О правилах организации и финансирования социальных рабочих мест Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 06.02.2006 № 95 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықтың жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы негiзiнде халықтың мақсатты топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шараларды белгiлеу үшiн, Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi туралы», Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi туралы» қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 224 (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1510), Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Қостанай облысы әкiмиятының «Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысын (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1510) орындау мақсатында Арқалық қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкiмiнiң орынбасары А. Шамшинге жүктелсiн.
Басқа 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережесi
Арқалық қаласы әкiмиятының
2003 жылғы 26 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже халықтың мақсатты топтарының»жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн (меншiк түрiне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негiзгi шарттарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк жұмыс орны жұмыс берушiлердi жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергiлiктi бюджет есебiнен iшiнара өтеп, халықтың»нысаналы топтарының»iшiндегi жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушiлердi»жазбаша келiсiмiмен берiлетiн жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгiленген жұмысқа орналасуда қиындықтар көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының»еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң актiлерi таратылады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар халықтың нысаналы топтарының»жұмыссыздарына әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседi.
Тарау 2. 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбек шығынын мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушiлермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған халықтың»нысаналы топтарының жұмыссыздарының еңбегiне ақы төлеу шығынын iшiнара төлеуге қызмет көрсету жөнiнде жұмыс берушiлермен келiсiм шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың»еңбегiне ақы төлеуге белгiленген бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкiмият жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тiзiмiн анықтайды. Тiзбеге еңбекке ақы төлеу жұмыс берушiнiң»өз қаражатынан емес, тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн немесе құратын ұйымдар кiргiзiлмейдi.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды ұйымдардағы әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру шарттары және көздерi
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру шарттары және көздерi
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделiлiгi мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушiмен ай сайын жүзеге асырылады. Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандардың еңбегiне ақы төлеудi қаржыландыруға қаражат қалалық мәслихаттың тиiстi шешiмiмен қарастырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушiлердiң шығыны мәслихаттың шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттен ең төменгi жалақының 50 пайызы көлемiнде алты айға дейiнгi мерзiмге өтеледi. Бюджет қаражатын аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есеп айырысу шотына жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға мәслихаттың шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттен төленетiн еңбек ақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы нақты жұмыс көлемiнiң орындалғаны үшiн төленедi.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушiлер мәслихаттың шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздардарға еңбек ақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесiн сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.