О создании комиссии Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңының 14-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 27 наурыздағы "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" № 1047 Жарлығына сәйкес, азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшiн:
Тармақ 1
1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
Тармақ 2
2. Облыстық комиссия бiр апталық мерзiмде iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә. Бектаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi № 34 "Комиссия құру туралы" шешiмiне қосымша Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 48 шешімімен. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Бектаев Әли Әбдiкәрiмұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы 2. Саттаров Абдурашид Абдуварисұлы - облыстың әскери комиссары, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша) Комиссия мүшелерi: 3. Дүйсебаев Бексейiт Нәбиұлы - облыс әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiсi 4. Әбжанов Әлiмхан Досыбайұлы - облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша) 5. Мейiрханов Талғарбек Мейiрханұлы - облыстық денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары 6. Нығмет Ахметұлы - дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы (келiсiмi бойынша) 7. Османова Света Мұрсалықызы - облыстық клиникалық ауруханасы арнайы емханасының медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша)