Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Петропавловске Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай сараланған тариф белгіленсін:
Тармақша 1
1) Интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға:
ересектерге – 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 65 (қырық) теңге мөлшерінде;
Тармақ 2
2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.
Тармақ 3
3. «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы Қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Петропавл қалалық
мәслихатының хатшысы
__________________ А. Бердағұлов
2020 жылғы «___»____________