Об утверждении Инструкции по взаимодействию органов уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан и органов внутренних дел Республики Казахстан по контролю за образом жизни и поведением лиц, осужденных к наказаниям и иным мерам уголовно-правовой ответственности, не связанным с изоляцией от общества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 қаулысымен бекітілген 2003-2004 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күресу бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары жоспарының 27-тармағын орындауда БҰЙЫРАМЫЗ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, облыстар және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармалары осы Нұсқаулықты Қылмыстық-атқару инспекциясының жеке құрамымен оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті, Криминалдық полиция департаменті, Көші-қон полиция департаменті, Астана мен Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармаларының, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының бастықтары жеке құраммен оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі П.Н.Посмаковқа және Ішкі істер министрлігінің Вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Отто мырзаларға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде нақты бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 58 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 173 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулық
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық қылмыстық-атқару инспекцияларының (бұдан әрі - Инспекциялар) және ішкі істер органдарының қалалары мен аудандары органдарының (бұдан әрі - ІІО қалалары мен аудандары органдары) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланысының тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдары белгіленген лауазымды атқару немесе белгіленген қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық қызметке, түзеу жұмыстарына тарту, бостандығын шектеу түріндегі жазаларға сотталғандар, сондай-ақ шартты сотталғандар және жүкті әйелдер мен жазаны өтеу мерзімдері кейінге қалдырылған жас балалары бар әйелдер болып табылады.
Тармақ 3
3. Инспекция мен ІІО қалалары мен аудандары органдарының өзара байланысы:
Тармақша 1
1) бостандығынан айырылмаған сотталғандар тарапынан құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелері және тұрғын мен жұмысы орны бойынша олардың мінез-құлқы жөніндегі ақпаратпен уақтылы және толық алмасу;
Тармақша 2
2) Инспекцияларда есепте тұрған сотталғандарға қатысты профилактикалық сипатты іс-шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу;
Тармақша 3
3) Инспекцияларда есепте тұрған сотталғандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелері бойынша бірлескен кеңестерді өткізу.
Тармақ 4
4. Бостандығынан айырылмаған сотталғандар қайталап қылмыс жасаудың әр фактісі бойынша он күндік мерзімде қылмыстық-атқару инспекциялары және Ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің өкілдері біріге отыра, он күндік мерзім ішінде аталған қылмыс жасауына әсер ететін себептер мен жағдайларын айқындап, айыпты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартып қызметтік тергеу жүргізеді, тергеу өткізеді. Қызметтік тергеудің қорытындысын облыс бойынша ҚАЖ комитетінің және ішкі істер аймақтық органның басшысы бекітеді. Қызметтік тергеулердің нәтижелері облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және ішкі істер аймақтық органның басшылығы қатысумен біріккен жедел кеңестерде қаралады.
Тармақ 5
5. Өзара байланыс кезінде туындайтын өзге мәселелер бірлескен кеңестерде шешімдерді қабылдау жолымен немесе облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының ІІББ-ІІБ-на және облыстар, Астана қаласы бойынша ҚАЖ комитеті басқармаларына ұсыныс енгізу жолымен шешіледі.
Тармақ 2. 2. Қылмыстық-атқару инспекциялары
2. Қылмыстық-атқару инспекциялары
Тармақ 6
6. Сотталғанды есепке қойғанда үкімнің және сот үкімі заң күшіне ену туралы анықтамасының негізінде жеке (бақылау) іс жүргізіледі, 1 тәулік мерзімде, ІІО қалалары мен аудандары органдарының бастығына оны ІІО қалалары мен аудандары органдарының тиісті есептеріне қою үшін және бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін хабарлама (1 қосымша) жіберіледі. Бас бостандығынан айырылмаған кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты сот үкімінің көшірмесі және оны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерінің картотекалық есебіне қою үшін ішкі істер органдарына бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін хабарлама (2 қосымша) жіберіледі.
Тармақ 7
7. Хабарлаусыз сотталғанның тіркелудің есепке алуынан шығуын және басқа тұрғын орнына кетуін болдырмау мақсатында 1 тәулік мерзімде бас бостандығынан айырылмаған сотталғанның үкімінің, ұйғарымының көшірмесі тіркелгеннен кейін сотталғанның тұрғын орны бойынша көш-қон полициясы бөлімшелеріне күзет кәртішкесі және ІІББ-ІІБ криминалдық ақпарат орталығына ИПК-ЛЦ ақпараттық-іздестіру кәртішкелері жіберіледі.
