О создании Совета предпринимателей при акимате области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімияты жанында кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімияты жанында кәсіпкерлер Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімияты жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің дербес құрамы облыстық маслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімиятының 28.03.2003 жылғы № 67 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Ақтөбе облысы әкімияты жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімияты жанындағы кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімияты жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Әкім мен әкімияттың актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізін құрайды.
Бөлім 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыс кәсіпкерлері мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің облыстың әлеуметтік-экономикасы ақуалын жақсартуға, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына, кедергі келтіретін себептерді жоюға бағытталған конструктивтік бастамаларын, ұсыныстары мен арыздарын қолдау, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мақсатты бағдарламалары мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдем беру;
Тармақша 2
2) облыста отандық инвестицияларды пайдалану мен қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағытарын анықтау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Бөлім 3. 3. Кеңестің функциялары
3. Кеңестің функциялары
Тармақ 4
4. Негізгі міндеттеріне сәйкес Кеңеске:
Тармақша 1
1) отандық инвесторлар мен облыс кәсіпкерлерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру және оларға жағдай жасау жөніндегі шараларды анықтау;
Тармақша 2
2) облыс экономикасының құрылымдық реформалары жөнінде ұсыныстарды әзірлеу функциялары жүктеледі;
Бөлім 4. 4. Кеңес құқықтары
4. Кеңес құқықтары
Тармақ 5
5. Кеңес жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын орындау үшін:
Тармақша 1
1) инвестицияларды тарту және кәсіпкерліктің инновациялық қызметін дамыту және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін қарайды;
Тармақша 2
2) қаралушы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, олар хаттамамен ресімделеді;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларын өз жүмысына қатысуға шақырады.
Бөлім 5. 5. Кеңестің негізгі бағыттары
5. Кеңестің негізгі бағыттары
Тармақ 6
6. Кеңестің міндеттеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) қаумдастықтар, бірлестіктер және басқа да кәсіпкерлік құрылымдар мен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) келісілген шешімдерді әзірлеу үшін кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асырущы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және тексеру міндетіне жататын бақылаушы және қазнашылық органдарымен тұрақты іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) оларға тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, осы мақсатта Кеңестің бірлескен тақырыптық отрыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) Әкімнің актілерінің жобаларын дайындау, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себеп-салдарларды жою жөніндегі іс шараларды әзірлейді және бағдарламаларды іске асырады;
Тармақша 5
5) аумақтардың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағыталған бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға кәсіпкерлік субъектілері, олардың бірлестіктері, одақтары, қауымдастықтары қатысады.
Бөлім 6. 6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Ақтөбе облысының Әкімі Кеңес төрағасы болып табылады.
Тармақ 8
8. Жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да лауазым иелері, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары Кеңес құрамына кіреді.
Тармақ 9
9. Кеңестің дербес құрамын облыстық Маслихат бекітеді.
Тармақ 10
10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай әр тоқсанда кемінде бір рет, кеңес төрағасы белгілеген мерзімде өткізіледі.
Тармақ 11
11. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
Тармақ 12
12. Кеңес шешімдері әкімият актілерін шығару арқылы іске асырылуы мүмкін.
Тармақ 13. Облыс әкімияты жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің дербес құрамы
13. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеңес отрысында күн тәртібі бойынша қажетті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Облыс әкімияты жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің дербес құрамы Имантаев Ермек Жетпісбайұлы - облыс Әкімі, Кеңестің төрағасы Химчук Олег Геннадьевич - облыс Әкімінің бірінші орынбасары Айтжанов Асхат Әбдірахманұлы - «Дастан» ЖШС президенті (келісім бойынша) Айсұлтанов Жолдыбек - «Өркен» ШҚ басшысы, Байғанин ауданы (келісім бойынша) Әлишев Қуандық Зинешұлы - «Өмірбек» ШҚ директоры (келісім бойынша) Сагиев Естурған Суханбекұлы - «Емшан» компониясы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) Бадрак Сергей Владимирович - Қазақстан Республикасының «Жиһаз шығару және ағаш өңдеу» өнеркәсібінің қауымдастығы батыс филиалының директоры (келісім бойынша) Гриненко Валерий Иванович - «ТНК Казхром» ААҚ вице президенті бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) Довматенко Дмитрий Адамович - Қазақстан базарлары қауымдастығы АФ төрағасы Казахстана (келісім бойынша) Жақыпов Тұрлан Бөгенұлы - «Көктас Ақтобе» ЖАҚ бас директоры (келісім бойынша) Едірісов Бектұрған - «Ескендір» ЖШС директоры Алға ауданы (келісім бойынша) Исмағамбетов Рақымжан Смағұлұлы - АО «Актөберентген» АҚ президенті (келісім бойынша) Ибрагимов Тілекжан Зейнетдинұлы - «Қазақстанға 30 жыл» ЖШС директоры Қобда ауданы (келісім бойынша) Куканов Жұмабек -Темір ауданы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағының төрағасы (келісім бойынша) Кұрманғазин Есмұхан Ақнаурызұлы -«Көкжар» АТСБ президенті, республикалык кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы - «Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы Мендіғаринов Сырымбай - «Мерқас» ЖШС директорыШалқар ауданы (келісім бойынша) Назарбаева Сария Жұмабайқызы - Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы (келісім бойынша) Өтеуов Хамит - «Алтын Әсел» ЖШС директоры Ырғыз ауданы (келісім бойынша) Сатыбалдин Генует Қабидуллаұлы - «Керамика» ЖШС директоры Хромтау ауданы (келісім бойынша) Садуанов Самат - «Алғабас» ЖШС директоры Мәртөк ауданы (келісім бойынша) Санатов Асылбек Темірғалиұлы - Ақтөбе облысы бойынша «Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту» жөніндегі қауымдастықтың төрағасы (келісім бойынша) Симонова Людмила Николаевна - «Шаштараз» қауымдастығы Ақтөбе филиалы төрайымы (келісім бойынша) Төлеуов Аманғос Сансызбайұлы - «Степное» ЖШС директоры Қарғалы ауданы (келісім бойынша) Цзян Чи - «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ААҚ бас директоры (келісім бойынша) Утянова Меңслу Қонысбайқызы - «Есеп» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) Чемоданов Александр Федорович - «Құмкұдық» ЖШС директоры Әйтекеби ауданы (келісім бойынша) Шубаев Владимир Яковлевич - «Владимир» ЖШС директоры Мұғапжар ауданы (келісім бойынша) Шауменов Алтынбек - «Герас» кооперативінің төрағасы Ойыл ауданы (келісім бойынша) Щегельский Всеволод Анатольевич -«Қазақстантрубопром» ЖАҚ президенті (келісім бойынша)