О некоторых вопросах оказания государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26), 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 1-қосымша Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1)  санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;
Тармақша 2
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.
Тарау 2. 2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
Тармақ 3
3. «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 4
4. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Объектінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі. Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының мерзімі 1 жылды құрайды. Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшемдер хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар және мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушы объектіге кіруге рұқсат берген кезде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабында көзделген тәртіппен объектіге бару арқылы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді. Рұқсат беру бақылауының нәтижелеріне байланысты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау актісі (рұқсат беру бақылауының қорытындысы) ресімделеді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің және Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы. Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 11
Тармақ 12
12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
Тармақ 13
13. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 14
14. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті алушы Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге бармай-ақ 6 (алты) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ресімдейді және береді.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы. Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 21
21. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын анықтау;
Тармақша 2
2) ұсынылған деректер мен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің Кодекстің 94-бабына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Тармақ 21
Тармақ 22
22. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 22-1
22-1. Қағаз нысанда берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алады. Егер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз нысанда берілсе, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық нысанын алады. Көрсетілетін қызметті беруші санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстыруды беруді «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі
5-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтата тұру тәртібі
Тармақ 24
24. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың орындалмауы негіз болып табылады.
Тармақ 25
25. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұруды объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген көрсетілетін қызметті берушілер жүзеге асырады, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде - оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан және алты айдан кем болмауы тиіс.
Тармақ 26
26. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұру туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешімде көрсетілген мерзімге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.
Тармақ 27
27. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.
Тармақ 28
28. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою фактісін растаған кезде көрсетілетін қызметті беруші рұқсаттың қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.
Тармақ 29
29. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою фактісін растау негіз болып табылады.
Тармақ 30
30. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБТ) көзделген тәртіппен соттың күшіне енген шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 32
32. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру туралы сот шешімі күшіне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
Тармақ 33
33. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектіге тексеріп қарау жүргізбей, мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабында көзделген заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын өзгерту;
Тармақша 5
5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процессін, қуаттылығын өзгертпей және объектіге құрылымдық өзгерістер енгізілмеген, басқа тұлға қолданыстағы объектіге меншік құқығын алған жағдайда.
Тармақ 34
34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинетке» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 6, 7, 10 және 16, 17, 20-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады. Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Тармақ 35
35. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген кезде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамашылық жасалған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.
Тармақ 37
37. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде – оны алмастыратын адамның шешімімен ресімделеді.
Тармақ 38
38. Объектілерге берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) объектілерге берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан айыру;
Тармақша 2
2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлғаның қызметін тоқтату, тарату;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушының объектілерге берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші;
Тармақша 5
5) объектілерге жаңа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар. Объектілерге берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушы объектілерге жүзеге асыруға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыра алмайды.
Тармақ 39
39. Жобаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының жарамдылығын тоқтату тәртібі ӘРПК-нің 84-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 1-қосымша «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің негізгі талаптарының тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау; - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу; - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату; - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру. 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні. 4 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; - осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі. - жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (2023 жылдың 1 шілдесіне дейін объектінің техникалық паспорты). 9 Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар 1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.2. Өтініш
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ ___________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ ___________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Сізден ______________________________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) _________________________________________________________________ ________ бойынша орналасқан _________________________________________________________________________ объектінің нысаналы мақсаты _________________________________________________________________________ тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. қолы,күні, айы, жылы Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2.
Басқа 1.3. Өтініш
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 3-қосымша Өтініш
Басқа 1.4. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан Форма А4 Форматы Формат А4 Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________ Мен (Біз) (Мною Нами)____________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (далее – Ф.И.О) __________________________________________________________________________________ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың: (с участием)_______________________________________________________________________________ тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов, участвовавших в обследовании) _________________________________________қатысуымен мамандар болғанда: (в присутствии) лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға (должность, Ф.И.О должностного лица или индивидуального предпринимателя______________________________________________________ басшысының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица______________________________________________ ________________________________________________________________________________________ нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы (наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя) ____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование). __________________________________________________________тексеру түрін көрсету (указать вид обследования) (начато) 20___ жылғы (года) «__»_________ __ сағат (часов) __ минутта  (минут) басталды. Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):______________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Қорытынды (Заключение):_________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің (указать пункты нарушения требований санитарных правил) ______________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды көрсетіңіз/гигиенических нормативов и иных нормативных правовых актов)__________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Қолдары (подписи) _______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора____________________________________________________________________________________ басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/ участвовавшие другие специалисты, свидетели) Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и экземпляр акта получил)____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя)_____________________________________________ Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи лица)____________________________________ (окончено) 20 __ жылғы (года) «___»___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды. Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах) «___» _______ 20___жыл (год)
Басқа 1.5. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 5-қосымша «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: - қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу; - санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу; - шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу; - топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу; - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу; - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру. 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы: www. egov. kz (бұдан әрі-портал) 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні. 4 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 7 Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылардың, зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: - осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; - қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі; 2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: - осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; - санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгілеу үшін); - (белгіленген (түпкілікті) үшін) шынайы зерттеулер мен өлшемдердің жылдық циклінің хаттамасы; 3) шикізат пен өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: - осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жаңа шикізат пен өнімге арналған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі; 4) топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме бойынша материалдарға нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін: - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш; - топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме материалдары бойынша нормативтік құжаттама жобасының (есебінің) электрондық көшірмесі. 9 Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар 1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.6. Өтініш
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 6-қосымша Нысан ____________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Сізден ______________________________________________________________ _________________________________________________________________________ (жобаның атауы) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және санитариялық- эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1.2. Қолы, күні, айы, жылы
Басқа 1.7. Өтініш
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 7-қосымша Нысан ___________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Сізден ____________________________________ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтатуды сұраймын (қажетінің астын сызу керек) _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, берілген нөмірі, күні) _____________________________________________________________________________ берілген объектінің атауы, орналасқан мекенжайы: аудан, көше, үй, пәтер, жобаның атауы (қажетінің астын сызу) _____________________________________________________________________________ Мынадай негізде (негіздерде)*: 1) құжаттағы қателерді (қателерді) анықтау___________________; 2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабында көрсетілген жағдайларда заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру______________; 3) объектінің орналасқан жерінің мекенжайын физикалық ауыстырмай өзгерту _________; 4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын өзгерту __________; 5) объектінің нысаналы мақсатын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, технологиялық процессін, қуаттылығын өзгертпей және объектіге құрылымдық өзгерістер енгізілмеген, басқа тұлға қолданыстағы объектіге меншік құқығын алған жағдайда ________. Осы өтініш арқылы: 1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екендігі; 2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге сот сұрау салмағанын; 3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып табылатынын; 4) өтініш беруші рұқсат құжатын алу кезінде ақпараттық жүйелердегі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін. Қолы, күні, айы, жылы Қосымша (құжаттардың көшірмелері) * Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеген жағдайда толтырылады.
