Об утверждении Исполнительного Протокола к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Польша о международных автомобильных перевозках Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімнің Атқару Хаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 30 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімнің атқару Хаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдау туралы келісімнің АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдау туралы келісімнің АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісiмдi (бұдан әрi - Келісім) қолдану ережелерiн анықтау мақсатында Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы қазақ-поляк Аралас Комиссиясына қатысушы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi мен Польша Республикасының Көлiк және теңіз шаруашылығы министрлiгiнің өкiлдерi Келiсiмнің 11-бабының 3-тармағының негiзінде төмендегiлер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап
1-бап Құзыреттi органдар: Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлiгi, Польша тарабынан - Польша Республикасының Көлiк және теңiз шаруашылығы министрлiгi, Польша Республикасының жалпы пайдаланымдағы жолдарының Бас дирекциясы (Келiсiмнiң 7-бабының 1-тармағы) болып табылады.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Тұрақты автобус қатынасын ашуға, маятниктiк тасымалдарға және жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған рұқсаттарды аумағында тасымалдаушының өзi орналасқан орны және оның автокөлiк құралы тiркелген Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының құзыреттi органы ұсынған жазбаша өтiніш негiзiнде Қазақстан Республикасының немесе Польша Pecпубликасы құзыреттi органы береді.
Тармақ 2
2. Өтініш ұсынылған құзыретті органдар қабылданған шешімдер туралы мынадай ақпарат беру мерзімдерiн сақтауы тиіс:
Тармақша 1
1) тұрақты автобус қатынасын ашуға арналған рұқсат беруге өтiнiшiн алған күннен бастап 90 күн;
Тармақша 2
2) маятниктiк тасымалдарды жүзеге асыруға арналған рұқсат бepу өтiнiшiн алған күннен бастап 30 күн;
Тармақша 3
3) тұрақсыз жолаушы тасымалдарын жүзеге асыруға арналған рұқсат беруге өтiнiшiн алған күннен бастап 14 күн.
Тармақ 3
3. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес берілген рұқсаттарды, олар берiлген тасымалдаушылар ғана пайдалана алады. Оларды басқа тасымалдаушыларға беруге, ал тұрақсыз жолаушылар тасымалдары жағдайында рұқсатта көрсетiлгеннен өзге автокөлiк құралдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Рұқсатсыз орындалатын тұрақсыз жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автобус жүргiзушiсiнiң міндеттi түрде құжаты болуы керек (сапар формуляры).
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Белгiленген құрам шеңберінде алмастырылған жүктердi тасымалдауға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының аумақтары арасында тасымалдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуге (транзит);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының аумағынан үшiншi мемлекетке немесе үшiншi мемлекеттен Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының аумағына тасымалдауға жарамды ретiнде берiледi.
Тармақ 2
2. Рұқсат барып, қайтуға жарамды.
Тармақ 3
3. Рұқсат орындалатын тасымал немесе тасымалданатын жүк түрiн шектеуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Бiр жолғы рұқсат белгiлi автокөлiк құралы үшiн берiледi.
Тармақ 5
5. Ағымдағы күнтiзбелiк жылға берiлген рұқсат келесi жылдың 31 қаңтарына дейiн қоса алғанда жарамды.
Тармақ 6
6. Рұқсат мынадай мәлiметтерден тұруы тиiс:
Тармақша 1
1) реттік нөмiрi;
Тармақша 2
2) тасымалдаушының аты және мекен-жайы;
Тармақша 3
3) жобаланған арнайы мiндеттер немесе рұқсатты пайдаланудың шарттары;
Тармақша 4
4) жарамдылық кезеңi, берiлген орны және күнi;
Тармақша 5
5) рұқсатты берген мемлекеттердiң құзыреттi органдарының мөрi және қолы;
Тармақша 6
6) автокөлiк құралының, тартқыштың және тiркеменiң/жартылай тiркеменің тiркеу нөмiрлерi;
Тармақша 7
7) рұқсат түрi туралы ақпарат.
Тармақ 7
7. Осы Баптың 6-тармағында көрсетiлген рұқсат автокөлiк құралында жүрудiң барлық уақытында болуы тиiс.
Тармақ 8
8. Келесi күнтiзбелiк жылға арналған рұқсаттармен алмасу алдындағы күнтiзбелiк жылдың 15 желтоқсанына дейiн жүргізiледi.
Тармақ 9
9. Рұқсат бланкiсiн: Қазақстан тарабы - қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде; Польша тарабы - польша, ағылшын, немiс және француз тiлдерiнде жасайды.
Тармақ 10
10. Тартқышы және тiркемесi/жартылай тiркемесi әртүрлi мемлекеттерде тiркелген автопоездар мен тасымалдау кезінде, егер тартуға арналған автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының немесе Польша Республикасының аумағында тiркелген болса, рұқсат барлық автопоезд үшін жарамды.
Бап 4. 4-бап
4-бап Қауіптi жүктерді тасымалдау: - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы оның өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, тасымалдаушыда арнайы рұқсат бар болған кезде; Польша Республикасының аумағы арқылы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi Қауіптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмде (ҚЖХЖТ) көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi Қауiптi жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмге (ҚЖХЖТ) қосылғаннан кейiн қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау осы Бапта көрсетiлген Еуропалық Келiсімде көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы құзыреттi органдарының өзара уағдаластығы бойынша осы Атқару Хаттамасына жеке Хаттамалармен ресімделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуі мүмкiн және осы Атқару Хаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Осы Атқару Хаттамасы құзыреттi органдар мемлекеттерiнің заңнамасында көзделген мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптар орындаған күннен бастап күшiне енедi. Осы Атқару Хаттамасы белгiленбеген мерзiмге жасалады және Келiсiмге сәйкес өзiнің күшiн тоқтатады. Астана қаласында 2001 жылғы 30 наурызда әрқайсысы қазақ, польша және орыс тілдерінде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндерiнің күшi бiрдей. Осы Атқару Хаттамасын түсіндiруде түсінiспеушiлiктер туындаған жағдайда құзыреттi органдар орыс тiлдегi мәтінiн ұстанатын болады. Қазақстан Республикасының Польша Республикасының Көлiк Көлiк және коммуникациялар және теңiз шаруашылығы министрлігі үшін министрлiгi үшiн