Об утверждении «Правил оказания социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету тәртіптерін» бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 13.12.2007 № 4С-4/7 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 6 бабының 11-тармағына сәйкес, «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағы негізінде, 07.12.2001 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар негізінде Атбасар аудандық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Тіркелген «Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету тәртіптерін» бекіту.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, қаржы, бюджет, өнеркәсіп, көлік және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына /Хитров В.Г./ жүктелсін.
Тармақ 3
3. Нақты шешім заңды күшіне Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап енеді.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
14.02.2003 жылғы
25 сессиясы шешіміне
қосымша
Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлем қөрсетудің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлем қөрсетудің Ережесі/әрі қарай Ережесі/ 258.51 «Азаматтардың бөлек санаттарына жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер» бюджет бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін орнатады.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдау үшін құқықты негіз болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Бюджет жүйесі туралы» Заңдары табылады.
Тармақ 3
3. Ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы реттейтін қатынастарға тарамайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы
2. Төлем алу құқығы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем алуға қауқарсыз отбасылары, /азаматтар/ табысы күн көру шектігінен төмен немесе кейбір жағдайлармен жылдам әлеуметтік қолдауды қажет ететіндердің кұқығы бар.
Өмірде қиын жағдай болып табылады:
Өкпе құрт ауруы мен ісік ауруларын ұзақ емдеу, отбасындағы бір адамның қайтыс болуы, жылдам операцияны өткізудің қажеттілігі.
Әлеуметтік көмекке қауқарсыз азаматтар егер отбасының бір адамға шаққандағы бірайлық жинақты табысы орнатылған кедейшілік шегінен төмен болған жағдайда құқығы бар.
Төлемдер облыстық медициналық мекемелерге тексеруге жіберілген аурулардың жолақысына, байланысты шығындарды, қауқарсыз азаматтарды құжаттау шығындарын өтеуге, қауқарсыз азаматтар-мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге беріледі.
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Төлемдер бойынша жұмыстарды аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі/өкілдерінен, аудандық және қалалық қоғамдыұ ұйымдар мүшелерінен тұратын басқармааралық учаскелік комиссия құрылды.
Комиссияның санды және персоналды құрамы Атбасар қаласы әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен бекітілді.
Комиссия мәжілісі айына бір реттен кем емес аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі жанында өткізіледі.
Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмекке өтініш берген азаматтың отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және өмір сүру деңгейін тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек көрсету тәртібі және мөлшері.
4. Көмек көрсету тәртібі және мөлшері.
Тармақ 6
6. Облыстық медициналык мекемелерге тексеруге жіберілген аурулардың, қауқарсыз азаматтар ішінен, жолақысына байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет беріледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем алуға үміттенген тұлға аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі немесе төлқұжат;
Тармақша 2
2) аудандық аурухананың облыстық ауруханаға тексеруге жіберетін бағыттамасы, онда құжатқа қол қойған лауызымды тұлғаның толық аталуы, өз қолы және оның талдауы. Лауызымды тұлғаның қолы гербті мөрмен сендірілуі керек.
Тармақша 3
3) өтініш берушінің /отбасының/ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы акт;
Тармақша 4
4) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) тұрған жерінен анықтама.
Әлеуметтік көмек бір адамға бір мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Қауқарсыз азаматтарды және тұрғылықты тұратын орны жоқ тұлғаларды құжаттауға арналған әлеуметтік төлем аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің есепті тұлғасының және ауылдық округтің бас мамандарының жеке есепшотына ақша қаражатын аудару арқылы көрсетіледі, жеке куәлікті ресімдеу үшін.
Материалдық көмек жеке өтініші мен оның материалдық-тұрмыстық жағдайын тексергендігі туралы акт негізінде төленеді.
Әлеуметтік көмек 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Қауқарсыз азаматтарға, мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, әлеуметтік көмек жылына бір рет отбасының бір мүшесіне /азаматқа/ ақшалай түрде көрсетіледі.
Материалдық көмек алуға үміттенген тұлға аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді, өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақ 1
1. жеке куәлігі немесе төлқұжат, ЖӘК, РНН
Тармақ 2
2. тұрған жерінен және отбасы кұрамы туралы анықтама
Тармақ 3
3. отбасының материалдык-тұрмыстық жағдайын тексергені туралы акт.
Тармақ 4
4. алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама.
Тармақ 10
10. Материалдық көмектің мөлшері мүгедектер үшін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, қауқарсыз азаматтар үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 11
11. Төлем өтініш берушінің жеке есеп шотына аудару арқылы көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Төлемді қаржыландыру.
5. Төлемді қаржыландыру.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлем бойынша шығындарды қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған «азаматтардың бөлек санаттарына жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша әлеуметтік көмек» бюджетті бағдарламасында қарастырылған қаражат шегінде атқарылады.
Тарау 6. 6. Төлем көрсету тәртібі.
6. Төлем көрсету тәртібі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдер алушылардың Қазақстан Республикасы Халық банкісінің бөлімшелеріндегі жеке есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы атқарылады.
Тармақ 14
14. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі әлеуметтік төлем үшін, 2003 жылы аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегінде есептеуді атқарады, азаматтар тізімін құрастырады, тізімнің сенімділігі үшін жауап береді.
Тарау 7. 7. Төлем көрсетуді бақылау.
7. Төлем көрсетуді бақылау.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша есептілік және бақылау «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарылады.