыруға санитариялық қағидалар мен нормалар ережелерінің, жеке қолданылатын құжаттардың талаптары ауқымында тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 7. 7-параграф. Әскери еңбек жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
7-параграф. Әскери еңбек жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау
Тармақ 96
96. Әскери еңбек жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жұмыс ортасының қолайсыз факторларының әсер етуіне байланысты кәсіби және басқа да аурулардың, зақымданулар мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында жүргізіледі және әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметін, әскери техниканың жылжымалы және стационарлық объектілеріне және қару-жарақ жүйелеріне қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ әскери бөлімдердің жеке құрамы орындайтын өндірістік, құрылыс және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде гигиеналық нормалар мен санитариялық қағидалардың орындалуын бақылау жүйесін қамтиды.
Тармақ 97
97. Әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) еңбек және демалыс режимін қамтамасыз етуге, күні бойы және оқудың барлық кезеңінде дене жүктемесінің ауқымы мен қарқындылығына қойылатын гигиеналық талаптарды іске асыруды, әртүрлі сабақтарды кезектестіруді, жеке гигиена қағидаларын орындау қажеттілігін ескере отырып, тәулік уақытын бөлуді, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуын өткізуді, әскери қызметшілердің тамақтануын, демалуын және ұйықтауын ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) әрбір шұғылданушыға есеппен үй-жайлар ауданына, табиғи және жасанды жарықтандыруға, желдетуге, оқу сыныптарын жылытуға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптарды ескере отырып, сынып сабақтарын өткізу шарттарын бақылауды, сондай-ақ оларды күтіп ұстауды бағалауды және жинау мен желдету сапасын тексеруді;
Тармақша 3
3) ашық ауада сабақтар өткізу кезінде әскери қызметшілердің киім-кешегін және суық өтудің немесе күн өтудің профилактикасы жөніндегі талаптардың орындалуын тексеруді, сондай-ақ сабақтар өткізу орындарының санитариялық жай-күйін бағалауды;
Тармақша 4
4) оқ атуларды орындау және әскери техниканы пайдалану кезінде әскери қызметшілердің жарақаттануының, улы техникалық сұйықтықтармен, дәрілік және пайдаланылған газдармен улануының профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;
Тармақша 5
5) қолайсыз метеофакторлардың, қоршаған ортаның жоғары немесе төмен температуралары әсер етуінің профилактикасы шараларының орындалуын, ұзақ марш жасау кезінде жеке құрамның демалысын қамтамасыз етуді және қажуының алдын алуды тексеруді;
Тармақша 6
6) дене жүктемелерінің ауқымы мен қарқындылығының әскери қызметшілердің жаттыққандығына сәйкестігін бағалауды қамтиды.
Тармақ 98
98. Әскери бөлімдер мен мекемелер жеке құрамының дене шынықтыру дайындығын және оны шынықтыруды ұйымдастыру және жүргізу кезінде гигиеналық талаптардың орындалуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) ашық ауада және жабық үй-жайларда дене шынықтыру дайындығымен және спортпен шұғылданатын орындардың санитариялық жай-күйін және спорттық снарядтар мен құрылыстардың санитариялық-техникалық жай-күйін бағалауды;
Тармақша 2
2) жарақаттану профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруді;
Тармақша 3
3) жеке құрамның жаттықтыруы процесінде және дайындығының барлық кезеңі ішінде дене жүктемесінің қарқындылығын біртіндеп арттыруды, сондай-ақ спорттық жаттықтырулар режимінің ұтымды болуын бақылауды;
Тармақша 4
4) шынықтыру процедураларын жүргізу жөніндегі талаптардың орындалуын тексеруді қамтиды.
Тармақ 99
99. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, құрылыс және шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде әскери қызметшілердің еңбек жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау:
Тармақша 1
1) объектілерді орналастырудың, жабдықтаудың және жарықтандырудың санитариялық қағидаларға сәйкес келуін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидалары жөніндегі нұсқаулықтардың болуын, жеке құрамға нұсқау беруді есепке алуды;
Тармақша 3
3) санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер мамандарының өлшеу мен зертханалық зерттеулерді жүргізуі жолымен микроклимат параметрлерінің, жарықтандырудың, жұмыс аймағының ауасындағы зиянды қоспалардың, шу мен дірілдің, иондаушы және иондамайтын сәулеленудің және жұмыс ортасының басқа да факторларының болуының гигиеналық нормаларға сәйкес келуін;
Тармақша 4
4) улы техникалық сұйықтықтар мен радиоактивті заттарды есепке алудың, сақтаудың және жұмсаудың дұрыстығын;
Тармақша 5
5) жеке құрамның арнайы киіммен және тыныс алу, көру ағзаларын, теріні жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін;
Тармақша 6
6) жеке құрамның жұмыстан кейін жуынуы үшін жағдайларды;
Тармақша 7
7) қысқы уақытта үй-жайдан тыс техникаға қызмет көрсететін жеке құрам үшін жылыту пункттерінің болуын;
Тармақша 8
8) алғашқы көмек дәріқобдишаларының болуын және жиынтықталуын, жеке құрамның оларды пайдалана білуін;
Тармақша 9
9) кәсіби зияндылықтардың әсер етуі жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды уақтылы және толық медициналық қарап-тексеруді және куәландыруды тексеруді қамтиды.
Тармақ 100
100. Бөлімнің әскери-медициналық қызметі әскери еңбек жағдайларын санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 101
101. Климаты ыстық аудандардағы еңбек және тұрмыс жағдайларын бақылау:
Тармақша 1
1) жоғары температура мен ауа ылғалдылығының бірге әсер етуі кезінде күшті қажет ететін жұмысты орындауға байланысты организмге күн өтудің;
Тармақша 2
2) көздің күн радиациясының көз шағылыстыратын әсерінен, бет терісі мен еріннің күн сәулесінен күюінен және желденуден, тыныс алу ағзаларының шаңның енуінен зақымдануының;
Тармақша 3
3) организмнің тер шығаруы (дегидратация) және жылу күйзелісі кезіндегі сусыздануы әсерінен су-тұз балансының және оны реттеуші жүйелері функцияларының бұзылуының профилактикасы қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 102
102. Климаты суық аудандарда әскери қызметшілердің еңбек етуі, өмірі мен тұрмысы жағдайларын бақылау қатты желмен және мол жауын-шашынмен үйлескен төмен температура мен ауаның жоғары ылғалдылығының әсер етуіне негізделген суық өтудің және суық тию ауруларының профилактикасына бағытталған қосымша іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігін ескере отырып ұйымдастырылады.
Тармақ 103
103. Климаттық жағдайлардың алуан түрлілігімен және метеорологиялық факторлардың өзгеруімен ерекшеленетін таулы аудандарда әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметінің жағдайларын және әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылау:
Тармақша 1
1) теңіз деңгейінен 2000 метрден астам биіктікте пайда болатын негізгі себептері гипоксемия мен гипокапния болып табылатын тау ауруларының;
Тармақша 2
2) ауаның салыстырмалы ылғалдылығының күрт ауытқуымен үйлескен оның төмен температурасының әсер етуіне негізделген суық өтудің және суық тию ауруларының;
Тармақша 3
3) қарқынды күн радиациясынан (тікелей, шашыраңқы және қармен шағылысқан) пайда болатын бет терісі күюінің, қар офтальмиясының;
Тармақша 4
4) жоғары ауа температурасы және дене жүктемелері әсер еткен кезде организмге күн өтудің профилактикасы мақсатында физиологиялық-гигиеналық талаптарды орындауға бағытталған іс-шаралармен толықтырылады.
Тармақ 104
104. Климаты ыстық немесе суық аудандарда, сондай-ақ таулы жерде әскери қызметшілердің қызмет жағдайларын бақылау кезінде бейімделу жөніндегі іс-шараларды жүргізумен:
Тармақша 1
1) қызмет өткеру үшін осы аудандарға жіберілетін жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) бөлімдерде жүктемелердің ауқымы мен қарқындылығын біртіндеп арттыруға негізделген жеке құрамның дене шынықтыру дайындығын жүргізу;
Тармақша 3
3) жеке құрамды қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсер етуінен қорғау тәсілдеріне, күрделі климаттық жағдайларда әрекет ете білуге оқытып-үйрету бақыланады.
Тармақ 105
105. Бейімделу процесінде әскери қызметшілер организмінің жай-күйіне дене жүктемелерінің барабарлығын бақылау кезінде мыналарға сүйенеді:
Тармақша 1
1) бейімделу кезеңінің жалпы ұзақтығы 1,5 – 2 айды құрайды;
Тармақша 2
2) ауырлығы орташа дене жүктемелеріне күнтізбелік 10 күннен кейін, ауыр жүктемелерге – күнтізбелік 20 күннен кейін жол беріледі;
Тармақша 3
3) ыстық климат жағдайларына бейімделудің алғашқы күнтізбелік 10 – 15 күні ішінде дене температурасының кемінде 38°С дейін көтерілуіне және пульстің минутына 110 рет соғылғанға дейін жиіленуіне жол беріледі.
Тармақ 8. 8-параграф. Әскери қызметшілерді гигиеналық тәрбиелеу
8-параграф. Әскери қызметшілерді гигиеналық тәрбиелеу
Тармақ 106
106. Әскери қызметшілерді гигиеналық тәрбиелеу жұмысқа қабілеттіліктің (жауынгерлік қабілеттіліктің), салауатты өмір салтының және гигиеналық нормалар мен санитариялық қағидаларды сақтау үшін жоғары жауапкершіліктің негізі ретінде жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға саналы көзқарасты қалыптастырудың мақсатты процесін, қоршаған табиғи ортаны адам үшін зиянды қалдықтармен және шығарындылармен ластанудан қорғауды қамтиды.
Тармақ 107
107. Әскери қызметшілерді гигиеналық тәрбиелеу және оқыту дәрістерді, әңгімелесулерді, консультацияларды, парақшаларды, жадынамаларды басып шығаруды, санитариялық бюллетеньдерді, қабырға газеттерін шығаруды, плакаттарды, фотокөрмелерді дайындау мен пайдалануды, бейне- және кинофильмдерді көрсетуді, телебағдарламаларды көруді, көп тиражды газеттер мен журналдарда мақалаларды жариялауды пайдалана отырып, топтық және жеке әдістермен жүргізіледі.
Тармақ 9. 9-параграф. Санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың тиімділігін бағалау
9-параграф. Санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың тиімділігін бағалау
Тармақ 108
108. Әскери бөлімдер мен мекемелердегі санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың тиімділігін оқытудың әрбір кезеңінде бөлімнің әскери-медициналық қызметі, ал санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары әскери қызметшілердің денсаулығы көрсеткіштерін (денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы, ауруы) олардың еңбек және тұрмыс жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштермен салыстыру арқылы бөлімді әрбір санитариялық-эпидемиологиялық тексеру кезінде айқындайды.
