О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 128 қаулысына қосымша Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 401 (27475) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2 және 3-тармақтар алып тасталсын.
Тармақ 2
Тармақ 4
4. «Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 226 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17629 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта: 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қатысушының Шартта көзделген міндеттемелерін орындамауы анықталған жағдайда Қатысушыға анықталған бұзушылықтарды Заңның 13-4-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылады және Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.».
Тармақ 5
5. «Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18291 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) қағидаларында: 8-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) қызмет мерзімі ішінде банкте көзделген барлық қосымша төлемдер мен жеңілдіктердің күшін жоюды қоса алғанда, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің еңбекақысын қысқартуға қатысты шығыстарды оңтайландыруды жүргізеді;».
Тармақ 6
6. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.