Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аягозском районе Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Басқа 4. Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Аягөз аудандық мәслихатының
2020 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 54/505-VI шешіміне
1-қосымша
Аягөз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Аягөз ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он ) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді өсіру бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан және тұрғын үйден тұрғын үй жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) берілетін тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Аягөз аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдердің тізбесі
Аягөз аудандық мәслихатының
2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 54/505-VІ
шешіміне 2-қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдердің тізбесі
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32/223-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3688 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 13 наурызында жарияланған);
Тармақ 2
2. Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 34/240-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3868 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 04 мамырында жарияланған);
Тармақ 3
3. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 2/15-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 32/223-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4521 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 06 маусымында жарияланған);
Тармақ 4
4. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 26/182-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-176 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 22 тамызында жарияланған);
Тармақ 5
5. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы №41/284-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6319 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 04 желтоқсанында жарияланған);
Тармақ 6
6. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 02 сәуірдегі № 44/331-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы №32/223-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6807 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 02 сәуірінде жарияланған).