Тармақ 109
109. Әскери қызметшілердің денсаулығы көрсеткіштерін бағалау бөлімшелер бойынша жеке құрамның санатын, әскери қызметте болу ұзақтығын, әскери қызметшілердің мамандығын, еңбек және тұрмыс жағдайларын, кәсіби зияндылығын ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 110
110. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың және қадағалаудың тиімділігін бағалаудың жинақталған нәтижелері санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жоспарлау, сондай-ақ әскери бөлімнің санитариялық-гигиеналық жай-күйінің нашарлау мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 111
111. Әскери бөлімнің санитариялық жай-күйі:
Тармақша 1
1) жеке құрамның оқу-жауынгерлік қызметі және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету процесінде гигиеналық нормалар мен санитариялық қағидалар орындалған;
Тармақша 2
2) әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы көрсеткіштерін гигиеналық талдау негізінде мақсатты жоспарлы профилактикалық іс-шаралар жүргізілген, барлық санаттағы жеке құрамды гигиеналық тәрбиелеу бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылған;
Тармақша 3
3) әскери бөлімнің және мекеменің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйі саламатты болған, инфекциялық ауру деңгейі әскери бөлім мен мекеме бойынша орташа көрсеткіштерден аспайтын және соңғы үш жылда оның төмендеуіне үрдіс байқалатын, инфекциялық аурулардың өршуі болмаған;
Тармақша 4
4) жеке құрамның денсаулық жағдайы әскери бөлім, мекеме алдына қойылған міндеттерді толық ауқымда шешуге мүмкіндік беретін жағдайда қанағаттанарлық деп танылады.
Тармақ 112
112. Әскери бөлімнің санитариялық жай-күйі оны қанағаттанарлық бағалау үшін шарттар орындалмаған жағдайда қанағаттанарлықсыз деп танылады.
Тармақ 113
113. Әскери қызметшілердің қызмет өткеру және тұрмыс жағдайларын бақылау және жеке құрамның ауруын талдау нәтижелері бөлім командиріне және жоғары тұрған қолбасшылыққа әскери-медицина қызметі бастығының ай сайынғы баяндауына енгізіледі. Осы мәселе бойынша жинақталған баяндаулар жазғы және қысқы оқу кезеңдері аяқталғаннан кейін де ұсынылады.
Тармақ 114
114. Санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың тиімділігін зерделеу және бақылау нәтижелері мақсатты сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және әзірлеу, әскери бөлімнің санитариялық-гигиеналық жай-күйінің нашарлау мүмкіндігін болжау және профилактикалық шараларды алдын ала қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10. 10-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар
10-параграф. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар
Тармақ 115
115. ҚР ҚК-да эпидемияға қарсы іс-шаралардың мақсаты қоздырғыштардың әскери ұжымдарға әкелінуінің алдын алуға, аурулардың таралуына жол бермеуге, пайда болған ошақтарды оқшаулау мен жоюға, сондай-ақ инфекцияларды әскери бөлімдерден (гарнизондардан) тыс жерлерге шығару және оларды басқа елді мекендерге (әскерлер орналасқан орындарға) әкелу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған әскерлерді эпидемияға қарсы қорғау болып табылады.
Тармақ 116
116. ҚР ҚК әскери бөлімінде, гарнизонында, өңірлік қолбасшылықтарында, әскер түрлері мен тектерінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды әскери-медициналық қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 117
117. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды әскери-медициналық қызметі қолбасшылықпен және тылдық қамтамасыз ету қызметтерімен тығыз өзара іс-қимылда әзірленген жоспарлар негізінде жүргізеді.
Тармақ 118
118. Барлық дәрежедегі командирлер мен бастықтардың, сондай-ақ басқа да лауазымды адамдардың эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі іс-қимылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысымен, ал арнайы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық регламенттердің талаптарымен регламенттелген.
Тармақ 119
119. Эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық барлауды, қадағалауды, тексеруді және эпидемиологиялық талдауды қамтитын эпидемиологиялық диагностика негіз болып табылады.
Тармақ 120
120. Эпидемиологиялық диагностика әскери ұжымда инфекциялық аурулардың пайда болу және таралу себептері мен жағдайларын анықтау және ғылыми негізделген эпидемияға қарсы іс-шараларды әзірлеу әдістерінің жүйесін білдіреді. Эпидемиологиялық диагностика санитариялық-эпидемиологиялық барлауды, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемиологиялық тексеруді және эпидемиологиялық талдауды қамтиды.
Тармақ 121
121. Санитариялық-эпидемиологиялық барлау әскерлердің алдағы орналасу және іс-қимылдары аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйі туралы мәліметтерді жинау және талдау арқылы жүргізіледі. Ол медициналық барлаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 122
122. Санитариялық-эпидемиологиялық барлау: ауданның санитариялық-эпидемиялық жай-күйі туралы қолда бар ақпаратты зерделеуді, аға медициналық бастықтан, басқа қызметтер мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарынан мәліметтер алуды, аумақты, сумен жабдықтау көздерін және басқа да сыртқы орта объектілерін сынама алу арқылы тексеруді, жергілікті емдеу-профилактикалық, санитариялық-эпидемиологиялық және коммуналдық мекемелер әскерлерінің мұқтаждары үшін пайдалану мүмкіндігін айқындауды, алынған нәтижелерді талдауды және қолбасшылыққа (әскери-медициналық қызметіне) эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар беруді қамтиды.
Тармақ 123
123. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлім орналасқан ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жүйелі зерделеуді, инфекциялық аурулар мен эпизоотия ошақтарын уақтылы анықтауды, жеке құрамның өмір сүру, тұрмыс жағдайларын және бөлім объектілерінің санитариялық жай-күйін үздіксіз медициналық бақылауды көздейді. Санитариялық-эпидемиялық жағдай нашарлаған, инфекциялық аурулар пайда болған кезде бөлімде эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
Тармақ 124
124. Эпидемиологиялық тексеру эпидемиялық ошақтың пайда болу себептері мен жағдайларын анықтауға және оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды негіздеуге бағытталған. Бір ауру бар ошақты және көптеген аурулар бар ошақты эпидемиологиялық тексеруді ажыратады.
Тармақ 125
125. Бір инфекциялық ауру бар ошақты эпидемиологиялық тексеру: науқасты сұрауды және тексеруді, оның орналасу бөлімінде және ауданында эпидемиялық жағдайды нақтылауды, жұқтыру қаупі бар адамдарды сұрауды және тексеруді, сыртқы орта объектілерін қарап-тексеруді және тексеруді, алынған материалдарды талдауды және қорытуды, ошақты оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды негіздеуді қамтиды.
Тармақ 126
126. Көптеген аурулар бар ошақты эпидемиологиялық тексеруді СЭО мамандары жүргізеді. Тексеру: ауырғандар туралы бастапқы деректерді жинау мен дайындауды, ошақтағы жеке құрамның ауру қарқынын талдауды, қауіп факторлары бойынша аурудың құрылымын зерделеуді, науқастарды және жұқтыру қаупі бар адамдарды сұрауды, сыртқы орта объектілерін тексеруді, алынған деректерді қорытындылауды, ошақтың туындау себептері мен жағдайларын анықтауды және эпидемияға қарсы іс-шараларды негіздеуді қамтиды. Инфекцияның берілу тетігін нақтылау үшін сыртқы орта объектілерін тексеру жүзеге асырылады. Алынған деректерді бағалайды, туындаған өршу түрі, жеке құрамның жұқтыруының нақты себептері мен жағдайлары туралы, сондай-ақ эпидемиялық ошақтың шегі туралы қорытынды жасайды. Тексеру нәтижелеріне сәйкес ошақты жою жөніндегі іс-шаралардың тізбесі мен көлемін айқындайды және оларды өткізу жоспарын жасайды. Цифрлық және графикалық материалдар қоса берілген эпидемиялық ошақты тексеру актісін жоғары тұрған әскери-медицина қызметінің бастығына ошақты жойғаннан кейін ұсынады.
Тармақ 127
127. Эпидемиологиялық талдау инфекциялық ауру деңгейін, құрылымын және қарқынын айқындау, бөлімнің жеке құрамы арасында аурулардың пайда болу және таралу себептері мен жағдайларын анықтау үшін жүргізіледі. Эпидемиологиялық талдау нәтижелері профилактикалық жұмыстың негізгі іс-шараларын негіздеу үшін пайдаланылады, бөлімде талдауды әскери-медицина қызметінің бастығы жүргізеді. Инфекциялық ауруды эпидемиологиялық талдау ретроспективті және жедел болып бөлінеді.
Тармақ 128
128. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау өткен бірнеше жылғы, өткен жылғы немесе әскерлер қызметінің және жауынгерлік даярлығының жекелеген кезеңдеріндегі инфекциялық ауруды талдауды қамтиды.
Тармақ 129
129. Жедел эпидемиологиялық талдау бөлімдер мен бөлімшелердегі эпидемиялық қолайсыздықты ерте анықтау мақсатында жеке құрамның инфекциялық аурулары туралы ақпаратты үздіксіз жинауды және зерделеуді көздейді. Талдау жүргізу үшін өңірлік қолбасшылық бөлімі (мекемесі) әскери-медициналық қызметінің есептері, шұғыл хабарламалар, инфекциялық, паразиттік аурулар, улану жағдайлары туралы кезектен тыс жеткізілімдер негіз болып табылады. Талдау жүргізу әскерлердің орналасу және жауынгерлік даярлығы аудандарын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаумен және эпидемияға қарсы іс-шараларды жедел жүргізуді негіздеумен үйлестіріледі.
Тармақ 11. 11-параграф. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың мазмұны, оларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
11-параграф. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың мазмұны, оларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 130
130. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың мазмұны эпидемиялық процестің үш буынына бағытталған:
Тармақша 1
1) инфекция көзі (науқасты/симптомсыз тасымалдаушыны анықтау, оқшаулау, емдеу-диагностикалық, режимдік-шектеу және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар, профилактикалық дератизациялау);
Тармақша 2
2) беру тетігі (беру тетігін тоқтатуға, әскерлер орналасқан жерде еңбек пен тұрмыстың санитариялық-гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға, профилактикалық дезинфекцияға және дезинсекцияға, гигиеналық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар);
Тармақша 3
3) сезімтал организм (шынығу, иммунопрофилактика сияқты иммунитетті арттырудың арнайы емес құралдары).
Тармақ 131
131. Әскери бөлімде инфекциялық аурулар мен тасымалдаушыларды анықтау:
Тармақша 1
1) бөлімше командирлері мен медицина қызметкерлерінің жеке құрамды сұрауы арқылы таңертеңгі қарап-тексеруде және кешкі тексеруде;
Тармақша 2
2) асхана персоналын медициналық қарап-тексеру кезінде, сондай-ақ тамақтану, сумен жабдықтау және монша-кір жуу қызметін көрсету жұмыскерлерін медициналық тексеру кезінде;
Тармақша 3
3) амбулаторлық қабылдауда;
Тармақша 4
4) бөлімге жаңадан келген және іссапарлардан, демалыстардан және емдеу мекемелерінен қайтып оралатын әскери қызметшілерге медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезінде;
Тармақша 5
5) моншада әскери қызметшілердің денесін қарап-тексеру кезінде;
Тармақша 6
6) жас буынды қабылдау және жоспарлы медициналық қарап-тексеру, тексеру кезінде;
Тармақша 7
7) бақылау-өткізу пунктінде жабдықталған медициналық бекетте аурудың көтерілу кезеңінде жүзеге асырылады.
Тармақ 132
132. Анықталған инфекциялық науқастарды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды медициналық роталар мен пункттердің оқшаулағышына орналастырады. Штаттық оқшаулағышы жоқ әскери бөлімдерде инфекциялық науқастарды алдын ала көзделген үй-жайда оқшаулайды. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері, курсанттар, кадеттер қатарынан инфекциялық науқастарды (симптомсыз таратушыларды) амбулаторлық емдеуге және олардың әскери ұжымда болуына жол берілмейді.
