Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Атырауской области Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына және «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
Тармақша 1
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру барысында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықтағы айналымға Атырау облысының жергілікті атқарушы органымен шығарылатын мемлекеттік құнды қағаздар;
Тармақша 2
2) көлемі – 2 834 283 000 (екі миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион екі жүз сексен үш мың) теңгеден аспайтын;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсаты – «Шаңырақ» пилоттық бағдарламасы шеңберінде кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыру.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.