Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге арналған жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерге жұмыс орындарын белгілеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:
Тармақша 1
1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайыз мөлшерін;
Тармақша 2
2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайыз мөлшерін;
Тармақша 3
3) 251 (екі жүз елу бір) адамнан астам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайыз мөлшерін құрайды.
Тармақ 2
2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №269 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-171 тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 706 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 269 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Нужныхқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.