Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабы 1 – тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 – бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 – бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8 – тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес төмендегі мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 225 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-13-139 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 20 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Джаманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.