Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Көкшетау қаласының әкімдігі
Басқа 0. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 шешіміне қосымша Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Тармақ 1
1. 1 (бір) миллион теңге әлеуметтік көмек ретінде.
Тармақ 2. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
2. 1 (бір) миллион теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Тармақ 2
2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Тармақ 3
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.