Тармақ 133
133. Медициналық роталар мен әскери бөлімдер (мекемелер) пункттерінің оқшаулағыштарында оны күтіп-ұстау нақты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктерімен айқындалатын эпидемияға қарсы режимнің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 134
134. Науқастар тексеру, диагноз қою, медициналық көмек көрсету және эпидемиологиялық анамнез жинау үшін бір тәуліктен аспайтын мерзімге оқшаулағышқа орналастырылады. Оқшаулағышта емдеу үшін тек тонзилиттің, тұмаудың және жіті респираторлық инфекциялардың асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастарды ғана қалдыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 135
135. Инфекциялық аурулар бар пациенттер әскери госпитальдардың, лазареттердің инфекциялық бөлімшелеріне (оқшаулағыштарға) (бар болған кезде) немесе азаматтық денсаулық сақтау жүйесінің инфекциялық ауруханасына (бөлімшесіне) жатқызылады.
Тармақ 136
136. Инфекциялық науқасты медициналық бөлімшенің оқшаулағышынан госпитальға (ауруханаға) эвакуациялау санитариялық немесе осы мақсат үшін арнайы бөлінген әскери бөлімнің немесе госпитальдың басқа да көлігінде жүргізіледі. Инфекциялық науқастарды ілеспе (қоғамдық), сондай-ақ адамдарды тасымалдауға бейімделмеген көлікте тасымалдауға рұқсат етілмейді. Әртүрлі инфекциялары бар науқастарды, сондай-ақ инфекциялық және соматикалық науқастарды бір автомобильде бірге тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 137
137. Инфекциялық науқаспен бірге жүру үшін медицина қызметкері тағайындалады, онда жеке қорғану құралдары, шұғыл көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектер, сондай-ақ инфекциялық аурудың сипатына сәйкес науқастарды күту заттары (астарлы кеме, науқастың бөлінуін жинауға және зарарсыздандыруға арналған шелек, ішек инфекциялары кезінде клеенка, респираторлық инфекциялар кезінде медициналық маска немесе респиратор) және дезинфекциялау құралдары болады.
Тармақ 138
138. Инфекциялық науқас госпитальға жеткізілетін көлік осы емдеу мекемесінің күшімен дезинфекциялауға ұшырайды.
Тармақ 139
139. Инфекциялық науқастарды әскери эшелондардан эвакуациялау эшелон бастығының өтінімі бойынша теміржол станциясының әскери коменданты арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 140
140. Инфекциялық науқасты анықтау, эпидемиологиялық тексеру нәтижелері және жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы белгіленген тәртіппен бөлім командиріне, жоғары тұрған әскери-медицина қызметінің бастығына және СЭО-ға баяндайды.
Тармақ 141
141. Науқасқа инфекциялық ауру диагнозын қойғаннан кейін әскери-медициналық мекеменің бастығы бұл туралы науқас келіп түскен әскери бөлім қолбасшылығын және СЭО-ны хабардар етеді.
Тармақ 142
142. Эпидемиялық ошақта шектеу іс-шаралары, оның ішінде қызметтің ерекше жағдайларын қамтамасыз ететін карантин жүргізіледі. Бұл іс-шаралардың сипаты инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктерімен және жағдайдың нақты шарттарымен айқындалады.
Тармақ 143
143. ҚР ҚК объектілерінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин бір мезгілде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды және оның аумақтық бөлімшесін хабардар ете отырып, халықтың санитариялық-эпидемилогиялық саламаттылығы саласындағы ҚР ҚМ бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен енгізіледі (жойылады).
Тармақ 144
144. Режимдік-шектеу іс-шараларының әртүрлілігі ҚР ҚК көлік құралдарында және Қазақстан Республикасының аумағына келетін әскери шетелдік көлік құралдарында санитариялық-карантиндік іс-шаралар болып табылады. Санитариялық-карантиндік іс-шаралар:
Тармақша 1
1) сауалнама жүргізуді, қажет болған кезде экипаж мүшелері мен жолаушыларды олардың арасында карантиндік инфекциялармен ауыратындарды және ауруға күдікті адамдарды анықтау мақсатында қарап-тексеруді;
Тармақша 2
2) белгіленген санитариялық құжаттардың (вакцинация немесе ревакцинация туралы халықаралық куәлік, ұшақтың жалпы декларациясының санитариялық бөлімі, теңіз санитариялық декларациясы, дератизация туралы немесе дератизациядан босату туралы куәлік) болуын және дұрыс толтырылуын тексеруді;
Тармақша 3
3) алдын ала жабдықталған орынға (санитариялық алаң, санитариялық айлақ, санитариялық тұйық) көлік құралын қоюды (онда карантиндік инфекциямен ауыратын немесе ауруға күдікті адам анықталған кезде);
Тармақша 4
4) кейіннен оларға медициналық көмек көрсетумен науқастарды және күдіктілерді түсіруді, оқшаулауды;
Тармақша 5
5) экипаж мүшелерін және жолаушыларды обсервациялауды (немесе күшейтілген медициналық байқауды);
Тармақша 6
6) көлік құралын дезинфекциялауды (дезинсекциялауды) және инфекцияның сипатымен және көлік құралындағы эпидемиялық жағдаймен айқындалатын басқа да эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейді.
Тармақ 145
145. Көрсеткіштеріне байланысты профилактикалық, ағымдағы және қорытынды дезинфекция бөлінеді. Объектілерді дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттар пайдаланылады.
Тармақ 146
146. Профилактикалық дезинфекция эпидемиялық жағдайға қарамастан жүйелі түрде жүргізіледі. Профилактикалық дезинфекциялауға дәретханалар, жуынды шұңқырлары, қоқыс жинағыштар, моншалар (санитариялық өткізу орындары), қарауыл үй-жайлары, казармалар, асханалар, медициналық бөлімшелер мен мекемелердің үй-жайлары, ауызсу, кәріздік ағындар, азық-түлік қоймалары, көлік және басқа да объектілер, жеке құрамға қауіп төндіретін патогенді қоздырғыштардың жиналуы жатады. Оны бөлімшелердің жеке құрамын және тәуліктік наряд адамдарын тарта отырып, дезинфектор, оның ішінде штаттан тыс дезинфектор жүргізеді. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуге тартылатын адамдар жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезинфекциялау құралдарымен улану кезінде алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқау алады.
Тармақ 147
147. Ағымдағы дезинфекция медициналық бөлімшелердің оқшаулағыштарында және инфекциялық науқас орналасқан басқа да үй-жайларда ол оқшауланған (ауруханаға жатқызылған) сәттен бастап жүргізіледі. Науқастардың бөлінулері (қақырық, құсу массалары, жуу сулары, нәжіс, зәр, ірің, қан), ыдыс-аяқ, тамақ қалдықтары, іш киім, таңу материалы, үй-жай және ондағы басқа да заттар дезинфекциялауға жатады.
Тармақ 148
148. Қорытынды дезинфекция ол болған жерлерде инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою үшін науқас оқшауланғаннан, ауруханаға жатқызылғаннан, сауыққаннан немесе қайтыс болғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Дезинфекциялауға үй-жайлар, төсек-орын жабдығы, жиһаз, науқастың жеке заттары, басқа да заттар, сондай-ақ инфекциялық науқастарды эвакуациялау үшін пайдаланылатын көлік жатады.
Тармақ 149
149. Әскери-медициналық мекемеде (әрбір бөлімшеде), әскери бөлімнің және мекеменің медициналық бөлімшесінде дезинфекциялық пункт (дезинфекциялық бұрыш) жабдықталады, онда мыналар қамтылады: дезинфекциялық құралдардың ағымдағы қоры, арнайы киім жиынтығы (халаттар, бас киімдер, респираторлар, резеңке етіктер, қолғаптар, алжапқыштар), жұмыс ерітінділерін дайындауға және сақтауға арналған ыдыс, көрнекі құралдар, кітапшалар, дезинфекциялау препараттарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және улану кезінде алғашқы көмек көрсету қағидалары туралы нұсқаулықтар, плакаттар мен жадынамалар, оқыту кезеңіне арналған профилактикалық дезинфекциялау жоспары, дезинфекциялық препараттарды есепке алу журналы және дезинфекциялық препараттарды пайдалануды есепке алу журналы.
Тармақ 150
150. Дезинсекция буынаяқтылардың көбеюінің алдын алу, оларды жою және жеке құрамды қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Дезинсекцияның механикалық, физикалық және химиялық әдістері бар.
Тармақ 151
151. Жеке құрамды масалар мен москиттердің шабуылынан жеке қорғау үшін ұйқы кезінде дәке өрістері, ал ұзақ уақыт ашық ауада, әсіресе далалық жағдайларда болған кезде репелленттер – қан сорғыш буынаяқтыларды үркітетін құралдар, сондай-ақ репелленттер сіңірілген қорғаныш киімдері (арнайы киім-кешек, комбинезондар) және бас торлары қолданылады.
Тармақ 152
152. Әскери бөлімдер мен мекемелерде инсектицидтерді қолдана отырып, инфекциялық аурулар мен тұрмыстық паразиттерді тасымалдаушыларды жою жөніндегі іс-шараларды тыл қызметтері ұйымдастырады.
Тармақ 153
153. Жеке құрамның далалық жағдайларда (орманды, орманды дала, дала жерлерінде) болған кезеңінде иксод кенелеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жеке құрамның өзі және өзара қарап-тексеру жүргізуін, репелленттер сіңірілген киім-кешек немесе комбинезондар киюін, кейіннен оны инсектицидтермен өңдеумен орналастыру аумағын (лагерьді) өсімдіктер мен бұтақтардан тазартуды көздейді.
Тармақ 154
154. Бүрге және қандалаға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, әсіресе жеке құрам далалық жағдайларда болған кезеңде кеміргіштер мен кеміргіштер қоныстанған объектілердің індерін ратицидтермен және инсектицидтермен бір мезгілде өңдеуді, үй-жайлар мен шатырлардың едендері мен төменгі қабаттарын дезинсекциялауды, орналастыру аумағын (лагерьді) қоқыстан және бұтақтардан тазартуды, сондай-ақ киім-кешек пен комбинезондарды репелленттермен сіңдіруді көздейді.
Тармақ 155
155. Әскери қызметшілерде педикулездің алдын алуға жеке құрамның іш киім мен төсек-орын жабдығын ауыстыра отырып, моншада тұрақты жуынуын ұйымдастырумен, сондай-ақ монша-кір жуу комбинаттарында (кір жуу орындарында) оны жуудың технологиялық процесін сақтаумен қол жеткізіледі.
Тармақ 156
156. Санитариялық өңдеу инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын, буынаяқтыларды жоюға бағытталған және тұрғын үй және басқа да объектілердің дезинсекциясымен (дезинфекциялаумен) бірге жүргізіледі. Санитариялық өңдеу киімді ауыстырумен жеке құрамның гигиеналық жуынуын, киімді, киім-кешекті және төсек-орынды камералық өңдеуді (дезинсекциялау, дезинфекциялау), жуылатын киімді қайнатуды қамтиды.
Тармақ 157
157. Санитариялық өңдеу жеке құрам арасында педикулез бен қышыма, бөртпе, қайтарымды және іш сүзегімен, туберкулезбен, дифтериямен және аса қауіпті аурулармен ауыратын науқастар анықталған кезде, сондай-ақ бөлімнің (емдеу мекемесінің) медициналық бөлімшесі қатаң эпидемияға қарсы режим жағдайында жұмыс істеген кезде жүргізіледі. Ол бөлім командирінің өкімімен ұйымдастырылады.
Тармақ 158
158. Жеке құрамды санитариялық өңдеу гарнизондық санитариялық өткізгіштерде жүргізіледі. Далалық жағдайларда ол дезинфекциялық-душ қондырғысын (бұдан әрі – ДДҚ) пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл жағдайда ДДҚ-ны сумен және дизель отынымен, ал жеке құрамды – сабынмен, жөкемен және таза киіммен қамтамасыз етуді бөлімнің тиісті қызметтері ұйымдастырады.