Басқа 1.8. Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)
Санитариялық- эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына 8-қосымша Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар) Зерт­те­улер (сы­нақ­тар) түр­ле­рі Өл­ше­улер неме­се сы­на­ма алу ор­ны 1. Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­леу және оқы­ту объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық Бар­лық топ­тар­дың ки­і­ніп-ше­ші­не­тін ор­ны, ой­ын бөл­ме­сі, жа­тын бөл­ме­ле­рі, му­зы­ка (спорт) ка­би­нет­те­рі, ме­ди­ци­на­лық үй-жай­лар, изо­ля­тор, бас­сейн­дер (бар бол­са) Су­ды зерт­теу: 1) ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су құ­бы­ры жүй­е­сі­нен алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер) ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры, ас бло­гы (бө­лек бл­ок­та ор­на­лас­қан кез­де) 2) ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен алы­на­тын ауыз су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер) құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры 3) бар болған жағ­дай­да жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі­нен және ван­на­лар­дан алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер) екі жер­де – бас­сейн ван­на­сы­ның та­яз және те­рең бө­лік­те­рін­де су ай­ды­ны бе­ті­нен 25-30 сан­ти­метр (бұ­дан әрі – см) те­рең­дік­те, сүз­гі­ден кей­ін­гі су 4) әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де ауыз су Су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стің, элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стің кер­не­улі­гі ком­пью­тер­лік және муль­ти­ме­ди­я­лық сы­нып­тар (ка­би­нет­тер) (бар бол­са) Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі Ой­ын үй-жай­ла­ры, оқу ка­би­нет­те­рі, му­зы­ка, спорт за­лы, ме­ди­ци­на­лық үй-жай­лар 2. Бі­лім бе­ру және тәр­би­е­леу объ­ек­ті­ле­рі, бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жа­тақ­ха­на­ла­ры, ар­найы, тү­зе­ту ка­би­нет­те­рі (ор­та­лық­та­ры), ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер­ге ар­нал­ған оңал­ту ор­та­лық­та­ры: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық Қа­был­дау бөл­ме­ле­рі, жа­тын бөл­ме­лер, оқу үй-жай­ла­ры, ше­бер­ха­на­лар, спорт және му­зы­ка зал­да­ры, ме­ди­ци­на­лық ка­би­нет­тер, де­ма­лу­ға және ұй­ық­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, ком­пью­тер­лік сы­нып­тар Су­ды зерт­теу: 1) ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су құ­быр­ла­ры жүй­е­сі­нен алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер) ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры, ас бло­гы (бө­лек бл­ок­та ор­на­лас­қан кез­де) 2) ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен алы­на­тын ауыз су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер) құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры 3) бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге су жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі және ван­на­лар (бар бол­са) 4) әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де ауыз су Су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­ды зерт­теу: 1) элек­тро­маг­нит­тік және элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стер­дің кер­не­улі­гі, шу ком­пью­тер­лік және муль­ти­ме­ди­я­лық сы­нып­тар (ка­би­нет­тер) (бар бол­са) 2) жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі оқу үй-жай­ла­ры, зерт­ха­на­лар, ше­бер­ха­на­лар, өзін-өзі дай­ын­дау бөл­ме­ле­рі, оқу за­лы, ме­ди­ци­на­лық ка­би­нет 3. Са­уық­ты­ру және са­на­то­рий объ­ек­ті­ле­рі, ба­за­ла­ры, де­ма­лыс орын­да­ры, ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік оңал­ту объ­ек­ті­ле­рі: Бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған, құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар), әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар­дан алын­ған ауыз су ас бл­ок­та­ры Бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге су Жа­бық, ашық жү­зу бас­сейн­де­рі, ван­на­лар, жа­ға­жай­лар (бар бол­са) Па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер (жыл­дың жы­лы мез­гі­лін­де) то­пы­рақ, құм (құм, жа­ға­жай бар бол­са) Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра (жы­лы­ту ке­зе­ңін­де), са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық Жа­тын бөл­ме­лер, оқу үй-жай­ла­ры, кі­та­п­ха­на, мә­де­ни-бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар мен де­ма­лу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, ком­пью­тер­лік сы­нып­тар, қыз­мет­тік-тұр­мыстық, кір жу­а­тын жер­лер (кір жуу ор­ны), та­мақ­та­ну за­лы, бу­фет, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет, уқа­лау ка­би­не­ті, ме­ди­ци­на­лық үй-жай, спорт­зал, сек­ци­я­лық са­бақ­тар өт­кізу­ге ар­нал­ған бөл­ме, ре­кре­а­ция, ве­сти­бюль, гар­де­роб, асүй, спорт за­лы­ның ки­ім ауы­сты­ра­тын бөл­ме­сі, бас­сейн ван­на­сы бар үй-жай­лар, се­без­гі (бар бол­са) Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі Оқу, ой­ын бөл­ме­ле­рі мен үй­ір­ме бөл­ме­ле­рі, жа­тын бөл­ме­лер, дене шы­нық­ты­ру­ға ар­нал­ған зал және бас­сейн, ре­кре­а­ция Мик­ро­био­ло­ги­я­лық, фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық, ток­си­ко­ло­ги­я­лық, ра­дио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер Ем­дік бал­шық (бар бол­са) 4. Ба­ла­лар­дың сүт асүй­ле­рі: Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де), әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры 5. Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі, борт­тық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі, кө­лік­те­гі (те­мір­жол, әуе, су және ав­то­мо­биль) қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы (жыл­дың сал­қын мез­гі­лін­де) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де), су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар (әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) То­ңа­зыт­қыш және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар жұ­мыс іс­те­ген кез­де жел­де­ту жабды­ғы­нан бо­ла­тын шу (тұр­ғын үй­лер­ге кі­рік­ті­рі­ліп-жап­сар­лас са­лын­ған үй-жай­лар­да) жел­де­ту қон­дыр­ғы­ла­ры, жаб­дық­та­ры ор­на­лас­қан жер­лер Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры, ке­лу­ші­лер­ге ар­нал­ған зал 6. Та­мақ өнім­де­рін өң­деу, өн­ді­ру объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы (жыл­дың сал­қын мез­гі­лін­де) өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) То­ңа­зыт­қыш және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар жұ­мыс іс­те­ген кез­де жел­де­ту жабды­ғы­нан бо­ла­тын шу (тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да, бар­лық кі­рік­ті­рі­ліп-жап­сар­лас са­лын­ған үй-жай­лар­да) жел­де­ту қон­дыр­ғы­ла­ры, жаб­дық­та­ры ор­на­лас­қан жер­лер 7. Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық Ерекше ре­жим­де­гі үй-жай­лар: опе­ра­ци­я­лық, ем­ша­ра, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, сте­риль­деу бө­лім­ше­ле­рі, жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, босан­ды­ру­дан кей­ін­гі па­ла­та­лар, бокстар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­ла­ры Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де), су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар (әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу Ерекше ре­жим­де­гі үй-жай­лар: опе­ра­ци­я­лық, ем­ша­ра, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, тар бей­ін­ді ма­ман­дар­дың қа­был­дау ка­би­нет­те­рі (оф­таль­мо­лог, хи­рург, аку­шер-ги­не­ко­лог, трав­ма­то­лог, сто­ма­то­лог), жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­лар, қан дай­ын­дау үй-жай­ла­ры Шу дең­гейі опе­ра­ци­я­лық үй-жай­лар Элек­тр­лік және маг­нит­тік өрі­стер­ді өл­шеу фи­зио­те­ра­пи­я­лық, ди­а­гно­сти­ка­лық ка­би­нет­тер­де­гі жұ­мыс орын­да­рын­да До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де жұ­мыс орын­да­ры, ара­лас үй-жай­лар мен аумақ 8. Дә­рі­лік заттар­ды өн­ді­ру, дай­ын­дау объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі ас­си­стент­тік, дә­рі­ха­на­лық ыдыс­ты сте­риль­деу, ди­стил­ля­ци­я­лау, өл­шеп-орау орын­да­ры, асеп­ти­ка­лық жағ­дай­лар­да дә­рі­лік ны­сан­дар­ды дай­ын­дау үй-жай­ла­ры, сақ­тау үй-жай­ла­ры Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу ғи­ма­рат­та­ғы су та­ра­ту кран­да­ры Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу ас­си­стент­тік, дә­рі­ха­на­лық ыдыс­ты сте­риль­деу, ди­стил­ля­ци­я­лау, өл­шеп-орау орын­да­ры, асеп­ти­ка­лық жағ­дай­лар­да дә­рі­лік ны­сан­дар­ды дай­ын­дау үй-жай­ла­ры, сақ­тау үй-жай­ла­ры, қыз­мет көр­се­ту за­лы 9. Те­рі және шы­ры­шты жа­бын­ды бұ­за оты­рып қыз­мет­тер көр­се­те­тін ем­деу-кос­ме­то­ло­ги­я­лық объ­ек­ті­ле­рі, сұ­лулық са­лон­да­ры, кос­ме­то­ло­ги­я­лық ор­та­лық­тар, оның ішін­де та­ту­аж және та­ту­и­ров­ка бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер: Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер­ге зерт­теу су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу жұ­мыс орын­да­ры Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стер дең­гейі со­ля­рий (бар бол­са) Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық жұ­мыс орын­да­ры 10. Өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер: Мик­ро­кли­мат па­ра­метр­ле­рін зерт­теу жұ­мыс орын­да­ры Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар және ион­да­май­тын сәу­ле­ле­ну па­ра­метр­ле­рін зерт­теу фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­те­ген кез­де жұ­мыс орын­да­ры Жұ­мыс ай­ма­ғы ауа­сы­ның па­ра­метр­ле­рін зерт­теу жұ­мыс орын­да­ры (зи­ян­ды хи­ми­я­лық заттар­дың көз­де­рі болған кез­де) 11. Ра­дио­тех­ни­ка­лық объ­ек­ті­лер: Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стер­дің дең­гейі өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, са­ни­та­ри­я­лық- қор­ға­ныш ай­ма­ғы­ның ше­ка­ра­сы, құ­ры­лы­сты шек­теу ай­ма­ғы 12. Ра­ди­а­ци­я­лық-қа­уіп­ті объ­ек­ті­лер: Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар және ион­да­май­тын сәу­ле­ле­ну па­ра­метр­ле­рін зерт­теу фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер жұ­мыс орын­да­ры, ара­лас үй-жай­лар, ұй­ым­ның ау­ма­ғы 13. Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар мен кө­лік құ­рал­да­ры (те­мір­жол, су, әуе)*: Мик­ро­кли­мат па­ра­метр­ле­рін зерт­теу (тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы) жұ­мыс және жо­ла­у­шы­лар үй-жай­ла­ры Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу кон­струк­ци­я­сын­да су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі көз­дел­ген кө­лік құ­рал­да­ры үшін Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың (шу, ді­ріл) және ион­да­май­тын сәу­ле­ле­ну па­ра­метр­ле­рін зерт­теу қыз­мет­тік және жо­ла­у­шы­лар үй-жай­ла­ры Кө­лік құ­рал­да­ры үй-жай­ла­ры­ның ауа­сын­да­ғы зи­ян­ды заттар­ды, оның ішін­де шаң­да­ну­ды зерт­теу қыз­мет­тік және жо­ла­у­шы­лар үй-жай­ла­ры Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу қыз­мет­тік және жо­ла­у­шы­лар үй-жай­ла­ры 14. Ша­ру­а­шы­лық-ауыз­су­мен жаб­дық­тау объ­ек­ті­ле­рі: Су­ды зерт­теу: бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер су алу нүк­те­ле­рі Же­рү­сті көз­де­рі үшін па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге су­ды зерт­теу су алу нүк­те­ле­рі Су­ды ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­теу жа­ңа су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі үшін 15. Су объ­ек­ті­ле­рі (мә­де­ни-тұр­мыстық мақ­сат­та­ғы), де­ма­лыс орын­да­ры: Су­ды зерт­теу: бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер пай­да­ла­ну орын­да­ры То­пы­рақ­ты па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер жа­ға­жай­лар (бар бол­са) 16. Та­мақ өнім­де­рін кө­тер­ме сақ­тау және (неме­се) өт­кі­зу объ­ек­ті­ле­рі, хи­ми­я­лық заттар мен өнім­дер­ді, аг­ро­хи­ми­кат­тар мен пе­сти­цид­тер­ді (улы хи­ми­кат­тар­ды) сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар, вак­ци­на­лар мен им­му­но­ло­ги­я­лық (им­мун­дық-био­ло­ги­я­лық) дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды сақ­тау және та­сы­мал­дау объ­ек­ті­ле­рі: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық қой­ма үй-жай­ла­ры, жұ­мыс орын­да­ры Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу жұ­мыс орын­да­ры Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да және өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­да ор­на­лас­қан объ­ек­ті­лер үшін шу мен ді­ріл­ді өл­шеу жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­де­ту жабды­ғы­нан шы­ға­тын Элек­тро­маг­нит­тік және сәу­ле­ле­ну­дің өзге де түр­ле­рін зерт­теу фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры Жұ­мыс ай­ма­ғы­ның ауа­сын зи­ян­ды заттар­дың бо­луы­на зерт­теу (өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі то­ңа­зы­ту жаб­дық­та­рын пай­да­ла­на­тын объ­ек­ті­лер үшін) жұ­мыс орын­да­ры 17. Вах­та­лық кент­тер: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық Бар­лық тұр­ғын бөл­ме­лер, де­ма­лу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу Бар­лық тұр­ғын бөл­ме­лер, де­ма­лу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар Су­ды зерт­теу: бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) 18. Па­то­ген­ді­гі I-IV топ­тар­да­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын зерт­ха­на­лар: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған үй-жай­лар, жұ­мыс орын­да­ры Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу жұ­мыс орын­да­ры Шу мен ді­ріл­ді өл­шеу жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­де­ту жабды­ғы­нан шы­ға­тын 19. Спорт­тық-са­уық­ты­ру мақ­са­тын­да­ғы объ­ек­ті­лер, бас­сейн­дер, мон­ша­лар мен сау­на­лар: Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де) Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі және ван­на­лар (бар бол­са) Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы, 1 са­ғат ішін­де ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі Ве­сти­бюль, гар­де­роб, ки­і­ніп-ше­ші­не­тін бөл­ме, жуы­на­тын бөл­ме, се­без­гі, бу­лау бөл­ме­сі, уқа­лау бөл­ме­сі, жұ­мыс­кер­лер­ге ар­нал­ған тұр­мыстық үй-жай­лар 20. Дез­ин­фек­ци­я­лау, дезин­сек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау құ­рал­да­рын және (неме­се) пре­па­рат­та­рын сақ­тау объ­ек­ті­ле­рі, сон­дай-ақ дез­ин­фек­ци­я­лау, дезин­сек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау құ­рал­да­рын және (неме­се) пре­па­рат­та­рын пай­да­ла­на оты­рып, жем­дер­ді, тұ­з­ақ­тар­ды, жұ­мыс ері­т­ін­ді­ле­рін дай­ын­дау және (неме­се) буып-түю жө­нін­де­гі жұ­мыс жү­зе­ге асы­ры­ла­тын объ­ек­ті­лер: Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық қой­ма үй-жай­ла­ры, жұ­мыс орын­да­ры Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу жұ­мыс орын­да­ры Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да және өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­да ор­на­лас­қан объ­ек­ті­лер үшін шу мен ді­ріл­ді өл­шеу жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­де­ту жабды­ғы­нан шы­ға­тын Элек­тро­маг­нит­тік және сәу­ле­ле­ну­дің өзге де түр­ле­рін зерт­теу фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың кө­зі болған жағ­дай­да жұ­мыс орын­да­ры Жұ­мыс ай­ма­ғы­ның ауа­сын зи­ян­ды заттар­дың бо­луы­на зерт­теу (өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі то­ңа­зы­ту жаб­дық­та­рын пай­да­ла­на­тын объ­ек­ті­лер үшін) жұ­мыс орын­да­ры *Зертханалық зерттеулерді қызмет алушы тарапынан аккредиттелген тәуелсіз зертханаларды тарта отырып бару арқылы объектіні (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне тексеру барысында жүргізеді
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 2-қосымша Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін (бұдан әрі – тізілім) айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 2
2) есепке алу нөмірі – тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код;
Тармақша 3
3) өндіріс субъектісі – тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Тармақ 3
3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі.
Тармақ 4
4. Есепке алу нөмірін беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өндіріс обектісінің қызмет түрін және нөмірін (бұдан әрі – нөмір) қамтитын кодқа сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет түрін қамтитын код өндіріс объектісінің қызмет түрінің әріптік символынан тұрады. Нөмір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өндіріс объектісінің реттік нөмірінен тұрады. Өндіріс объектісінің реттік нөмірі аумақтық бөлімшеде есепке алу нөмірін беруге өтініштің тіркеу кезектілігіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 5
5. Есепке алу нөмірін аумақтық бөлімшелер береді.
Тармақ 6
6. Есепке алу нөмірін беру өндіріс объектісі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі
2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 8
8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды объектілерге тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Тармақ 13
13. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды ресімдейді және береді. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы. Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растауды ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Ведомство мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 15
15. Өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімі қайта жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі
3-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру және оның тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 17
17. Тізілімді ведомство осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Тармақ 18
18. Ведомство растаудың алынған көшірмесінің негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісін Ведомстваның gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.
Тармақ 19
19. Аумақтық бөлімше өндіріс субъектісі ұсынған өндіріс объектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе) тұрғылықты жері өзгергені туралы не қызметтің тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтердің (бұдан әрі – мәліметтер) негізінде жазбаша ақпаратты мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға жібереді.
Тармақ 20
20. Тізілімге өзгерістерді ведомство аумақтық бөлімшеден келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.
