О создании Совета по делам инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы «Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес кұру туралы» №803 қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызмет етуін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және бір қоғамға біріктіру мақсатында облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңесінің дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес туралы Қағида бекітілсін (косымша 2).
Басқа 4
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысы әкімдігінің
«28» 02 2003 жыл
№ а-2/68
«Мүгедектер істері жөніндегі Кенес кұру туралы» каулысы
Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес туралы Қағида
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісін қарау Кеңесі (әрі кенес) Ақмола облысының әкімшілігі жанындағы консультативті-кеңес органы болып табылады.
Мемлекеттік органдардың қызмет ету үйлесімділігі аумағында, коғамдық және қайырымдылық ұйымдарының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ұсынымдары Кеңесті кұрудың негізгі мақсаты болып табылады.
Кеңес қызмет атқару барысында Қазакстан Республикасы Конституциясының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік корғалуы туралы» Заңына, облыстың 2003-2005жж. арналған мүгедектерді сауықтыру бағдарламасына, нормативті құкықтық актілерге және қазіргі қағидаға сүйене отырып басқарылады.
Тарау 6. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызмет ету аясы
Кеңестің негізгі міндеттері мен қызмет ету аясы
Тармақ 2
2. Мүгедектер мен мүііедектер мәселесімен айналысатын қоғамдык ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау.
Тармақ 3
3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын-алу, са- уықтыру,әлеуметтік қорғалуы, білім алуы және кәсіби дайындығы мен жұмыспен қамтылуы мәселелері туралы еңбек ету үйлесімділігі бойынша ұсынымдар қарау.
Тармақ 4
4. Мүгедектер мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау.
Тарау 10. Кеңес ұйымы қызметі
Кеңес ұйымы қызметі
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырысы төраға немесе оның тапсырысымен төраға орынбасарының басқаруымен кажетті болған жағдайда кварталда бір рет шақырылады.
Тармақ 6
6. Жұмыстың ұйымдастырылуын, керекті материалдар дайындығын, кеңес ұсынымдарын Кеңес хатшысы жүзеге асырып отырады.
Тарау 13. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырып отырады.
Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырып отырады.
Тармақ 7
7. Кеңес шешімі ашық дауысқа салынып, кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусы берілген жағдайда ғана, шешім қабылданған болып есептеледі. Егер дауыс тең түскен жағдайда, төраға қайсысына дауыс берсе, сол шешім қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысының нәтижесі бойынша, қатысушы мүшелердің қолдары қойылған хаттама толтырылады. Кеңес шешімі жауапты ұсыным жүктейді.
Тармақ 9
9. Облыстық еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Кеңестің жұмыс аткарушы органы болып табылады.
Басқа 17
Ақмола облысы әкімдігінің
«Мүгедектер істері жөніндегі
Кеңес құру туралы»
«28» 02 2003 жылғы
№ а-2/68
қаулысына №1 қосымша
Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Әділбеков Даурен Зекенұлы - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы
Тармақ 2
2. Мадияров Әбділрахман Советұлы - облыстық еңбек, жұмыспен және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары
Тармақ 3. Кеңес мүшелері
3. Ибраева Сауле Лұғманқызы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау басқармасының ардагерлер мен мүгедектерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы, хатшы
Кеңес мүшелері
Тармақ 4
4. Байлина Баян Балағұлкызы - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған емхананың бас дәрігері
Тармақ 5
5. Шеленжек Евгений Алексеевич - облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары.
Тармақ 6
6. Кимов Евгений Георгиевич - облыстық саңыраулар қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Теміржанова Гүлсім Назарқызы - облыстық асырауында бала бар мүгедек әйелдер коғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Коптелев Сергей Петрович - Сандықтау мүгедектер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)