Тармақ 159
159. ДДҚ-ны пайдалануға арнайы даярлықтан өткен және уәкілетті органнан қысыммен жұмыс істейтін агрегаттарды басқару құқығына рұқсат алған жүргізушілер (операторлар) мен дезинфекторлар жіберіледі. ДДҚ-ны пайдалану үшін уәкілетті органнан рұқсат алынады.
Тармақ 160
160. Дератизация профилактикалық және жою іс-шараларын көздейді.
Тармақ 161
161. Профилактикалық іс-шаралар бөлім (лагерь) аумағын шаруашылық қоқыстан және арамшөптерден жүйелі түрде тазартуды, тамақ қалдықтарын, қоқысты кеміргіштер қол жетпейтін контейнерлер мен ыдыстарға жинауды, азық-түлік және су қорын кеміргіштер қол жетпейтін орындарда сақтауды, қойма, тұрғын және қызметтік үй-жайлар мен арнайы құрылыстарды кеміргіштердің енуінен қорғауды қамтиды.
Тармақ 162
162. Жою іс-шаралары кеміргіштерді аулау үшін механикалық аулау құралдарын (қапқандарды, қыспақтарды, ұршықтарды және қолдан жасалған ұстағыштарды) қолдануды, химиялық құралдарды (ратицидтерді) пайдалануды қамтиды.
Тармақ 163
163. Уланған қармақ жемдерді пайдалану және оларды жайып салу, індерді тозаңдандыру, дезинфекциялық-дезинсекциялық жұмыстар жеке қорғану құралдарында (мақта-мата комбинезоны, мақта-дәке маскасы, қорғаныш көзілдірігі, резеңке қолғаптар, алжапқыш) жүргізіледі.
Тармақ 164
164. Жеке құрамды инфекциялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шаралар кешеніне иммунопрофилактика және шұғыл профилактика кіреді.
Тармақ 165
165. Иммунопрофилактика әскери қызметшілерде алдын ала вакцинациялау арқылы жасанды иммунитет құру мақсатында жүргізіледі. Жеке құрамды вакцинациялау (егу) үшін тірі, инактивирленген, химиялық вакциналар мен анатоксиндер пайдаланылады.
Тармақ 166
166. Екпе жасау жоспарлы (профилактикалық) тәртіппен және эпидемиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Әскери-медициналық мекеме (медициналық бөлімше)екпе жасаукезінде «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысын басшылыққа алады.». Эпидемиялық көрсеткіш бойынша екпе жасау өңірлі кошақта және эпидемиялық ахуалды ескеріп жүргізіледі.
Тармақ 167
167. Егуді жүргізуді ұйымдастыру дайындық іс-шаралары, вакцинация, егілгендерді байқау және алынған нәтижелерді тіркеу көрсетілетін әскери бөлім мен мекеме командирінің бұйрығымен нақтыланады.
Тармақ 168
168. Дайындық іс-шаралары егу материалын алуды, медициналық персоналды, құрал-саймандарды және егуге арналған үй-жайды дайындауды, бөлімнің жеке құрамымен инфекциялық аурулармен, олардың алдын алу шараларымен және профилактикалық егулердің мәнімен танысу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, қарсы көрсеткіштері бар әскери қызметшілерді анықтау үшін бөлімнің жеке құрамына термометрия жүргізумен оны медициналық қарап-тексеруді, жеке құрамның моншада жуынуын, егу жүргізу мерзімдерін, орнын және тәртібін айқындауды қамтиды.
Тармақ 169
169. Профилактикалық егуді жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар, егуді жүргізу техникасы қағидаларына, вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамыған жағдайда шұғыл көмек көрсету тәсілдеріне оқытылған, егуді жүргізуге рұқсаты бар адамдар жіберіледі.
Тармақ 170
170. Әрбір егілген адамға иммундаудан кейін 30 минут ішінде медициналық байқау орнатылады. Осы кезеңде шок белгілері пайда болған жағдайда егілген адамға шокқа қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 171
171. Иммундау нәтижелері әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларына және егу карталарына: вакцинациялауды жүргізу күні, вакцинаның атауы, сериясының нөмірі мен дозасы, егуге реакциясы және дәрігердің (фельдшердің) қолтаңбасы енгізіледі. Жеке құрамды вакцинациялау нәтижелері туралы бөлім медицина қызметінің бастығы командирге және жазбаша – аға медицина бастығына және СЭМ-ға баяндайды, жеткізілімде әскери қызметшілерді егумен қамту проценті, егуден кейінгі асқыну саны мен сипаты, егуге реакцияны есепке алу нәтижелері көрсетіледі.
Тармақ 172
172. Шұғыл профилактика жеке құрамның инфекциялық аурулармен ауыру қаупінің алдын алу үшін антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, бактериофагтарды, химиялық препараттарды, иммуноглобулиндерді, интерферондарды және басқа да құралдарды қолдануды көздейді.
Тармақ 173
173. Вакциналар мен анатоксиндер тұмаудың, қызылшаның, эпидемиялық паротиттің, дифтерияның, менингококк инфекциясының, сіреспенің, ботулизмнің, жара инфекцияларының және құтырудың шұғыл профилактикасы үшін қолданылады. Иммуноглобулиндер (глобулиндер) қызылша, шешек, тұмау, көкжөтел, менингококк инфекциясы, құтыру, кене энцефалиті, вирусты гепатит, полиомиелит және сібір жарасы профилактикасы үшін қолданылады. Бактериофагтар іш сүзегінің, паратифтердің, тырысқақтың, дизентерияның, протейдің және ішек колиинфекциясының шұғыл профилактикасы және оны емдеу үшін тағайындалады.
Тармақ 174
174. Күрделі эпидемиялық жағдайларда шұғыл профилактика құралдарын жаппай қолдану туралы шешімді ҚР ҚК БӘМБ-мен келісілгеннен кейін әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың әскери-медицина қызметі (бөлімі) қабылдайды. Әскери қызметшілердің жекелеген адамдарына немесе шағын топтарына шұғыл профилактика құралдарын қолдануды санитариялық-эпидемиологиялық және емдеу-профилактикалық мекемелердің мамандарымен келісу бойынша бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы айқындайды. Шұғыл профилактика құралдарын қолдану туралы әскери қызметшілердің медициналық кітапшалары мен егу карталарында препараттың күні, атауы, дозасы және осы құралдардың қандай мақсатта қолданылғаны туралы белгілер жасалады.
Тармақ 175
175. Иммундық және шұғыл профилактика препараттары дәріханаларда, медициналық қоймаларда белгіленген сақтау шарттарын сақтаумен күтіп ұсталады. Оларды тасымалдау кезінде «суық тізбек» қағидасы сақталады.
Тармақ 176
176. Зертханалық зерттеулер санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, серологиялық, паразитологиялық, зооэнтомологиялық, иммунохимиялық, физикалық және басқа да әдістерді қамтиды. Олар жоспарлы түрде және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. 177. Бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы тыл қызметімен бірлесіп, материалды жеткізу мерзімі мен тәртібін санитариялық-эпидемиологиялық мекеменің (бөлімшенің) мамандарымен келісе отырып, алдын ала зертханалық зерттеулер жүргізуді жоспарлайды. Мұндай зерттеулерге суды, асханадағы заттардан алынған шайындыларды зерттеу, дезинфекция мен стерильдеу сапасын бактериологиялық бақылау, тамақтану, сумен жабдықтау және инфекциялық аурулармен ауырып жазылған жұмыскерлерді профилактикалық тексеру жатады. Әскери бөлім (мекеме) орналасқан ауданда СЭО бөлімшелері болмаған кезде зертханалық зерттеулер аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарында шарттық негізде жүргізіледі.
Тармақ 12. 12-параграф. Жекелеген инфекциялық аурулар (әскерлер үшін өзекті инфекциялар) кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың ерекшеліктері
12-параграф. Жекелеген инфекциялық аурулар (әскерлер үшін өзекті инфекциялар) кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың ерекшеліктері 178. Әскерлер үшін өзекті инфекциялардың санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды әскери-медициналық қызмет жүргізеді. 179. Жеке құрамның жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (тұмауға ұқсас аурулармен, ауыр жіті респираторлық инфекциялармен (бұдан әрі – ЖРИ), тұмаумен ауыруын және олардың асқынуын (пневмония) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жыл бойы мониторинг түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық- профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтиды. Жеке құрам арасында тұмаудың және басқа да ЖРИ-дің жаппай таралуының алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар науқастарды белсенді анықтау және дереу оқшаулау, жеке құрамның орналасуын санитариялық қадағалау, дене шынықтыру және жалпы нығайту іс-шараларының жүргізілуін медициналық бақылау, жеке құрамды иммундау (тұмау кезінде) болып табылады. Бөлімге тұмау бойынша қолайсыз аудандардан келетін әскери қызметшілер күнтізбелік 3 күн ішінде күшейтілген медициналық байқауға жатады. Жеке құрам арасында, әсіресе әскери бөлімге келген жас буын арасында профилактика және тұмауға және ЖРВИ-ға қарсы күрес шаралары туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын ұдайы жүргізу ұйымдастырылады. Әскери бөлімдер мен мекемелерде күн сайын ЖРИ, ангина, тұмау жағдайларын және олардың асқынуын (пневмония), сондай-ақ күн сайын СЭО-ға берілетін оларға байланысты қайтыс болу жағдайларын есепке алу жүргізіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау тәртібі
5-тарау. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау тәртібі
Тармақ 180
180. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен (бұдан әрі – медициналық мүлік) жабдықтау профилактикалық, емдік, сауықтыру, оңалту медициналық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ ҚР ҚК әскери-медициналық қызметін жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінде ұстау мақсатында жүргізілетін ұйымдастыру-жоспарлау, өндірістік, пайдалану, бақылау іс-шаралар кешенін қамтиды.
Тармақ 181
181. Әскерлерді медициналық мүлікпен қамтамасыз ету орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде сатып алуды жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сметасы бойынша бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 182
182. Әскерлерді медициналық мүлікпен қамтамасыз ету осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 183
183. Әскери бөлімді және мекемені медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жылдық жоспарда көрсетіледі.
Тармақ 184
184. Әскерлерді медициналық мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне және қызметтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 185
185. Әскери бөлімдер мен мекемелерді медициналық мүлікпен орталықтандырылған қамтамасыз ету медициналық жабдықтау мекемелері (медициналық қоймалар, медициналық мүлікті және техниканы сақтау базасы (жекелеген бөлім) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 186
186. Штатында дәріханалар көзделмеген әскери бөлімдер мен мекемелер (бөлімшелер) медициналық мүлікпен қамтамасыз етілу үшін БӘМБ-мен келісу бойынша гарнизон бастығының, өңірлік қолбасшылық және әскер тегі, оған теңестірілген және одан жоғары қолбасшының бұйрығымен аумақтық қағидат бойынша әскери-медициналық мекемелерге (медициналық бөлімшелерге) бекітіліп беріледі.
Тармақ 187
187. Медициналық жабдықтау мекемелерінен (медициналық қоймалар, медициналық мүлікті және техниканы сақтау базасы (жекелеген бөлім), сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерден медициналық мүлікті беруге тарату жоспарлары әскери бөлімдер мен мекемелер берген өтінімдерге сәйкес БӘМБ-да жасалады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде артықтарды бағыныстылық тәртібінде байланысты емес ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелері арасында бөлуді БӘМБ жүзеге асырады.
