Об утверждении положения о Дисциплинарном совете Мангистауской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының Тәртіптік кеңесі ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.08.2004 № 170 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң кейбiр мәселелерi" қаулысына сәйкес облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының тәртіптiк кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Басқа 2
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 51 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының тәртіптік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ Осы ереже облыстық, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысымен бекітілген Үлгі ереженің негізінде әзірленді және облыстық тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін және оларды ұйымдастыруды әрi қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық Тәртіптік кеңесі (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметiн үйлестiретiн консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, осы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық әрi әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар :
Тармақша 1
1) облыстың, өзге де әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер әкімдерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) басшыларының қарауына осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке әкеп соқтыратын Қызметтiк этика ережесін бұзғаны немесе сыбайлас жемқорлық жасап құқық бұзғаны үшін Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) Әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтiк этика ережесi талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Комиссияның тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтiк этика ережесiнің бұзылу фактілері туралы ақпаратты қарау;
Тармақша 4
4) Комиссияның қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың және осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдардың Қызметтiк этика ережесiн сақтауының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңесті әкімдiк құрады әрi ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергілікті жұртшылық өкілдері және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңестiң 7 мүшесінен тұрады. Кеңестiң төрағасын облыс әкiмi Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысымен келісім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады әрi ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына теңестіріледі. Кеңес Төрағасы және бас маман - Кеңес хатшысы мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Кеңес хатшысы Кеңестің бас маманы лауазымына теңестіріледі. Кеңес хатшысы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Кеңестiң мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады және мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады. Кеңес хатшысы Кеңес мәжілісіне тиісті материалдары, қажетті құжаттарды дайындайды және оны өткізген кейін хаттамасын ресімдейді. Кеңес хатшысы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және Кеңестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға хақысы жоқ. 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Кеңестiң төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестiң жеке құрамы бойынша ұсыныстарын облыс әкімінің қарауына енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілiстерiнің күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілiстерiн шақырады және оларда төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелері iшiнен Кеңес мәжілiсiнде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Комиссия алдында Кеңес жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп бередi;
Тармақша 7
7) тоқсан сайын облыс әкімін Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңестiң мәжілiстерi:
Тармақша 1
1) егер оларға Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттігіне қарай, бірақ кемiнде екі айда бір рет өткізіледі;
Тармақша 3
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешімі және Комиссиямен келісім бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Кеңес оның мүшелерінің мәжілiске қатысқан санының қарапайым көпшілік дауысымен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мәжілiсте Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілiстерiнде мемлекеттік органдардың, олардың бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түсіндiрме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама нормаларын және Қызметтiк этика ережесін бұзуы фактілері бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргiзу туралы мемлекеттік органдар басшыларына ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру үшін сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарымен бiрге сыбайлас жемқорлыққа қарсы теріс қылықтарды қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Тармақ 9
9. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметтiк этика ережесiн бұзуға жол берген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне; С (С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарының қызметшiлерiнен басқа), D және Е санаттары топтарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерiне, сондай-ақ тәртіптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік органдардағы, жергiлiктi басқару органдары мен мемлекеттiк ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттік меншіктің жалпы үлесі кемiнде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға қатысты тәртіптiк істерді қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары, Президенттiң Күзет қызметі мен Республикалық ұлан қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істерді қарамайды.
Тармақ 10
10. Комиссияның тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргізудi ұсынуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істi ол іс қозғауға қабылданған күнiнен бастап үш апталық мерзімде Кеңес қарауы тиіс. Тәртіптік іс қозғалғанға және оны Кеңес мәжілiсiнде қаралғанға дейін алдын-ала екі апта мерзімде іске қатысы бар мән-жайлар мен мәліметтердi зерделеу жүргізіледі, тәртіптік жауапкершiлiкке тартылушы адамның жазбаша түсіндiрмесi талап етiледi, ал тәртіптік істі Кеңестiң мәжілiсiнде қарау, әдетте, оның қатысуымен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардың, аумақтық құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мәслихат аппаратының басшыларына лауазымды адамға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсынады;
Тармақша 2
2) шын мәнiнде шешім қабылдау үшін тәртіптік іс материалдарын құзыреттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жібередi;
Тармақша 3
3) Тәртіптік істі тоқтатады.
Тармақ 13
13. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамның iс-әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен осы адамды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына жібереді. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жіберілгені туралы Комиссияны хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемлекеттiк қызметшілер мен осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген өзге де адамдар оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа шағым беруге құқылы.
Тармақ 15
15. Кеңес қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен .