Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка Күшін жойған
Басқа 0
Көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.03.2004 № а-3/79 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі №845 «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қаулысына сәйкес және жердің жібуі кезінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары мен жол қондырғыларының сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы 20003 жылдың 27 наурызынан 15 мамырына дейін жергілікті маңызды, қиыршықтас, қара және асфальт-бетон төселген жолдарда осіне түсетін салмағы 6 тоннадан асатын шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар және тіркемелі К-700, Т-150 тракторлар жалпы қолданыстағы жолдармен жүруін шектеу бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Құрылыс, өнеркәсіп, көлік және басқа да мүдделі кәсіпорындарға, қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, көктемде жер жібігенге дейін қажетті жүктерін, әсіресе ауыр салмақты және ірі габариттілерін ертерек тасып алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Көлік бақылау басқармасы, жол полициясы, Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы белгіленген шектеулердің сақталуы мен уақытша жал белгілері орнатылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 12 наурыздағы №а-3/26 қаулысының күші жойылсын.