Тармақ 188
188. Бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер шегінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату жоспарларын бір мезгілде БӘМБ-ны хабардар етумен әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың медициналық басқармасы (бөлімі, қызметі) жүзеге асырады.
Тармақ 189
189. Медициналық мүлік деп:
Тармақша 1
1) дәрілік зат;
Тармақша 2
2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қамтитын медициналық бұйымдар;
Тармақша 3
3) медициналық бұйымдарға шығыс материалы;
Тармақша 4
4) медициналық бұйымның жиынтықтаушысы;
Тармақша 5
5) жылжымалы медициналық кешендер түсініледі.
Тармақ 190
190. Медициналық мүлік пайдалану тәртібі бойынша әскери мақсаттағы, арнайы мақсаттағы және жалпы мақсаттағы медициналық мүлік болып бөлінеді.
Тармақ 191
191. Әскери мақсаттағы медициналық мүлік деп көбінесе жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде иондаушы сәулеленумен және жауынгерлік уландырғыш заттармен зақымданғандарға медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ жаралану және күйік алу кезінде ауырсынуды басу үшін пайдаланылатын дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар көзделеді.
Тармақ 192
192. Арнайы мақсаттағы медициналық мүлік деп жараланғандар мен науқастардың өміріне қатер төнетін кезде оларға медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын өмірге қажетті және маңызды дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар көзделеді.
Тармақ 193
193. Жалпы мақсаттағы медициналық мүлік деп әскери және арнайы мақсаттағы медициналық мүлікті қоспағанда, Қарулы Күштердің әскери-медициналық қызметі алдында тұрған міндеттерді шешу үшін пайдаланатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар көзделеді.
Тармақ 194
194. Әскери бөлімдердің штаттарына және штаттарына табельдерге қатысты медициналық мүлік табельдік – ҚР ҚК жабдықтауға қабылданған, жабдықтау нормаларына (қорларға), штаттар мен оларға табельдерге енгізілген және табельдік емес – жабдықтау нормаларына (қорларға), штаттар мен оларға табельдерге енгізілмеген, бірақ профилактикалық, емдік, сауықтыру, оңалту және басқа да медициналық іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын болып бөлінеді.
Тармақ 195
195. Медициналық мүлік арналуы бойынша бейбіт уақытта күнделікті қызмет жағдайларында профилактикалық, емдік, сауықтыру, оңалту және басқа да медициналық іс-шараларды орындау үшін пайдаланылатын ағымдағы қамтамасыз етудегі медициналық мүлік және бейбіт уақытта әскерлерді (күштерді) жұмылдыра өрістетуді қамтамасыз ету немесе соғыс уақытының штаттарына ауыстыру (ұйымдастыру), жанжалдың бастапқы кезеңінде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде жараланғандар мен науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жинақталатын және күтіп ұсталатын жұмсалмайтын қордағы медициналық мүлік болып бөлінеді.
Тармақ 196
196. Медициналық мүлік пайдалы пайдалану мерзімі бойынша негізгі құралдар (мүкәммалдық) және материалдық қорлар (шығыс) болып бөлінеді. Негізгі құралдарға (мүкәммалдық медициналық мүлікке) олардың құнына қарамастан, пайдалану мерзімі 12 айдан асатын мүліктің материалдық обьектілері жатады. Материалдық қорларға (шығыс медициналық мүлікке) олардың құнына қарамастан, 12 айдан аспайтын кезең ішінде пайдаланылатын медициналық мүлік жатады. Негізгі құралдар (мүкәммалдық медициналық мүлік) сапалық (техникалық) жай-күйі бойынша мынадай санаттарға бөлінеді: бірінші санат – жаңа, пайдаланылмаған, жаңа, пайдаланылмаған, сақтау мерзімі 5 жылға дейін, техникалық тұрғыдан ақаусыз; екінші санат – жарамды, пайдаланылған немесе пайдалануда тұрған, арналуы бойынша пайдалануға жарамды, жөндеуден шығарылған немесе ағымдағы жөндеуді қажет ететін, пайдаланылған немесе жаңа, сақтау мерзімі 5 – 10 жылға дейін, сондай-ақ жөндеуден өткен, техникалық тұрғыдан ақаусыз; үшінші санат – орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, сақтау мерзімі 10 – 15 жылға дейін; төртінші санат – күрделі жөндеуді қажет ететін, оған тек конструкция бойынша күрделі медициналық техника бұйымдары, блоктар, тораптар, орташа жөндеуді қажет ететін немесе жаңа, сақтау мерзімі 15 жылдан астам; бесінші санат (есептен шығаруға жататын) – техникалық жай-күйі бойынша жөндеу мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес емес арналуы бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз; жарамсыз, оны қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес.
Тармақ 197
197. Материалдық қорлар (шығыс медициналық мүлік) сапалық жай-күйі бойынша тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.
Тармақ 198
198. ҚР ҚК-да медициналық мүліктің жұмсалмайтын қорларын жинақтау, сақтау, күтіп ұстау, пайдалану жұмылдыра өрістету міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 199
199. Жұмсалмайтын қорларда жинақтау және күтіп ұстау ерекшеліктері бойынша медициналық мүлік қорларда сақталатын медициналық мүлік, қосарланған мақсаттағы медициналық мүлік және ерекше кезеңде толықтыруға жататын медициналық мүлік болып бөлінеді.
Тармақ 200
200. Қорларда сақталатын медициналық мүлікке белгіленген жарамдылық мерзімі оны кемінде екі жыл бойы жұмсалмайтын қорларда сақтауға мүмкіндік беретін медициналық мүлік жатады, жинақтау ауқымы оны медициналық мүліктің барлық қолда бар ресурстары есебінен кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді, оны сақтау арнайы жағдайларды талап етпейді.
Тармақ 201
201. Қосарланған мақсаттағы медициналық мүлікке бейбіт және соғыс уақытында медициналық практикада қолдану үшін бірыңғай талаптар бойынша шығарылатын, бейбіт уақытта күнделікті қызметте пайдаланылатын және әскери бөлімдерді жұмылдыра өрістету немесе әскери бөлімдерді соғыс уақытының штаттарына ауыстыру (ұйымдастыру) кезінде әскери бөлімдерді қамтамасыз етуге енгізілетін медициналық техника жатады.
Тармақ 202
202. Ерекше кезеңде толықтыруға жататын медициналық мүлікке олардың ауқымы, жұмсалмайтын қорларда жинақталуы бейбіт уақытта әскери бөлімдер әскери-медициналық қызметінің қажеттілігінен асатын белгіленген жарамдылық мерзімі екі жылға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жатады.
Тармақ 203
203. ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 204
204. ҚР ҚК әскери бөлімдерінің қарулы жанжалдарға, жедел-жауынгерлік іс-шараларға қатысу, жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалану тәртібі қойылған міндеттерді орындау шарттарымен айқындалады.
Тармақ 205
205. Әскери бөлімдер мен мекемелерді аурулар профилактикасына арналған иммунобиологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету СЭО арқылы жүзеге асырылады. Аурулардың иммунопрофилактикасына арналған медициналық иммунобиологиялық препараттарды әскери бөлімдер мен мекемелер иммундауға жататын әскери қызметшілер санына сүйене отырып, нақты қажеттілігі мен маусымдық ауруы бойынша талап етеді.
Тармақ 206
206. Күнделікті қызмет іс-шараларын жоспарлау кезінде медициналық мүлікке штаттық-табельдік (табельдік) және нақты қажеттілік айқындалады.
Тармақ 207
207. Медициналық мүлікке штаттық-табельдік (табельдік) қажеттілікті айқындау әскери бөлімдер мен мекемелердің штаттары және штаттарына табельдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 609 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12831 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормалары негізінде жүргізіледі.
Тармақ 208
208. Әскери-медициналық мекемелерде медициналық мүлікке штаттық-табельдік (табельдік) қажеттілікті айқындау кезінде медициналық қамтамасыз етудің аумақтық жүйесіне сәйкес медициналық жабдықтауға бекітілген әскери бөлімдердің штаттық-табельдік (табельдік) қажеттілігі ескеріледі.
Тармақ 209
209. Әскери бөлім мен мекемеде медициналық мүлікке нақты қажеттілікті айқындау:
Тармақша 1
1) өткен жылдардағы орташа шығысты;
Тармақша 2
2) жоспарланған профилактикалық, емдік, сауықтыру, оңалту және басқа да медициналық іс-шараларды;
Тармақша 3
3) есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықты;
Тармақша 4
4) медициналық мүліктің техникалық (сапалық) жай-күйін;
Тармақша 5
5) әскери қызметшілердің ауыру деңгейі мен құрылымын ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 210
210. Әскери бөлімнің медициналық мүлікті жоспарлы тәртіпте талап етуі белгіленген есеп беру-өтінім құжаттары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 211
211. Есеп беру-өтінім құжаттарына жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаумен үй-жайларды монтаждауға алдын ала дайындауды, сондай-ақ жеткізушілердің іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуін талап ететін медициналық бұйымдар тізбесі қоса беріледі.
Тармақ 212
212. Медициналық мүлікке қажеттілікті айқындау әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер бейінді мамандарының міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 213
213. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің бейіндік мамандары орталықтандырылған тәртіпте талап етілетін медициналық мүліктің номенклатурасы мен санын, медициналық мүлікті орталықтандырылмаған сатып алу кезінде ақша қаражатын пайдаланудың басым бағыттарын, медициналық мүліктің сапасына және медициналық-техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптарды келіседі. Медициналық мүлікке қажеттілікті келісу парағына бейіндік мамандар қол қояды және ол есеп беру-өтінім құжаттары жиынтығына қоса беріледі.
Тармақ 214
214. Медициналық мүлікті жоспарлы тәртіпте талап ету жылына бір рет есеп беру-өтінім құжаттары бойынша:
Тармақша 1
1) күнделікті қызмет іс-шараларын қамтамасыз ету (ағымдағы қамтамасыз ету);
Тармақша 2
2) медициналық мүліктің жұмсалмайтын қорларын жинақтау, дефектурасын толықтыру, жаңалау және ауыстыру үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 215
215. Ағымдағы қамтамасыз етудегі медициналық мүлікті жоспарлы тәртіпте талап ету есеп-өтінім бойынша жүзеге асырылады. Медициналық мүлік заттарының атауы, олардың өлшем бірліктері жабдықтау нормаларына сәйкес есеп-өтінімде көрсетіледі.
Тармақ 216
216. Есеп-өтініммен қатар түсіндірме жазба ұсынылады, ал әскери-медициналық мекемелер бейіндік мамандар қол қойған келісу парағын да ұсынады.
Тармақ 217
217. Есеп-өтінімге түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) пошта және банктік деректемелер;
Тармақша 2
2) медициналық жабдықтау мамандарының жұмыс және мобильдік телефондары;
Тармақша 3
3) контейнерлерді беру, вагон бойынша жөнелту, жүк және жолаушылар жылдамдығымен жөнелту үшін теміржол станциясының атауы;
Тармақша 4
4) әскери бөлім мен мекеме жеке құрамының саны;
Тармақша 5
5) медициналық қамтамасыз етуге әскери бөлімге және мекемеге бекітіліп берілген әскери бөлім мен мекеме жеке құрамының саны;
Тармақша 6
6) штаттық және өрістетілген төсек-орын саны, штаттық арнайы бөлімшелер мен кабинеттердің болуы, медициналық персоналдың саны мен біліктілігі;
Тармақша 7
7) медициналық мүлікке табельдік қажеттілік есептелген нормалар нөмірлері мен саны;
Тармақша 8
8) табельдік қажеттіліктен асатын санда талап етілетін медициналық мүлік тізбесі және нормативтен тыс талап ету себептері, сондай-ақ есеп-өтінімге кірмеген мүлік тізбесі;
Тармақша 9
9) медициналық мүлікті үнемді және ұтымды пайдалану қорытындылары туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) медициналық мүліктің жетіспеуі, ұрлануы және бүлінуі, сондай-ақ олардың пайда болу себептері туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау қорытындылары, оларды ұрлау және пайда болу себептері туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) медициналық жабдықтау бөлімшелерінің болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 13
13) медициналық жабдықтау кадрларының болуы және жетілдірілуі туралы мәліметтер;
Тармақша 14
14) белгіленген қолдану мерзімдері аяқталмаған медициналық мүлікті есептен шығару негіздемесі;
Тармақша 15
15) медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібі;
Тармақша 16
16) медициналық мүлікті орталықтандырылмаған сатып алу нәтижелері;
Тармақша 17
17) медициналық мүлікпен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
Тармақша 18
18) әскери бөлімнің (мекеменің) медициналық мүлікке бірінші кезектегі мұқтаждықтары.
Тармақ 218
218. Әскери-медициналық мекеменің және әскери бөлімнің есеп-өтініміне медициналық жабдықтауға бекітіліп берілген әскери бөлімдер мен мекемелерге арналған медициналық мүлік енгізіледі.
Тармақ 219
219. Медициналық мүлікті жоспардан тыс талап ету ағымдағы қамтамасыз етудегі медициналық мүлік қорлары есебінен туындаған қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін болмаған жағдайларда:
Тармақша 1
1) жаңа құралымдарды қамтамасыз ету үшін;
Тармақша 2
2) жеке құрам санын, төсек-орын санын және функционалдық бөлімшелерді ұлғайтумен ұйымдық-штаттық құрылымды өзгерту кезінде;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың, табиғи зілзала мен апаттардың медициналық-санитариялық салдарын жою кезінде медициналық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін;
Тармақша 4
4) әскерлерді (күштерді) орналастыру аудандарында санитариялық-эпидемиялық жағдай күрт нашарлаған және эпидемияға қарсы (профилактикалық) және басқа да медициналық іс-шараларды жүргізу қажет болған кезде;
Тармақша 5
5) қолбасшылықтың ерекше (жоспардан тыс) тапсырмаларын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 220
220. Медициналық мүлікті жоспардан тыс талап етуге өтінім барлық белгіленген бағандарды толтырумен есеп-өтінім нысаны бойынша ресімделеді. Медициналық мүлікті жоспардан тыс талап етуге өтінімге медициналық мүлікті жоспардан тыс талап ету себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі бар түсіндірме жазба қоса беріледі. Өтінімге және түсіндірме жазбаға әскери бөлімнің командирі және әскери бөлім мен мекеме әскери-медициналық қызметінің бастығы қол қояды.
Тармақ 221
221. Медициналық мүлікті белгіленген нормалардан артық негізсіз талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 222
222. Медициналық мүлікті жеткізушілерден, басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден медициналық мүлікті әскери бөлімге және мекемеге қабылдауды тиісті қабылдау актісін толтырумен комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 223
223. Медициналық бөлімшелерде медициналық мүлікті заттық-сандық есепке алу жүргізіледі. Медициналық жабдықтау бөлімінде (бөлімшесінде), әскери бөлімнің дәріханасында медициналық мүлікті заттық-сандық есепке алу жалпы әскери бөлім мен мекеме үшін және әрбір медициналық бөлімше бойынша жүргізіледі.
Тармақ 224
224. Әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың медициналық басқармасында (бөлімде, қызметте) бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер үшін медициналық мүлікті заттық-сандық есепке алу жүргізіледі (медициналық мүлікпен жабдықтауды ұйымдастыру мәселелері бойынша штаттық маман болған кезде).
Тармақ 225
225. Әскери-медициналық мекемелерде (медициналық бөлімшелерде) ағымдағы қамтамасыз етудің және жұмсалмайтын қорлардың медициналық мүлкін есепке алу бөлек жүргізіледі.
Тармақ 226
226. Медициналық мүлікті сақтау оның сандық және сапалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмыстарды, уақтылы беруге (тиеуге) әзірлікте ұстауды және арналуы бойынша пайдалануды қамтиды.
Тармақ 227
227. Медициналық мүліктің сақталуы:
Тармақша 1
1) сақтау орындарының болуымен, жай-күйімен және жабдықталуымен;
Тармақша 2
2) медициналық мүлікті жүйелендірумен және орналастырумен;
Тармақша 3
3) әскери-медициналық қызметі лауазымды адамдарының және өз функционалдық міндеттері шегінде сақталатын медициналық мүліктің қасиеттерін, оның сапалық жай-күйін бақылау тәртібін білуімен;
Тармақша 4
4) өндіруші ұйымның нормативтік (нормативтік-техникалық) құжаттамасында белгіленген сақтау шарттарын сақтаумен;
Тармақша 5
5) қарап-тексерулерді, талдауларды, сынауларды, техникалық қызмет көрсетуді, консервациялауды (қайта консервациялауды) және жаңартуды уақтылы жүргізумен;
Тармақша 6
6) есепке алуды жүргізумен және бақылау іс-шараларын жүргізумен;
Тармақша 7
7) өрт қауіпсіздігі және санитариялық-гигиеналық режим қағидаларын сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 228
228. Медициналық мүліктің уақтылы беруге (тиеуге) дайындығы:
Тармақша 1
1) мүлікті сақтау орындарына кірмежолдардың болуымен және оларды күтіп ұстаумен;
Тармақша 2
2) медициналық мүлікті ұтымды орналастырумен;
Тармақша 3
3) еңбекті қажет ететін өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру құралдарын қолданумен;
Тармақша 4
4) лауазымды адамдардың сақталатын медициналық мүлік номенклатурасын, оның орналасқан жерін білуімен;
Тармақша 5
5) әртүрлі көлік түрлеріне тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезіндегі практикалық дағдыларды дамытумен және пайдаланумен;
Тармақша 6
6) механикаландыру құралдарының бар болуымен және оларды қолдануға әзірлікте ұстаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 229
229. Әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен мекемелер арасында медициналық мүлікті беру және оны ауыстыру тиісті әскер түрлерінде, тектерінде және өңірлік қолбасшылықтарда, ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелерінде ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүргізіледі.
Тармақ 230
230. Медициналық жабдықтауға бекітіліп берілген әскери бөлімдерге, мекемелерге және бөлімшелерге медициналық мүлікті беру осы әскери бөлімде және мекемеде ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүргізіледі.
Тармақ 231
231. Құрама құрамына кіретін әскери бөлімдерге (бөлімшелерге) медициналық мүлікті беру тиісті лауазымды адамдар қол қойған бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүргізіледі.
Тармақ 232
232. Медициналық мүлікті әскери бөлімнің бір функционалдық бөлімшесінен екіншісіне беру әскери бөлім командирі және әскери бөлімді медициналық мүлікпен қамтамасыз етуге жауапты адам қол қойған бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 233
233. Әскери бөлімдерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ этил спиртін беру (шығару) әскери бөлімнің командирі қол қоятын жекелеген рецепттермен немесе талап-жүкқұжаттармен ресімделеді.
Тармақ 234
234. Амбулаторлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттар және басқа да шығыс медициналық мүлік пациентке құрама (әскери бөлім) дәріханасынан құрама (әскери бөлім) дәрігері жазып берген рецепт бойынша беріледі. Басқа құраманың (әскери бөлімнің) дәрігері жазып берген рецепт бойынша дәрілік заттар мен басқа да шығыс медициналық мүлік:
Тармақша 1
1) құрамада (әскери бөлімде) – әскери-медицина қызметі бастығының;
Тармақша 2
2) әскери-медициналық ұйымда – ұйым бастығының медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының виза қоюымен беріледі.
Тармақ 235
235. Шұғыл жағдайларда медициналық мүлік жоғары тұрған әскери басқару органының жеделхаты (телефонограммасы) негізінде кейіннен медициналық мүліктің берілгенін бастапқы есепке алу құжаттарымен міндетті түрде растаумен беріледі.
Тармақ 236
236. Төтенше жағдайлар туындаған кезде және жоғары тұрған әскери басқару органымен байланыс болмаған кезде әскери-медициналық мекеменің бастығы медициналық мүлікті беру туралы шешім қабылдайды, ол туралы байланыс қалпына келтірілген кезде команда бойынша дереу хабарлайды. Бұл шешім белгіленген тәртіппен ресімделген бастапқы есепке алу құжаттарымен расталады.
Тармақ 237
237. Әскери-медицина қызметінің жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын объектілері үшін медициналық техника мен жабдықты құрылыс ұйымдары жеткізеді. Салынып жатқан немесе реконструкцияланатын әскери-медициналық қызметінің объектілерін медициналық техникамен және жабдықпен жарақтандыруға арналған медициналық-техникалық тапсырманы жоғары тұрған әскери басқару органы әзірлейді.
Тармақ 238
238. Әскери бөлімге келіп түсетін нұсқаулар, әдістемелік құралдар, нұсқаулар, нұсқаулықтар және басқа да медициналық әдебиет дәріханада мүкәммалдық медициналық мүлікпен тең қатаң есепте тұрады және беру карточкалары бойынша (гигиеналық білімді, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған басылымдардан басқа) беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүзеге асыру тәртібі
6-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 239
239. Әскери-медициналық бөлімшелерде денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері жүргізіледі: еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы; әскери-дәрігерлік сараптама; сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалар; санитариялық-эпидемиологиялық сараптама.
Тармақ 240
240. Әскери-медициналық бөлімшелерде әскери қызметшілердің еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама ішкі қызмет жарғысының 322-тармағына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босатуды не сабақтар мен жұмыстардан алты тәуліктен астам ішінара немесе толық босатуды көздейді. Әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату не ауруы бойынша сабақтар мен жұмыстардан анағұрлым ұзақ мерзімге ішінара немесе толық босату Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 241
241. Әскери-медициналық бөлімшелерде бекітілген контингенттің (әскери қызметшілерден басқа) еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 242
242. ҚР ҚК-да әскери-дәрігерлік сараптама:
Тармақша 1
1) азаматтардың әскери қызметке, сондай-ақ әскери жиындарға немесе денсаулық жағдайы бойынша есепке алу мақсатында жарамдылық санаттарын;
Тармақша 2
2) азаматтардың әскери қызметті, әскери жиындарда қызметті өткеруіне (міндеттерін орындауына) байланысты ауруының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрі – мертігу) және қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысын;
Тармақша 3
3) әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алған мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігулердің ауырлық дәрежесін;
Тармақша 4
4) мемлекеттік авиацияға түсетін азаматтардың және авиация персоналының жеке басының психофизиологиялық қасиеттерін айқындау үшін жүргізіледі. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының құрамы мен өкілеттіктері Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларында айқындалады.
Тармақ 243
243. ҚР ҚК-да сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалар құрамында тиісті бөлімше (зертхана, кабинет) бар әскери-медициналық бөлімшелерде жүргізіледі. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптаманы жүргізген кезде әскери-медициналық бөлімше Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасында белгіленген сот сараптамаларының көрсетілген түрлерін ұйымдастыру және сот-сараптама зерттеулерін жүргізу тәртібін басшылыққа алады.
