Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә.Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
Түпқараған
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№50/369 шешіміне 1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек Түпқараған ауданының аумағында тұрақты тұратын, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай–ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия– өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс–тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган – «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–уәкілетті орган);
Тармақша 9
9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімдерімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.
Тармақ 4
4. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ, мереке күндерге және атаулы күндерге ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10–бабының 2) тармақшасында, 11–бабының 2) тармақшасында, 12–бабының 2) тармақшасында және 13–бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Мереке күндеріне және атаулы күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 22–23 наурыз – Наурыз мейрамы:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай – ақ жұмысшылар мен қызметшiлеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарға, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, «Ардагерлер туралы» Заңның 4 – 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай–ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы), 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 4 маусым– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғаларға, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткішмөлшерінде;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға), 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 1 қазан – Қарттар күні:
70 (жетпіс) жастан асқан зейнеткерлерге, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын–сүргіндер құрбандарына, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 8
8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларына), көрсетілетін оқиғалар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, өтініші бойынша, бір рет, табысы есебінсіз, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлемдер алмайтын, әлеуметтік мәні бар аурулар болуы, атап айтқанда: туберкулез, қатерлі ісіктер және адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар тұлғаларға, өтініші бойынша, бір рет, табысы есебінсіз, 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИВ жұқтырған балалардың ата–аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде табысын есепке алмай;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға – жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген шамасынан төмен біржолғы, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының оқу орындарында өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша келісім шарт негізінде бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы студенттерге тиісті оқу жылына әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың студенттеріне;
Тармақша 5
5) шипажайлық – курорттық емделуге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға, бір рет, табысы есебінсіз, шипажайлық – курорттық жолдама беру арқылы ұсынылады;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және тұрғын үйді күтіп ұстауға, табысы есебінсіз, ай сайын, нақты шығын мөлшерінде.
Тармақ 9
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 11
11. Мереке күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйым ұсынған тізім бойынша бойынша көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Түпқараған ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ереже
4-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.