Басқа 2.1. Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Есепке алу нөмірін беру үшін өндіріс объектілерінің қызмет түрлерінің кодтары № Қызмет түрі Код 1 Балалар сүт асүйлері A 2 Сүт өңдеу объектілері В 3 Ұн тарту объектілері C 4 Ет өңдеу объектілері D 5 Жеміс өңдеу объектілері E 6 Құс өңдеу объектілері F 7 Балық өңдеу объектілері G 8 Тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері H 9 Май өнімдерін өндіру объектілері I 10 Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілері J 11 Макарон өнімдерін өндіру объектілері K 12 Алкоголь өнімін өндіру объектілері L 13 Алкогольсіз өнімді, ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз суды өндіру объектілері M 14 Өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу объектілері N 15 Арнайы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіру объектілері O 16 Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері P 17 Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіру объектілері Q 18 Тағамдық және йодталған тұздарды өндіру объектілері R 19 Қант өндіру объектілері S 20 Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері U 21 Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіру объектілері V 22 Басқалар W Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) литерлік коды № код Атауы 1 01 Астана қаласы 2 0101 Алматы 3 0102 Байқоңыр 4 0103 Есіл 5 0104 Сарыарқа 6 0105 Нұра 7 0106 Сарайшык 8 02 Алматы қаласы 9 0201 Алатау 10 0202 Алмалы 11 0203 Әуезов 12 0204 Бостандық 13 0205 Жетісу 14 0206 Медеу 15 0207 Наурызбай 16 0208 Түрксіб 17 03 Акмола обласы 18 0301 Ақкөл 19 0302 Аршалы 20 0303 Астрахан 21 0304 Атбасар 22 0305 Бұланды 23 0306 Көкшетау қаласы 24 0307 Степногор қаласы 25 0308 Егіндікөл 26 0309 Біржан сал 27 0310 Ерейментау 28 0311 Есіл 29 0312 Жақсы 30 0313 Жарқайың 31 0314 Зеренді 32 0315 Қорғалжын 33 0316 Сандықтау 34 0317 Целиноград 35 0318 Шортанды 36 0319 Бурабай 37 0320 Қосшы қаласы 38 04 Ақтөбе облысы 39 0401 Әйтеке би 40 0402 Алға 41 0403 Байғанин 42 0404 Ырғыз 43 0405 Қарғалы 44 0406 Мәртөк 45 0407 Мұғалжар 46 0408 Темір 47 0409 Ойыл 48 0410 Қобда 49 0411 Хромтау 50 0412 Шалқар 51 0413 Ақтөбе қаласы Астана ауданы 52 0414 Ақтөбе қаласы Алматы ауданы 53 05 Алматы облысы 54 0501 Балқаш 55 0502 Еңбекші қазақ 56 0503 Жамбыл 57 0504 Іле 58 0505 Қарасай 59 0506 Райымбек 60 0507 Кеген 61 0508 Талғар 62 0509 Ұйғыр 63 0510 Қонаев қаласы 64 06 Атырау облысы 65 0601 Атырау қаласы 66 0602 Жылыой 67 0603 Индер 68 0604 Исатай 69 0605 Қызылқоға 70 0606 Құрманғазы 71 0607 Мақат 72 0608 Махамбет 73 07 Батыс Қазақстан облысы 74 0701 Ақжайық 75 0702 Бекейорда 76 0703 Бөрілі 77 0704 Жаңақала 78 0705 Жәнібек 79 0706 Бәйтерек 80 0707 Казталов 81 0708 Қаратөбе 82 0709 Сырым 83 0710 Тасқала 84 0711 Теректі 85 0712 Шыңғырлау 86 0713 Орал қаласы 87 08 Жамбыл облысы 88 0801 Байзақ 89 0802 Жамбыл 90 0803 Жуалы 91 0804 Қордай 92 0805 Мерке 93 0806 Мойынқұм 94 0807 Т. Рысқұлов ауданы 95 0808 Сарысу 96 0809 Талас 97 0810 Шу 98 0811 Тараз қаласы 99 09 Қарағанды облысы 100 0901 Абай 101 0902 Ақтоғай 102 0903 Бұхар-Жырау 103 0904 Қарқаралы 104 0905 Нұра 105 0906 Осакаров 106 0907 Шет 107 0908 Балқаш қаласы 108 0909 Приозерск қаласы 109 0910 Саран қаласы 110 0911 Теміртау қаласы 111 0912 Шахтинск қаласы 112 0913 Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы 113 0914 Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы 114 10 Қостанай облысы 115 1001 Алтынсарин 116 1002 Аманкелді 117 1003 Әулиекөл 118 1004 Денисов 119 1005 Жангелдин 120 1006 Жітіқара 121 1007 Қамысты 122 1008 Қарабалық 123 1009 Қарасу 124 1010 Қостанай 125 1011 Меңдіқара 126 1012 Науырзым 127 1013 Сарыкөл 128 1014 Бейімбет Майлин 129 1015 Ұзынкөл 130 1016 Федоров 131 1017 Қостанай қаласы 132 1018 Арқалық қаласы 133 1019 Лисаковск қаласы 134 1020 Рудный қаласы 135 11 Қызылорда облысы 136 1101 Арал 137 1102 Қазалы 138 1103 Қармақшы 139 1104 Жалағаш 140 1105 Сырдария 141 1106 Шиелі 142 1107 Жаңақорған 143 1108 Қызылорда қаласы 144 12 Маңғыстау облысы 145 1201 Бейнеу 146 1202 Қарақия 147 1203 Маңғыстау 148 1204 Түпқараған 149 1205 Ақтау қаласы 150 1206 Жаңаөзен қаласы 151 1207 Мұнайлы 152 13 Түркістан облысы 153 1301 Сауран 154 1302 Бәйдібек 155 1303 Жетісай 156 1304 Келес 157 1305 Қазығұрт 158 1306 Мақтаарал 159 1307 Ордабасы 160 1308 Отырар 161 1309 Сайрам 162 1310 Сарыағаш 163 1311 Созақ 164 1312 Төлеби 165 1313 Түлкібас 166 1314 Шардара 167 1315 Арыс қаласы 168 1316 Түркістан қаласы 169 1317 Кентау қаласы 170 14 Павлодар облысы 171 1401 Павлодар қаласы 172 1402 Ақсу қаласы 173 1403 Екібастұз қаласы 174 1404 Ақтоғай 175 1405 Баянауыл 176 1406 Железин 177 1407 Ертіс 178 1408 Тереңкөл 179 1409 Аққулы 180 1410 Май 181 1411 Павлодар 182 1412 Успен 183 1413 Шарбақты 184 15 Солтүстік Қазақстан облысы 185 1501 Айыртау 186 1502 Ақжар 187 1503 Аққайың 188 1504 Есіл 189 1505 Жамбыл 190 1506 М. Жұмабаев 191 1507 Қызылжар 192 1508 Мамлют 193 1509 Ғ. Мүсірепов 194 1510 Тайынша 195 1511 Тимирязев 196 1512 Уәлиханов 197 1513 Шал ақын 198 1514 Петропавл қаласы 199 16 Шығыс Қазақстан облысы 200 1601 Өскемен қаласы 201 1602 Самар 202 1603 Шемонаиха 203 1604 Күршім 204 1605 Марқакөл 205 1606 Тарбағатай 206 1607 Ұлан 207 1608 Алтай 208 1609 Зайсан 209 16010 Катон-Қарағай 210 1611 Нарым 211 1612 Глубокое 212 1613 Риддер қаласы 213 17 Шымкент қаласы 214 1701 Абай 215 1702 Әл-Фараби 216 1703 Еңбекші 217 1704 Қаратау 218 1705 Тұран 219 18 Абай облысы 220 1801 Семей қаласы 221 1802 Курчатов қаласы 222 1803 Абай 223 1804 Аякөз 224 1805 Бесқарагай 225 1806 Бородулиха 226 1807 Жарма 227 1808 Көкпекті 228 1809 Үржар 229 1810 Мақаншы 230 1811 Ақсуат 231 1812 Жаңа Семей 232 19 Жетісу облысы 233 1901 Аксу 234 1902 Алакөл 235 1903 Ескелді 236 1904 Қаратал 237 1905 Кербұлақ 238 1906 Көксу 239 1907 Панфилов 240 1908 Сарқан 241 1909 Талдықорган қаласы 242 1910 Текелі қаласы 243 20 Ұлытау облысы 244 2001 Жаңаарқа 245 2002 Ұлытау 246 2003 Жезқазган қаласы 247 2004 Қаражал қаласы 248 2005 Сәтпаев қаласы Ескертпе: Есепке алу нөмірі символдардан тұрады және мынадай құрылымы болады: бірінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды; екінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі; үшінші символ– өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды; төртінші символ – өндіріс объектісінің реттік нөмірі. Мысалы: 01.0104.O.210 01 – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды; 0104 – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі; O – өндіріс объектісінің қызмет түрі; 210 – өндіріс объектісінің реттік нөмірі.
Басқа 2.2. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері «электрондық үкімет» веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні 4 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндірісі объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат түріндегі өтініш; - өндірілетін тамақ өнімі тізбесінің электрондық көшірмесі; - эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және (немесе) эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметі (пайдалану) басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама). Санитариялық-эпидемиологиялық қортындылар туралы және хабарламалар туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы сәйкес келетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 9 Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда ескере отырып, өзге де талаптар 1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдарға арналған нұсқаға қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 2.3. Өтініш
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан ____________________________ мемлекеттік органның атауы ____________________________ басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекенжайы ____________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Сізден ____________________________________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) __________________________________________________________________________ бойынша орналасқан _______________________________________________________ (объектінің атауы) __________________________________________________________________________ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беруді сұраймын. Қызмет түрі ________________________________________ Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/хабарламаның нөмірі ___________ Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды/хабарлама берілген күн _____________ Қосымша: ______________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелердегі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін Қолы, күні, айы, жылы
Басқа 2.4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан/Форма Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/Подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства пищевой продукции, подлежащего государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения Осы растау/Настоящее подтверждение выдано _________________________________________ ______________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды ______________________________________________________________________________________ тұлғаның аты / фамилия, имя, отчество (при наличии) физического ______________________________________________________________________ лица, наименование юридического лица ______________________________________________________________________________________ бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по ______________________________________________________________________________________ (қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности) ______________________________________________________________________________________ тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне (атауын көрсету)/объект производства (изготовления) пищевой продукции (указать наименование) ______________________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (мекенжайын көрсету)/ расположенного ______________________________________________________________ по адресу (указать адрес) 20____ жылғы «___» ________ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/ в том, что присвоен учетный номер ____ от «__» _____ 20__ года. Басшы/Руководитель ______________________________ ________________________ (тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)/фамилия, (қолы /подпись) имя, отчество (при наличии)) Мөрдің орны/Место печати "___" _______ 20____ ж./г.
Басқа 2.5. Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына 5-қосымша Өндіріс өбъектілерінің есепке алу нөмірлерінің тізілімі Р/с № Өн­ді­ріс объ­ек­ті­сі­нің ата­уы Же­ке тұл­ға­ның/ заң­ды тұл­ға­ның ата­уы Өн­ді­ріс объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан ор­ны Та­мақ өні­мін өн­ді­ру (дай­ын­дау) объ­ек­ті­сі­нің есеп­ке алу нө­мі­рі Бе­рі­л­ген кү­ні Өзге мә­лі­мет­тер* 1 2 3 4 5 6 7 Ескертпе: * өндіріс объектісі атауының және (немесе) орналасқан орнының, өндіріс субъектісінің атауы және (немесе орналасқан орны туралы, өндіріс субъектісінің қызметі тоқтатылғаны немесе таратылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Басқа 3. Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 3-қосымша Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 22-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және оның қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомства) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) зерттеу (сынақ) хаттамасы – бақылаудағы тауарды зерттеу (сынау), қолданылатын әдістемелер, құралдар және зерттеу (сынау) жағдайлары, олардың нәтижелері туралы қажетті мәліметтерді қамтитын, белгіленген тәртіппен рәсімделген құжат;
Тармақша 2
2) өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі – өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР немесе БСЭГТ-ге сәйкестігін куәландыратын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бірыңғай нысан бойынша беретін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі.