Тармақ 244
244. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер физикалық факторларды органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеу кешенін, басқа да зерттеулерді, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, әскери объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобаларға сараптама жүргізеді. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
Тарау 7. 7-тарау. Әскери медицина бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді және оқытуды ұйымдастыру
7-тарау. Әскери медицина бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді және оқытуды ұйымдастыру
Тармақ 245
245. Әскери медицина бойынша ғылыми әзірлемелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әскери-медициналық бөлімшелердің мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 246
246. Әскери медицина бойынша әдістемелік әзірлемелер (ұсынымдар, құралдар) БӘМБ әзірлейтін жыл сайынғы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, онда әдістемелік әзірлеменің (ұсынымның, құралдың) тақырыбы, орындалу мерзімі, орындаушысы көрсетіледі. Әскери-медициналық бөлімшелердің жұмысында басшылыққа алу және жұмыс үшін пайдаланылатын әскери медицина бойынша әдістемелік әзірлемелердің жобаларын бейінді мамандар қарайды және келіседі және БӘМБ бастығы бекітеді.
Тармақ 247
247. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медицина және фармацевтика кадрларын оқыту: жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді: резидентура, магистратура және докторантура; мамандардың қосымша және формальды емес білім арқылы қосымша білім мен дағдыларды алуын; әскери-медициналық бөлімшелерді даярлау жүйесіндегі жауынгерлік даярлықты; госпитальдық дәрігерлік конференцияларды қамтиды.
Тармақ 248
248. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медицина және фармацевтика кадрларының жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі (резидентура, магистратура және докторантура) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 249
249. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін шетел әскери оқу орындарына жіберу «Шетел әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 250
250. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медицина және фармацевтика кадрларына қосымша және формальды емес білім беру: өтеусіз негізде Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты қосымша және формальды емес медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда; осы мақсаттарға бюджеттен бөлінген ақша есебінен, сондай-ақ өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен қосымша және формальды емес медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын өзге де ұйымдарда ұйымдастырылады.
Тармақ 251
251. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медицина және фармацевтика кадрларының тағылымдамасы мамандарды әскери госпитальдарға (лазареттерге), сондай-ақ ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттарына, клиникалық базаларға, білім беру ұйымдарының клиникаларына жіберу арқылы ұйымдастырылады. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің медицина және фармацевтика кадрын тағылымдамадан өткізу әскери бөлім (бөлімше) менмекеме медициналық ротасының (взводының, бөлімшесінің) және медициналық пунктінің, әскери емхананың, дәрігерлік-ұшу сараптамасы бөлімінің (авиациялық медицина зертханасының) дәрігерлерін әскери госпитальға (лазаретке) жұмыс бабындағы іссапарға жіберу (он тәулікке дейін) не кезекшілікке тарту арқылы жүзеге асырылады. Тағылымдаманы әскери госпиталь (лазарет) бастығы әскери бөлімдер (бөлімшелер) мен мекемелер командирлерімен (бастықтарымен) келісу бойынша іссапар шығыстары етілмейтін аумақтық қағидатты ескере отырып ұйымдастырады. Тағылымдамаға клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) даярлығын растайтын маман сертификаты бар медициналық персонал тартылады. Медициналық персоналды тағылымдамаға тартудың әрбір жағдайы әскери бөлім (бөлімше) мен мекеме командирінің (бастығының), сондай-ақ әскери госпиталь (лазарет) бастығының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 252
252. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің медицина және фармацевтика кадрларына қосымша және формальды емес білім беруді жоспарлауды БӘМБ әскери бөлімдер мен мекемелерден келіп түскен өтінімдер негізінде жүзеге асырады. Медицина және фармацевтика кадрларын қосымша және формальды емес білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін шетел әскери оқу орындарына жіберу тараптар арасында қол қойылған келісім (шарт, келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 253
253. Медицина және фармацевтика кадрларын жауынгерлік даярлауды бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелер үшін басқарманың медициналық бөлімшелері әзірлейтін жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша тиісті командирлер мен бастықтар ұйымдастырады.
Тармақ 254
254. Госпитальдық дәрігерлік конференцияларды әскери госпиталь (лазарет) бастығы тоқсанына кемінде бір рет бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз етуді қорытындылау, медициналық көмек көрсету кезіндегі ақаулықтарды талқылау және талдау, сондай-ақ медициналық құрамды медициналық ғылым мен клиникалық практиканың жаңа жетістіктері туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 255
255. ҚР ҚК әскери қызметшілерін (медициналық емес құрамын) әскери-медициналық даярлауды бөлімшелер командирлері тақырыпқа сәйкес стенділермен және көрнекі құралдармен, сондай-ақ арнайы жабдықпен және оқу мүлкімен жарақтандырылған оқу сыныптарында ұйымдастырады.
Тармақ 256
256. Әскери-медициналық даярлықты әскери бөлімнің (бөлімшенің) және мекеменің жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес медициналық немесе медициналық емес (даярланған) персонал жүргізеді.
Тармақ 257
257. Әскери-медициналық даярлық:
Тармақша 1
1) алғашқы көмек көрсетуді жүргізу қағидалары мен тәсілдеріне (жүрек қызметін және тыныс алуды қалпына келтіру; қан кетуді тоқтату; сынықтар кезінде иммобилизациялау, жараларға, оның ішінде күйікке таңу және таңу материалдарын салу) оқытып-үйретуді, оларды жүргізу дағдыларын дарытуды;
Тармақша 2
2) алғашқы көмек дәріқобдишасын пайдалану, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету үшін қолда бар құралдарды пайдалану қағидаларын оқытып-үйретуді;
Тармақша 3
3) іздеу, жауынгерлік техникадан және жету қиын жерлерден шығару, жараланғандар мен зардап шеккендерді жеткізу және жеткізу қағидалары мен тәсілдеріне оқытып-үйретуді және осы іс-шараларды жүргізу дағдыларын дарытуды;
Тармақша 4
4) радиоактивті, уландыру заттармен және бактериялық құралдармен зақымдану жағдайларында әрекет ету қағидалары мен профилактика шараларына, оның ішінде ішінара санитариялық өңдеу жүргізу тәсілдері мен қағидаларына оқытып-үйретуді қамтиды. Көрсетілген мәселелер әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық әскери қызметшілері үшін ортақ болып табылады, орындалатын міндеттердің ерекше ерекшеліктерін және оқу-жаттығу жауынгерлік іс-қимыл жағдайларын ескере отырып, әртүрлі дәрежеде егжей-тегжей зерделенеді.
Тармақ 258
258. Жеке құрамды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытып-үйрету үшін сертификаты бар жаттықтырушыларды даярлау «Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21464 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Стационарлық емделуге жолдама
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларына 1-қосымша Нысан Әскери бөлімнің және мекеменің бұрыштамалық мөртаңбасы _____________________________ (әскери-медициналық мекеменің атауы көрсетіледі) бастығына (командиріне) Стационарлық емделуге жолдама 1._______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (емделу жоспарланған бейінді бөлімнің атауы көрсетілсін) стационарлық емделуге жіберіледі. 2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ____________________________________ 3. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________ 4. Әскери атағы ___________________________________________________________ 5. Туған күні ______________________________________________________________ 6. Әскери бөлім және мекеме________________________________________________ 7. Лауазымы ______________________________________________________________ 8. Алдын ала қойылған диагнозы _____________________________________________ ______________________________________________________________________________ 9. Жіберілген күн __________________________________________________________ 10. Госпитальға жатқызуды алдын ала келісу туралы мәлімет _____________________ ______________________________________________________________________________ Командир (бастық) _________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары) Әскери-медицина қызметінің бастығы (дәрігер, фельдшер, мейіргер) ______________ ______________________________________________________________________________ (әскери бөлім және мекеме, әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары) М.О. (әскери бөлімнің және мекеменің елтаңбалы мөрі)
Басқа 2. Әскери қызметшілерге санаторийлік-курорттық емделуді беру үшін медициналық көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша Әскери қызметшілерге санаторийлік-курорттық емделуді беру үшін медициналық көрсеткіштер
Тармақ 1
1. Қан, қан түзетін ағзалар аурулары және мынадай иммундық механизмге әкелетін жеке бұзушылықтар: емделуден ұзақ оң нәтиже бар гемолитикалық анемия; тамақтанумен байланысты, емделудің оң нәтижесі жеткіліксіз болған кездегі орташа, ауыр дәрежедегі анемия (темір тапшылығы, В12 дәруменінің тапшылығы, фолий тапшылығы және басқа); тромбозсыз, геморрагикалық белгілерінсіз ұзақ уақыт оң нәтижелі емделуден кейінгі тромбоцитопатия, коагулопатия; толық терапия курсы аяқталғаннан кейінгі жүйелі емес қан ауруларынан кейінгі жай-күй; спленэктомиядан кейінгі жай-күй; ремиссия сатысындағы қан ұюының бұзылуы, пурпуре және басқа да геморрагикалық жай-күй (Виллебранд, Шенлейн-Геноха және басқа аурулар).
Тармақ 2
2. Эндокринді жүйенің аурулары, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы: I – II дәрежелі эутиреоидты зоб; диффузды уытты зобтың жеңіл емделетін түрлері; клиникалық-гормоналдық компенсация кезінде эндокринді безге медициналық процедураларды жасағаннан кейінгі жай-күй; бір тәулік ішінде гликемия 8,9 ммоль/литрден аспайтын және (немесе) гликозилденген гемоглобин 7,5 процентке тең немесе одан аз 2-дәрежелі қант диабеті, кеш асқыну болмаған кезде; эндокринді без функциясы бұзылмаған созылмалы фиброзды және аутоиммунды тиреоидит.
Тармақ 3
3. Психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы: невротикалық бұзылудан кейінгі немесе жіті соматикалық аурулар нәтижесінде пайда болатын астеникалық бұзылу.
Тармақ 4
4. Нерв жүйесінің аурулары: кене шаққаннан, тұмаудан, вакцинациядан, энцефалиттің ревматикалық және тағы басқа да нысандарынан кейінгі қалдық белгілері, астензияның, вегативті-тамыр тұрақсыздығының шамалы белгілерімен және жеке тұрақты шашыраңқы органикалық белгілермен орталық нерв жүйесі зақымдануының салдары мен қалдық белгілері; І сатылы дисциркуляторлы энцефалопатия; функцияларының бұзылуынсыз орталық нерв жүйесі тарапынан тұрақсыз ошақты симптомдармен болатын ми қан айналымының сирек өтпелі бұзылуы (мидың тразиторлық ишемиялары, гипертониялық церебралды криздер); ми қан айналымы жеткіліксіздігінің алғашқы белгілері; жиі емес бас сақинасы ұстамаларының әр түрлері; бас немесе жұлын-ми жарақатының жеке салдары; жеке бассүйек-ми нервісінің, нерв тамырлары мен талшықтарының алғашқы және қайта зақымдануы, полиневропатия және басқа да перифериялық нерв жүйесінің зақымдануы (қол-аяқ буындары функциясының сирек асқынуы, орташа (шамалы) бұзылуы немесе қалдық белгілері); бассүйек-ми және перифериялық нерв жарақатының салдары (қол-аяқ буындары функциясының сирек асқынуы, шамалы бұзылуы не қалдық белгілері); жіті инфекциялық, паразиттік және басқа да аурудан, уытты зақымданудан және нерв жүйесінің жарақатынан, сондай-ақ бас немесе жұлын миы тамырларының жіті ауруынан кейінгі 2 айдан аспағандағы жай-күйі.
