О составе областной ономастической комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2005 № 96 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 ақпандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21-сәуірдегі N 368 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы жаңартылсын, оның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне жіберілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық ономастикалық комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 4
Маңғыстау облысы
әкімиятының 2003 жылғы
25 ақпандағы N 45 қаулысына
1 қосымша
Облыстық ономастикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Күмісқали Есен
облыс әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы
Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы
облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Өмірханова Эльмира Тарғынқызы
облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Еңсегенов Серік Нұрғазыұлы
облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Жеткізген Жиде Баулыбайқызы
облыстық білім басқармасының бас маманы
Кесебаева Палайым Туғанбайқызы
облыстық әділет басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Көшбаев Отыншы Көшбайұлы
облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарих бөлімінің меңгерушісі
Мыңжас Темір
"Маңғыстау" газеті бас редакторының орынбасары
Меңдібаев Танаш Меңдібайұлы
Қазақстанның Азаматтық партиясының облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Нұрдаулетова Бибіайша Ілиясқызы
Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)
Рзаханов Асқар Киікбайұлы
облыстық ішкі саясат Департаментінің директоры
Басқа 5
Маңғыстау облысы
әкімиятының 2003 жылғы
25 ақпандағы N 45 қаулысына
2 қосымша
Облыстық ономастикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық ономастикалық комиссия (бұдан әрі Комиссия) облыс әкімияты жанындағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда ономастика саласы бойынша ұсыныстар беретін, географиялық атауларға байланысты көзқарастардың біртектілігін қалыптастыруға негіз жасайтын, топонимикалық атаулардың қолданылуы мен есепке алынуын реттейтін және тарихи атауларды Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени ескерткіштерінің құрамдас бөлігі ретінде сақтау мақсаттарына ықпал жасайтын, сондай-ақ олардың атауларын өзгертуге атсалысып отыратын кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. 4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері
2. Негізгі міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
географиялық атаулар беруге немесе өзгертуге байланысты пікірлерді жүйелендіру және зерделеу;
географиялық атауларды жинақтау, жүйелеу және зерделеу;
жоғалып бара жатқан тарихи атауларды қайтадан жандандыру мақсатында жұмыстар жүргізу;
жаңадан географиялық атаулар беру мақсатындағы жұмыстарға атсалысу.
Тарау 3. 3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
Тармақ 6
6. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында Комиссия
мыналарға хақылы:
Тармақша 1
1) қолданыстағы орфографиялық нормалардың, ғылыми
транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлар негізінде:
қалалар, аудандар, басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер,
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, темір жол және автожол станциялары, пошта бөлімшелері, жобалау ғылыми-зерттеу ұйымдары, мекемелер, кәсіпорындар, жалпы білім, орта арнайы және кәсіби оқу орындары, көліктік, балық аулау кемелері, кеметұрақтары, су имараттары, әуежайлар мен коммуналдық меншіктегі басқа да объектілер аттарының аталуы, қайта өзгертіліп аталуы, нақтылануы және транскрипциясы;
азаматтардың тегі, аты және әкесінің аттары туралы
қорытындыларын ұсыну;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ономастика мәселелері бойынша кеңестер беру;
Тармақша 3
3) тарихи мәні бар жер, көшелер мен алаңдар атауларын сақтап қалу мақсатында жұмыстану;
Тармақша 4
4) ежелден сіңісті болған, тарихи қалыптасқан атауларды Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұралардың құрамдас бөлігі ретінде сақтауға деген облыс тұрғындарының ықыласын қалыптастыруға ықпал жасау;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көшелердің,
саябақтардың, гүлзарлардың, алаңдардың атаулары мен қайта өзгертіп атау, атауларының транскрипциясына нақты дәлдеу енгізу туралы шешімдер қабылдайтын жергілікті жердегі ономастика комиссияларының қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) өз отырыстарында қалалық, аудандық ономастикалық
комиссиялар төрағаларының хабарламасы мен ақпарат хабарын тыңдау;
Тармақша 7
7) атаулар беру және атауларды өзгертуге байланысты даулы
мәселелерді шешіп, өз тұжырымдарын білдіру, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, кәсіпорындар мен бірлестіктердің және темір жол станциялары мен басқа да объектілерінің топонимдері транскрипцияларын нақтылау;
Тармақша 8
8) ұйымдардан, жеке азаматтардан тарихи топонимдерді қайтадан қалпына келтіру мәселелері бойынша түскен өтініштерді қарап, тиісті ұсыныстарын білдіру;
Тармақша 9
9) облыстың мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық
хабарлама материалдары негізінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру ісіне байланысты ономастикалық материалдардың жағдайына талдау жасайды.
Тарау 4. 4. Жұмысын ұйымдастыру
4. Жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия мәжілістері материалдардың түсуіне қарай
жүргізіледі. Комиссия мәжілісі, егер оған оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса күші бар деп саналады.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі, мәжіліске қатысып отырған комиссия
мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін, қажет болған жағдайда, жұмыс тобы құрылады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы мәжілістің жұмыс жоспарын, мәжілістің күн тәртібін қалыптастырады, комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарының жүргізілуіне жауап береді.
Тармақ 11
11. Комиссия қызметін ұйымдық және әдістемелік қамтамасыз етуді облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы жүзеге асырады.