Тармақ 4
4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бере отырып, мемлекеттік тіркеу Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында оны өндіріске қою кезеңінде, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнім үшін оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ЕАЭО шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
2-тарау. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
Тармақ 6
6. «Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 7
7. «Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптары (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшасында келтірілген. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дайындаушы немесе сатушы (импорттаушы) не уәкілетті дайындаушы тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) болып табылатын жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде портал арқылы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Мемлекеттік тіркеу мақсатында орындалған өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.
Тармақ 8
8. Қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер жүргізбей өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (оған қосымшаны) қайта ресімдеу мынадай:
Тармақша 1
1) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде (оған қосымшада) қателер (қате жазулар) анықталған;
Тармақша 2
2) өтініш иесінің не дайындаушының (өндірушінің) ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгертілген;
Тармақша 3
3) өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдаған, мұндай актіні қабылдау гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, өнім құрамына, оның қолданылу саласына өзгерістер енгізуге әкеп соқтырмайтын жағдайда;
Тармақша 4
4) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысы жоқ өнімнің қосымша нысандары мен көлемін, тұтыну қаптамасы түрлерін, тауар белгілерін көрсететін мәліметтермен, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарының өнімнің белгілі бір түрлерін қолдануына көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы мәліметтермен және гигиеналық маңызы жоқ мәліметтермен толықтыру қажеттілігі болған жағдайларда жүзеге асырылады. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (оған қосымшаны) қайта ресімдеген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (электрондық көшірмесі) портал арқылы жібереді.
Тармақ 9
9. Өнімді дайындаушының (өндірушінің) не өтініш иесінің ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы және заңды мекенжайы өзгерген кезде уәкілетті органнан тиісті өзгерістер туралы растайтын құжат қосымша ұсынылады.
Тармақ 10
10. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес расталған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады, бұл ретте қаптаманың (тығындау құралдарының) таңбалау туралы ақпараты мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы тиіс.
Тармақ 11
Тармақ 12
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектіге бармай Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген, өнімнің (тауарлардың) ЕАЭО ТР және (немесе) БСЭГТ, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізгеннен кейін оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде рәсімдейді және береді.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық беруге немесе білдіруге құқылы. Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 18
Тармақ 19
Тармақ 20
20. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 21
21. Өнімнің техникалық регламенттің (техникалық регламенттердің) талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай куәлік ол берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады.
Тармақ 22
22. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші зерттеулерден (сынақтардан) және өлшеулерден өткен өнімнің іріктелген сынамаларын (үлгілерін) дайындаған күннен бастап дайындалған өнімге қолданылады.
Тармақ 23
23. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын куәліктің қолданылу мерзімі ішінде ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығарылған өнімге қатысты (егер Техникалық регламентте өзгеше көзделмесе) мұндай өнімді дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерінің соңына дейін сатуға жол беріледі. БСЭГТ-на өнімінің сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу кезінде куәлік ол берілген күннен бастап өнімді дайындаудың немесе өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелудің бүкіл кезеңі ішінде және ЕАЭО кедендік аумағында айналыстағы өнімді толық өткізгенге дейін (дайындаушы көздеген оның жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ескере отырып) қолданылады.
Тармақ 24
24. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу кезінде ЕАЭО нарығында Өнім айналысының бірыңғай белгісі көрсетіледі, ал өнімнің БСЭГТ-на сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеген жағдайда көрсетілмейді.
Тармақ 25
25. Өтініш берушіден өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алған кезде мемлекеттік органның ведомствосы өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік органның ведомствосы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды, кейіннен өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күшін жояды және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен өнім туралы мәліметтерді алып тастайды. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (электрондық көшірмесін) жібереді.
Тармақ 27
27. Өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды: өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; өтініш иесінен өнімді әкелуді және (немесе) дайындауды тоқтату туралы ақпарат алу; деректерді мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш иесі ұсынған деректердің дұрыс еместігін растайтын ақпарат алу.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 28
28. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. «Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша «Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы: «Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ау­ма­ғын­да дай­ын­да­ла­тын өнім үшін өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу»; «Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ау­ма­ғы­нан тыс дай­ын­да­ла­тын өнім үшін өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу»; «Өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің қол­да­ны­луын тоқ­та­ту»; «Өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу»; «Өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің қол­да­ны­луын қай­та ба­стау» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: пор­тал ар­қы­лы - 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын төлем­нің мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Ре­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі Жұ­мыс кесте­сі: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­да: (жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да) тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша ку­ә­лік бе­ру үшін: пор­тал ар­қы­лы алу үшін: ЕА­ЭО ке­ден­дік ау­ма­ғын­да дай­ын­да­ла­тын өнім (пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім­дер­ден баcқа) үшін осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш: 1) дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) ку­әлан­дыр­ған, со­ған сәй­кес өнім дай­ын­да­ла­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі: стан­дарт неме­се ұй­ым стан­дар­ты неме­се тех­ни­ка­лық шарт; тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық; ре­цеп­ту­ра­лар неме­се құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; дай­ын­да­у­шы­ның (өн­ді­ру­ші­нің) өзі дай­ын­да­ған өнім­нің негіз­де­ліп дай­ын­да­ла­тын құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­т­ін­ді­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ха­бар­ла­ма ре­т­ін­де: дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) ку­әлан­дыр­ған са­па сер­ти­фи­ка­ты­ның, қа­уіп­сіз­дік (са­па) пас­пор­ты­ның, са­па ту­ра­лы ку­ә­лік­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі неме­се дай­ын­да­у­шы­ның ха­ты қа­был­да­на­ды (атал­ған құ­жат­тар­дың бі­ре­уі ұсы­ны­ла­ды); 2) өнім­ді қол­да­ну (пай­да­ла­ну, тұ­ты­ну) жө­нін­де­гі дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (нұс­қа­улық, нұс­қау, ұсы­ныс) (атал­ған құ­жат­тар­дың бі­ре­уі) не өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған оның кө­шір­ме­сі; 3) өті­нім бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған өнім жап­сыр­ма­ла­ры­ның (қап­та­ма­сы­ның) неме­се олар­дың ма­кет­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) ұлт­тық ак­кре­дит­теу (ат­те­стат­тау) жүй­е­ле­рін­де ак­кре­дит­тел­ген (ат­те­стат­тал­ған) және ЕА­ЭО сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ор­ган­да­ры­ның және сы­нақ зерт­ха­на­ла­ры­ның (ор­та­лық­та­ры­ның) Бі­рың­ғай ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген зерт­ха­на­лар (ор­та­лық­тар) бер­ген үл­гі­лер­ді (сы­на­ма­лар­ды) ірік­теу ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (зерт­ха­на­ның мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған); 5) ЕА­ЭО-ның сәй­кест­ікті ба­ға­лау жө­нін­де­гі ор­ган­да­ры­ның бі­рың­ғай ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­ла­ры (ор­та­лық­та­ры) бер­ген зерт­те­улер (сы­нақ­тар) хат­та­ма­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 6) осы са­ла­да прак­ти­ка­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын бей­ін­ді ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты неме­се бей­ін­ді ғы­лы­ми ор­та­лық бер­ген ғы­лы­ми есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 7) осы са­ла­да прак­ти­ка­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын бей­ін­ді ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты неме­се бей­ін­ді ғы­лы­ми ор­та­лық бер­ген са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 8) ғы­лы­ми ку­рор­то­ло­гия ор­та­лық­та­ры бер­ген та­би­ғи ми­не­рал­ды су­лар­ды пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған баль­нео­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ми­не­рал­ды су­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­ке­ген жағ­дай­да); ЕА­ЭО ке­ден­дік ау­ма­ғы­нан тыс дай­ын­да­ла­тын өнім үшін (пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім­дер­ден қо­с­па­ған­да): 1) дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) ку­әлан­дыр­ған, өнім негіз­де­ліп дай­ын­дал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі: ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт неме­се шет мем­ле­кет­тің стан­дар­ты неме­се тех­ни­ка­лық шар­ттар; ерекше­лік неме­се қа­уіп­сіз­дік пас­пор­ты; тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар; ре­цеп­ту­ра­лар неме­се құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 2) өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған, қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі өнім­ді қол­да­ну (пай­да­ла­ну, тұ­ты­ну) жө­нін­де­гі дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) құ­жа­ты­ның (нұс­қа­улық, нұс­қау, ұсы­ным) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (атал­ған құ­жат­тар­дың бі­ре­уі ұсы­ны­ла­ды); 3) дай­ын­да­у­шы (өн­ді­ру­ші) өзі дай­ын­да­ған өнім­нің негіз­де­ліп дай­ын­да­ла­тын құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­т­ін­ді­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ха­бар­ла­ма ре­т­ін­де: өнім дай­ын­да­у­шы­сы ку­әлан­дыр­ған са­па сер­ти­фи­ка­ты­ның, са­па ту­ра­лы ку­ә­лік­тің, ер­кін са­ту сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­ле­рі, өнім дай­ын­да­у­шы­сы ха­ты­ның кө­шір­ме­сі қа­был­да­на­ды (атал­ған құ­жат­тар­дың бі­ре­уі ұсы­ны­ла­ды); 4) өті­нім бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі өнім жап­сыр­ма­ла­ры­ның (қап­та­ма­сы­ның) неме­се олар­дың