Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение несовершеннолетних детей Күшін жойған
Басқа 0
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.02.2005 № 14/5 шешімімен.
Сандықтау ауданының тұрғындарының әлеуметтік қорғау туралы әкімшілігінің ұсынысын қарастырып осы жұмыс туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Н.И.Кулешованың ақпаратын тыңдап 31 баптың 14 тармағына сәйкес 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағы, 2001 жылғы 7 желтоқсандағы енгізілген өзгерістер мен толықтыруын есепке ала отырып, аудан мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеу әлеуметтік көмекті көрсету ережесі бекітілсін (қосымшамен).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Сандықтау ауданы мәслихатының
2003 жылғы 20 ақпандағы
23/3 шешімімен бекітілген
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті көрсету Ережесі
Осы ереже бюджеттік бағдарлама бойынша «Жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер жергілікті органдардың өкілдерінің шешімі бойынша», аудан бюджетінің 285.05 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаты шегінде баланы жерлеуге әлеуметтік көмекті көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек аудандық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады № комиссия құрамы аудандық мәслихатын шешіміне бекітілген. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының ашық дауыс беруімен қабылданады.Отырыс хаттамасына барлық комиссия мүшелерімен қол қойылады.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін белгілі нысанға келтіреді, ай сайын аудандық қаржы белімін қаржылындыруға тапсырыс береді, есеп жүргізеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш тиісті құжаттарға қосымша, оны алуға құқығы бар тұлға береді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар тапсырылған күннен бастап 10-күндік мерзімде қарастыралады және жүзеге асыралады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия бұл туралы өтініш беруші жазбаша хабарлауға міндетті.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындау құқығын белгілейтін құжаттар:
Тармақша 1
1) Өтініш: телқұжат мәліметтері, Салық төлеушінің тіркелу номері
Тармақша 2
2) Қайтыс болуы туралы анықтама
Тармақша 3
3) Тұратын жері анықтама (туыстық қатынастарды растау туралы)
Тармақша 4
4) Қайтыс туралы куәлік
Тармақша 5
5) Жерлеуді іске асырушы адамның жеке куәлігі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажет құжаттар, тексеру үшін түпнұсқада беріледі.Тексерістен кейін құжат түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады
Тармақ 9
9. Құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқызады
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек сәйкес жылға «Республикалық бюджет туралы» Заңында белгіленген 10 аулық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу қаражаты өтініш берушінің есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу осы операция түріне Қазақстан Республикасы Халық Банкіне лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.