О повышении размеров пенсий, установленных для пенсионеров органов внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi үшiн белгiленген зейнетақы мөлшерiн арттыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.1996 № 1620 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жеке адам құрамының ақшалай қамтамасыз етiлуiн арттыру туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi N 581 қаулысына сәйкес белгiленген ақшалай үлестiң орташа деңгейiне
сүйенiп, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен
олардың отбасы мүшелерiне бұрын тағайындалған зейнетақы мөлшерi
1992 жылғы 1 тамыздан бастап арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған
санаттағы адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне зейнетақыны
арттырылған мөлшерде төлеудi қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржы
бөлсiн.