ма­кет­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 5) дез­ин­фек­ци­я­лау құ­ра­лы дай­ын­дал­ған мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ден­са­улық сақ­тау ор­га­ны (бас­қа ор­га­ны) бер­ген, өнім дай­ын­да­у­шы­сы ку­әлан­дыр­ған, дай­ын­да­у­шы мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да өнім­нің қа­уіп­сіз­ді­гін рас­тай­тын және ер­кін ай­на­лы­мы­на рұқ­сат бе­ре­тін құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се осын­дай құ­жат­ты ре­сім­деу қа­жет­ті­лі­гі­нің жоқ­тығ­ын рас­тай­тын өнім дай­ын­да­у­шы­сы­ның құ­жат­та­ры (дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­ке­ген жағ­дай­да); 6) ЕА­ЭО-ның сәй­кест­ікті ба­ға­лау жө­нін­де­гі ор­ган­да­ры­ның бі­рың­ғай ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген, ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­ла­ры (ор­та­лық­та­ры) бер­ген зерт­те­улер (сы­нақ­тар) хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 7) осы са­ла­да прак­ти­ка­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын бей­ін­ді ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты неме­се бей­ін­ді ғы­лы­ми ор­та­лық бер­ген ғы­лы­ми есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 8) осы са­ла­да прак­ти­ка­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын бей­ін­ді ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты неме­се бей­ін­ді ғы­лы­ми ор­та­лық бер­ген са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 9) ғы­лы­ми ку­рор­то­ло­гия ор­та­лық­та­ры бер­ген та­би­ғи ми­не­рал­ды су­лар­ды пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған баль­нео­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ми­не­рал­ды су­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­ке­ген жағ­дай­да); 10) ЕА­ЭО ке­ден­дік ау­ма­ғы­на өнім­ді әке­лу­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (өнім дай­ын­да­у­шы­сы­ның іле­с­пе ха­ты неме­се поч­та жө­нел­тім­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, сон­дай-ақ та­у­ар­ға іле­с­пе құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі «Әке­лу­ге рұқ­сат еті­л­ген» бел­гі­сін­сіз қа­был­да­на­ды); Пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім­дер­ге ку­ә­лік бе­ру үшін: 1) өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған Ке­ден ода­ғы ко­мис­си­я­сы­ның 2011 жы­л­ғы 23 қыр­күй­ек­те­гі № 799 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім­нің қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» (КО ТР 009/2011) Ке­ден ода­ғы­ның тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­ті­нің (бұ­дан әрі - 009/2011 КО ТР) 2-5-қо­сым­ша­ла­рын­да кел­ті­рі­л­ген өнім­дер дай­ын­да­ла­тын құ­жат­тар­дың (ин­гре­ди­ент­тер­дің шо­ғыр­ла­нуы көр­се­ті­л­ген тех­ни­ка­лық құ­жат­тар және/неме­се ин­гре­ди­ент­тер тіз­бе­сі) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 2) өзі дай­ын­да­ған өнім­нің өзі дай­ын­да­ла­тын құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сай ке­ле­т­ін­ді­гі ту­ра­лы дай­ын­да­у­шы­ның жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Ха­бар­ла­ма ре­т­ін­де дай­ын­да­у­шы ку­әлан­дыр­ған өнім­ге дай­ын­да­у­шы­ның са­па ку­ә­лі­гі неме­се дай­ын­да­у­шы­ның ха­ты қа­был­да­на­ды; 3) өті­нім бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған өнім­нің ор­га­но­леп­ти­ка­лық және фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­те­рі бар құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) на­но­ма­те­ри­ал­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, оның хи­ми­я­лық ата­уын, бөл­шек­тер­дің мөл­ше­рін, сон­дай-ақ фи­зи­ка­лық және хи­ми­я­лық қа­си­ет­те­рін қо­са ал­ған­да (дай­ын­да­у­шы өнім құ­ра­мын­да на­но­ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­лан­ған жағ­дай­да); 5) өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған, қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де­гі өнім жап­сыр­ма­ла­ры­ның (қап­та­ма­сы­ның) неме­се олар­дың ма­кет­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 6) мә­лім­дел­ген тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­рін (егер дай­ын­да­у­шы олар­ды өнім­нің таң­ба­ла­у­ын­да мә­лім­де­се), өнім­ді қол­да­ну ке­зін­де­гі ерекше сақ­тық ша­ра­ла­рын (қа­жет болған жағ­дай­да) қам­ти­тын ан­но­та­ци­я­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және бол­мауы тұ­ты­ну­шы­ның дұ­рыс пай­да­лан­ба­уы­на әкеп со­ғуы мүм­кін тә­сіл­дер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (неме­се қол­да­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық); 7) ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сын­да (ор­та­лы­ғын­да) алын­ған зерт­те­улер (сы­нақ­тар) хат­та­ма­ла­ры­ның неме­се ги­ги­е­на­лық са­рап­та­ма­лар ак­ті­ле­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі неме­се ғы­лы­ми есеп­тер неме­се са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­лар; 8) дай­ын­да­у­шы­ның өн­ді­рі­стің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы құ­жат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (дай­ын­да­у­шы­ның өн­ді­рі­стің тех­ни­ка­лық ре­гла­мент та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы неме­се дай­ын­да­у­шы­ның GMP қа­ғи­дат­та­ры­ның сақ­та­луы ту­ра­лы де­кла­ра­ци­я­сы (мә­лім­де­ме­сі неме­се жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма­сы) неме­се са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­сі­нің сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты неме­се пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім өн­ді­рі­сі­нің ти­іс­ті өн­ді­рі­стік прак­ти­ка (GMP) қа­ғи­дат­та­ры­на сәй­кест­і­гі сер­ти­фи­ка­ты); 9) тұ­ты­ну­шы ыдыс­ы­ның таң­ба­ла­у­ын­да мә­лім­дел­ген тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­рін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (әжім­дер­ден мик­роб­қа қар­сы әсер, SPF-фак­тор, ауыз қуы­сы­ның ги­ги­е­на­сы құ­рал­да­ры­ның ка­ри­оз­ға қар­сы, қа­бы­ну­ға қар­сы әсе­рі және т.б.) өті­ніш бе­ру­ші ку­әлан­дыр­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі. Пар­фю­мер­лік-кос­ме­ти­ка­лық өнім­нің тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­ріне қа­ты­сты өті­ніш­тер 009/2011 КО ТР-де кел­ті­рі­л­ген жал­пы өл­шем­шар­ттар ес­кер­ті­ле оты­рып негіз­де­лу­ге ти­іс 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) өнім­нің тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­ге және (неме­се) Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың та­у­ар­лар­ға қой­ы­ла­тын бі­рың­ғай са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және ги­ги­е­на­лық та­лап­та­ры­на және тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тіне сәй­кес кел­ме­уі; 2) Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ше­ші­мін­де неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген мем­ле­кет­тік тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ру­ға құқық­тар­дың, сон­дай-ақ өнім­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ре­сім­деу және бе­ру негіз­де­рі­нің бол­мауы; 3) өнім­ге және оны дай­ын­дау мен ай­на­лы­мы жағ­дай­ла­ры­на қа­ты­сты қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын бел­гі­ле­удің мүм­кін бол­мауы, сон­дай-ақ өнім­дер мен тір­ші­лік ету ор­та­сын­да осын­дай өнім­нің қа­уіп­ті фак­тор­ла­рын анық­тау және өл­шеу әді­сте­ме­ле­рі­нің бол­мауы; 4) мү­ше мем­ле­кет­тің ха­лы­қа­ра­лық кон­вен­ци­я­лар мен шар­ттар­ға қо­сы­луы шең­бе­рін­де алын­ған, өнім­ді дай­ын­дау, оның ай­на­лы­мы және оны тұ­ты­ну (пай­да­ла­ну) ке­зін­де өнім­нің адам ден­са­улы­ғы­на және тір­ші­лік ету ор­та­сы­на зи­ян­ды әсер ету жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы негіз­дел­ген ақ­па­рат­тың бо­луы; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 6) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы; 7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы; 10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар 1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры gov.​egov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гі бар. 3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. 4) Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа­сы­на қол­же­тім­ді. 5) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры gov.​egov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 3.2. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша форма ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ __________________________________________ (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі) Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК ______ж. «___» _________________ № ________ Өнім _____________________________________________________ Дайындаушы __________________________________________________ Өтініш иесі _________________________________________________ Сәйкес келеді _________________________________________________ Куәлік мыналар негізінде берілді _________________________________ Жарамдылық мерзімі ___________________________________________ ____________________________ М. О. _________ ___________________ (басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.) (уәкілетті тұлғаның) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының) № ______ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ _______________________________________________________________ (мемлекеттің уәкілетті органы – Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі) Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ҚОСЫМША ______ж. «___» _________________ № _______________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ____________________________ М. О. _________ ___________________ (басшының лауазымы (қолы) (Т.А.Ә.) (уәкілетті тұлғаның) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының) ___беттен ______ бет № __________
Басқа 3.3. Өтініш
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша Нысан ____________________________ мемлекеттік органның атауы __________________________ өтініш иесінің ТАӘ ____________________________ жеке басын куәландыратын құжаттың № ____________________________ заңды тұлға ұйымының атауы ____________________________ мекенжайы, байланыс телефоны ____________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі Өтініш Сізден ___________________________________________________________________________ (өнімнің атауы, негіздемесі және себебі*) ______________________________________________________________________________________ мемлекеттік тіркеуді (өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуді, оның қолданылуын тоқтатуды, қалпына келтіруді) жүргізуді сұраймын. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес көзделген ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2. Қолы, күні, айы, жылы * Себебі қайта ресімдеу немесе қолданылуы тоқтатылған кезде толтырылады
Басқа 3.4. Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша Нысан ____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т. А.Ә.) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Басқа 4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-қосымша Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 40-4) тармақшасына және 21-бабына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;
Тармақша 2
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – патогенді биологиялық агенттерді зерттеу, жою және (немесе) иммундық-биологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (табуға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), олардың айналымына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процестері (сатылары);
Тармақша 3
3) режимдік комиссия – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру мақсатында биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын комиссия.
