Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Қобда аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 305 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6930 тіркелген, 2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 322 «Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 305 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы»» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7047 тіркелген, 2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 шешіміне 1 қосымша Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
Тармақша 4
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 5
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 9
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай түрде көрсетілетін көмек түсініледі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
Тарау 2. 2 тарау . Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2 тарау . Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
Тармақша 1
1) амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғалар «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, емделуге төленетін жол шығындарын (жол жүру билетінің құнын) өтеу үшін. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты бір жолғы әлеуметтік көмектің төмендегі мөлшерлері белгіленеді:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 300 000 (үш жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген ардагерлерге 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 4
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 5
5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 6
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 7
7) көп балалы отбасыларға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 8
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 9
9) аз қамтылған азаматтарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 10
10) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған аналарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 11
11) «Батыр Ана» атағын алған аналарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 12
12) I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 13
13) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын науқастарға 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
Тармақша 14
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі шекте көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша статистика органы есептейтін мөлшері бойынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда). Бұл ретте өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін төмендегілер негіздемелер болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күн көріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы болып табылады.
Тармақ 9
9. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі: өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
Тармақ 10
10. Мереке күндеріне кірістерді есептемегенде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Жеңіс күніне орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде; Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде; еңбек ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде; Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.
Тармақша 3
3) 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай - Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Мереке күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, уәкілетті органның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қобда ауданы бюджетінен көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ереже
3-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 16
16. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.