Тармақ 8
8. Бас бостандығынан айырылмаған сотталғандар әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін айқындау үшін құқықбұзушылық деректері туралы автоматтандырылған базада және ІІБ басқа есептерінде болатын ақпаратты жазбаша түріндегі сұраныс бойынша қолданады.
Тармақ 9
9. ІІО қалалары мен аудандары органдарынан тұрғын орны бойынша сотталғанның мінез-құлқы туралы, сондай-ақ оларға қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың жаза өтеудің режимін бұзғаны бар болуы туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 10
10. Бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтіндерге қадағалауды жүзеге асырады, ол сотталғандардың тұрғын және жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытта қадағалаумен және бақылаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Сотталғанның бостандығын шектеу түрін бас бостандығын айыру түріне ауыстыру мәселесі шешілгенде Инспекциялар материалдар дайындайды және прокурор санкциясымен жаза өтеуден жалтаруын болдырмау мақсатында 10 тәулікке сотталғандарды ұстау үшін және материалдарды сотқа тапсыру үшін ІІО қалалары мен аудандары органдарына оларды жібереді.
Тармақ 12
12. Әр ай сайын ІІО қалалары мен аудандары органдарының басшыларына жазаны атқарудағы жұмыстар жөнінде және біріккен ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімдейді.
Тармақ 13
13. Бас бостандығынан айыруынсыз жазаны орындау және өзара байланыс мәселелері бойынша ІІО қалалары мен аудандары органдарының бастықтары қатысумен жедел кеңестерінің жоспарларына ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 3. 3. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары
3. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары
Тармақ 14
14. Өз құзырет шегінде ішкі істер органдарының (қоғамдық қауіпсіздік, көші-қон, криминалдық полиция және басқа бөлімшелерінің) қызметкерлері бас бостандығынан айырылмаған сотталғандардың мінез-құлқына бақылауды, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардан жалтаратын сотталғандарды іздестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Бас бостандығынан айырылмаған сотталғандар әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілері бойынша автоматтандырылған базада және ІІБ басқа есептерінде болатын ақпаратты Инспекцияның жазбаша түріндегі сұранысы бойынша ұсынады.
Тармақ 16
16. Тұрғын орнын ауыстыру мақсатында сотталған тіркелу есебінен шығуға мүмкіндік жасаса көші-қон полициясы тез арада инспекцияға сотталғанның мекен-жайы бойынша хабарлайды.
Тармақ 17
17. Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері (полицияның учаскелік инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция) Инспекцияға бас бостандығынан айырылмаған сотталғандардың тұрғын орындары бойынша мінез-құлқына профилактикалық бақылауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді, олардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатады. Бас бостандығынан айырылмаған сотталғандардың тарапынан құқықбұзушылық фактілері айқындалғанда Инспекцияға хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Алдын-ала тергеу мен анықтаушылар органдары N 2.1 кәртішкелерін қылмыс жасаған адамға шығарғанда, үш күн мерзімде қайта жасалған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған сотталған туралы Инспекцияға хабарлайды, және материалдарға (үкімінің көшірмесі, заң күшіне енген үкімі анықтамасының көшірмесі) жаза өтеудің атқарылмаған мерзімі туралы анықтама, мінездеме сұрау салады.
Тармақ 19
19. Инспекциялардың материалдары бойынша қасақана бостандығын шектеу түріндегі жазадан бас тартатын сотталғанды 10 тәулік мерзімге.
Тармақ 20
20. Қамауға алудың прокурордың санкциясы бар бас бостандығынан шектеу жазаға сотталған тұрғын орнын өз еркімен тастағаны туралы Инспекцияның хабарламасын алғанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің  53-бабына, 3-тармағына сәйкес сотталған 10 тәулік мерзімге ұсталады, бұл туралы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға бостандықты шектеу жазаны ауыстыру туралы мәселені шешу үшін Инспекцияға тезарада хабарлайды. Қажет болғанда бас бостандығынан айыруға сотталғандарға белгіленген тәртіпте жаза өтеу орнына жібереді, жаза өтеуден қасақана бас тарту туралы мәліметтері болғанда бас бостандығынан айыруға бостандықты шектеудің атқармаған мерзімін ауыстыру мәселесін шешу үшін сотталғанның ұстау жері бойынша сотқа жібереді.