Тарау 2. 2-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаларды беру тәртібі
2-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаларды беру тәртібі
Тармақ 3
3. «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін заңды тұлға немесе оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 2-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ-де бар болған кезде) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен көрсетілетін қызметті алушы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтерді алады (ЭҮШ болған жағдайда).
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режим комиссиясының мүшесі) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) режимдік комиссияның бейінді мүшелерін тарта отырып, 6 (алты) жұмыс күні ішінде объектіні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30393 болып тіркелген) Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі ресімделеді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (режимдік комиссияның мүшесі) осы қағидалардың 9-тармағында көзделген рәсімдер жүргізілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ осы қағидалардың 9-тармағында көзделген актіні қалыптастырады, оларды қорытынды дайындау үшін режимдік комиссияның мүшелеріне жібереді.
Тармақ 11
11. Режимдік комиссия осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтер келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30270 болып тіркелген) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы Ережеде көзделген қорытындыны дайындайды.
Тармақ 12
12. Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты ресімдейді және береді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі рұқсат беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 14
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық беруге немесе білдіруге құқылы. Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі істен шыққан кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Заңның 25-бабы 2)-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшалардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
3-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшалардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бұзу, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚтК) көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.
Тармақ 20
20. Соттың рұқсатты тоқтата тұру туралы шешімі күшіне енген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сот шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
Тармақ 21
21. Көрсетілен қызметті беруші хабарлама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын сот шешімінде көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.
Тармақ 22
22. Рұқсатты тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы өтініш беруге құқылы.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою туралы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.
Тармақ 24
24. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісі расталған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою фактісін растау рұқсаттың қолданысын қайта жаңарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 26
26. Рұқсаттан айыру ӘҚтК-де көзделген тәртіппен сот шешімі күшіне енуі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Рұқсаттан айыру үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты белгіленген мерзімде жоймау;
Тармақша 2
2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған, соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің денсаулық жағдайына және қоршаған ортаға қауіпті әсер ететін бұзушылықтың қайта анықталуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Тармақ 28
28. Соттың рұқсаттан айыру туралы шешімі күішне енген кезде көрсетілетін қызметті беруші сот күшіне енген шешімін алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жібереді.
Тармақ 29
29. Рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізбей, мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) құжатта қателер (қатемен жазулар) анықталған жағдайда;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда;
Тармақша 3
3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгергенде;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының атауы өзгергенде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Бұрын берілген рұқсатты жаңа патогенді биологиялық агенттермен толықтырған кезде рұқсатты қайта ресімдеу объектіге тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Осы қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларда рұқсаттарды қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер пайда болған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде тиісі өзгерістер туралы растау құжаттатары бар осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтінішті жібереді.
Тармақ 32
32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген негіз бойынша рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы қағидаларға 6-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 7-11-тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады. Режимдік комиссияның оң қорытындысы болған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір (1) жұмыс күні ішінде рұқсатты қайта ресімдейді не режимдік комиссияның теріс қорытындысы болған кезде көрсетілген мерзімдерде рұқсатты қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Тармақ 33
33. Осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу бұрын берілген рұқсат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Растаушы құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған рұқсаттарды қайта ресімдеуден бас тартады.
Тармақ 35
35. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган көрсетілетін қызметті берушіден сот шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды, ол халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган басшысының немесе ол болмаған кезде оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 36
36. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) рұқсаттан айыру;
Тармақша 2
2) рұқсат беру тәртібінің күшін жою;
Тармақша 3
3) қызметін тоқтату, заңды тұлғаны тарату;
Тармақша 4
4) өтініш иесінің рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы өз еркімен жүгінуі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар. Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
Басқа 4.1. «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 1-қосымша «Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру және оған қо­сым­ша­лар бе­ру». Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы: «Па­то­ген­ді­гі I топ­та­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оған қо­сым­ша­ны алу»; «Па­то­ген­ді­гі II топ­та­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оған қо­сым­ша­ны алу»; «Па­то­ген­ді­гі IIІ топ­та­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оған қо­сым­ша­ны алу»; «Па­то­ген­ді­гі ІV топ­та­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оған қо­сым­ша­ны алу»; «Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оның қо­сым­ша­сы­ның қол­да­ны­луын қай­та ба­стау»; «Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оның қо­сым­ша­сын қай­та ре­сім­деу»; «Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­ты және оның қо­сым­ша­сы­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­рі үшін па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат және оған қо­сым­ша не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын ақы­ның мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Ре­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі Жұ­мыс кесте­сі: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. 2) пор­тал­да: тәу­лік бойы (жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да). Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Рұқ­сат­ты бе­ру үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ру­ды жос­пар­ла­нып отыр­ған объ­ек­ті­ге са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­рі­л­ген кез­де); 2) тү­сін­дір­ме жа­з­ба­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін мы­на­лар­ды көр­се­те оты­рып: осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша орын­да­ла­тын зерт­те­улер но­мен­кла­ту­ра­сын; ма­те­ри­ал­дың қоз­ға­лыс схе­ма­сын (ағын­ды­лы­ғы) ұсы­на­ды. Заң­ды тұл­ға­ны неме­се оның фи­ли­а­лын мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші "элек­трон­дық үкі­мет" шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды; 3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2022 жы­л­ғы 28 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-121 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 30393 бо­лып тір­кел­ген) Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ру­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на (бұ­дан әрі – бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры) сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Бұ­рын бе­рі­л­ген рұқ­сат­ты жа­ңа па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен то­лық­ты­ру ке­зін­де рұқ­сат­ты қай­та ре­сім­деу үшін: 1) тү­сін­дір­ме жа­з­ба­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін мы­на­лар­ды көр­се­те оты­рып: осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша орын­да­ла­тын зерт­те­улер но­мен­кла­ту­ра­сын; ма­те­ри­ал­дық ба­за­ны; ма­те­ри­ал­дың қоз­ға­лыс (ағын) схе­ма­ла­рын; кадр­лық құ­рам мен пер­со­нал­ды кә­сі­би да­яр­ла­уды ұсы­на­ды. 2) «Ден­са­улық сақ­тау» да­яр­лау ба­ғы­ты бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі, «Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка» неме­се «Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия» неме­се «Мей­ір­гер ісі» неме­се «Ем­деу ісі» неме­се «Аку­шер­лік іс» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша тех­ни­ка­лық, кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі неме­се «Жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры, ма­те­ма­ти­ка және ста­ти­сти­ка» (био­ло­ги­я­лық, хи­ми­я­лық, хи­ми­я­лық-био­ло­ги­я­лық) неме­се «Ве­те­ри­на­ри­я­лық ме­ди­ци­на» неме­се «Ве­те­ри­на­ри­я­лық са­ни­та­рия» да­яр­лау ба­ғы­ты бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі, «Ве­те­ри­на­рия» ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық, кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі және (неме­се) ғы­лы­ми дә­ре­же­сі бар адам­дар үшін па­то­ген­ді­гі I және (неме­се) II топ­тар­да­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стрі­нің 2023 жы­л­ғы 13 ақ­пан­да­ғы № 34 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 31902 бо­лып тір­кел­ген) Ак­кре­дит­теу ор­ган­да­рын, оның ішін­де ше­тел­дік ак­кре­дит­теу ор­ган­да­рын та­ну та­лап­та­ры мен қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес қа­лып­та­сты­ры­ла­тын, та­ны­л­ған ак­кре­дит­теу ор­ган­да­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ак­кре­дит­теу ор­ган­да­рын­да ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ак­кре­дит­те­уден өт­кен ұй­ым бер­ген па­то­ген­ді­гі I-II топ­тар­да­ғы био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тау (қай­та да­яр­лау) кур­сы ту­ра­лы ку­ә­лік­тің және/неме­се бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат­тың (сер­ти­фи­кат, ку­ә­лік) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші заң­ды тұл­ға­ны неме­се оның фи­ли­а­лын мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 4) бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­меу негі­зін­де ре­жим­дік ко­мис­си­я­ның те­ріс қо­ры­тындысы; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша; 6) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы; 7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар 1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры gov.​egov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гі бар. 3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. 4) Пор­тал ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған нұс­қа­сы­на қол­же­тім­ді. 5) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры gov.​egov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 4.2. Өтініш
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 2-қосымша Нысаны ___________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) басшының ____________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өтініш иесінің ____________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекен-жайы ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Сізден, тексеруді және патогендігі__________________________топтағы биологиялық (патогендігі I; II; III; IV қажетті тобын көрсету) агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беруді сұраймын. Микроорганизмдердің мына түрлері бойынша: ________________________________________________________________________________ (микроорганизмдердің атауы) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Мынадай:______________________________________________________жүргізу үшін (жұмыс түрлерін көрсету: ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық, диагностикалық) Мына:______________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан (микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы) объектіде _______________________________________________________________________ (объектінің атауы) Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін. Қолы күні, айы, жылы Қосымша (құжаттардың көшірмелері): 1. 2.
Басқа 4.3. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 3-қосымша Нысаны Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау АКТІСІ АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________ Мен (Біз)(Мною Нами)_______________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О) ________________________________________________________________________________ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың: (с участием)____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов, участвовавших в обследовании)_________________________________________қатысуымен мамандар болғанда: (в присутствии)________________________________________________ лауазымды тұлғаның (должность, Ф.И.О должностного лица___________________________ _______________________________________________________________________________ басшысының лауазымы, Т.А.Ә./Ф.И.О. руководителя юридического лица ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ __________________нысанның, заңды тұлғаның (наименование объекта, юридического лица) _____________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование). _____________________________________________________тексеру түрін көрсету (указать вид обследования) (начато) 20___ жылғы (года) «__»_________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды. Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):___________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Қорытынды (Заключение):____________________________________________________ ________________________________________________________________________________ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітілген бұзу тармақтарын көрсету (указать пункты нарушения квалификационных требований, предъявляемых к осуществлению обращения с патогенными биологическими агентами, утверждаемых в соответствии с подпунктом 40-5) статьи 9 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения») ________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ Қолдары (подписи)___________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора__________________________________________________________________________ __________________________________басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/ участвовавшие другие специалисты, свидетели) Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал, и экземпляр акта получил)____________________________________________ ________________________________________________________________________________ заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица или индивидуального предпринимателя) ________________________________________________________________________________ Қол қоюдан бас тарту туралы белгі (отметка об отказе от подписи лица)____________________________________ (окончено) 20 __ жылғы (года) «___»___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды. Акт (акт составлен в) _____ данада жасалды (экземплярах) «___» _______ 20___жыл (год)
Басқа 4.4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат __ (мемлекеттік қызметтің кіші түріне сәйкес патогенді топ көрсетіледі)
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 4-қосымша Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат __ (мемлекеттік қызметтің кіші түріне сәйкес патогенді топ көрсетіледі) ___________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) ___________________________________________________________________________ (микробиологиялық зертхананың атауы) ___________________________________________________________________________ (микробиологиялық зертхананың орналасқан жерінің мекенжайы) ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық, диагностикалық жұмыстарын жүргізуге берілді. __________________________________________________________________________ керегін сызу Микроорганизмдердің түрлері бойынша осы рұқсатқа қосымшаға сәйкес. Мынаның негізінде: Биологиялық қауіпсіздік (режимдік қауіпсіздік) саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның _____ №_____қорытындысы 20____жылғы «____» ______________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің басшысы
Басқа 4.4.1. Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатқа қосымша Микроорганизмдер тобы Топтың түрлік құрамы Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары Бактериялар Вирустар Хламидиоз Риккетсиялар Уыттар Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары Бактериялар Вирустар Хламидиоз Риккетсиялар Уыттар Приондар Микроорганизмдер шығаратын уыттар Саңырауқұлақтар Эрлихия Хламидиоз Қарапайым Гельминттер Артроподтар 20____жылғы «____» ______________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің басшысы
Басқа 4.5. Өтініш
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 5-қосымша Нысаны __________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) басшының ____________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өтініш иесінің ____________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекен-жайы ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын _____________________________________________ (рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы) мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша: 1) құжаттағы қателерді (қате жазуларды) анықтау _________________________________________________________________________ 2) көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру __________________________________________________________________________ 3) объект нақты орын ауыстырмай оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту __________________________________________________________________________ 4) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға атауының өзгеруі ___________________________________________________________________________ 5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған кезде ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (заңның нормасын көрсету) Осы арқылы мыналар:
Тармақша 1
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
Тармақша 2
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
Тармақша 3
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
Тармақша 4
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады. Қолы күні, айы, жылы Қосымша (құжаттардың көшірмелері)
Басқа 4.6. Өтініш
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 6-қосымша Нысаны ___________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) басшының ____________________________ мемлекеттік органның атауы _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өтініш иесінің ____________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________ өтініш иесінің мекен-жайы ___________________________ өтініш иесінің байланыс телефоны Өтініш Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған берілген қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын__________________________________________________________ (рұқсаттың нөмірі, берілген күні, рұқсатты берген органның атауы) бұрын берілген рұқсатқа жаңа патогенді биологиялық агенттерді қосу______________________ __________________________________________________________________________________ (патогенді биологиялық агенттің атауын көрсету) Осы арқылы мыналар:
Тармақша 1
1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларда рұқсатты (немесе) оған қосымшаларды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолданатыны туралы;
Тармақша 2
2) өтініш иесіне қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны туралы;
Тармақша 3
3) қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды екендігі туралы:
Тармақша 4
4) өтініш иесі лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні туралы расталады. Қолы күні, айы, жылы Қосымша (олар бар болған кезде құжаттардың көшірмелері)
Басқа 4.7. Зертханалық зерттеулердің номенклатурасы
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына 7-қосымша Нысаны Зертханалық зерттеулердің номенклатурасы Зерттеу объектісі Микроорганизмдердің атауы Зерттеу түрлері Зерттеу әдісі
Басқа 4-1. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-1-қосымша «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-2) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) рұқсат беру бақылауы – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш иесінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
Тармақша 3
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 4
4) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау және сақтау бойынша қызметтер кешені;
Тармақша 6
6) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
Тармақша 7
7) дезинсекциялау – жәндіктер мен буынаяқтылардан адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;
Тармақша 8
8) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;
Тармақша 9
9) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын дайындау – дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау іс-шараларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының жұмыс ерітінділерін дайындау;
Тармақша 10
10) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес келетін арнайы жабдықталған объектілерде (үй-жайларда) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын ұстау.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-тарау. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтінішті портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен олар бар болған кезде алады.
Тармақ 8
8. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын, оның ішінде осы қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарта отырып осы қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімдер аяқталған сәттен бастап (қажет болған жағдайда) 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде: - ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне сараптаманы жүзеге асырады; – әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжем, қармақ, жұмыс ерітінділерін дайындау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне (бұдан әрі – рұқсаттық бақылау объектілері) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттық бақылау қорытындысы ресімделеді.
Тармақ 11
11. Рұқсат беру бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады. Рұқсаттық бақылау барысында (рұқсаттық бақылау объектілеріне бару уақытында) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша тексереді.
Тармақ 12
12. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер біліктілік талаптарына, сондай-ақ рұқсат беру бақылауының оң қорытындысына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 10-тармағында көзделген рәсімдер аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша лицензияны ресімдейді және береді. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтер, рұқсаттық бақылау объектісі біліктілік талаптарына сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы. Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны қайта ресімдеу, рұқсат беруді бақылауды, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленеді. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтінішті және Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді. Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраным қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, хабарлама портал арқылы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және лицензияны қайта ресімдейді не көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімдерде ресімдейді және жібереді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуды. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 4-1.1. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Қызмет көрсетушінің атауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері 2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері «электрондық үкімет» www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі – Портал) веб-порталы 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні. 4 Қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады: 1) лицензия беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы. 7 Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) қызмет көрсетуші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) лицензия алу үшін: - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны; - «электрондық үкімет» шлюзінде мәліметтер болмаған жағдайда әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп орау үшін арнайы жабдықталған), сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі; 2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде: - № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш; - ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 9 Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; 4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталды. 10. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар 1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебе туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 4-1.2. Рұқсат беру бақылауының қорытындысы
«Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысаны Рұқсат беру бақылауының қорытындысы Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:________________________________________ Рұқсат беру бақылауын жүргізген маманның деректері: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________ Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________________ Бақылау объектісінің деректері: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес сәйкестендіру коды немесе жеке сәйкестендіру коды, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі – біліктілік талаптары) барлық тармақтары бойынша ақпарат: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Рұқсат беру бақылауының қорытындысы: біліктілік талаптарына сәйкес келеді /сәйкес келмейді (керегінің астын сызу) ____________ __________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 407 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11657 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13585 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12027 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған);
Тармақ 4
4. «Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13861 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 шілдеде жарияланған);
Тармақ 5
5. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № МЗ-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 тамызда жарияланған);
Тармақ 6
6. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20431 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 22 сәуірде жарияланған).