Тармақ 5
5. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары: көздің ішкі қысымының қалыпты деңгейімен бастапқы сатыдағы алғашқы глаукома (окулис қорытындысымен); ауыр жарақатқа, контузияға және көздің күюіне байланысты қайта қалпына келтіру операцияларынан кейінгі жай-күйі; оптикалық-қайта қалпына келтіру операциясынан кейінгі, бір айдан ерте емес жай-күй; жарақаттану этиологиясымен торқабықтың ажырауы (жыртылуы), торқабықтың дистрофикалық сипаттағы аурулары, үдемелі емес және қалпына келген көру функциясы кезіндегі көру нервісінің жиі атрофиясы.
Тармақ 6
6. Құлақ пен емізік тәрізді өсінді аурулары: операциядан кейінгі қуыстың толық эпидермизациясы 6 және одан да көп ай бұрын жасалған радикалды операциядан кейінгі жай-күй; кемінде 1 метрден сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде естудің тұрақты төмендеуі; алынған барожарақат салдары.
Тармақ 7
7. Қан айналымы жүйесінің аурулары: СЖӘ I ФС-дан жоғары емес кезіндегі ревматикалық емес миокардит болғаннан кейін жіті белгілер аяқталғаннан кейінгі тұрақты ремиссия сатысындағы жай-күй; сәтті абляциядан кейін (радиожиілік және басқа) операциядан кейінгі таяудағы 2 жылдағы жай-күй; жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылмаған I ФС-тан жоғары емес СЖЖ, елеулі дене белсенділігі кезіндегі сирек ұстамалармен тұрақты стенокардия; I ФС-дан жоғары емес СЖЖ коронарлық ангиопластика (стентирования) болғаннан кейін жай-күй; жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылуы байқалмайтын клиникалық манифестік жүрек-қан тамырлары және бүйрек аурулары (3-дәрежелі және одан жоғары СБА) болмаған кездегі І – ІІ дәрежелі артериалық гипертензия жай-күйі; ІІ сатыдағы (жоғары емес) созылмалы геморрой, сондай-ақ геморройды хиругиялық емдегеннен кейінгі таяудағы 2 жылдағы жай-күй; І сатыдағы аяқ қан тамырларының жойылатын эндартерииті, тромбангииті, атеросклерозы; С2-С3 (СЕАР бойынша жіктеме) тамырдың созылмалы ауруы; II дәрежеден жоғары емес терінің қалыңдауы; қан айналымының бұзылуынсыз магистральдық және перифериялық тамырларға операция жасалғаннан кейінгі (операциядан кейінгі таяудағы 2 жылдағы) жай-күй;
Тармақ 8
8. Тыныс алу ағзаларының аурулары: жоғарғы тыныс алу жолдары тіндерінің дистрофиясы белгілерінсіз, жиі асқынуларсыз мұрын маңы қуыстарының созылмалы іріңсіз аурулары (катаралды, серозды, вазомоторлы және синуситтердің басқа да іріңсіз түрлері), сондай-ақ үстіңгі жақ қуыстарының гиперпластикалық синуситі мен жылауық; ремиссия сатысындағы респираторлық аллергиясы айқын көрінетін поллиноз; І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен бронхоэктазсыз ремиссия сатысындағы созылмалы бронхит; жеңіл персистелген және интермиттелген бронх демікпесі; І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігімен ауыр және асқынған немесе созылмалы өтетін пневмонияға (өкпенің қабынуы) шалдыққаннан кейінгі (жазылғаннан кейінгі 1 жылдағы) жай-күй; І дәрежеліден жоғары емес тыныс алу жеткіліксіздігімен операциядан кейін бекіген тыртықпен ауруына (жарақатына, жаралануына) байланысты бронх-өкпе аппаратындағы операциядан кейінгі (операциядан кейінгі таяудағы 2 жылдағы) жай-күй;
Тармақ 9
9. Ас қорыту ағзаларының аурулары: асқынудан тыс ІІІ сатыдан жоғары емес гастроэзфагельді рефлюкстік ауру; асқынудан тыс созылмалы қайталанатын ерекшеленбейтін ойық жаралы колит; асқынудан тыс өтетін созылмалы парапроктит; асқазан немесе ұлтабар жарасы ауруы, асқазан моторы функциясының бұзылуынсыз ауру ремиссиясының немесе асқынудың басылуы сатысында, қан кетуге, пенетрацияға және малигнацияға бейімділігі; ремиссия сатысындағы жиі асқынатын созылмалы гастрит; ремиссия сатысында стационарлық емделуді қажет етпейтін жиі асқынатын созылмалы холецистит; хирургиялық араласуды қажет етпейтін нысандардан басқа, асқынбаған өт жолы-тас ауруы (көптеген немесе ірі жалғыз конкременттер, өт жолының обтурациясы); асқынбаған қалпына келу сатысындағы созылмалы панкреатит; бауырдың функциясы бұзылмаған және (немесе) оның шамалы белсенділігімен созылмалы гепатит; қалдық белгілері бар жіті вирустық гепатит болғаннан кейінгі жай-күй; айқын функционалдық бұзылусыз, операциядан кейін тыртығы бекіген (операциядан кейінгі алғашқы 2 жыл) ауруы (жарақаты, жаралуы) бойынша құрсақ қуысы ағзаларына операциядан кейінгі жай-күй.
Тармақ 10
10. Тері және терасты шелмайының аурулары: стационарлық және регрессивтік дәрежедегі таралған псориаз; қайталанатын шектеулі нысанды асқынудан тыс экзема мен псориаз; қайталанатын асқынудан тыс бөртпе және (немесе) эритема.
Тармақ 11
11. Сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің аурулары: инфекциялық артропия, қабынған полиартропия және ремиссия сатысындағы қабынған спондилопия (сирек өршуі); секвестрлі қуыстардың, секвестрлердің болмауымен сирек асқынумен остеомиелит; ірі буындардың қайта шығуы мен ойнамалы борлуы; ірі буындардың остеоартрозы; әртүрлі жердегі созылмалы синовит және бурсит, тендовагинит, кезең-кезеңімен асқынатын және қайталанатын синовит; бұлшықет, сіңірдің, фасцилердің қабыну аурулары және әртүрлі жердегі нейромиозит; кезең-кезеңімен асқынатын бұлшықеттің зақымдануы (инфекциялық, уытты және жарақаттанудан болған); қайталанған неврологиялық бұзылуымен және оларсыз омыртқа остеохондрозы (алдыңғы 2 жылда асқыну болған жағдайда); жергілікті және байқалған синдроммен болатын омыртқа қозғалысының күрт шектеулерінсіз спондилез, спондилартроз, аралық артроз; омыртқа сынығының салдары; баяу бірігетін кеуде және аяқ сүйектері сынығының салдары; жарақаттан кейінгі аяқ деформациясы бойынша хирургиялық оперциялардан кейінгі жай-күй; жарақаттан кейінгі (күюден кейінгі), оның ішінде қалпына келтіру операцияларынан кейін контрактура.
Тармақ 12
12. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары: бүйректің жіті гломерулярлы ауруынан (тубулоинтерстициалды) кейінгі (жазылғаннан кейінгі 2 жылдағы) жай-күй; функциялардың шамалы бұзылуымен немесе бұзылуынсыз созылмалы бүйрек ауруы; асқынусыз созылмалы пиелонефрит; несеп-тас ауруы; ремиссия сатысындағы созылмалы простатит, орхоэпидидимит (өткен 2 жылда асқыну болған кезде); конкременттерді алғаннан кейін 3 айдан ерте емес несеп-тас ауруларын операциямен емдегеннен кейінгі жай-күй; ремиссия сатысындағы шамалы (қалыпты) клиникалық белгілерімен әйел жыныс ағзаларының қабынып аурулары (алдыңғы 2 жылда асқынуы болған кезде); ремиссия сатысындағы клининалық белгілерімен эндометриоз (І – ІІІ дәрежеде) (алдыңғы 2 жылда асқынуы болған кезде); овариалдық-менструациялық функцияның бұзылуы (аменорея, меноррагия, гипоменорея, альгодисменорея); бедеулік (диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы 3 жыл); әйел жыныс ағзасының ауруларын хирургиялық емдеуден кейінгі (оперциядан кейінгі алғашқы 2 жылдағы) жай-күй.
Тармақ 13
13. Өзге де көрсеткіштер: дәрілік заттармен, зымыран отынының компоненттерімен, басқа да уытты заттармен улану салдары; электр- омагниттік өрістің, лазерлік және (немесе) иондаушы сәулеленудің жіті немесе созылмалы әсері; ұшу факторларының теріс әсер ету салдары (ұшқыштар, штурмандар және ұшу экипажының мүшелері үшін); бітімгершілік операциялардан қайтып келгеннен кейін (келгеннен кейінгі бір жыл ішінде).
Басқа 3. Санаториялық-курорттық емделуге жолдама
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери- медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша Нысан Әскери бөлім мен мекеменің бұрыштамалық мөртаңбасы Санаториялық-курорттық емделуге жолдама 1. _________________________________________________________________ жіберіледі (санаториялық-курорттық ұйымның атауын көрсету) 2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________________ 3. Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________________ 4. Әскери атағы _______________________________________________________________ 5. Туған күні __________________________________________________________________ 6.Еңбек сіңірген жылдары (әскери зейнеткерлер үшін) _______________________________ 7. Әскери бөлім мен мекеме ______________________________________________________ 8. Санаториялық-курорттық емделу үшін көрсеткіші ________________________________ _____________________________________________________________________________ 9. Санаторийге кіретін күн _______________________________________________________ Командир (бастық) _____________________________________________________________ (әскери атағы, қолтаңбасы, инициалдары мен тегі) М.О. (әскери бөлім мен мекеменің елтаңбалы мөрі)
Басқа 4. Санаторийлік-курорттық емделуге жіберу үшін жалпы қарсы көрсеткіштер
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларына 4-қосымша Санаторийлік-курорттық емделуге жіберу үшін жалпы қарсы көрсеткіштер
Тармақ 1
1. Әртүрлі жиі қайталанатын және көп қан кету, гемоглобин мөлшері 80 г/л төмен айқын байқалған анемия.
Тармақ 2
2. Әртүрлі этиологиядағы жиі қайталантын генерализделген құрысу.
Тармақ 3
3. Жіті инфекциялық аурулар.
Тармақ 4
4. Туберкулездің барлық нысандарының белсенді дәрежесі.
Тармақ 5
5. Қатерлі ісіктер (III-IV сатыдағы).
Тармақ 6
6. ІІІ дәрежеден жоғары тыныс алу функциясының жетіспеушілігі.
Тармақ 7
7. Фебрильді безгек немесе шығу тегі белгісіз субфебрильді безгек.
Тармақ 8
8. Ауыр білінетін аурулардың болуы.
Тармақ 9
9. Декомпенсация дәрежесіндегі ауру, атап айтқанда түзелмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функционалдық жетіспеушілігі.
Тармақ 10
10. Жыныс жолмен берілетін аурулар (мерез, соз, трихомоноз және басқалар).
Тармақ 11
11. Іріңді тері аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және басқалар).
Тармақ 12
12. Психикалық және мінез-құлық бұзылуы – стационарлық емдеу талап етілетін психопатологиялық жай-күй.
Тармақ 13
13. Жүрек ырғағының күрделі бұзылуы, NYHA жіктемесі бойынша IV ФК-ға сәйкес СН.
Тармақ 14
14. Әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар, елеулі интоксикация кезінде.
Тармақ 15
15. Кез келген жердегі эхинококк және басқа да паразиттер.
Тармақ 16
16. Жіті остеомиелит.
Тармақ 17
17. Терең көктамырдың жіті тромбозы.
Тармақ 18
18. Күніне 2-3 сағат ішінде сауығу бағдарламасына белсенді қатысуға кедергі келтіретін өзге де болатын аурулар бар болған кезде