Тармақ 21
21. Қоғамнан оқшаулауға жатпайтын кәмелетке толмаған сотталғандарды полицияның учаскелік кәмелетке толмаған ісі жөніндегі инспекторлары инспекцияларымен бірлесіп, тұрғылықты жерлері бойынша профилактикалық жұмыс атқарады.
Тармақ 22
22. Жаза өтеу мерзімдері кейінге қалдырылған және бала тәрбиелеуден бас тартқан жас балалары бар әйелдерге қатысты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полициясының учаскелік инспекторлары Инспекция инспекторларымен бірлесіп олардың ата-аналық құқығынан айыру мен үкімнің кейінге қалдыру мәселелерін шешу үшін құжаттарды және материалдарды сотқа дайындайды.
Тармақ 23. ХАБАРЛАМА
23. Инспекция және ІІО қалалары мен аудандары органдарының өзара байланыс мәселелерін жедел кеңестерде қарайды, қажетті жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары тұрған органына өзара байланыс мәселелері туралы хабардар етеді және оны жақсарту жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 58 және Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 173 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулыққа 1-қосымша ХАБАРЛАМА Мына тұрғылықты жерде ______________________________________ тұратын азамат_ __________________________________________________ (тегі, аты-жөні) "__"______200__ж. ҚР ҚК _______ бабы бойынша сотталды ___________________________________________________________________ (жаза түрі және мерзімі, сотталғаны туралы қосымша мәліметтер, ___________________________________________________________________ сот жүктеген міндеттер, бұрынғы сотталғандығы және басқалар) ___________________________________________________________________ Сізден ІІО-ның қатысты қызметтеріне сотталғанның ___________ (аты-жөні) мінез-құлқы, тәрбие жұмысының жүргізілгені жайында қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруды тапсыруды сұраймыз. Қылмыстық-атқару инспекциясының Бастығы (аға инспектор, инспектор) _____________________________________   _________________________ (орган атауы)                         (тегі және қолы) "___"__________ 200__ж.                 тел.: ___________________ ______________________  кесу сызығы  ______________________________ Сіздің N ___ "__"_____200__ жылғы Қылмыстық-атқару инспекциясына __________________________________ (жергілікті орган атауы) Сотталған  ___________________________________________ (аты-жөні) "___"_____200__ж. есепке қойылғанын хабарлаймыз. Оның мінез-құлқы, жүргізілген тәрбие жұмысы және жұмысы жайында қосымша хабарланады. Участкелік инспектор ____________________________________________ "__"_________   200__ж.                   _________________ (қолы) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 58 және Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 173 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қоғамнан оқшаулауға байланысты емес және қылмыстық-құқықтық жауапкершілігінің өзге шараларына сотталған адамдарының өмір салтына және мінез-құлқына бақылау бойынша өзара байланыс жөніндегі Нұсқаулыққа 2-қосымша КҮЗЕТ КӘРТІШКЕСІ Мерзімнің аяқталуы  "_____"_____________20____ж. Жазаның өзгерілуі туралы______________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (тегі, аты-жөні) __________________________________________________________________ (туған жылы және жері) __________________________________________________________________ (тұрғылықты жері) "____"______________20___ж. сотталды. __________________________________________________________________ (сот атауы) Қазақстан Республикасының ҚК-нің _____бабына сәйкес ______________ (Белгілі қызметпен __________________________________________________________________ шұғылдануға тыйым, сынау мерзімі, жазаны өткеруді кейінге қалдыру, __________________________________________________________________ түзеу және қоғамдық жұмыстардың мерзімі) Сотталғанның тұрғылықты жерінің тіркелу есебінен шығару туралы келген кезде тез арада қылмыстық-атқару инспекциясына ___________________________ хабарлаңыз мына телефон (инспекция атауы) ____________________бойынша. Тіркелу есебінен шығарылды "_____"______________20___ж. Қылмыстық-инспекцияға хабарланды "____"______________20____ж. Қылмыстық-атқару инспекциясы Бастығы (аға инспектор, инспектор) _____________________________________ (инспекция атауы) _______________________    _____________      ____________________ (атағы)                  (қолы)              (аты-жөні) "____"_____________20____ж.